- •Құрылыстың нормалары және ережелері
- •Қазақстан республикасындағы қала құрылысы жобаларының құрамы, әзірлену, келісілу және бекітілу
- •Тәртібі туралы нұсқау
- •Инструкция о составе, порядке разработки, согласования и утверждения градостроительных проектов в республике казахстан
- •Мазмұны
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Қазақстан республикасының аумағындағы қоныстандыру және қала құрылысын дамытудың бас сұлбасы
- •3. Қоныстандыру мен қала құрылысын дамытудың аймақтық сұлбасы
- •4. Облыс аумағын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасы
- •5. Әкiмшiлiк аудан аумағын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасы
- •6. Қала, кент және ауылдық елдi мекеннiң бас жоспары
- •7. Қалалар мен басқа да қоныстардың бөлiктерiн жоспарлау жобасы
- •8. Құрылыс салу жобасы
- •9. Қала құрылыстық жобаларды келiсу, сараптау және бекiту
- •10. Қала құрылыстық жобаларды сақтау тәртiбi
- •Қала құрылыстық жобаны әзiрлеу шартына қойылатын негiзгi талаптар
- •Қала құрылыстық жобаны ресiмдеуге қойылатын жалпы талаптар
- •Аумақты дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасын (жобасын), қала мен басқа қоныстың бас жоспарын әзiрлеу тапсырмасына қойылатын негiзгi талаптар
- •Қала мен басқа қоныстың бөлiктерiн жоспарлау жобасын әзiрлеу тапсырмасына қойылатын негiзгi талаптар
- •Құрылыс салу жобасын әзiрлеу тапсырмасына қойылатын негiзгi талаптар
- •Аумақты дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасын (жобасын), қала мен басқа қоныстың бас жоспарын әзiрлеу үшiн бастапқы ақпаратқа қойылатын негiзгi талаптар
- •Қала мен басқа қоныстың бөлiктерiн жоспарлау жобасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректердiң құрамы мен мазмұны
- •Құрылыс салу жобасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректердiң құрамы мен мазмұны
- •Аумақты дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасының (жобаның) негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi
- •Қаланың, кенттiң және ауылдық елдi мекеннiң бас жоспарының негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi
- •Қала мен басқа қоныстың бөлiктерiн жоспарлау жобасының негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi
- •Құрылыс салу жобасының негiзгi техникалық- экономикалық көрсеткiштерi
3. Қоныстандыру мен қала құрылысын дамытудың аймақтық сұлбасы
3.1. Қоныстандыру мен аумақтардың қала құрылысын дамытудың аймақтық сұлбасы (бұдан әрi Қоныстандырудың аймақтық сұлбасы) екi немесе одан артық облыстың, аумақтық-экономикалық ауданның, табиғи-климаттық ауданның (ареалдардың), тынысжайлық-сауықтыру аудандарының аумағына 25-30 жыл есептiк мерзiмге әзiрленедi.
Қоныстандырудың аймақтық сұлбасын iске асырудың бастапқы мерзiмi (5-7 жыл) және аралық кезеңi (10-15 жыл) экологиялық-қала құрылысы жағдайына орай, аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту концепциясына сәйкес белгiленедi.
3.2. Қоныстандырудың аймақтық сұлбасына дамыту мәселелерi анықталған аумақтың кешендiк талдамасы, аймақтың өзiндiк табиғи-климаттық және экономикалық жағдайларында аумақтарды ұйымдас-тыру мен пайдаланудың негiзгi бағыттары, қоныстандыру жүйелерiнiң болжамы, табиғи орта мен тарихи-мәдени мұраны сақтауды ескере отырып аймақтық инженерлiк-көлiк жүйелердi дамыту бойынша ұсыныстар кiруге тиiс.
Жаңа шаруашылық-экономикалық кешендердi жайғастыру мен қалыптасқандарын дамыту Қазақстан Республикасындағы қоныстандыру мен қала құрылысын дамытудың бас сұлбасын және жобаланушы аймақтың шектерiне кiретiн әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың мүдделерiн ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс.
3.3. Қоныстандырудың аймақтық сұлбасында қоныстандырудың бас сұлбасының ережелерi нақты-ланады, осы аймақты қоныстандыру мен жоспарлық ұйымдастыру саласындағы мемлекеттiк саясат айқындалады.
3.4. Қоныстандырудың аймақтық сұлбасын iске асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шаралар жобаланушы аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып айқындалады. Бiрiншi кезектегi iс-шаралар әлеуметтiк-экономикалық дамытудың мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде ескерiлуге тиiс басымдық қызмет бойынша пайдалау үшiн аумақтарды аудандарға бөлу, өндiрiстiк күштердi жайғастыру, инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын дамыту, аумақтарды қауiптi техногендiк және табиғи процестерден қорғау мен қоршаған ортаны сақтау бойынша негiзделген ұсыныстар кешенiн қосуға тиiс.
3.5. Қоныстандырудың аймақтық сұлбасының құрамында аумақты қазiргi пайдалану жоспарын, аумақты кешендi бағалау сұлбасы мен жобалық жоспарды қосатын, масштабы 1:1000000 - 1:300000 кескіндемелік материалдар әзiрленедi.
Аумақты қазiргi пайдалану жоспарында бүгiнде бар мекендер, инженерлiк және көлiк күре жолдары жүйесi, ерекше пайдалану режімiндегi аумақтарды бөлiп көрсете отырып аумақтарды аудандарға бөлу, iрi өндiрiстiк кешендер жайғастырылған аудандар, курорттық-тынысжайлық аудандар, санитариялық-эпидемиологиялық жағынан қолайсыз аудандар мен экологиялық ахуалы бұзылған аумақтар, әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар мен тiректi жағдайдың басқа да элементтерi көрсетiледi.
Жобалық жоспарда қалалық және iрi ауылдық елдi мекендер жүйесi, әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар мен қоныстандыру жүйелерiнiң, қала маңы аудандары мен қала құрылысына пайдаланудың реттемеленген аумақтарының шекаралары; курорттық-тынысжайлық аудандар, аумақтарды қызметтiк пайдалану мен iрi өндiрiстiк кешендердi дамыту, инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын жетiлдiру бойынша жобалық ұсыныстар; табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау бойынша принциптiк шешiмдер және аумақты келешекте ұйымдастыру бойынша басқа да принциптiк шешiмдер бiрiншi кезектегi iс-шараларды бөлiп ала отырып көрсетiледi.
Кешендiк бағалау сұлбасында мекендер жүйесi, тiректi инженерлiк-көлiк инфрақұрылымы, қолайсыз геологиялық процестер (сейсмика, су басу, мүжілу, дефляция, селдер, сырғымалар және т. с. с.) басым көрiнетiн, экологиялық ахуалы бұзылған аумақтар, қала құрылысы тұрғысынан түрлi дәрежеде игерiлушi аудандар, табиғи-климаттық ареалдардың шекара-лары, экономикалық-қала құрылысы аудандарының шекаралары көрсетiледi.
Ұсынылатын аумақтарды қызметтiк бөлу, қоныстандыру жүйелерiн қалыптастыру, инженерлiк-көлiк инфрақұрылымдарын дамыту, аумақтарды табиғи және техногендiк процестерден қорғау бойынша ұсыныстарды, экологиялық санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы қолайсыз аудандардағы әлеуметтiк және шаруашылық қызмет бойынша iс-шаралар жүйесiн негiздейтiн немесе нақтылайтын сұлбалар.
3.6. Түсiнiктеме жазбахатқа жобаның мақсаттары мен мiндеттерiне орай, қоршаған ортаға тиетiн әсердi бағалау бойынша бөлiмдi қосқанда, қабылданатын жобалық шешiмдердiң негiздемесi кiруге тиiс.