Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Соц.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі) бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал олардың жеке сандық мағыналары - квота өлшемдері ретінде алға шығады.

Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

Мысал:“N” қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді. Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі (статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.

Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы

Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.

«Әлеуметтану» пәнінен семинар жоспарлары

* жұлдызшамен белгіленген әдебиеттің беттері оқу құралының/оқулықтың электрондық нұсқасы бойынша берілген

1 Семинар. Ғылым ретінде әлеуметтану

1. Ғылым жүйесіндегі әлеуметтанудың орны

2. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі, пәні және міндеттері

3. Әлеуметтанымдық білімінің құрылымы

Әдебиет:

  1. Смағамбет Б.Ж. Шетелдік әлеуметтану тарихы.

  2. Социология /Ред. Тажин М.М. Астана, 2004. І бөлім, 1 Тарау Социология ғылымы (10-23 бб)*

  3. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2008. 1-2 тақырып (5-41 бб)

  4. Забирова А.Т. Практикалық әлеуметтану. Астана, 2011. 1-Тарау §1.1 (8-16 бб)

  5. Кравченко А.И. Социология. Логос, Москва, 2002. Тема 1

  6. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. Курс лекций. Центр, М., 2003. Тема 1. Социология как наука. Предмет и функции социологии (10-19 бб.)

  7. Социология /Под. Ред. Емшина П.С., Мутагирова Д.З. и др. Питер, 2004. Глава 1 социология как наука (9-32 бб)

2 Семинар. Ғылым ретінде әлеуметтанудың даму тарихы

1. Әлеуметтанудың негізін қалаушысы ретінде О. Конт (әлеуметтік статика және динамика, ғылымдардың классификациясы, дамудың үш сатысы)

2. Органицизм және эволюционизмнің өкілі ретінде Г. Спенсер

3. Э. Дюркгеймнің әдіс туралы ілімі

4. К. Маркстің қоғамның материалистік ілімі

5. М. Вебердің түсінетін әлеуметтануы (понимающая социология)

6. Чикаго мектебі және әлеуметтанудағы эмпириялық кезеңінің басталуы

7. Құрылымдық функционализм (Т. Парсонс және Р. Мертон)

Әдебиет:

  1. Смағамбет Б.Ж. Шетелдік әлеуметтану тарихы.

  2. Социология /Ред. Тажин М.М. Астана, 2004. ІІ бөлім Социология ғылымының қалыптасуы мен тарихы, 1-2 Тарау (110-245 бб)*

  3. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2008. 3 тақырып §1.1-1.6 (42-71 бб)

  4. Забирова А.Т. Практикалық әлеуметтану. Астана, 2011. 1-Тарау §1.2 (17-23 бб)

  5. Кравченко А.И. Социология. Логос, Москва, 2002. Тема 1

  6. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. Курс лекций. Центр, М., 2003. Тема 2. Стновление и основные этапы исторического развития социологии (19-50 бб.)

  7. Социология /Под. Ред. Емшина П.С., Мутагирова Д.З. и др. Питер, 2004. Глава 3 Основные этапы развития социологии (61-101 бб)