- •6.Туристік кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері. Туристік кәсіпорын және оның құрылымы.
- •7.Туристік кәсіпорынды құрудың негізгі кезеңдері. Туристік қызметтерді өндіруді жоспарлау.
- •8.Туристік кәсіпорынның функционалдық құрылымы. Туристік кәсіпорын құрылымын жобалау.
- •9Туристерге қызмет көрсетуді жоспарлау. Туристерге қызмет көрсету сапасы.
- •10.Транспорт қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Қазақстандағы транспорт-коммуникациялық базаның жағдайы.
- •11.Бизнес-жоспарлаудың негіздері. Туристік фирмалардағы бизнес-жоспарларды жүзеге асырудың ерекшеліктері.
- •12.Автосаяхатты жобалау ерекшеліктері.
- •13.Әуе туризмінің дамуы және әуе саяхаттарын жүзеге асырудағы келісімдер
- •14. Теміржолмен саяхаттарын ұйымдастыру ерекшеліктері.
- •Үшіншіден – туристік қызметт ұсынатын кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрулымын оптимизациялау.
- •17.Туризмдегі мемлекеттік реттеу жолдары. Туристік саясат.
- •18.Туризмді басқару органдары. Туризмдегі лицензиялау.
- •20.Туристік кәсіпорынның ұйымдастырушылық құқықтық негіздері.
- •22. Турларды қалыптастыру және жылжыту
- •26. Туризмдегі көліктік қамтамасыз ету
- •27. Экскурсиялық қызмет көрсету. Экскурсиялық қызмет көрсетудің түсінігі мен тапсырмалар кешені.
- •3. Жоғары маманды экскурсоводтың болуы.
- •28. Туроператор мен турагент арасындағы келісімшарттық қарым қатынастар.
- •29. Рецептивті және инициативті туроператорлар арасындағы келісімшарттық қатынастар.
- •30.Туризмдегі сақтандыру. Туристік сақтандыру түрлері.
- •37. Теңіз арқылы жолаушылар мен олардың жүгін тасымалдау туралы Афина конвенциясы.
- •38. Туризм бойынша декларация. Осака декларациясы.
- •39.Экологиялық туризм бойынша Квебек декларациясы.
- •40. Туристік индустрия түсінігі. Туристік өнім мен қызметтер түсінігі.
- •57.Қр туризм индустриясын 2020 ж. Дейін дамыту тұжырымдамасының міндеттері.
- •59.Қр туризм индустриясын 2020 ж. Дейін дамыту тұжырымдамасынан күтілетін нәтижелер.
- •60.Қр туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. Қр туризм индустриясын 2020 ж. Дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша Алматы және Астана кластерлерін қарастыру.
- •61. Қр туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. Қр туризм индустриясын 2020 ж. Дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан кластерін қарастыру.
- •62. Қр туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. Қр туризм индустриясын 2020 ж. Дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша Батыс Қазақстан кластерлерін қарастыру.
- •67.Қр Жеке кәсіпкерлік туралы заңы.
- •68.Қр Туристік қызмет туралы заңы.
- •72. Туристік кәсіпорыннның бизнес-жоспары
- •1 Шолу бөлімі (Резюме)
- •74. Туризмдегі кәсіперлік орта және кәсіпкерлік қызметті бизнес жоспарлау
- •76. Туристік бизнесті талдау және бағалау.
- •78. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
- •79.Туристік бизнесті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
72. Туристік кәсіпорыннның бизнес-жоспары
Бизнес-жоспарсыз мекеме болмайды. Кезкелген алғашқы үш ай мерзімінде банкротқа ұшыраған мекеме басшыларын қоспағанда өмірінде бір рет болсын бизнес-жоспар жасайды. Ол жай ғана парақты алып басты сызбалар бойынша өз идеяларын түсірсе де, бизнес-жоспардың алғашқы нұсқасы ретінде жоспар болып саналады.
Жоспар болашаққа іс-әрекетті болжауға мүмкіндік береді. Жоспар қаншалықты жақсы жасалса, соғұрлым жобаны жүзеге асыру кезінде күтпеген жағдайлар аз болады. Бизнесте кезкелген жетістікке жету – ол жақсы жоспардың нәтижесі. Сондықтан қандай да бір іс-әрекетпен айналысуды бастағыңыз келсе, нақты мақсаты бар, сол мақсатқа жету жолдары көрсетілген, әрбір үтір-нүктесіне дейін ойластырылғанжоспарыңыз болуы керек. Ал енді осы бизнес жоспардың не екенін негізгі бөлімде қарастырамыз.
Бизнес-жоспар – инвестициялық жобаның визиттік карточкасы. Ол инвесторға осы жобаға қаржы салу-салмау керектігін көрсетеді және қандай жағдайда оны жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.
Бизнес жоспар кәсіпкерге келесідей сұрақтарға жауап береді:
– отандық немесе шетелдік нарыққа шығу үшін қандай өнім шығару немесе қандай іс-әрекет түрімен айналысу керек;
– ұсынылып отырған өнім немесе қызметке нарықтық сұраныс қалай болады және ол қалай өзгеріп отырады;
– бизнес жобаны жүзеге асыру үшін керекті ресурс және оның мөлшері қандай?
– қажетті шикізат қанша тұрады және тұрақты серіктестерді қайдан табуға болады?
– өндірісті ұйымдастыру үшін жалпы кететін шығын мөлшері;
– жалпы түсетін пайда және оны бизнес жобаның мүшелері арасында қалай бөлу керек;
– өнімнің немесе қызметтің нарықтағы бағасы қалай қойылады және оған бәсекелестердің әсері;
– бизнес тиімділігінің көрсеткіштері қандай және оны қалай көтеруге болады?
Бизнес-жоспар – болашақ бизнес жобаның немесе бизнес кәсіпорынының барлық жағын сипаттайтын немесе нарықта жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның іс-әрекетіне бағытталған, мекеме кездесуі мүмкін жағдайларды және оларды шешу жолдарын көрсететін жоспарлы құжат.
Бизнес-жоспар – ағылшын тілінде «bisness» табыс табуға бағытталған нарықтық келіссөздер жүргізу бағдарламасы, кәсіпкерліктегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы. Бизнес-жоспарды жасауда ең бастысы – мақсаттар мен міндеттерді нақты анықтап алу. Бизнес-жоспар компанияның өз күшімен немесе арнайы маманданған мекемелердің көмегімен жасалады. Олар: сауда палаталары, салалық ассоциациялар немесе қорлар, консалтингтік компаниялар.
Бизнес жоспардыңқұрылымы
1 Шолу бөлімі (Резюме)
1.1 Құқықтық формасы
1.2 Жарғылық капиталы
1.3 Орналасқан жері
2 Жобаны жүзеге асырудағы мүмкіндіктермен құралдар
2.1 Іс-әрекет сипаттамасы
2.2 Нарық сараптамасы /Нарықтың бәсеке жағдайы/
2.3 Маркетинг жоспары
2.4 Баға құру
2.5 Жарнамалық стратегия
3 Өндірістік жоспар
4 Ұйымдастырушылық жоспар
4.1 Қызметкерлердің жұмысын жоспарлау
4.2 Жарнамалық агенттікті басқарудың ұйымдастырушылық сызбасы.
5 Қаржылық жоспар
5.1 Қаржылық стратегия
1.1.1 Инвестициялар
1.1.2 Пайда түсіру мерзімі
5.2 Өздікқұнды есептеу. Бір айдың шығындары
5.3 Тәуекел
6 Қосымша жағдайлар
Нақты бір кәсіпорынның негізінде құрылған бизнес-жоспар Жарнама агенттегінің бизнес-жоспары
73. Кәсіпкерліктің мәні және шығу тарихы.
Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек кәсіпорын болып табылады. Өйткені кәсіпорында жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар,ұйымдастыру- әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.Кәсіпорын өз ісін жүзеге асыра алады, салық және басқа төлемдерді төлегеннен кейін тапқан пайдасын, шығарылған өнімді керегінше жұмсай алады.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерді ең басты тұлға деп тану керек. Кәсіпкердің статусы, кәіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана бекітіледі.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке тұлға да және азаматтардың бірлестігі де бола алатынын айта кету керек.
Кәсіпорынды құру алдында, кез келген кәсіпкердің және кәсіпкерлер тобының алдында нақты белгіленген мақсаты болуы керек. Бұл мақсат - өз өніміне немесе қызметіне бірқалыпты тапсырыстың болуымен бекітілуі керек. Шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Одан кейін жаңа істі бастау барысында өз капиталының әр уақытта толықтыруын қамтамасыз ету жағдайларын ойластырған жөн. Осы барлық мәселелерді негізгі құжат кәсіпкерлік бизнес-жоспарда нақты әрі толық көрсеткен жөн.
Қазіргі заманғы кәсіпкердің ең басты маңызды қасиеті – тез өзгеретін жағдайларға бейімді болуы. Ол үшін өзі таңдаған іс жасайтын ортаны кәсіпкер жан-жақты меңгере білуі керек. Кәсіпкер көздеген мақсатына сай алдыға ұмтылушылығымен, кез келген сәтсіздікке ұшыраған жағдайда оған төтеп беретін жігерлілігіне сай өз тарапынан болатын олқылықтардың орнын толтыруда жіберілген қателіктерге сын көзбен қарай алатындай болған жөн, сонымен қатар одан қалай шығудың жолын қарастыра алатындай табандылығы болуы керек. Кәсіпкер өз ісіндегі ортақ әріптестерінің сенімді болуын ойластыруы тиіс. Бәсекелестік күреске дайын болуы қажет. Маркетингті нақты ұйымдастыра білген жөн. Сонымен қатар кәсіпкер шикізатпен, материалмен, жартылай өңделген өніммен (полуфабрикат), жабдықтаушы бұйыммен қамтамасыз етушілермен және өнімді тұтынуда тапсырыс берушілермен ресми байланыста болуы тиіс.