Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Talasbek_Nurlybek_geodezia.doc
Скачиваний:
130
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Қорытынды

№1 есеп-графикалық жұмысты орындау барысында біріншіден тұйық теодолиттік жүрістің нүкте координаталарын таптық.Координат ведомостарын есептеу барысында румбты, координат өсімшелерін (есептелген, түзетілген ±Х,±У), Х,У координаттарын,теодолиттік жүрістегі бұрыштың байланыспауы, теодолиттік жүрістегі өлшенген горизонталь бұрыштардың қосындысы, теодолиттік жүрістегі теория бойынша анықталған бұрыштардың қосындысын анықтадық. Дирекциялық бұрыштарды есептеп,соңында бастапқы дирекция бұрышын алдық. Есептелген дирекциялық бұрыштар арқылы румбтарды анықтадық.Координата өсімшелерін есептегенде байланыспаулар сызық ұзындықтарына пропорционал түрде үлестіріледі, таңбалары байланыспауларға кері алынады.

Екіншіден, координата шаршыларын салу және теодолит жүрісінің нүктелерін белгілеу жайында түсіндірмелер айтылып кеткен. Негізінен координата шаршыларын салу және теодолит жүрісі нүктелерін белгілеудің 3 әдісі бар.Біз қолданған әдіс үшінші әдіс болып табылады.онда жалпы үшінші әдісте геодозиялық транспортир, А3 қағазын ,масштабтық сызғышты қолдандық. Жалпы үшінші әдісте орындалған жұмыстар пландық масштабтың белгіленуі, теодолиттік түсіру, теодолиттік жүріс нүктелері және 20 метрлік лента арқылы қолданған әдістер: бұрыштық, сызықтық белгілеулер, перпендикулярлық, жарма.Абристік планға көшіру сышғыш пен өлшегіштерді пайдаланып осы әдістер арқылы жасалды.

Үшіншіден, теодолиттік жүріс нүктесін белгілеуді есептедік.Берілген абрис арқылы газ құбыры, дала, орман, шоссе, жыртынды, пішен белгілерін анықтадық. Миллиметрлік қағазға тұрғызылған 5 станцияны шарттық белгілері бойынша сыздық.

Төртіншіден, тахеометрлік түсіру журналын өңдедік. Журналды толықтыруды еңкіштік бұрыштарды есептеуден бастадық.Нөлдік орын, вертикаль дөңгелектегі оңға және солға бұрғандағы алынған санақтар, горизонталь сызба және ауытқу нүктелерін анықтадық. Мұндағы әр ұяшықта берілген, дальномер арқылы өлшенген арақашықтық, құрал биіктігі, визирлік биіктік берілді.Осы кестеге сәйкес журналды есептеп толтырдық.

Бесіншіден, тахеометрлік түсіру нүктесін анықтау және топографиялық план салу барысында полярлық әдісті, яғни транспортир, сызғыш арқылы және белгілі план масштабы бойынша горизонталь сызба жүргізу әдісімен жасадық.Белгіленген пикеттер арқылы еңкіштік бағытты еске ала отырып, горизонтальдар жүргіздік.Теодолиттік түсіру абрисін пайдалана отырып әрі тахеометрлік журналдағы ескертпелерді қолдана отырып шартты белгілер арқылы сызбаны түсірдік.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Игильманов А.А. Инженерлік геодезия. Астана. Фолиант. 2007 ж. – 170 б

  2. Нуржумин Е.Қ Игильманов А.А Мансурова А.Ф Ипалаков Т.Т Инженерлік геодезия курсы бойынша негізгі есеп – графикалық жұмыстарын орындауға арналған оқу әдістемелік құрал.

  3. Атымтаев Б.Б Пентаев Т.Б. Инженерлік геодезия. Алматы. ЭВЕРО. 2005ж. – 184 б

  4. Нұрпейісова М.Б. Геодезия. Астана. ЕҰУ. 2010 ж. – 260 б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]