Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Kukyk_Negizderi.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
610.3 Кб
Скачать

Мемлекеттің пайда болу даму себептері:

  • Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының

көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;

  • Қалың бұқараның қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы

іс-әрекеттің әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;

  • Қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды

жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;

  • Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық

тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.

Құқықтың қайнар көздері-мемлекеттің ресми түрде бекітіліп белгіленген және санкцияланған құқық нормалары.

Құқықтың қайнар көздері:

1.Құқықтық әдет-ғұрып-адамдардың санасында болатын, ұдайы қолда-нудың барысында дағдыға айналған және құқықтық салдарға апарып соқты-ратын, тарихи түрде қалыптасқан жүріс тұрыс ережесі.

2.Соттық прецедент-нақты іс бойынша қабылданған және кейінде осыған ұқсас істерді шешуде қолданылуы міндетті болатын сот немесе басқа қайсы-бір мемлекеттік органның шешімі.

3.Нормативтік құқықтық акт-биліктік құқық нормаларын белгілейтін, оларды өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік органның жазбаша актісі.

4.Діни нормалар-жалпыға бірдей міндетті мемлекет пен қоғамда құдайды танитын, мұнда қоғамдық қатынастар діни құқықтық нормалармен реттеледі.

Қорытынды.

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес да-мып өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективті факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, эконо-микалық, әлеуметтік, діни т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көле-мінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсіну-ге болмайды.

Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетіс-тіктер бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда бо-луын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін – тарихи материалистік тео-рия. Бәрі теория мемлекет және құқық тарихи туынды – қоғамның антога-нистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді.

Әдістемелік нұсқаулар: Мемлекеттің пайда болуы теорияларын танып білгеннен кейін жалпы құқық теориясымен танысып өту керек. Заң ғылымы өткен дәуірде, қазіргі кезенде, болашақта мемлекет және құқықтың қо-ғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдарын, әдіс тәсілдері-нің зерттеуіне назар аударып ұғыну қажет.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы».

Алматы, 1999 ж.

  1. В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.

  2. Т.Т. Ағдарбеков «Құқық және мемлекет теориясы»,

Қарағанды, 2002 ж.

Іі Тақырып: Құқықтық норма және құқық-қатынысының түсінігі және құрылысы.

Мақсаты: Құқықтық норманың мәні мен маңыздылығын айқындап, оны қоғамдық қатынастардың реттеуші құралы ретінде қарастыру. Құқықтық қатынастарды қоғамдық қатынастардың бір түрі ретінде көрсетіп оның түрлерін сипаттау.

Жоспар:

  1. Құқық нормасының түсінігі түрлері.

  2. Құқықтық-қатынас түсінігі және белгілері.

  3. Құқытық қатынас түрлері және маңызы.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: гипотеза, диспозиция, санкция,құқықтық норма, құқықтық қатынас,абсолютті айқын санкция, салыстырмалы айқын санкция, альтернативтік санкция.

Негізгі мазмұны:

Құқықтық норма – мемлекетпен рұқсат етілген немесе белгіленген, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құрал реттінде шартты түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мінез-құ-лықтардың ережелері.

Құқықтық норманың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптас-тырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.

Құқықтық нормалардың элементері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектінің құқығы мен міндетте-рін көрсетеді. Диспозицияның үш түрі болады:

а) жалпылама түрі –нормада субъектінің құқығы мен міндеттері ай-қын көрсетілмейді, мысалы жұмыссыздық туралы Заңда республикалық об-лыстық аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;

ә) айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы қылмыстық кодексінің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;

б) сілтеу түрі- диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы,азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолда-нылады.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Гипотезаның үш түрі бар:

а) егерде норманың іс -әрекеті бір жағдайдың болуы мен болмауымен байланысты болса ,мұндай гипотезаны жалпылама -гипотеза деп аталады.

ә) егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмау-ымен байланысты болса, ондай гипотезаны - күрделі гипотеза деп аталады.

б) егерде норманың ,іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқы-лы басталса мұндай гипотезаны альтернативті гипотеза деп аталады.

Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі бар:

а) абсолютті айқын санкция- жұмыстан шығару,айып төлеу, қызмет-тен төмендету т.б.

ә) салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның ара-сындағы жауапкершіік (қылмыстық кодекстік баптар)

б) альтернативтік санкция-санкцияның көрсеткен түрлерінің қайсы-сын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады.

Құқықтық норманың элементтерін ашып білу үшін В.Н. Хропанюк «Теория государства и права» оқулығын қараңыз.

Құқықтық қатынас дегеніміз мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құ-қықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқытық қатынастардың ны-шан белгілері:

Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтің актілерде қатынастын мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқық қатынастар арқы-лы нормативтік актілер іске асады, орындалады;

Екінші – қатынастың субъектінің екі жақты құқықтары мен міндеттері-нің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады;

Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды;

Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]