Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Согласование Грапроектов СНИП 3.01-07-2001.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
133.58 Кб
Скачать

Қала мен басқа қоныстың бөлiктерiн жоспарлау жобасын әзiрлеу тапсырмасына қойылатын негiзгi талаптар

Қала мен басқа қоныстың бөлiктерiн жоспарлау жобасын әзiрлеу тапсырмасында төменде келтiрiлген негiзгi талаптар болуға тиiс:

1. Жобаланушы объектiнiң атауы.

2. Жобалауға арналған негiз.

3. Бас жобалаушы және басқа негiзгi әзiрлеушiлер.

4. Жобаланушы объектiнiң жалпы сипаттамасы (орналасқан жерi, аумақты қызметтік пайдалану шекаралары мен негiзгi бағыттары).

5. Ұйымның атауы, жобалау үшiн бастапқы деректердi табыстау мерзiмдерi және құрамы.

6. Жобалық материалдар құрамы, кезеңдердi, мерзiмдердi және табысталушы материалдар мен орындалатын жұмыстар тiзбесiн кезеңдерi бойынша айқындау.

7. Ұсынылушы жобалық материалдардың мазмұны мен нысанына арналған негiзгi талаптар.

8. Аумақты сәулеттiк-жоспарлау құрылымдық ұйымдастыру және қызметтік аудандарға бөлу бойынша арнайы талаптар.

9. Құрылыс салудың көлемдiк-кеңiстiктiк композициясы шешiмiне, көлiк қызметiн көрсету ұйымдастыруға, аумақты көркейту және көгалдандыруға, аумақты инженерлiк дайындау мен инженерлiк жабдықтауға, қауiпсiз және тiршiлiк пен денсаулық үшiн қолайлы орта құруға, қоршаған ортаға әсердi бағалауға, табиғат, тарих және мәдениет ескерткiштерi күзетiне, төтенше жағдайлар кезеңiндегі инженерлiк-техникалық iс-шараларға қойылатын талаптар.

10. Қазiргі бар ғимараттарды оларды бастапқы қызметтік пайдалану бойынша немесе басқа мақсаттар үшiн пайдалану мүмкiндiгi, қалыптасқан құрылысты қайта құруға қойылатын талаптар.

11. Жайғастыруға көзделген қызмет көрсету кәсiпорындары мен мекемелердiң, өндiрiстiк кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесi; тұрғын үйлер мен қызмет көрсету объектiлерiнiң типтерін және жобаларын қолдануға бағдарлану.

12. Жобаның құрамына және негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерге арналған ерекше шарттар.

13. Жобаларды келiсу және сараптау тәртiбi.

5-қосымша

Құрылыс салу жобасын әзiрлеу тапсырмасына қойылатын негiзгi талаптар

Құрылыс салу жобасын әзiрлеу тапсырмасында төменде келтiрiлген негiзгi талаптар болуға тиiс.

1. Жобаланушы объектiнiң атауы.

2. Жобалауға арналған негiз.

3. Жобаның тапсырыс берушісі.

4. Бас жобалаушы және басқа негiзгi әзiрлеу-шiлер.

5. Жобаланушы объектiнiң жалпы сипаттамасы (орналасқан жерi, аумақты қызметтік пайдаланудың шекаралары мен негiзгi бағыттары).

6. Ұйымның атауы, жобалау үшiн бастапқы деректердi табыстау мерзiмдерi және құрамы.

7. Жобалық материалдар құрамы, кезеңдердi, мерзiмдердi және табысталушы материалдар мен орындалатын жұмыстар тiзбесiн кезеңдерi бойынша айқындау.

8. Ұсынылушы жобалық материалдардың мазмұны мен нысанына арналған негiзгi талаптар.

9. Аумақты сәулеттiк-жоспарлау құрылымдық ұйымдастыруға және құрылыс салудың көлемдiк-кеңiстiктiк композициясы шешiмiне, көлiк қызметiн көрсетудi ұйымдастыруға, аумақты көркейту және көгалдандыруға, аумақты инженерлiк дайындау мен инженерлiк жабдықтауға, қауiпсiз және тiршiлiк пен денсаулық үшiн қолайлы орта құруға, қоршаған ортаға әсердi бағалауға, табиғат, тарих және мәдениет ескерткiштерi күзетiне, төтенше жағдайлар кезеңiндегі инженерлiк-техникалық iс-шараларға қойылатын талаптар.

10. Қазiргі бар ғимараттарды оларды бастапқы қызметтік пайдалану жөніндегі немесе басқа мақсаттар үшiн пайдалану мүмкiндiгi, қалыптасқан құрылысты қайта құру кезектiгi және сырып тастау көлемi.

11. Жайғастыруға көзделген қызмет көрсету кәсiпорындары мен мекемелердiң, өндiрiстiк кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесi және олардың қуаты; тұрғын үйлер мен қызмет көрсету объектiлерiнiң типтерін қолдануға бағдарлану; жалпы тұрғын ауданның шығуы бойынша бағдарлық деректер, құрылыс салу құны мен мерзiмдерi.

12. Жобаның құрамына және негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерге арналған ерекше шарттар.

13. Жобаларды келiсу және сараптау тәртiбi.

6-қосымша