Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / ГосНорма Стр_Во СНИП 1.01-01-2001.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
98.47 Кб
Скачать

3. Анықтамалар

3.1. Мемлекеттiк нормативтер (мемлекеттiк нормативтiк құжаттар) адамның мекендеуi мен тiршiлiк етуiне қолайлы, қауiпсiз және басқа да қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң, нормативтiк-техникалық құжаттардың, өзге де мiндеттi талаптардың, шарттар мен шектеулердiң ж­йесi.

2001 жылғы 16 шiлдедегi ҚРЗ №243-II

3.2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтiк құжаттар) - нормативтiк-техникалық құжаттардың, ережелердiң және мемлекетаралық қала құрылысы нормалары мен ережелерiн және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде қолданылатын құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын басқа да мiндеттi талаптардың, жағдайлар мен шектеулердiң ж­йесi.

2001 жылғы 16 шiлдедегi ҚРЗ №243-II

3.3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi Уәкiлеттi мемлекеттiк орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласында басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген салааралық ­йлестiрудi және өзге де арнаулы атқарушы органы қызметтерiн ж­зеге асыратын республикалық мемлекеттiк орган.

2001 жылғы 16 шiлдедегi ҚРЗ №243-II.

3.4. Құрылыстық нормалар және ережелер (Building regulations) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган қабылдаған және пайдаланушылардың міндетті орындауына арналған талаптарды құрайтын мемлекеттiк норматив.

Ескертулер: 1. Құрылыстық нормалар және ережелер техникалық регламенттің (technical regulation) жеке сипаты болып табылады.

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерге стандарттау және техникалық нормалаудың 1-қосымшаға сәйкес объектілері жатады.

ИСО/МЭК-2:1991 3.5 және 3.5.1 т. т.

3.5. Мемлекетаралық құрылыс нормалары (Interstate Building regulations) құрылыс саласындағы Стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөнiндегi Мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиясы (СМҒТК) қабылдаған және мiндеттi талаптарды құрайтын нормативтiк құжат.

МҚН 1.01-01-96 «Құрылыстағы мемлекетаралық нормативтiк құжаттар Ж­йесi».

3.6. Мемлекетаралық ережелер жинағы (жобалау және құрылыс бойынша) (Interstate Code of Practice) құрылысқа, жобалауға, құрылыс-жинақтау жұмыстарына және құрылыс бұйымдарын дайындауға, сондай-ақ құрылыс өнімдерін пайдалануға және оның құрылыс нормаларының, ережелерінің және стандарттарының міндетті талаптарына сәйкестігіне қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға арналған техникалық шешімдерді немесе инженерлік ізденістер рәсімдерін ұсынушы нормативтік акт.

ИСО/МЭК- 2:1991 3.4.т.

3.7. Халықаралық, аймақтық, мемлекетаралық стандарт, ұлттық (мемлекеттік) стандарт және фирмалардың (Standard international, Regional, National state standard and Company standard,) стандарттары ҚР СТ 1.1-94 бойынша.

3.8. Техникалық талаптар (Technical specifi-cation) қағида бойынша, кәсiпорын - әзiрлеушiнiң кәсiпорын-тапсырушының (тұтынушының) келiсiмiмен нақтылы өнiмге (қызметке) арналған нормативтiк құжат және нақты өнiмге, процеске, қызметтерге немесе өнiмнiң бiрнеше т­рлерiне арналған талаптарды белгiлейдi.

Ескертулер: 1. Техникалық талаптарда көмегімен осы талаптар сақталынғанын белгілеуге болатын рәсімдер көрсетілуі тиіс.

2. Техникалық талаптар стандарт (техникалық шарттар т­рлерiнiң стандарты) немесе нақтылы өнiмге арналған дербес құжат болуы м­мкiн.

3.9. Жай (мемлекеттiк нормативтікi) (Position) нормативтің мазмұнының логикалық бірлігi.

Құрылыстағы мемлекеттiк нормативтердің ережелері келесідегідей бөлінеді:

1) ұсынудың нысанына қарай - нормаларға, ережелерге және қатынастарға;

2) міндеттемелік дәрежесіне қарай - міндеттіге, ұсынылатынға және анықтамалыққа;

3) мазмұны бойынша пайдаланушылыққа, баяндаушылыққа және әдістемелікке.

ИСО/МЭК-2:1991 7.1 т.

3.10. Норма – қанағаттандырылуы тиiс сандық және сапалық өлшемдерді белгілейтін жай.

Ескертулер: 1. ИСО құжаттарында келтірілген анықтама ағылшынша «Reguirement» (талап) терминіне сәйкес келеді.

2. Абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштерде көрсетілген табиғи немесе құны көрсетiлген нысандағы есептік қажеттілікті сипаттайтын нормалар ­шін де «норматив» термині қолданылады.

ИСО-МЭК - 2:1991 7.5 т.

3.11. Ереже (Regulation) – қайсы бiр жұмыстарды және қызметтердi орындауға тағайындалған әрекеттi сипаттайтын жай.

ИСО/МЭК – 2:1991 7.3 т.

3.12. Қатынас (Statement) нақтылы мәселе жөнiндегi ақпаратты құрайтын жай.

ИСО/МЭК – 2:1991 7.2 т.

3.13. Мiндеттi жай (талап) қолданылуы заң бойынша мiндеттi жай (норма немесе жай).

Ескерту: ИСО құжаттарына сәйкес мемлекеттiк нормативтiң ережесi мынандай болады:

жалпы заң немесе регламенттi сiлтемеге байланысты мiндеттi;

осы ереженi құрайтын нормативке сәйкестiкке жету жағынан мiндеттi;

таңдау немесе белгiлi бiр жағдайларға қосымша (баламалы талап) шеңберлерiнде мiндеттi.

ИСО/МЭК – 2:1991 7.5.1; 7.5.2; 11.4 т.т.

3.14. Ұсынылатын жай (Recommendation) мiндеттi сипатты болмайтын кеңес және нұсқауды құрайтын жай (норма немесе жай).

ИСО/МЭК – 2:1991 7.4т.

3.15. Анықтамалық жай (Statement) – ақпаратты (хабарды) құрайтын жай.

ИСО/МЭК – 2:1991 7.2 т.

3.16. Пайдалану жайы (Performance provision) өнiмнiң, бұл өнiмдi пайдалану тәртiбiне байланысты өз мақсатына сәйкестiгi сипаттамаларын (пайдалану сипаттамаларын) құрайтын жай.

ИСО/МЭК – 2:1991 7.8 т. ИСО 6240 ИСО 6241

3.17. Сипаттамалық жай (Descriptive provision) – өнiмнiң, оны өндiруге байланысты өз мақсатына сәйкестiгi сипаттамаларын (пайдалану сипаттамаларын) құрайтын жай.

Ескертулер: 1. Сипаттамалық жай әдетте материалдардың өлшемдерi мен құралдарын көрсете отырып, жобаның, құрылымдық бөлшектердiң және т.с.с. сипаттамаларын құрайды.

2. Сипаттамалық жайларды құрайтын стандарттарға арналған құрылыс жөнiндегi ИСО материалдарында да «жарлықтық стандарт» (prescriptive) терминi қолданылады.

ИСО/МЭК – 2:1991 7.7 т.

3.18. Әдiстемелiк жай (Deemed-to-satisfy provision) нормативтiң талаптарына (сәйкестiкке жеткiзуге бағытталған) сәйкестiкке қол жеткiзудiң бiр немесе бiрнеше тәсiлдерiн көрсететiн жай.

ИСО/МЭК – 2:1991 7.6 т.

3.19. Үйлестiрiлген стандарттар (нормативтiк құжаттар) (Harmonized standards) – бiр объектiнiң өзiне арналған және стандарттаумен айналысатын әр т­рлi органдар бекiткен, өнiмдердiң, процестердiң және қызметтердiң өзара ауысымдылығын және осы стандарттарға сәйкес ұсынылған сынақ нәтижелерi мен ақпараттардың өзара т­сiнiстiгiн қамтамасыз ететiн стандарттар.

Ескерту: Үйлестірілген стандарттардың ұсынылу нысандарында немесе құрамында да өзгешеліктері болады.

ҚР СТ 1.1-94*.

3.20. Сәйкестi стандарттар (мемлекеттiк нормативтер) (Identical standards) – мазмұны және ұсынылу нысандары бойынша бiртектi ­йлестiрiлген стандарттар.

ИСО/МЭК-2:1991 6.3 т.

3.21. Салыстырмалы стандарттар (Comparable standards) - Стандарттау жөнiндегi әр т­рлi органдар бәрi бекiткен бiрдей бекiткен және талаптардағы өзгешелiктердi бiр мәнде салыстыруға м­мкiндiк беретiн бәрi бiр әдiстерге негiзделген бiр объектiге арналған стандарттар.

Ескерту: Салыстырылмалы стандарттар ­йлестiрiлген стандарттар болып табылмайды.

ИСО/МЭК – 2:1991 6.9 т.

3.22. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінiң объектiлерi – ҚР, облыстардың, аудандардың, елдi мекендердiң және олардың бөлiктерiнiң аумақтары, функциональдық аймақтар, тиесiлi технологиялық және инженерлiк жабдықтарымен ғимараттардың барлық т­рлерiн қоса алғанда, жылжымайтын объектiлер, арнайы экономикалық аймақтар, мәртебесi ҚР заңдарында белгiленген тарих және мәдениет, табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.

2001 жылғы 16 шiлдедегi ҚРЗ №242-II

3.23. Құрылыс өнiмi сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiнiң аралық және (немесе) т­пкiлiктi нәтижесi.

2001 жылғы 16 шiлдедегi ҚРЗ №242-II

Ескертулер: 1. Мемлекеттiк нормативтердегi тәжірибе ж­зінде қолданылатын «ғимараттар және имараттар» сөз тіркесі «ғимараттар және өзге имараттар» деп т­сіндіріледі.

2. Мемлекеттiк нормативтердегi қаралатын тақырып ғимараттар мен имараттардың құрылыстық бөлiмi, сондай-ақ қызметi арқылы тиiстi технологиялық процестердi ж­ргiзуге арналған қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету болып табылатын инженерлiк жабдықтар болып саналады.

3.24. Имарат табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, ж­ктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналасты-руға (төсеуге, ж­ргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе линиялы (жер­стi, су бетi және (немесе) жерасты, суасты) объект. Ғимарат көр-кемдiк-эстетикалық, безендiру-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы м­мкiн.

2001 жылғы 16 шiлдедегi ҚРЗ №242-II

3.25. Ғимарат адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналас-тыруға және сақтауға пайдаланылатын функцио-налдық мақсатына қарай, мiндеттi т­рде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiркеу және қоршау құрылымдарынан тұратын жасанды құрылыс. Ғимараттың жерастындағы бөлiгi болуы м­мкiн.

2001 жылғы 16 шiлдедегi ҚРЗ №242-II

3.26. Бөлме – ғимараттың iшiндегi белгiлi бiр қызметтiк мақсаты бар және құрылыстық құрылы-мымен шектелген кеңiстiк.

3.27. Құрылыстық құрылым ғимараттың немесе өзге құрылыстық өзге имараттың белгiлi бiр көтерушi, қоршаушы және (немесе) эстетикалық қызметтердi атқарушы бөлiгi.

3.28. Құрылыстық бұйым ғимараттың және имараттың құрылыстық құрылымы элементi ретiнде қолдануға арналған бұйым.

3.29. Құрылыс материалы ғимарат және имараттың құрылыс құрылымдарын құруға және құрылыс бұйымдарын дайындауға арналған материал (соның iшiнде, даналық).