Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Kukyk_Negizderi.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
610.3 Кб
Скачать

3. Дәріс кешені Мемлекет және құқықтың пайда болуы

Мақсаты: Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын анықтап және құқықтың қайнар көздерін көрсету.

Жоспар:

  1. Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары.

  2. Мемлекеттің пайда болу, даму себептері.

  3. Құқықтың қайнар көздері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: теология, нормативтік құқықтық акт, күштеу теориясы, құқықтық дәстүр, сот прецеденті.

Негізгі мазмұны:

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде мақсатын орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді – деген мәселелермен шұғылданып, ғылы-ми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теорияларын атап кетейік:

1. Теологиялық теория-бұл теория мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан,бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша,құдай адамдарды жаратты,оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді;осы теорияны ұстағандардың ойы бойынша , құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті өкілдері (мемлекет билеушілері,дін қызметкерлері) арқылы да,тікелей де көрінеді.

2. Патриархалдық теория-бұл теория Антикалық дәуірде пайда болды. Мұнда отбасы басшысы-әке, ал мемлекет басшысы монарх болып келеді.

3. Органикалық теория- бұл теория мемлекеттің құрылымы, ал екінші жағынан –тірі организмнің (атап айтқанда-адамның) арасындағы ұқсас бай-ланысын байқап көруімізге болады. Адамның басы, денесі, қолы және тағы басқа мүшелері бар болатыны болса, және олардың әрқайсысының орындай-тын түрлі функциялары болады. Сол сияқты мемлекеттің де белгілі бір мақ-сатқа жету үшін мемлекет арнайы құрылысын ұйымдастырып қызметін жү-зеге асырады десек болады.

4. Қоғамдық келісім теориясы- бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факто-ры жатыр.Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша ,адамдар өздерінің күнделікті тіршілігінде қалыпты жағдайы қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап, түрлі қол сұғылушықтан қорғану үшін қажетті билік өкілдіктерін бе-ріп, мемлекетке бірігуді шешті.

5. Психологиялық теория –мемлекеттің пайда болуы ,бұл адамдардың психикасына байланысты болды. Яғни адамдардың жүріс-тұрысы, санасы-ның дамуымен байланысты болды, сонымен біз мемлекеттің дамуын осыдан байқап көрсек те деуге болады. Адамдардың санасы жоғары болған сайын мемлекеттің де беделі жоғары болады.

6. Материалистік теория- мемлекеттің пайда болуы,өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен,қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсізді-гімен,таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді.

7. Күштеу теориясы- күшті тайпалардың әлсіз тайпаларды жаулап алудын нәтижесі.

Құқықтың теориялары:

1.Табиғи теория-адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя ал-майды-деп түсіндірген. Цицерон –табиғи бостандыққа,құқыққа қарсы ке-летін мемлекеттік заң болуға тиіс емес-деген.

2.Тарихи теория-бұл теория адамдардың рухани сана-сезімінің даму процесінен өмірге келіп қалыптасады деп түсіндіреді. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесін қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалар-дың шығуын тездету керек деп түсінген.

3.Реалистік теория-құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгертіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдай-лардың әсері мол болады –деп уағыздаған.

4.Әлеуметтік теория- құқықтық қатынасты, адамдардың құқықтық

тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.

5.Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-

қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде мақсатын орындау деп түсінеді.

6.Психологиялық теория- құқық адамдардың психикасының ішкі

құрылысында қалыптасып, олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекеті-нің байланысын Петрижицкий этикалық сана деп атайды.

7.Материалистік теория- құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларының мазмұнын толық түсіну үшін Қ.Д. Жоламан авторының «Мемлекет және құқық теориясы» оқулығын қараңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]