Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Kukyk_Negizderi.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
610.3 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • әлеуметтік – экономикалық саясатың қорғану қабілеттіліктің,

қауіпсіздіктің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды, олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

  • парламентке республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы

есеп ұсынады, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;

  • Мәжіліске заң жобаларын ұсыну арқылы заң шығару бастамасы

құқығын іске асырады, заңдардың орындалуын қамтамасыз етуі;

  • Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

  • Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

  • министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің,өзге де орталық және

жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

  • Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері,өзге де

орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

  • Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  • Конституциямен, заңдармен және өзге де актілерімен өзіне жүктелген

өзге де қызметтерді орындайды. (Қазақстан Республикасының Конституцияның 66 бабын қараңыз).

Министрликтер атқарушы биліктің мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді және әртүрлі салаларға басқарушылық жасайды. Қазақстан Республикасының министрлігі – орталық атқарушы орган,

оны Министр басқарады, басқаруды дара басшылық негізінде жүзеге асырады.

Республика Президенті министрлікті Премьер-Министрдің ұсынысы

бойынша құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Министрліктің мәртебесі заң актілерінде анықталады, оның құқықтық

жағдайы. Үкімет қаулысымен бекітілетін тиісті ережелер мен ресімделеді.

Министрлік – мемлекеттік органдар арасындағы өзінің қалыптасқан

басқару салалары (өрістері) бар (қорғаныс, қаржы, әділет, ішкі істер, т.б.) неғұрлым тиянақты ұйымдық форма. (Ғ.С.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығын қараңыз).

Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.

  • Агенттікті Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың

Премьер-министрдің ұсынысы бойынша құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

  • Агенттік басқару саласына (өрісіне) басшылық жасайды. Заңнамада

көзделген жағдайларда салааралық үйлестіруді және басқа арнайы атқарушылық және шешуші функцияларды жүзеге асыра алады.

  • Агенттік құрылымын оның басшысы бекітеді және ол департаменттерден және басқармалардан тұрады.

  • Агенттік төрағасы жанынан алқа құрылады, ол ақылдасу-кеңесу

органы болып табылады.

  • Агенттік төрағасының бұйрықтары агенттіктің актілері болып

табылады.

  • Агенттік актілерінің күшін агенттіктің өзі, Президент, сот немесе

актінің әрекет ету мерзімі жоя алады.

Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.

  • Ведомства орталық атқарушы органның комитетінің функциясын

атқарады. Басқа органдарға қарағанда ведомствода, сонымен қатар, аумақтық бөлімшелер болуы мүмкін.

  • Ведомстваны Үкімет тиісті орган басшысының ұсынысы бойынша

құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

  • Ведомство арнайы атқарушылық және бақылау -қадағалау

функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқарудың салалық (өрістік) басшылығын жүзеге асыруға құқылы.

  • Бұл функциялардың барлық маңыздылығы ескеріліп, ведомставаның

құрылымын, құзіретін және басқа мемлекеттік органдармен озара әрекетін үкімет анықтайды.

  • Ведомства шығарған актінің формасы ведомства басшысының

бұйрығы болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық деп белгіленген мемлекеттік басқару тәртібіне немесе қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік немесе жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтіру, құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда) әрекеттер мен әрекетсіздіктер танылады, олар үшін заңдылықтармен әкілшілік жауапкершіліктер қарастырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік – құқықтық нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптық әрекет не әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:

  1. құқыққа қайшылық;

  2. кінәлілік;

  3. қоғамға зияндылық;

  4. әкімшілік жауапкершілік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]