Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Talasbek_Nurlybek_geodezia.doc
Скачиваний:
130
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Құрылыста және халық шаруашылығын дамытудағы геодезияның рөлі

Геодезияның халық шаруашылығының турлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық елшеулер жолдар, каналдар, жер асты кұрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия колхоздар мен совхоздарды орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т. б. үшін пайдаланылған.

Геодезия біршама ғылыми пәндерге, яғни математика, физика, астрономия, автоматика, телемеханика, радиотехника, география, геология, геоморфология, гравиметрия және геофизика жетістіктеріне сүйенеді. Сондықтан геодезияның осы ғылымдармен тығыз байланыстылығы күмән туғызбайды.

Математика геодезияны әр түрлі геодезиялық есептік аналитикалық түсіндірмелерінің тәсілдерімен, сондай-ақ өлшеулердің нәтижелерін өндеудің талдауларымен, әдістерімен қаруландырады. Физика геодезияны электроникамен және электро-техникамен қатар оптикалық, оптикалық-механикалық және электронды-оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радио-электроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар кұрастырылады. Географияны білу жер бедерін кұрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардын өзгеру заңдылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді. Жердің фигурасын зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның заңдары мен аспаптарын пайдаланбай, мұндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалық сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді.

1. ЕСЕП – ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

“Топографиялық план құру” бойынша есеп – графикалық жұмыстарын орындалған кезде студенттер топографиялық картамен есептер шығарған кезде алған білімдерін пайдалана отырып, іздерінің геодезиялық өлшем нәтижелеріне математикалық өңдеулер жүргізіп, оларды графика түрінде жеткізе білу жөнінде алған практикалық жұмыстарын оған әрі толықтыра түсулері керек. Координаталық және тахеометрлік ведомостарды өңдеу, топлпландардын сызу.

Жер беті учаскелерін жазықтықта кішірейтілген көлемде көрсетуді план деп атайды. СССР – де әдетте топографиялық пландар: 1:5000, 1:2000, 1:1000 және масштабтары бойынша жасалады. Олар негізінен бас план, техникалық проектілер жасаған кезде және де құрылысын әртүрлі инженерлік салаларының жұмыс чертеждері жасар кезде пайдаланылады.

Өзінің мазмұны жағынан олар негізгі және арнаулы топографиялық карталарға бөлінеді.

Негізгі топографиялық карталар - халық шаруашылығының көп салаларының негізгі сұраныстарын комплекс түрде қанағаттандыру үшін жасалған универсал бағыттағы жалпы географиялық пландар. Ал арнаулы топографиялық карталар халық шаруашылығының белгілікті бір саласының белгілі бір мақсаттарын орындау үшін жасалады.

Белгіленген құрылыс объектісін орналастыру үшін оптимальды түрде проект шешімін қабылдау барысында сол жердің табиғи және әлеуметтік – экономикалық жағдайларын анықтауға инженер – құрылысшыға топографиялық карта көп мағлұмат берді.

Белгілі бір участкесінің 1:1000 масштабы бойынша топографиялық планын жасау үшін әрбір 0,5 м сайын жер рельефін горизонталь сызықтармен бөле отырып суретке түсіру негізгі жасалған. Теодолиттің тұйық сызықтың бес айналыс нүктесі бар. Жүріс бойынша оң жақта жатқан бұрыштар 21 – 30 теодолит арқылы қабылдау әдісі бойынша 30 секундтық дәлдікпен өлшенеді. Сызықтар тура және кері бағытта салыстырмалы қателігі 1/2000 аспайтындай етіп 20 метрлік болат лента арқылы өлшенеді. Теодалит жүрісінің нүктелері сызықтың орасы бойынша геометриялық нивелирлеу арқылы анықталады. Жер учаскесінің суреті теодолиттік және тахеометрлік өлшеулер арқылы түсірілген.

1.Тапсырма. Тұйық теодолиттік жүрістің нүкте координаталарын таптым.

Барлық студенттер үшін, координата ведомостерін толтырған кезде, теодолит жүріс нүктелерінің нөмірлері мен саны, жүріс бойынша жақта жатқан бұрыштар және сызықтың ұзындықтары бірдей болып беріледі. 1 – 2 сызықтың алғашқы дирекция бұрышын және бірінші нүктенің координаталарын X, Y вариант бойынша оқытушы өзі береді.

Түйіскен теодолит жүрісінің схемасы

5

β5=105°29´

104,71

+0,18 с

+2,10 81,45

β4=90°34´

4

1

β1=118°35´

-0,06

148,06

-2,19

108,72

β3=96°19´ β2=129°00´

-0,032

3 50,04

Геодезиялық өлшеулердің әр түрлі комбинациялары арқылы геодезиялық суретке түсіруді жасайтын болғандықтан,ең алдымен осы өлшеулердің негізгі түрлеріне тоқталып өтеміз.Мысалы:сызықтық-бұрыштық өлшеулер арқылы теодолиттік;сызықтық-бұрыштық-биіктік өлшеулер арқылы тахеометрлік суретке түсірулер жүргізіліп,сызықтық-биіктік өлшеулер арқылы нивелирлеу жұмыстары жасалады.Оқу құралының көлемі аз болғандықтан тек жоғарыда аталып өткен геодезиялық суретке түсіру түрлерін қарастырамыз.Теодолиттік суретке түсіру деген атау ондағы өлшеулер теодолит құралы арқылы жүргізілгендіктен шыққан.Теодолиттік суретке мақсаты:

1.Берілген масштабтағы топографиялық суретке түсіру жұмысына қажет жоғары класты геодезиялық желіні ұйымдастыру;

2.Алға қойылған әр түрлі инженерлік-құрылыс жұмысының шарттарына орай геодезиялық негіз жасау,яғни бекітілген әрбір нүктенің координаталарын анықтау.Осы нүктелердің жиыны теодолиттік жүріс деп аталып, тұйық не ажыратылған полигондар ретінде жүргізіледі.Полигондардың түрі алға қойылған мәселеге байланысты.Мысалы:ауданды суретке түсіруде теодолиттік жүрістің түрі,сызықты құрылыстарды суретке түсірерде теодолиттік жүрістің түрі пайдаланылады.

Теодолиттік жүрістерді салардағы жасалатын жұмыс реті:

1.Өткен жылдардағы топографиялық карталармен танысып, алда істелетін жұмыстардың жобасын жасау;

2.Тірек нүктелерін таңдап алып,оларға бекіту;

3.Сызықтарды өлшеуге дайындау;

4.Теодолиттік жүрістердің қабырғалары мен бұрыштарын өлшеу;

5.Ситуацияны суретке түсіру;

6.Теодолиттік жүрістерді мемлекеттік немес жергілікті геодезия желісіне байланыстыру, олар болмаған жағдайда, теодолиттік жүрістегі алғашқы қабырғаның азимутын анықтау;

7.Камералық жұмыстар;

Суретке түсіру теодолит жүрісінің нүктелері мен сызықтарынан басталады.

Суретке түсірудегі мақсат – теодолит жүрісіндегі нүктелер мен сызықтарға орай салыстыра отырып, контурдағы характерлік нүктелердің алған орнын анықтау.Оларды абрис деп аталатын қолдан жасалған арнайы журналға түсіріп отыру қажет.

Теодолиттік суретке түсірерде мынадай тәсілдер қолданылады:

1.Перпендикулярлық тәсілі;

2.Бұрышты белгілеу тәсілі;

3.Сызықты белгілеу тәсілі;

4.Полярлық тәсіл:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]