Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Amrina_rk2_2.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
111.78 Кб
Скачать

37. Теңіз арқылы жолаушылар мен олардың жүгін тасымалдау туралы Афина конвенциясы.

Теңіз және су транспорты саласында 1974 жылдың 13-желтоқсанында «теңізден жүктер мен жолаушыларды тасымалдау туралы» Афина Конвенциясы, 1955 жылдың 26 – қыркүйегінде қабылданған Братислава келісімі, 1924 жылдың 25-тамызында қабылданған Брюссель Халықаралық коносаменттер туралы ережелер Конвенциясы, БҰҰ теңіз тасымалы туралы Конвенцисы, БҰҰ 1982 ж. 10-қазанындағы теңіз құқығы туралы Конвенцилары теңіз тасымалының құқықтық аспектілері болып табылады.   Қазір кезде Каспийдегi порттарды пайдаланып теңiз көлiгiмен жүктердi тасымалдаудың негiзгi бағыттары: ирандық бағыт - Иранға және Парсы шығанағы елдерiне экспорттық-импорттық және транзиттiк жүктермен тiкелей су қатынасы; ресейлiк бағыт - Ресейдiң Каспий және Азов бассейндерiндегi порттарымен тiкелей су қатынасы; Қара теңiз - Жерорта теңiзi бағыты - Волга-Дон каналы арқылы тiкелей су қатынасы, Кавказ елдерiне және Қара теңiз - Жерорта теңiзi бассейнi елдерiне экспорттық-импорттық және транзиттiк жүктермен Баку - Батуми/Поти аралас темiр жол-паромдық қатынасы; солтүстiк бағыт - Волга-Балт каналы арқылы Балтық теңiзi бассейнi елдерiне экспорттық-импорттық және транзиттiк жүктермен тiкелей су қатынасы болып табылады.      

Осылайша, Халықаралық жүктерді тасымалдаудың порттар үшiн жүк базасын былайша жiктеуге болады: 1) экспортқа бағытталған жүк. Негiзгi экспорттық жүк ағыны: мұнай, металл өнiмi, астық, түстi металлдар, кoкc, асбест, мыш концентраты; 2) импорттық жүк. Жүк номенклатурасы мынадай: тағам өнiмдерi, құрылыс материалдары, химиялық өнiм, контейнерлер, шағын өлшемдi жабдық, доңғалақты техника, халық тұтынатын тауарлар; 3) транзиттiк жүк. Транзиттiң болжанған көлемдерi: контейнерлiк жүктер, халық тұтынатын тауарлар, металл өнiмi, ауыл шаруашылығы өнiмi, топырақ, көлемдерi сәйкес келмейтiн жүктер, жабдық т.б.

38. Туризм бойынша декларация. Осака декларациясы.

Әлемнің барлық елдерінің жеке және мемлекеттік туристік секторларының көшбасшылары, 2001 жылдың 1 қазанында Жапонияның Осако қаласында өткен ДТҰ ассамблеясының мыңдылжық туристік конференциясына қатысушылар төмендегі декларацияны қабылдады.

  1. Халықаралық туристік нарық

Кейбір мемлекеттерде жұмыс демалыстарының уақыты қысқара бастады. Басқа жағынан кейбір елдерде жұмыс уақытының ұзаққа созылуы мен еңбек демалысының аздығы туризмнің дамуына кедергі болуда. Осындай мәселелері бар елдердегі билік пен жеке секторлар бұл мәселерге мән беріп тез арада шешу керек.

  1. Туризм негізінде табиғи және мәдени мұраларды сақтау

Туризмнің даму негізіне табиғат пен мәдени ресурстарды қорғайтын сонымен қоса келушілердің талаптарын қанағаттандыратын принциптер енуі керек. Бұл жағдайда құндылықтарды сақтай отырып, ресурстарды одан әрі дамыта білу керек.

  1. Туризм және ақпараттық технология

Бұл мақсатта нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін маңызды инвестиция қажет. Аймақтық және мемлекеттік секторларда ашық инфрақұрылым ретінде ұйымдар ашу маңызды орын алу керек.

39.Экологиялық туризм бойынша Квебек декларациясы.

Бүкіләлемдік экологиялық саммитте 2002 жылғы мамыр айында қабылданған Квебек декларациясының ұсыныстарын іске асыруды қамтамасыз ету қажет: 

  • экотуризмді дамытудың ұлттық, өңірлік және жергілікті саясатын табиғатты, жергілікті мәдениетті қорғауды және жергілікті халықпен, жеке сектормен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте ұлттық дәстүрлер мен генетикалық ресурстарды сақтауды есепке ала отырып әзірлеу; 

  • табиғи ортаға кері әсер етудің алдын алу үшін қажетті реттегіш және мониторингтік тетіктерді әзірлеу;

  • шағын және орта бизнес өкілдері үшін техникалық, қаржы және адам ресурстарын дамытуға қолдау жасауды қамтамасыз ету;

  •  қоршаған ортаны қорғауға жауап беретін үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру. 

Аталған ұсынымдарды орындау мен қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық туризмнің ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ету, халықтың өзіндік мәдениеті және дәстүрлерімен үйлесімділікте сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау, сондай-ақ турлардың географиясын үнемі кеңейтіп тұру Қазақстандағы туризмнің осы түрінің табысты дамуын батыл болжамдауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]