Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Talasbek_Nurlybek_geodezia.doc
Скачиваний:
130
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.12 Mб
Скачать

9.Менің есептеген румбтарым:

1) 52°40' =52°40' СШ

2) 180°-103°39,7'=20,3°50,4' ОШ

3) 187°19,9'-180°=7°19,9' ОБ

4) 360°-276°45,1'=83°14,9' ОБ

5) 360°-351°15,6'= 8°44,1' СБ

10).Енді координат өсімшелерін анықтаймыз:

Оны мына формула бойынша анықтадым:

мұндағы 1 теодолит жүріс сызығының ұзындығы.Ал cos,sin мәндерін инженерлік калькулятор арқылы есептедім.

Шыққан мәндерге сәйкес таңбаларын румб кестесінен қарастырамыз.Содан cos мәндерін және sin мәндерін қостым.Қосқан кезде Σ Δх = -0,18 Σ Δy = -0,1 шықты.Енді абсолюттік байланыспауын мына формуламен анықталады

Fabc = fx² + fy²

Ғабс = (-0,18)²+(-0,1)² = 0,21.Салыстырмалы байланысын есептейміз.

Fсал = Ғабс./p; fсал. =0,21/493,02=0,00043<1/2000

Егер салыстырмалы қателік 1:2000 теодолиттік түсірудің техникалық дәлдігінен аспаса, онда абсолюттік байланыспау рұқсат етілген шектен шықпаған деп саналады.Координата өсімшелерін есептегенде байланыспаулар сызық ұзындықтарына пропорционал үлестіреміз,таңбалары байланыспауларға кері алынады.

f'хn=-fx/p×ln ; f'у=-fу/p ×ln;

11.Осы шыққан мәндерді есептеген координат өсімшелеріне қосамыз.Сол түзетілген координат өсімшелері болады.Егер теодолит жүрісінің х және у осьтері бойынша координат өсімшелеріне жасалған түзетулердің қосындысы нөлге тең болса,онда есептеу дұрыс.

12.Енді бір нүктенің бастапқы координаталардың және түзетілген координата өсімшелерін біле отырып,теодолит жүрісінің келесі нүктесінің координаталарының мына формуламен есептедім:

Хn+l=Xn+(±Xтүз); Yn+l=Yn+(± Δy);

Х1 =600,46м Y1 = -610,89м

X2 =600,46+65,90= 666,36м Y2 = -610,89-86,48=-524,41м

X3 =666,36+11,84= 654,52 м Y3 = -524,41-48,66=-475,75м

X4 =654,52+146,87 =507,65м Y4 =-475,75+18,85=-494,6м

X5 =507,65-12,28 =519,93м Ү5 =-494,6+103,94 =-598,54,м

Есеп соңында бірінші нүктенің координатасының мәні шықты.

2.Тапсырма Координат шаршыларын салу және теодолит жүрісінің нүктелерін белгілеу.

Тікбұрышты координата осьтеріне параллель жүргізілген горизонталь және вертикаль сызықтары арқылы алынған шаршыны координат шаршысы деп атайды.

Координаталар шаршысы 0х40 см-12 форматты қатты қағазға салынады.Координаталар шаршысын салудың бірнеше әдісі бар,олар:

Бұрынғы Кеңестік топографиялық карталарда қолданылатын Гаусс проекцияларындағы тікбұрышты координаталар осьтері ретінде , түзу сызық түрінде көрсетілген координата зонасының осьтік меридианы және экватор алынады.Х абциссасы шаршыдағы вертикаль сызықтардың экватор жағынан есептеліп, У координатасы горизонталь сызық бойынша шығысқа қарай оң бағытта, меридианның осі бойынша алынады.

1.Дробышев сызғышы арқылы;

2.Штангенциркуль мен масштабтық сызғыш арқылы ұшталған қарындаш арқылы;

3.Масштабтық сызғыш және геодезиялық транспортир арқылы;

Координаталар шаршысын штангенциркуль арқылы сызу

Бұл жұмысты орындау барысында біз 3-әдісті қолдандық:А3 қағазының қырынан 2см өлшеп алып, масштабтық сызғыш және өлшегіш арқылы горизонталь түзу жүргіземіз,сосын геодезиялық транспортирмен шаршының 90° Оңтүстік-Батыс төбелерін белгілеп алып, вертикаль түзулер жүргіземіз.Содан кейін шаршыдағы дециметрлік түзулерге метр арқылы өрнектелетін мәндерін сандар арқылы көрсетіп қою керек.

Планның масштабы 1:1000 болғандықтан, шаршы түзулер әрбір 100 метр кейін белгіленуі тиіс.Шаршыны дұрыс белгілеу үшін Оңтүстік-Батыс бұрыш дәл анықталған дұрыс.Осы бұрыштың төбесіне Х,У координаталарының ең кіші мәнін бердім.

Мысалы ведомостағы координаталар

Х=600,46м У=-610,89м

сонда,Оңтүстік-Батыс төбесінің координаталары

Х=666,36м У=-524,41м

Нүктені координаталары бойынша салыстыру үшін алдымен сол координаталарға сәйкес келетін шаршыны табу керек.

Тауып алған соң қабылданған масштаб бойынша (1:1000) дециметрлік квадраттың екі жағынан Х шамасын өлшейміз.Содан кейін У шамасын белгілейміз.Осы Х және У осьтерінің қиылысқан жері бізге керек нүктені көрсетеді.Табылған нүктені тесіп,диаметрі 1 мм болатындай дөңгелекті қоямыз.

Дұрыстығын тексеру үшін, пландағы теодолиттік жүріс төбесінің арақашықтығын өлшеп, координаттық ведомостағы мәндерімен салыстыру керек. Сондыктан ауытқу 0,2 мм-ден аспау керек. Осы жерде нүктені түсірудің екінші тексерісін жасаймыз. Координаттар ведомосінен алынған мәндер арқылы салынған теодолиттік жүріс сызығының дирекциялық бұрыш және румб бойынша бағытын тексереді.

Бұл жағдайда теодолиттік түсіру абрисі арқылы салуға болады.Теодолиттік түсіру теодолиттік жүріс нүктелері және 20метрлік лента арқылы жасалған қолданған әдістер мынадай:

а)бұрыштық;

б)сызықтық белгілеулер;

в)перпендикулярлық;

г)жарма (створ);

Теодолиттік түсіру абрисінде көрсетілген.Абристік планға көшіру сызғышты пайдаланып осы әдістер арқылы жасалады.Планды карандаш арқылы жасау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]