Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Kukyk_Negizderi.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
610.3 Кб
Скачать

Қорытынды:

Қорыта келетін болсақ өз еңбек құқығын жүзеге асыруда барлық адамдарға бірдей мүмкіндік берілген. Жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, діни сеніміне, қай азаматтыққа, қоғамдық бірлестікке жататындығына, жұмыскердің кәсіби шеберлігі мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты емес басқа да мән-жайларға қарай ешкімнің еңбек құқығы шектелмейді және ешкімге қандай да бір артықшылық берілмейді.

Әдістемелік нұсқаулар: Еңбек құқығың терең білу үшін, алдымен еңбек заңдылықтарды жаттап алу емес, осы құқық саланың заңдылықтарын анықтап тану, аппараттың түсінігін меңгеріп алу, негізгі теориялық мәселелермен танысу, нормативтік актілерге сараптама жасап түсініп білу.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. В.Н. Уваров «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы». Алматы, Қаз ГЗУ 2002ж.

  2. Н.Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана, 2001ж.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  4. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы, 1999ж. 10 желтоқсан.

Vіi Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.

Мақсат: Азаматтық құқықты – Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің жеке саласы ретінде қарастырып, оның қаншалықты маңызды екендігін айқындау. Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері мен заңды тұлғаларына түсінік беру.

Жоспар:

  1. Азаматтық құқық түсінігі, пәні, жүйесі,қағидалары.

  2. Азаматтық құқықтық – қатынастың субъектілері.

  3. Азаматтық құқық және әрекет қабілеттілігі.

  4. Мәміленің түсінігі, түрлері.

  5. Азаматтық құқықтың объектілері.

Бұл тақырып бойынша негізгі түсініктер: құқық қабілеті, әрекет қабілеті, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, абырой мен қадір қасиет, мораль.

Негізгі мазмұны:

Азаматтық құқық – құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды және қатысушылардың мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген, сондай-ақ мүлікпен байланысты, жеке мүліктік емес басқа да қатынастарды реттейтін саласы, нормалардың жиынтығы.

Азаматтық құқық жүйесі. Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсанда Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде қабылданды. (М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин «Гражданское право». Алматы, 2000г. оқулығын қараңыз).

Азаматтық құқық қағидалары деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, азаматтық құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді.

Азаматтық құқықтың қағидалары:

  • азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтық

мәртебесінің теңдігі;

  • меншікке қол сұқпаушылық;

  • азаматтық-құқықтық шарттың еркіндігі;

  • мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке

өмірге араласпауы;

  • азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері-кәсіпкерлер мен

тұтынушыларды қорғау;

  • несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

  • азаматтық-құқықтардың қорғалуы.

Азаматтық құқықтың негізгі субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер де азаматтық құқықтың субъектілері болып табылады, бірақ өздерінің азаматтық құқықтарын олар арнайы және соған уәкілетті заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынады.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп – тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 14 бабы).

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарылып алынған, оның қолданылуы мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 35 бабы).

Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді мәмілелер деп танылады.

Мәмілелер бір жақты мәмілелер мен шарттар болып екі түрге бөлінеді.

Бір жақты мәміле бір тараптың еркін білдіреді және оған басқа азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтына қарамастан қолданыла береді.Мысалы, азаматтың өзіне тиесілі әлде бір құқығынан бас тартуы,берілген сенімхатын,өсиетін тоқтатуы және т.б. бір жақты мәміле болады.

Мәмілелердің көпшілігі екі немесе бірнеше тұлғаның үйлескен еркін білдіреді, яғни шарт болып табылады.

Нысандары бойынша мәмілелер ауызша (жай) және жазбаша (нотариалдық) болып келеді. (М. Дулатбековтің «Мемлекет және құқық негіздері» оқулығын қараңыз).

Азаматтық құқықтардың объектілері мүліктік және жеке мүліктік қатынастар болуы мүмкін. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақшалар, бағалы қағаздар, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері және бұйымдарда даралаудың басқа да заттары, мүліктік құқықтар және де мүліктер жатады.

Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]