Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соц.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Тақырып 7 Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы

1. Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау.

2. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы.

3. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы.

4. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы.

Негізгі ұғымдар: девиация, суицид, қылмыс, әлеуметтік ауытқушылық, норма, асоциалды, деликвентті мінез-құлық, аномия, депрессия және т.б.

Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа ғадет, жағымсыз мінез-құлық, девиантты мінез – құлық деп әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен норма дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма деп «қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз». Сонымен, норма – қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық.

Мінез-құлықтағы ауытқулар дегеніміз әлеуметтік, мектептік, отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы.Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, ауытқушылықтардың төмендегідей критерийлері мен белгілерін бөліп көрсетуге болады:

  • Отбасылық сәтсіздік;

  • Оқыту және кәсіби мекемелердегі ауытқушылықтың алдын алатын жұмыстардың аздығы;

  • Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі;

  • Қарым-қатынастағы дискомфорт

Асоциалдық мінез-құлық басқаларға өшпенділік, агрессивтік қарым-қатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау.Осы жағдайда келесі көріністерді атап өтуге болады: төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян келтірушілік, адамдарға немесе жануарларға деген қатыгездік қарым-қатынас, ұрлық, өтірік айту.

«Деликвенттілік» түсінігі «delinque» - ренжіту, бұзу сөзінен шыққан. Әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде бұл түсініктің мәндік мағынасын А.Личконың анықтамасымен байланыстырады. Оның ойынша, деликвенттілік Қылмыстық кодекске сәйкес жазаланбайтын криминалдық мінез – құлыққа тікелей қатысты емес, майда құқық бұзушылық. Бірақ әлеумдік тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың криминалдық іс-әрекеті.Девиантты мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы қалыптасқан нормалардан ауытқуы.

Девиантты мінез-құлық теориясының өзін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:

  • Теориялардың бірінші тобына био-антропологиялық және био-медициналық концепцияларды жатқызамыз. Девианттылықтың себебі туа біткен немесе жүре біткен физиологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктер.

  • Теориялардың екінші тобына девиантты мінез-құлықтың экономикалық теорияларын айтуға болады.Девианттылық экономиканың жоғары дамуымен немесе төмен құлдырауымен пайда болады.

  • Теориялардың үшінші тобына «мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы қайшылықтар теориясын» (Т.Селлин, А.Коэн), «бақылау теориясының» әлеуметтік-психологиялық нұсқасы (М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын жатқызуға болады.

  • Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың, ұйымдастырушылықтың құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық себептерді айтамыз.

Әлеуметтанудағы девиацияның түрлері мен формалары.

Девианттылықтың ең алдымен синхронды және диахронды түрлерін бөліп көрсетуге болады. Синхрондық девианттылық – қоғамдағы девиацияның тең бөлінуі; диахронды – жылдам динамика, ауытқушылық мінез-құлықтың тез бой көтеруі.

Ауытқушылықтың сонымен қатар, төмендегідей түрлерін көрсетеміз:

  1. Реактивті – психотравмалық жағдайларға негізделген.

  2. Тұлғаның төмен моральдық деңгейімен байланысты.

  3. Құштарлық патологиясы (садиз), биологиялық факторларға негізделген.

Ал, көптеген ғалымдар девиацияны екі негізгі бағытта қарастырылады:

  1. Қылмыстың пайда болу формасы бойынша – деликвентті, үйден қашу, босқыншылық, маскүнемдік, суицидтік мінез-құлық.

  2. Себептерге байланысты – биологиялық факторлар, сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық негіздер, әлеуметтік орта, жасөспірімдік кезең мерзіміндегі психологиялық ерекшеліктер.