Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Согласование Грапроектов СНИП 3.01-07-2001.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
133.58 Кб
Скачать

Аумақты дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасын (жобасын), қала мен басқа қоныстың бас жоспарын әзiрлеу үшiн бастапқы ақпаратқа қойылатын негiзгi талаптар

Бастапқы ақпаратта төмендегiлер болуға тиiс:

- жоспарлау объектiсiнiң зерттелгендiгi туралы мәлiметтер (оның аумағының түрлi масштабты және бағыттағы iздестiру материалдарымен қамтылуы, оның тарихы туралы мұрағаттық және басқа да деректердiң болуы), жобалау кезiнде есепке алынуға мiндеттi алдында орындалған және басқа да жұмыс-тар тiзбесi;

- қазiргi ахуалы мен қолда бар аумақты дамыту бағдарламалары бойынша деректер;

- аумақты қазiргi пайдалану жөніндегі мәлiметтер;

- санитариялық-гигиеналық шарттар мен экологиялық жағдайды зерттеулер, талдау және болжау деректерi;

- социологиялық және әлеуметтiк-экономикалық зерттеулер деректерi;

- демографиялық жағдайы жөніндегі деректер;

- тұрғын және қоғамдық құрылыстың, өнеркәсiп, коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң, көлiк жүйесi мен құрылыстық базаның сипаттамасы жөніндегі деректер;

- инженерлiк iздестiрулер мен зерттеулердiң картографиялық және анықтамалық материалдары, ал курорттар үшiн - бальнеологиялық және курорттық ресурстарды бағалау мен медициналық аудандарға бөлу жөніндегі материалдар;

- тарихи-сәулеттiк жоспарлар, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң күзет аудандарының жобалары;

- экономикалық болжамдар материалдары;

- қала құрылыстық және салалық талдап баяндаулардың материалдары;

- жобаланушы объектiнiң аумағы бойынша, оны дамытуға қатысты директивтiк материалдар, атқару және өкiлдiк органдарының, қоғамдық және шаруашылық ұйымдардың қаулылары, шешiмдерi және басқа да құжаттары;

- тиiстi масштабтағы топографиялық-геодезия-лық қосалқы негiздiң және инженерлiк-геологиялық iздестiрулердiң материалдары.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау бөлiмi үшiн бастапқы ақпаратқа арналған талаптар Экология және биоресурстар министрлiгiнiң құжаттарымен реттеледi.

7-қосымша

Қала мен басқа қоныстың бөлiктерiн жоспарлау жобасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректердiң құрамы мен мазмұны

Жоспарлау жобасын әзiрлеу үшiн тапсырыс беруші бас жобалаушыға төмендегi бастапқы деректер бередi:

- топографиялық-геодезиялық және инженерлiк-геологиялық iздестiрулердiң материалдары;

- жобаланушы ауданның шекараларындағы қоршаған ортаның қазiргi және күтiлетін санитариялық-гигиеналық ахуалын бағалау материалдары,

- жобалау кезiнде есепке алынуға мiндеттi алдында орындалған жұмыстар (ғылыми-зерттеу, жобалық және т.б.) тiзбесi;

- жер пайдалану, тұрғын үй қоры, қызмет көрсету кәсiпорындары мен мекемелерi бойынша керек-жарақтық деректер;

- өнеркәсiптiк кәсiпорындар, коммуналдық шаруашылық объектiлерi, көше-жол және көлiк тораптары, гараждар мен жеке көлiк автотұрақтары, жол қозғалысын ұйымдастыру (анкеталық сауалдама материалдары бойынша) туралы деректер;

- аумақты инженерлiк жабдықтауға техникалық шарттар;

- тарих және жылжымайтын мәдениет ескерткiштерiнiң күзет аудандарының жобалары;

- курорттар үшiн курорттық ресурстар мен медициналық аудандарға бөлу жөніндегі материалдар;

- жергiлiктi атқару органының қала мен басқа қоныстың бөлiктерiн жоспарлау жобасын жүзеге асыру шешiмi.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау бөлiмi үшiн бастапқы ақпаратқа талаптар Экология және био-ресурстар министрлiгiнiң құжаттарымен реттеледi.

8-қосымша