Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УMKd po sociologii kaz yaz (1).doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.66 Mб
Скачать

7 Тақырып.

Әлеуметтік стратификация.

Семинардың мақсаты – теңсіздіктердің шығуы туралы теориялармен танысу, түрлі стратификалық жүйелерді талдау, қазіргі индустриалды қоғамның стратификациялық жүйесімен танысу, мобилділіктің түрлері, Казақстан қоғамының стратификациалық жүйесі.

Семинар жоспары.

  1. Әлеуметтік стратификация дегеніміз не? Оның негізгі көрсеткіштері, тарихи түрлері.

  2. Әлеуметтік стратификация теориялары

  3. Маркстік концепция және социализм: тарихи сабақ.

  4. Мобилділік, түрлері, каналдары. Қазақстандағы мобилділік мәселелері.

  5. Жоғарғы таптың көрсеткіштері. Қазақстандағы жоғарғы таптың әлеуметтік сипаттары, мәселелері.

  6. Орта таптың көрсеткіштері. Қазақстандағы орта таптың әлеуметтік сипаттары, мәселелері

  7. Төменгі таптың көрсеткіштері. Қазақстандағы төменгі таптың әлеуметтік сипаттары, мәселелері.

  8. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мәселелері, шешу жолдары (өзімдік тұрғыдан қарастыру).

Әдістемелік ұсыныстар.

Қоғамды әлеуметтік теңсіздік тұрғысынан қарастыру. Қалыптасқан теорияларға сипаттама беру. Әділеттілік, тендік деп ұранды ұстанған маркстік теорияның жеңіліске ұшырау себебі неде? Ленинизмнің әлеуметтік әділетті, тапсыз қоғам құрамыз деген талыпнысының теориялық және нақты тәжірибелік сипаты. Стратификацияның негізгі көрсеткіштері. Стратификацияның тарихи типтері, қазіргі көрінісі, болашағы. Посткеңестік елдердегі стратификация процесінің өтуі. Ресей, Қазақстан, Қырғыстан тәжірибесі. Жоғары таптың әлеуметтік портреті. Орта таптың әлеуметтік портреті. Төменгі таптың әлеуметтік портреті. Қазақстандағы стратификация топтарының сипаттары. Қазақтардың стратификациялануы. Мәселелер, шешу жолдары. Өз ауылдарындағы, қалаларыңдағы, жалпы Қазақстандағы стратификациялану процесін талдау, мәселелерін көрсету, шешу жолдарын ұсыну.

Страталардың бірінен екіншісіне өту, яғни мобилділік. Мобилділіктің түрлері: тікелей және көлденең. Мобильділіктің лифтері: отбасы, мектеп, қызмет, әскер, дін, білім. Осы лифтердің Қазақстан қоғамындағы реттелүі. Төменнен жоғары жылжу лифтері. Жоғарыдан төменге құлдырау. Қазақтардың мобилділігін сипаттау және талдау. Статистикалық мәліметтер, өз ақпараттарың, өз тәжірибелеріңнен.

Әлеуметтік стратификацияның рухани жағы. Дәстүрді, дін, діл, мәдениеттің стратификация процесіне әсері. Қазақтардың жоғарғы, орта, төменгі страталарына әлеуметтік сипаттама беру. Білім саласын мобильділіктің лифті ретінде қарастыру. Студенттердің арасында әлеуметтік стратификация және мобильділік тақырыбына арналған кішігірім социологиялық зерттеулер өткізу. Оның нәтижелерін БАҚ арқылы жария ету, талқылау.

8 Тақырып.

Қала социологиясы.

Семинардың мақсаты – қалалық өмір сүрудің ерекшеліктерін анықтау; қалалардың пайда болуының тарихи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, тарихи типтерін қарастыру; урбанизация процесінің негізгі кезеңдерін және кеңестік-қазақстандық урбанизацияның ерекшіліктерінде ашып көрсету.

Семинар жоспары.

  1. Қаланың ерекшеліктері, тарихи типтері.

  2. Урбанизация процесі және қазіргі қалалардың көрсеткіштері, мәселелері.

  3. Қазақстан қалаларының әлеуметтік сипаттары.

  4. Қазақтардың қалалық болу, урбанизация процесіне араласу жағдайында туындаған мәселелерінің шешу жолдары.