Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / ГосНорма Стр_Во СНИП 1.01-01-2001.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
98.47 Кб
Скачать

6. Мемлекеттiк нормативтердiј мазмұны, құрастырылуы, баяндалуы ж¶не ресiмделуi

6.1. Мемлекеттiк нормативтер ғылымның, техниканың және технологияның қазiргi жетiстiктерiне, жобалау және құрылыстың отандық және шет елдiк озат тәжiрибелерге негiзделуi қажет және техникалық дамыған елдердiң халықаралық және ұлттық стандарттарын ескеруi тиiс.

Олар мемлекеттiк нормативтердiң мақсаттарына жеткiзуге және әрбiр нормативтiң нақты мiндеттерiн олардың қолдану саласына сәйкес шешудi қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi көлемдегi техникалық және экономикалық негiзделiнген талаптарды құрауы тиiс.

Мемлекеттiк нормативтер азаматтық құқықпен, еңбек туралы заңдармен немесе өзге заңнамалық актiлермен реттелуге тиiс талаптарды белгiлемеуi тиiс.

6.2. Мемлекеттiк нормативтер ережелерi мiндеттi және ұсынылатын бола алады. Мiндеттi ережелер минимальды қажеттi немесе максимальды шектi деңгейде, ұсынылатын - ­здiк отандық және әлемдiк жетiстiктер деңгейiнде белгiленедi.

Мiндеттiге мемлекеттiк нормативтердiң принциптерiне сәйкес сөзсiз сақтауға жататын ережелер алынады.

Ұсынылатынға тұтынушының нақты қажеттiлiк-терiне және м­мкiндiктерiне немесе өндiрiстiң шарттарына сәйкес өзгеретiн нормалар, ережелер және сипаттамалар жатады.

6.3. Мемлекеттiк нормативтер құрамында жобалау кезiнде қамтамасыз етiлуi тиiс, ғимараттардың және имараттардың, олардың бөлiктерiнiң, құрылыс бұйымдарының пайдалану сипаттарын анықтайтын ережелердi (пайдалану ережелерi) қарастыру қажет.

Пайдалану ережелерi тұтынушының талаптарымен негiзделуi тиiс және қолданылған материалдардың немесе өндiрiс технологиясының құрылымдық құрылғысына, нысанына өлшемдерiне тәуелдiктен тыс әрт­рлi деңгейдегi тұтынушылыққа немесе пайдалану шарттарына сәйкес белгiленуi керек.

Мемлекеттiк нормативтердегi әрбiр пайдалану сипаттамасы ­шiн тиiстi тұтынуды қанағаттандырудың бақылау әдiсi мен дәрежелiк бағасы қарастырылуы тиiс.

6.4. Құрылыстық нормалар және ережелерде, құрылыстық нормаларда Қазақстан Республикасының барлық аумағына немесе оның белгiлi бiр климаттық, геологиялық және өзге табиғи шарттарына байланысты бiрқатар аймақтарына ортақ жалпы ережелердi белгiлейдi.

Құрылыстық нормалар және ережелер, құрылыстық нормалар құрылыс өнiмдерiнiң қажеттi сапалық деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталған негiзгi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк талаптарды, құрылысқа арналған инженерлiк iзденiстер, жобалау және құрылыс жөнiндегi жалпы техникалық талаптарды, сондай-ақ, жоспарлау-жайғастыру және құрылыс салуға, ғимараттар мен имараттарға, құрылыстық құрылымдарға, инженердiк жабдықтардың негiздерiне және ж­йелерiне арналған талаптарды мазмұндай-ды.

Бұл талаптар:

- ғимараттар мен имараттардың және олардың пайдаланудың есептiк жағдайындағы ж­йелерiнiң сенiмдiлiгiн, құрылыстық құрылымдардың және негiздердiң берiктiгi мен орнықтылығын;

- жер сiлкiну, қопарылыс, көшкiн және қауiптi табиғат әсерлерiнiң өзге есептiк жағдайларында ғимараттар мен имараттардың берiктiгiн және адамдардың қауiпсiздiгiн;

- өрт кезiнде және өзге есептiк апаттық жағдайларда ғимараттар мен имараттардың берiктiгiн;

- пайдалану әрекетiнде адамдардың денсаулығын қорғауды, бөлмелердiң қажеттi жылулық, әуе-ылғалдылық, акустикалық және жарықтық тәртiбiн;

- әр т­рлi мақсаттағы ғимараттар мен имараттардың пайдалану сипаттамаларын және параметрлерiн және санитарлық, экологиялық және өзге нормалар ескерiлiп, оларды орналастыру ережесiн;

- отын-энергетикалық ресурстар шығындарын қысқарту және ғимараттар мен имараттар шығындарын азайтуды қамтамасыз етуi тиiс.

Құрылыстық нормалар және ережелер, құрылыстық нормалар ғимараттар мен имараттардың мақсаттарына арналған технологиялық процестер талаптарын, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудың тиiстi салалық органдарының құзырына жататын өзге де ережелердi мазмұндамауы тиiс. Қажеттi жағдайда құрылыстық нормаларда және ережелерде, құрылыстық нормаларда санитарлық, экологиялық және өзге нормативтiк талаптарға сiлтемелер жасау керек.

6.5. Мемлекеттiк стандарттарда олардың т­рлерiне байланысты ҚР СТ 1.0 және ҚР СТ 1.5-ке байланысты мiндеттi және ұсынылатын ережелер, соның iшiнде:

- актiлердiң нормативтiк, жобалау, технологиялық және өзге т­рлерiне арналған талаптар;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өлшемдiк және қызметтiк сыйымдылық және өзара ауысымдылық жөнiндегi талаптар;

- бөлмелердiң және ғимараттар мен имараттардың құрылымдық бөлiктерiнiң, сондай-ақ инженерлiк ж­йелердiң бақыланатын сипаттамалары мен параметрлерi;

- құрылыс индустриясы кәсiпорындарының және материалдарының бiр тектi өнiмдерiнiң топтарына, неғұрлым құрылыс бұйымдарының, материалдарының және жабдықтарының жаппай нақтылы т­рлерiне арналған талаптар;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында және құрылыс бұйымдарын, материалдарын және жабдықтарын өндiру кезiндегi қабылдау ережелерi және бақылау әдiстерi (сынау және өлшеу) белгiленедi.

6.6. ҚР ережелер жинағында қолданылуы мемлекеттiк нормативтердiң және стандарттардың мін-детті талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға м­мкіндік жасайтын, ресми танылған және тәжірибе ж­зінде өзін-өзі қажеттi толық т­рде ақтаған ұсынылған ережелерді келтіреді. Ережелер жинағы, жекелей алғанда:

- құрылысқа, жобалауға және құрылысқа арналған инженерлік ізденістер кезінде жұмыс өндірісін ұйымдастыру, технологиясы және ережелері, ғимараттар мен имараттарды пайдалану, сондай-ақ қала құрылыстық кадастрды енгізу және сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыстық қызметті ж­зеге асыру жөніндегі ережелерді;

- жалпы қала құрылыстық, типологиялық және әлеуметтік нормативтердi;

- ғимараттардың, имараттардың және олардың бөліктерінің көлемдік-жоспарлық және құрылымдық шешімдерін;

- құрылыстық құрылымдар мен негіздердің, сондай-ақ, инженерлiк ж­йелердiң есебі мен жобалауы әдістерін қамтиды.

ҚР ережелері жинақтарына дамуымен осы ережелер жинағы жасалған мемлекеттiк нормативтер мен стандарттардың міндетті ережелерінен (оларға сілтеме келтірiп) шығарылымдарды қосуға болады.

Ескерту: ҚР ережелер жинағы, нормативтік-техникалық құжаттар ретінде техникалық ережелер т­рінде танылады. Оларды мемлекеттiк нормативтер болып табылмайтын және жаңа жұмыстар нәтижелерін, нұсқаулық-әдістемелік және әрт­рлі бiлiктiлiктегi атқарушыларға арналған бөлшектеудiң әрт­рлi дәрежесіндегі өзге материалдарды құрайтын кепілдемеден, басшылық актiлерден, құралдардан және өзге құжаттардан ажыратуға болады.

6.7. ҚР СТ 1.4 бойынша - фирмалар стандарт-тарын құрау талаптары.

6.8. Техникалық шарттарда өнімді жеткізуге немесе құрылыс объектісіне арналған шарттарда (келісімшарттарда) пайдалануға арналған конструкторлық, жобалық және өзге техникалық құжаттама құрамынан шығару мақсатты өнімге, оның дайындалуына, бақылауына, қабылдауына және жеткізуге (тапсырыс иесіне беруге) арналған талаптарды белгілейді.

ҚР СТ 1.3 бойынша - техникалық талаптарды құрастыру, баяндау және ресімдеу.

6.9. Мемлекеттiк нормативтердiң мәтiнi орыс тiлiнде мемлекеттiк нормативтерде бiрiншi орналастырылатын оның мемлекеттiк тiлдегi теңт­пнұсқалық аудармасы ретiнде баяндалады.

6.10. Мемлекеттiк нормативтердi - ҚР СТ 1.0, ҚР СТ 1.5-тегі стандарттарға арналып белгіленген талаптарға сәйкес және осы нормалар мен ережелер ескеріліп, құрастыру, баяндау және ресімдеу.

Мемлекеттiк нормативтердiң титулдық парақтары және шмуцтитулдары 2 және 3-қосымшаларға сәйкес ресімделеді.

Мемлекеттiк нормативтердiң мiндеттi және ұсынылатын ережелердi құрайтын кiрiспе бөлiмiнде мiндеттi сипатты болатын тараулар және тармақтар (тармақшалар) нөмiрлерi көрсетiледi.

Нормативтік сілтемелер және қолданылған терминдердің анықтамалары көлемі ­лкен болғандықтан тікелей мемлекеттiк нормативтiң мәтінiнде орналастыру мақсатсыз деп танылса, қосымшаларда қойы-лып берiледi.

Мемлекеттiк нормативтерде:

- осы мемлекеттiк нормативтерге;

- өзге нормативтiк-техникалық құжаттарға, соның iшiнде құрылыс нормалары мен ережелерiне, құрылыс нормаларына, стандарттарға, құрылыстық басшылық құжаттарға сiлтемелер келтiрiледi.

Ережелердің жинақтарының (МЕЖ, ҚР ЕЖ) кіріспесінде: «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі Уәкiлеттi орган мақұлдаған (№ хат, « »....) және …. келісілген» (тиісті қадағалау органдары және актiлер нөмірлері көрсетіледі) деп ресiмделедi.

Мемлекеттiк нормативтер баспаханалық әдiспен 210х297 мм т­рқалыппен басып шығарылады.

6.11. Құрылыс нормалары мен ережелерiнiң, құрылыс нормаларының ережелер жинақтарының, Қазақстан Республикасындағы құрылыстың басшылық құжатарының белгіленуі индекстен (ҚР ҚНжЕ, ҚР ҚН, ҚР ЕЖ, ҚР ҚБҚ), кешеннің мемлекеттiк нормативтер құрылымындағы нөмірінен, сосын дефис арқылы - берілген т­рдегi мемлекеттiк нормативтердiң кешендегі реттік нөмірінен және қабылдану жылының соңғы төрт цифрынан тұрады. Бұл жағдайда ҚР ҚНжЕ мен ҚР ҚН-нің реттік нөмірлері 01 нөмірінен, ҚР ЕЖ-01 нөмірінен, ҚР МБҚ-01 нөмірінен басталады.

Стандарттау жөніндегі нормативтік актiлердiң белгіленуі - ҚР СТ 1.5 талаптарына сәйкес ж­ргізіледі.

Стандартқа берілген кіріспеде, ҚР СТ 1.5 талаптарына сәйкес келтірілген мәліметтерден өзгеше былай көрсетеді: «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтердің мемлекеттік құрылымы бойынша ………………………………………

( нормативтің белгіленуі)

………………………………………

(кешеннің № -і)

кешеніне кіреді.

1-қосымша