Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / ГосНорма Стр_Во СНИП 1.01-01-2001.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
98.47 Кб
Скачать

4. Мемлекеттiк нормативтердiј негiзгi мақсаттары, принциптерi және құрылымы

4.1. Мемлекеттiк нормативтер уәкiлеттi орган-дардың тұтынушыларының, қоғамның және мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын м­дделерiн қорғау мақсатымен құрылыс өнiмiн жасау және пайдалануға арнап қабылдаған бiр-бiрiне байланысты нормативтiк-құқықтық актiлердiң, нормативтiк-техникалық құжаттардың жиынтығы болып табылады.

4.2. Мемлекеттiк нормативтер нормалаудың және стандарттаудың жалпы мәселелерiнен шыға отырып, мына мәселелердi қамтамасыз ете отырып, құрылыс салалары алдында тұрған мiндеттердi шешу-ге көмектесуi тиiс:

- құрылыс өнiмiнiң өз мiндеттерiне сәйкестiгi және халықтың тiршiлiк етуiнiң қолайлы жағдайларын жасау;

- құрылыс өнiмдерiнiң оны өндiру және пайдалану кезiнде адамдар өмiрi мен денсаулығы ­шiн қауiпсiздiгi;

- төтенше оқиғалар туу қаупi ескерiлiп, құрылыс өнiмдерiн және адамдарды қолайсыз әсерлерден қорғау;

- құрылыс құрылымдарының және негiздерiнiң, инженерлiк жабдықтарының, ғимараттардың және имараттардың сенiмдiлiгi;

- экологиялық талаптарды, табиғат, материал-дық, отын-энергетикалық және еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық т­рлерiн ж­зеге асыру кезiндегi және халықаралық ынтымақтастықта жасанды туған тосқауылдарды жою әрекетiндегi қатынастарды реттеу.

4.3. Мыналар мемлекеттiк нормалау объектiлерi болып табылады:

- қоныстандыру ж­йелерi, елдi мекендер мен олардың бөлiктерi;

- ғимараттардың, имараттардың және өзге де құрылыстардың, сондай-ақ жекелеген ­й-жайлардың сәулеттiк, технологиялық, инженерлiк және құрылыстық бөлiгi;

- ғимараттардың, имараттардың және өзге де құрылыстардың инженерлiк және (немесе) технологиялық жабдықтары;

- құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрылымдары,

- қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау-сметалық құжаттамасы.

4.4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтер:

- құрылыс өнiмдерiн стандарттау және сертификаттау, геодезиялық жұмыс, жобалау мен құрылыс салуға арналған инженерлік іздену, құрылыс ж­ргiзудi ұйымдастыру, пайдалануға қабылдау, құрылыстағы қауiпсiздiк техникасы нормативтерiн қамтитын ұйымдастыру-әдiстемелiк нормативтiк құжаттарға;

- имараттар берiктiгiнiң, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiнiң негiзгi ережелерiн, табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғауды, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрылымдарының технологиялық рұқсат шегiн және өзара ауыстыруға бiркелкiлiгi мен сәйкестiгiн қамтитын жалпы нормативтiк-техникалық құжаттарға;

- елдi мекендердiң аумағын және азаматтардың бағбандық бiрлестiктер аумақтарын ұйымдастыру, жоспарлау, құрылыс салу және абаттандыру, өнеркәсiптiк және ауылшаруашылық кәсiпорындары-ның бас жоспарларын әзiрлеу жөнiндегi талаптарды, ережелер мен шектеулердi қамтитын қала құрылысы нормативтерiне;

- тұрғын ­й-азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен имараттарды, көлiктiк, гидротехникалық, мелиорациялық құрылыстарды, сондай-ақ магистральдық және кәсiпшiлiк құбырлары мен коммуникацияларды қоса алғанда, жобалау және салу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарға;

- елдi мекендердi немесе олардың бөлiктерiн, жеке ғимараттарды, имараттарды және олардың кешендерiн инженерлiк жағынан қамтамасыз етуге арналған нормативтiк құжаттарға;

- құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрылымдарына арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;

- құрылыс және құрылыс-жинау ұйымдарын жа-рақтандыруға, уақытша және оңтайлы құрылыстар салу мен оларды жабдықтауға арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;

- баға белгiлеу және смета жөнiндегi нормативтiк құжаттарға;

- мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын ж­ргiзу жөнiндегi нормативтiк құжаттарға;

- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi (мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, мемлекеттiк экологиялық са-раптама, өнеркәсiп және кен қадағалау жұмыстарын ж­ргiзу қауiпсiздiгi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет) саласындағы мемлекеттiк қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;

- құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы нормативтiк құжаттарға бөлiнедi.

4.5. Мемлекеттiк нормативтер жалпы әдiстемелiк және ғылыми-техникалық негiзде жасалған нормативтiк құқықтық актiлер, нормативтiк-техникалық құжаттар (құрылыс нормалары, ережелерi, стандарттары, техникалық шарттар, құрылыстағы басшылық құжаттары, әдiстемелiк нұсқаулар, нұсқаулар және т. с. с.) ж­йесiн дамытудың өрiсiн ашу т­рiнде қалыптастырылады.

4.6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормалау және стандарттаудың құқықтық базасы Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметке қатысушылардың өзара қарым-қатынасын, олардың құқықтарын, мiндеттерiн және өнiм сапасы ­шiн жауапкершiлiгiн анықтайтын заңнамасы болып табылады. Мемлекеттік нормативтер жобалау және құрылыс салу кезiнде заңнаманың талаптарын iске асыру мақсатында салааралық реттеу және басқару құралдарының бiрi болып табылады.

4.7. Адамдардың өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, тұрғызылған ғимараттар мен имараттардың сенiмдiлiгi, өнiмдердiң сыйымдылығы және құрылыста қолданылатын техникалық шешiмдер жөнiндегi талаптар мiндеттi болуы тиiс.

4.8. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк актiлердi жасау Қазақстан Республикасының Стандарттау мемлекеттiк ж­йесi құрылған принципте бiртiндеп сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы халықаралық стандарт-тарға дамыған шет елдердiң құрылыстық заңнамасы және стандарттарымен ­йлесiмдiлiгiн және сыйым-дылығын қамтамасыз етудi ж­зеге асыруы тиiс.

4.9. Мемлекеттiк нормативтер құрылымы (1-қосымша) техникалық нормалау және стандарттау объектiсi атаулығымен анықталады. Бiртектi объектiлердiң әр тобы ­шiн мақсаттары мен мiндеттерi бiрлiгiне қарай бiрiктiрiлген, бiр-бiрлерiмен байланыстырылған әр т­рлi нормативтер кешенi құралады. Кешендер құрамында, қажеттi жағдайда, кешеннiң объек-тiлерi ­шiн ережелердi (мiндеттi талаптарды) белгiлейтiн негiзге алынатын мемлекеттiк нормативтердi белгiлейдi.