Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Kukyk_Negizderi.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
610.3 Кб
Скачать

Демократиялық басқару билігінің белгілері:

  • экономика саласындағы адамның бостандығы,

  • адамның бостандығы мен құқығының толық қамтамасыз етілуі,

  • халықтың мемлекетті толық бақылауы,

  • аз ұлттардың құқығын, бостандығын, теңдігін сақтау,

  • мемлекетті, қоғамды басқаруда демократиялық принциптерді

бұзбау,

  • барлық бірлестіктерге, одақтарға бостандық беру,

  • қатаң заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтау,

  • мемлекеттік аппараттың жұмысын құқылық бағытта жүргізу

Тоталитарлық мемлекеттерде коммунистік немесе нацистік партия сая-сатының бағытымен басқарылады.Мұнда халықтың құқықтары мен бостан-дықтары шектеледі,қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын мемлекет қарауына айналдырады.(Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» оқулы-ғын қараңыз).

Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:

- мемлекеттің бірлестіктерді толық бақылауға алуы,

- адамның бостандығына, құқығына шектеу қою,

- партияның диктатурасын орнату,

- қоғамдық, өмірді милитаризациялау,

- азшылық ұлттарды қанаушылыққа алу,

- жеке адамдарды, бірлестіктерді қуғынға алу,

- бір адамға табынушылықты орнату,

- заңдылықты, құқықтық тәртіпті жою,

- ұлтшылдықты, шовинистікті, расизмді дамытып, күшейту

Қорытынды

Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элемент-теріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемле-кеттік құрылымның нысаны және саяси режим. Мысалы: Қазақстан прези-денттік тұтас республика, демократиялық жүйесі қалыптасып жатқан дәре-жеде. Германия (1933) президенттік республика, федерация, фашистік жүйе. Англия – тұтас парламенттік монархия, либералдық- демократиялық жүйе. АҚШ – федеративтік президенттік республика, демократиялық жүйе.

Әдістемелік нұсқаулар

Мемлекеттің нысанының түсінігін анықтап білгеннен кейін оның құры-лымына мән беру қажет. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы мемлекеті-нің нысанын анықтап оны басқа елдермен салыстыру арқылы сараптама жа-саңыз.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, 1999ж.

  2. В.Н. Хропанюк «Государство и право». Москва, 1998г.

  3. Н. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана, 2001ж.

  4. Е.Баянов «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» Алматы, 2003 ж.

V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері.

Мақсат: Әкімшілік құқықты пән ретінде, оның түсінігін, жүйесін, мемлекеттік басқару органдарын, әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі мен жазаларының түрін анықтау.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқықтың түсінігі.

  2. Мемлекеттік басқару органдары.

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік,

шараның түрлері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: регламент, комитет, локальдық актілер, ведомство, объект, субъект, субъективтік жақ, объективтік жақ.

Негізгі мазмұны:

Әкімшілік құқық конституциялық азаматық және қылмыстық құқықтарға қарағанда іргелі құқық саласы ретінде болып келеді.

«Әкімшілік» латын тілінде басқару деген мағынаны білдіреді.

Әкімшілік құқық – құқықтың мемлекеттік басқару процесінде, атқарушы билік құрылымдарын құру, олардың құзыреттерін белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру кезінде пайда болған қоғамдық қытынастарды реттеуші саласы.

Әкімшілік – құқықтық қатынастардың субъектілері азаматтар, атқарушы билік органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке кәсіпорындар болуы мүмкін. Бірак атқарушы билік әрбір әкімшілік – құқықтық қатынаста, не тікелей субъект ретінде, не жанама субъект қадағалаушы ретінде нақты немесе заңды түрде қатысып отырады.

Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары жүйесін құрайды. Оған: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министрліктер, республиканың мемлекеттік комитеттері мен водомостволары, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың әкімшіліктері жатады. Бұл органдардың құқықтық жағдайының маңызды белгісі олардың заңға бағыныштылығы болып табылады.

Үкімет Қазақстан Республикасында атқарушы билікті жүзеге асырады. Конституцияға сәйкес ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және оның қызметін бақылайды.

Үкімет алқалық орган болып табылады, оның құрамына премьер-Министр, Үкімет мүшелері кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]