Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Согласование Грапроектов СНИП 3.01-07-2001.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
133.58 Кб
Скачать

10. Қала құрылыстық жобаларды сақтау тәртiбi

10.1. Қала құрылыстық жобаның бақылау данасы аталған материалдарды ресiмдеуге және қол жеткiзуге арнайы талаптар белгiлеген тәртiпте әзiрлеушiнiң мұрағатында сақталады.

Әзiрлеушiнiң мұрағатында мiндеттi түрде төмендегiлер сақталады: түсiнiктеме жазбахаттың бiр данасы, анықтамалардың, бастапқы материалдардың, автоматтандырылған есептердiң, фоторепродукциялардың түпнұсқалары, кескіндемелік материалдардың электрографиялық көшiрмелерi немесе барлық жобалық материалдардың компьютерлiк көшiрмелерi.

10.2. Егер ол шартта ескерiлмеген болса, әзiр-леушi жобалық құжаттаманы тапсырыс берушіге төмендегiдей құрамда табыстайды:

негiзгi сызба (жобалық жоспар), түпнұсқа - 1 дана;

аумақты қазiргi пайдалану жоспары, түпнұсқа - 1 дана;

сұлбалар, түпнұсқалар - 1 дана;

сызбалар мен сұлбалардың фоторепродукциялары немесе ксерокөшiрмелерi бар түсiнiктеме жазбахат - 3 дана.

10.3. Жобалық және тіректік жоспарлар көшірмелері және ауылдық репродукциялары қала құрылыстық жоба бекітілгеннен кейін, қосымша тапсырыс бойынша қажетті сан мөлшерінде әзірлеуші дайындайды.

10.4. Қала құрылыстық жобаның түпнұсқалық кескіндемелік материалдары, түсiнiктеме жазбахаттары және магниттiк көздердегi көшiрмелерi тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарында сақталады.

10.5. Тапсырыс беруші өз қаражаттары есебiнен қалалық, кенттiк шектiң бекiтiлген жобасының көшiрме нұсқасын орындайды және оны тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарына табыстайды.

10.6. Тапсырыс беруші қағаз немесе магниттiк көздерде барлық жобалық материалдардың көшiрмелерiн және қала құрылыстық жобаның түрiне байланысты сызбалар мен сұлбалардың фоторепродукциялары немесе ксерокөшiрмелерi бар түсiнiктеме жазбахатты табыстайтын ұйымдар мен мекемелер тiзбесiн қала құрылыс жарғысы және аумақтар мен қоныстарда құрылыс салу ережелерi, ал олар жоқ болғанда - атқарушы орган айқындайды.

Меншiк нысанынан, тапсырыс беруішінің қаржылау көздерiнен тәуелсiз қала құрылыстық жобаның барлық түрлерiнiң және онымен байланысты инженерлiк iздестiрулердiң материалдары бiр данада тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарына табыстауға жатады.

Аумақты қызметтік пайдалану және тиiстi тәртiптемелер, шектеулер және сервитуттар орнату бойынша принциптiк жобалық шешiмдер қала құрылыстық мониторингтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк қала құрылыстық тiзiмдеменiң автоматтандырылған жүйесiне енгiзiледi.

10.7. Сәулет және қала құрылысы органдарында тұрақты сақталатын қала құрылыстық құжаттаманы оны көшiруге байланысты емес пайдалану өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.

1-қосымша

Қала құрылыстық жобаны әзiрлеу шартына қойылатын негiзгi талаптар

1. Қала құрылыстық құжаттаманы әзiрлеу шартын тапсырыс беруші және атқарушы мәртебесiн тәртiптейтiн ереженiң, жарғының немесе өзге де бiр құжаттың негiзiнде әрекет ететiн тапсырыс беруші мен жұмыстарды атқарушы ресiмдейдi.

2. Жұмыстар орындау шартында шарттың мәнi: қала құрылыстық жобаның атауы, техникалық, ғылыми, экономикалық және басқа да талаптар; жобаның келiсiлуiн, сараптамасын және бекiтiлуiн жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары; жұмыстың аяқталу мерзiмдерi, кезеңдердiң мерзiмдерi және мазмұны көрсетiледi.

3. Жұмыстардың жалпы құнын айқындау кезiнде аванстық төлемдер, қосылған құнға салынатын салық сомасы, қаржыландыру көздерi, мүлiктiк жауапкершiлiк және жобалық құжаттаманы сарапта-мауға, басып шығаруға және таратуға шығыстарды қоса алғанда, басқа да шарттар белгiленедi.

4. Қала құрылыстық жобаны әзiрлеу және оған байланысты инженерлiк iздестiрулер, ғылыми-техникалық жұмыстар құнының сметалық есебiне төмендегiлер кiредi:

- материалдар, жабдық және керек-жарақ сатып алуға шығыстар;

- еңбек ақы бойынша төлемдер;

- әлеуметтiк, медициналық сақтандыруға, жұмыспен қамту қорына аударымдар және заң көздеген басқа да аударымдар;

- амортизациялық аударымдар;

- қалған шығыстар.

Сонымен бiрге төмендегiлер бөлiнiп көрсетiледi: жұмыстарды орындаудың толық құны, пайда, жұмыстың сметалық құны, қосылған құнға салынатын салық, жұмыстардың қосымша құн салығы салынған сметалық құны.

2-қосымша