Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Amrina_rk2_2.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
111.78 Кб
Скачать

10.Транспорт қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Қазақстандағы транспорт-коммуникациялық базаның жағдайы.

Тасымал туризмінің негізгі формасы болып экскурсиямен транспорттың бір түріндегі тұрақтар кезінде тасымалдаудың үйлесімділігі саналады. Тасымалдың 3 негізгі түрін ерекше атауға болады: су, құрлықтық және әуе. Су тасымалы – су үсті жолаушыларының теңіз және өзен теплоходтары, көл және өзен паромдары, серуендеу кемелері: яхталар, катерлер, қайықтар (гондолдар, фелуктер), суасты қайықтары. Құрлықтық тасымал – автокөліктер, автобустар, темір жол поездары, ретро-поездар. Әуе тасымалы – ұшақтар, тікұшақтар, әуе шарлары, ғарыш кемелері.

Су тасымалы үшін қозғалыстың жоғары емес жылдамдығы, жүргізілген су артерияларымен қараланған маршруттардың шектеулі географиясы. Көл және өзен жолаушылар тасымалы жоғары жолаушылар сыйымдылығымен, дифференциалды құнымен және қолайлылықтың деңгейімен сипатталады. Құрлық тасымалының құралдары автобустық, автокөліктік және темір жолы болып бөлінеді. Автобус тасымалдары жайлылықтың белгілі деңгейіне, жоғары ұтқырлыққа ие, кездесетін орынға бір тасымал құралы арқылы жету мүмкіндігін ұсынады. Автокөліктер трансферді және "Ви-Ай-Пи" (VIP) санатындағы туристердің бағдарламалық шараларын және жеке немесе жалға алынған машиналарда арнайы авто-турларды ұйымдастыруда жүзеге асыру үшін қолданылады. Темір жолы тасымалы орташа қашықтықтарға туристерді тасымалдауды қамтамасыз етеді. Темір жол сенімділігімен, жиілігімен, жеткілікті түрде жоғары жылдамдығымен және қолайлылығымен, жыл мезгілі мен ауа-райына тәуелсіз түрде тасымалдау мүмкіншілігімен ерекшеленеді. 500-1000 шақырым аралығында темір жол тасымалдары басқа да тасымал түрлерімен бәсекеге түседі. Жолаушыларды жоғары жылдамдықты темір жол құрамымен, «ретро» стилінде поездарда серуендеу маршруттарымен тасымалдау кең таралды. Әуе тасымалы жоғары жылдамдығы мен сервис деңгейінің арқасында үлкен қашықтықтарға туристерді тасымалдаудың негізгі құралы болып саналады. 1 шақырымнан артық қашықтықтағы әуе тасымалының үлесі 2,5-5%, бірақ қашықтық 3 мың шақырымнан асса, ол 50-100%-ға дейін артады. Тарифтердің жоғары деңгейі осы тасымал түрінің ең бір кемшілігі болады. Чартерлік рейстер мен пэкидж-турларды қолдану сапар бағасының төмендеуіне әкеледі. Тасымалдың барлық түрлері жайлылық деңгейіне, қозғалыс жылдамдығына, сауда салмағына, қауіпсіздігіне және тасымал құнына қарай ерекшеленеді. 500 шақырымға дейінгі қашықтықтарға тасымалдар жүргізгенде автокөлікті пайдаланған тиімді, 500-1500 шақырымға дейін – әуе тасымалы. Су тасымалы нарықта ерекше орынға ие, оның қолданылуы су артерияларының болуымен шектеледі. Саяхат кезіндегі тасымал қызметінің негізгі элементі болып транспорттық тасымалдар жатқызылады.

11.Бизнес-жоспарлаудың негіздері. Туристік фирмалардағы бизнес-жоспарларды жүзеге асырудың ерекшеліктері.

Туристік фирманы құруда болашақта тиімді бизнес жоспардың болуы шарт. Бұл фирманың қаржылық менеджментін реттеудің бірден бір жолы және ол бірнеше этаптан рет ретімен өткізіледі. Басты мақсаты фирманың нарөыта өз орын қалыптастыру жне жоғары нәтижеге қол жеткізу.

Жаңа фирманың бизнес-жоспарын әзірлеу сатылық әдіспен жүргізіледі, ал соңғы мақсат болып осы кәсіпорынды құру және оның инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыру саналады.

Жаңа кәсіпорын үшін бизнес-жоспардың бірінші құрамына жарғылық қызметтің негізгі түрін таңдау жатқызылады. Егер кәсіпкер туристік қызметті негізгі етіп алса, онда ол тағы 2 мәселені шешуі тиіс.

Республикалық немесе жергілікті деңгейде белгілі салықтық жеңілдіктерге ие, ұзақ мерзімге басым болатын қызметтің негізгі және қосымша түрлерін таңдау қажет, яғни бизнес-жоспарға алдымен тұрақтандырушы қаржылық факторларды және банкроттықтың алдын-алу факторларын кепілдендіру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]