Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект_МЖиГ(1-5лекция) / Лекция_№3_МЖГ.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
47.55 Кб
Скачать

Гидравликалық кедергі

§3.5 Гидравликалық модельдеу, ұқсастықтың негізгі заңдары, Ньютон ұқсастық критериі.

Модельдеу дегеніміз – құбылыстарды моделі негізінде зерттеу. Модельдеу әдісінің негізгі базасы – өлшемдер теориясы әдісімен байланысты ұқсастық теориясы.

Ұқсастық теориясының негізгі шарты – геометриялық ұқсастық. Модель мен ағын натурасының өлшемдері геометриялық ұқсас болса құбылыстар геометриялық ұқсас болады. Геометриялық ұқсастыққа мысалы, ағын натурасы мен модельдегі канал размері ұқсастығы, қабырғаның кедір-бұдырлық ұқсастығы, т.с.

Егер қандай да сипаттық шамаларды, мысалы ұзындықты диаметрдіаудандынемесе кейбір көлемдібелгілейік. Натураға қатыстылардың индексін –ал модельге қатыстылардыдесек, онда геометриялық ұқсас жүйенің бірмәнді шамаларының арасында мына қатынас болады

(3.19)

геометриялық ұқсастық тұрақтысы.

Құбылыс ұқсас болу үшін бір ғана геометриялық ұқсастық жеткіліксіз. Геометриялық ұқсас каналдарда қозғалыс әртүрлі болуы мүмкін. Ұқсас құбылыстарда жылдамдық пен үдеу арасындағы белгілі қатынастарды өрнектейтін кинематикалық ұқсастық қолданылады.

Кинематикалық ұқсастық шартынан натура және модельдің сәйкес нүктелерінде жылдамдықтар арасындағы тәуелділік шығады

(3.20)

Осындай тәуелділік натура мен модель ағындарының максимал жылдамдық пенорташа жылдамдық арасында да болады, яғни:

(3.21)

Осыдан

қатынасын өлшемсіз салыстырмалы жылдамдық деп қарастыруға болады.

Осылайша, ағынның кинематикалық ұқсастығы натура мен модельдің өлшемсіз жылдамдықтарының өрісі өзара тең болғанын талап етеді. Бұл талап басқа бірмәнді шамаларға да қатысты.

Кинематикалық және геометриялық ұқсастық шарттарынан жәнеүдеулері арасындағы тәуелділік шығады:

(3.22)

Материалдық ұқсастық натур ағын бөлшектері мен модель бөлшектері арасындағы өзара сәйкестікті талап етеді. Сәйкес бөлшектердің массалары мұндағы тығыздық, көлем мынадай қатынаста болу керек

(3.23)

массаның ұқсастық тұрақтысы.

Күштер ұқсастығы натур ағын бөлшектері мен модельдің бөлшектеріне сәйкес уақытта бірдей әсер ететін күштер мынадай қатынаста болғанын талап етеді

(3.24)

динамикалық немесе күштік ұқсастық константасы.

Соңғы теңдіктен

(3.25)

механикалық ұқсастық Ньютон критериі. Натур ағын мен модельдің кез келген сәйкес екі нүктеде механикалық ұқсастық критерий мәні – Ньютон саны бірдей мәнге ие, яғни

§3.6 Рейнольдас, Фруд, Эйлер және Вебер ұқсастық критерийлері.

Ньютон критерийі динамикалық ұқсас ағындарда күш, масса, жылдамдық және сызықтық өлшемдер арасындағы тәуелділікті өрнектейді. Гидравликада салмақ күші, қысым күші және үйкеліс күштері қарастырылады. Кей жағдайда беттік керілу күшін ескереміз. Бірақ әртүрлі құбылыстарда осы күштердің тек біреуі басты роль атақарады. Бұл жағдайда қарастырып отырған құбылыстағы күш түрінің ұқсастығын қолданамыз.

Мысалы, құбырөткізгіштер гидравликалық кедергілер заңдылықтарын қарастырғанда, басты роль үйкеліс күші атқарады. Су құймалары арқылы сұйық ағысын зерттегенде басты рольді ауырлық күші атқарады. Жеке жағдай ұқсастығын Ньютон критерийінен аламыз. Ньютон критерийі теңдеуіндегі күші орнынаүйкеліс күшін аламыз (Рейнольдс критерийі), немес ауырлық күшінқойып (Фруд критерийін), қысым күшінқойып () ұқсастық критерийлерін аламыз.

(11-7) теңдеуіне үйкеліс күшін қойып, аламыз:

ескерсек, ал ұқсас жүйелерде

аламыз

мұндағы

- Рейнольдс критерийі.

Соседние файлы в папке Конспект_МЖиГ(1-5лекция)