Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Kukyk_Negizderi.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
610.3 Кб
Скачать

Әкімшілік құқық бұзышылықтың элементтері:

  • объект бұл заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып

табылады;

  • субъектісі бұл 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс азамат;

  • субъективтік жағы бұл қасақана не абайсызда жасалған нысаны;

  • объективтік жақ бұл әрекет немесе әрекетсіздік.

Әкімшілік жауапкершілік – заңдық жауапкершіліктің бір түрі, ол

құқық бұзушыға (жеке және заңды тұлғаға) әкімшілік құқық бұзғаны үшін уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік заңнамада белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдануынан көрініс табады.

Әкімшілік жазаның түрлері:

  1. Ескерту;

  2. Айып салу;

  3. Тәртіпсіздік әрекеті үшін бұйымды иесінен алу жазасы;

  4. Тәркілеу жазасы;

  5. Арнайы құқығынан айыру;

  6. Еңбекпен түзеу жұмыстары;

  7. Әкімшілік қамауға алу. (А.А. Тарановтың «Қазақстан

Республикасының Әкімшілік құқығы» оқулығын қараңыз).

Қорытынды:

Қорыта келе мемлекеттік (саяси, әкімшілік) қызметкерлердің, лауазымды адамдардың қалыптасу процедураларына да ықпал жасайды. Құқық субъектілерінің құқықтық жағдайына талдау жасағанда мынадай құрамдас бөліктерге теңдей назар аудару керек, мысалы: мекемені құру тәсіліне (бос орынға тұру тәртібі), субъектілердің құқықтары мен міндеттері, басқа субъектілермен озара әрекеттесу тәртібі, мәртебесіне (қызметіне) кепілдік беру, мемлекеттік, қоғамдық органдар, басқа тұлғаларға алдындағы заңдық жауаптылық.

Әртүрлі органдар әртүрлі мүмкіндікте бола тұра озара әрекеттестікте болады, мемлекеттік жүйеде өзіне тиісті орынды иемденеді.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл лекцияны игеріп алу үшін алдымен негізгі түсінігіне назар аударып олардың маңыздылығын анықтап, теориялық жағынан білімді нығайту үшін әкімшілік құқық бойынша берілген практикум есептерін және тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды орындау арқылы есептерді шығару кезінде әкімшілік құқықтың түсінігін және заңдылықтарын дұрыс қолдануына көмек береді. Есептерді шығару барысында және тапсырманы орындаған кезде керекті нормативтік актілерді пайдалану қажет.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. А.А. Таранов «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы».

Алматы, 2003ж.

  1. М.Дулатбеков, С. Амандыкова, А.Турлаев «Мемлекет және

құқық негіздері». Алматы, 2001ж.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.

  2. Қазақстан Республикасының әкімшіліктің құқық бұзушылық

кодексі. 2001 жыл,30 қаңтар.

VI Тақырып: Еңбек құқығының негіздері

Мақсаты: Еңбек құқығы құқық саласы ретінде маңызын ашып жұмыс берушімен жұмысқа тұрушының арасындағы жасалатын еңбек шарттарының жасалу тәртіптерін қарау.

Жоспар:

  1. Еңбек құқығының түсінігі.

  2. Жеке еңбек ұжымдық шартының ұғымы және жасаудың тәртібі.

  3. Жеке еңбек шарттың тоқтатуға және бұзуға негіздемелер.

  4. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Негізгі мазмұны:

Еңбек құқығы – құқықтың азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек қатынастарын реттеуші саласы.

Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шартты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. (Қазақстан Республикасының Конституциясы 24 бабы).

«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заң 109 баптан тұрады, олар жалпы ережелерге, жеке еңбек шартына, ұжымдық шартқа, қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге, жұмыс уақытына, демалыс уақытына, жалақы және еңбекті нормалауға, қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеуге, жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігіне, қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шараларына, еңбек дауларына және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның сақталуына бақылау жасауға арналған 12 бөлімге топтастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]