Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / ГосНорма Стр_Во СНИП 1.01-01-2001.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
98.47 Кб
Скачать

5. Мемлекеттiк нормативтер

5.1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтер (мемлекеттiк нормативтiк құжаттар) Қазақстан Республикасының заңнамасының құрамдас бөлiгi болып табылады.

5.2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк ж­йесi:

1. мемлекеттiк қала құрылысы нормативтері және регламенттерiн;

2. мемлекеттiк құрылыс нормалары және ережелерiн (ҚР ҚНжЕ), құрылыс нормаларын (ҚР ҚН), жобалау және құрылыс жөнiндегi ережелер жинағын (ҚР ЕЖ), технологиялық жобалау нормаларын (ТЖН);

3. құрылыстағы мемлекеттiк стандарттарды (ҚР СТ) және құрылыстағы техникалық талаптарды (ТТ);

4. құрылыста басшылыққа алынатын құжаттарды (ҚР ҚБҚ);

5. мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау нормативтік құқықтың актілерін;

6. құрылыстағы өзге де мемлекеттiк қадағалау органдарының нормативтерін қамтиды.

Нормативтiк құжаттардың мемлекетттiк ж­йесiне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес енгiзiлген келесiлер енедi:

1. мемлекетаралық құрылыс нормалары және ережелерi (МҚН);

2. құрылыстағы мемлекетаралық стандарттар (МСТ);

3. жобалау және құрылыс жөнiндегi мемлекет-аралық ережелер жинағы (МЕЖ).

5.3. Мемлекетаралық құрылыс нормалары, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және ережелерi қол жеткiзуге тиiс мақсаттарды және құрылыс өнiмдерiн жасау әрекетiнде басшылыққа алынуға тиiс принциптердi анықтайтын мiндеттi талаптарды анықтайды.

5.4. Құрылыс саласындағы мемлекетаралық стандарттар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары ғимараттар мен имараттардың жекеленген бөлiктерiнiң, құрылыс бұйымдарының және материалдарының нақты параметрлерi мен сипаттамаларын және бұл өнiмдi жасау, өндiру және пайдалану кезiнде техникалық бiрлiктi қамтамасыз ететiн мiндеттi және ұсынылатын ережелердi белгiлейдi.

5.5. Жобалау және құрылыс жөнiндегi мемлекетаралық ережелер жинағы құрылыс нормаларының, ережелерiнiң және жалпытехникалық стандарттарының немесе мiндеттi нормада регламенттелiнбеген жекеленген белгiлi бiр мәселе бойынша негiзгi талаптарды дамытудың және қамтамасыз етудiң ұсынылатын ережелерiн белгiлейдi.

5.6. Құрылыстың басшылық құжаттары жұмыстардың жобаларын әзiрлеу қызметiн ж­зеге асыру және нормативтiк-техникалық құжаттарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жобалау және iзденiстер салаларында қолдану жөнiндегi мiндеттi және ұсы-нылатын ұйымдастырушылық-әдiстемелiк рәсiмдердi белгiлейдi.

5.7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы стандарттау және техникалық нормалау жөнiндегi мемлекетаралық басшылық құжаттары мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды жасауға және қолдануға байланысты қызметтi ж­зеге асыруға арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк рәсiмдердi белгiлейдi.

5.8. Мемлекеттiк нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген ережелердi бұзбауы тиiс. Шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң нормативтiк-техникалық құжаттары және өнiмдерге арналған техникалық талаптар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердiң мiндеттi ережелерiн бұзбауы тиiс.

5.9. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттiк нормативтермен қатар:

- Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк стандарттарын және өзге де құжаттарды;

- мемлекеттiк қадағалау органдарының нормалары, ережелерi және нормативтерiн;

- салалық министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер қабылдаған технологиялық жобалау нормалары және өзге нормативтiк техникалық құжаттарды қабылдайды.

5.10. Салалық министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, мемлекеттiк қадағалау органдарының нормативтiк-техникалық құжаттары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөнiндегi Уәкiлеттi орган құзырына жататын ережелердi мазмұндамауы тиiс. Ол оған атқарушы өкiмет органдары және мемлекеттiк қадағалау органдары жолдаған, жобалау және құрылыс құжаттары мәселелерiн арқау еткен нормативтiк-техникалық құжаттар жөнiнде, жекелей алғанда, мемлекеттiк нормативтердiң мiндеттi талаптарына сәйкестiгi туралы қорытынды бередi.