Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УMKd po sociologii kaz yaz (1).doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.66 Mб
Скачать

Глоссарий*

АГЛОМЕРАЦИЯ ― бірнеше шағын қалалардың бір қалаға айналуы.

АГРАРЛЫҚ ― жер шаруашылығы, жерге иелік, жерді пайдалану.

АДАМДЫҚ КАПИТАЛ ― адамның белгілі бір қызмеьттерді атқарып, сонан тапқан жалақысы арқылы тіршілік етуіне мүмкіндік беретін білімдердің, сапалардың, бейімділіктердің, машықтықтың бірлігі.

АДРЕСАТ ― «реципиент» мақаласын қараңыз.

АЙҚЫН ФУНКЦИЯ ― ресми жарияланған, барлық адамдар қабылдаған және өзінен өзі түсінікті көрінетін нақытыл институттың мақсаты мен міндеттері.

АЙНАЛЫҚ МЕН ― басқа адамдардың өзіне деген қатынастары арқылы айқындалатын адамның өзі туралы Мен деген түсінігі.

АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ― негізгі өндіргіш күш білім мен ақпарат болатын постиндустриалдық қоғам.

АЛҒАШҚЫ (БІРІНШІЛІК) ТОП ― жеке пенденің әлеуметтену, азаматтану (тұлғалану) процесі жүзеге асатын бейресми, көңіл жақындығы, ыстық ықыластық қарым-қатынастықта болатын адамдар тобы.

АНОМИЯ ― қоғамның күйзеліске ұшыраған кездеріндегі оның жарияланған құндылықтары мен оған қолжеткізу мүмкіндігінің арасында қайшылықтар мен айтарлықтай алшақтықтар туындағанда пайда болатын қоғамдық және жеке адамның санасы мен әлеуметтік психологияның күйзелістері.

АНТАГОНИЗМ ― бірін-бірімен мүлдем үйлесе алмайтын қайшылықтар.

АРТЕФАКТ ― табиғи органикалық құбылыстарға тән емес, адамның қолынан жасалған нәрселер.

АССИМИЛЯЦИЯ ― бір немесе бірнеше ұлттардың өздерінің мәдениетін, тілін т. б. құндылықтарын өзге бір ұлттың құрамына толық еніп кетуі нәтижесінде жоюуы.

АШЫҚ ҚОҒАМ ― адамдардың бір әлеуметтік топтарынан екіншілеріне өту ресми түрде ешбір тыйым салынбаған қоғам. Динамикалық әлеуметтік құрылымды қоғам. Толықтай демократиялық қоғами.

*С.И.Оспановтың еңбектерінен алынды. Өзгертулер енгізілді, түзетілді, толықтырылды.

ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ― БҰҰ сияқты қалықаралық ұжымдар мен ұлттараралық (транснационалдық) байланыстар (коммуникация) арқылы Жер шары халықтарының бірігуі.

ӘЛЕУМЕТТЕНУ (СОЦИАЛИЗАЦИЯ) ― әртүрлі жастар мен әлеуметтік рөльдерге сәйкес келетін мәдени нормалар мен әлеуметтік рөльдерді туылғаннан қарілікке дейін кезекпен қабылдау процесі.

ӘЛЕУМЕТТІК АЛШАҚТЫҚ (ДИСТАНЦИЯ) ― әртүрлі әлеуметтік топтардың араларының жақындығын немесе қашықтығын көрсететін мөлшер.

ӘЛЕУМЕТТІК БАҚЫЛАУ ― әлеуметтік нормалар, рұқсат ету немесе тыйым салу санкциялары, билік арқылы қоғамдық қатынастарды тиісті деңгейде орындалып отыруын қадағалайтын механизм.

ӘЛЕУМЕТТІК ДЕЗИНТЕГРАЦИЯ ― қоғамдық тұтастықтың бөліктерге бөліну процесі және жағдайы.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ ― қоғамның басты элементтерінің, әлеуметтік институттардың өзара қатынастарының тұрақты қалыптасқан бірлігі.

ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР ― тарихи ұзақ уақыт бойына қоғамның ең басты қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты қалыптасқан істерді реттейтін ресми және бейресми нормалардың, дәстүрлердің, рәсімдердің, құндылықтардың т. б. негіздерінде істелетін істердің бірлесіп жүйелі түрде жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұжымдастықтар.

ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕГРАЦИЯ ― әлеуметтік құбылыстарды біріктіретін жағдайлар мен процестер.

ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАСТРУКТУРА ― әлеуметтік салалардың (сфералардың) функционалдық қызметтерінің тұрақты жүзеге асуы үшін керекті құрылыстардың, ғимараттардың, жүйелердің, қызметтердің (мектептердің, емханалардың, театрлардың, стадиондардың т. б.) бірлігі.

ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢІСТІК ― қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттайтын, әртүрлі координаталардың остеріне сәйкес орналасқандығын елестетуге болатын нүктелердің континуумы.

ӘЛЕУМЕТТІК КЕРНЕУЛІЛІК ― өмір жағдайына деген қатты наразылығынан туындайтын, кез-келген сәтте ашық түрде көрінуі мүмкін тұрғындардың іште тұнған ызасы.

ӘЛЕУМЕТТІК КЛАУЗУЛА ― ең жоғарғы таптардың қатарына өтудің жолдарының жабықтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАБАТТАНУ ― тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік қабаттарға бөліну процесі және оның нәтижесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР ― әртүрлі әлеуметтік топтардың (таптардың, қатар­лардың, мамандықтардың, этностардың, әртүрлі дінге сенушілердің т. б.) араларында болатын қатынастар.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ― белгілі бір аймақта тұратын, ортақ өмір салттары, әдет-ғұрыптары, тіршіліктері бар үлкен және шағын әлеуметтік топтардың бірлігі.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАШЫҚТЫҚ (ДИСТАНЦИЯ) ― екі пенденің немесе әлеуметтік топтардың тұғырлары немесе позициялары тұрғысынан алғандағы арақашықтықтары.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЗҒАЛЫС ― қоғамдағы немесе жеке әлеуметтік топтағы белгілі бір әлеуметтік жаңалықты енгізуге немесе бұрынғы жағдайды өзгертпеуге бағытталған мақсаттарды жүзеге асыруды жақтаушылардың іс-әректтері.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ― нақтылы тарихи кезеңде нақтылы қоғамда болатын әлеуметтік мәртебелердің функционалдық байланыстарының жүйе түріндегі бірлігі.

ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІЛІК ― адамның немесе топтың өзінің қоғамының әлеуметтік құрылымындағы орнын ауыстыруы.

ӘЛЕУМЕТТІК ПРАКТИКА ― әртүрлі заттар мен істерді жасауды және пайдалануды, жалпы тіршілік әрекеттерін белгілі бір мәдениеттің, дағдының, ережелердің, мінез-құлықтардың негіздерінде жүзеге асыру.

ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСС ― әртүрлі уақиғалардың объективті және заңдылықтар түрінде жүзеге асуы.

ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ ― жетіспейтін қажеттіліктерге қол жеткізу мүмкіндіктері иерархиялы болатын әртүрлі әлеуметтік топтардың қабаттық теңсіздік түрде орналасуы.

ӘЛЕУМЕТТІК ТАБАН ― төменгі таптың төменгі қатарын құрайтындар (андеркласс): қайыршылар, үйсіздер (бомж ― „без определенного места жительства”), қамқорсыз жетім немесе үйлерінен қашып кеткен балалар, қоғамға жат маскүнемдер, есірткішілер, жезөкшелер.

ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ― қоғамдық қатынастардағы орындары анықталған, бір-бірімен іс-әрекеттік байланыстары арқылы ортақ және әрқайсысына қажетті нәрселерге қол жеткізу үшін өзіне тиісті рөльдерін орындайтын адамдардың жыйынтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ― нақтылы бір әлеуметтік рөльді немесе әлеуметтік (қоғамдық) позицияны орындаушылардан тұратын адамдардың бірлігі.

ӘЛЕУМЕТТІК ҰЖЫМ ― қызметшілердің ара қатынастарын, байланыстарын, атқара­тын функцияларын (рөльдерін) басқаруға бейімделген олардың әлеуметтік позиция­ларының, тұғырларының иерархиялы (төменнен жоғарыға дейін) реттелген бірлігі.

БАҚ ― бұқараға ақпараттар тарататын құралдар: радио, теледидар, газеттер, журналдар, интернет.

БЕЙРЕСМИ БАҚЫЛАУ ― ресми емес,дәстүрлі салттар мен нормалардың тұрғысынан туыстар­дың, таныстардың, достардың, жұмыстастардың, тіпті бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық пікір тараптарынан көрсетілетін қолдау немесе кінәлау.

БОС УАҚЫТ ―атқаратын қызметтінен, ісінен босаған соң өзінің қалауымен айналысуғапайдаланылатын уақыт.

БІРКАРЬЕРЛІ ОТБАСЫ― тек ері жұмыс істейтін,әйелі жұмыс істемейтінотбасы.

БЮРОКРАТИЯ ― шенеуніктердің тобы және мемлекет атынан қоғамдық қатынастарды басқару ісін атқаратын мекеме.

ТІКЕЛЕЙМОБИЛЬДІЛІК ― әлеуметтікмәртебесіжоғары немесе төмен бір стратадан (таптан, сословиеден, кастадан) екіншісіне өту.

ГЕЗЕЛЬШАФТ ― қалалық өндірістік қоғам (Ф. Теннис термині).

ГЕМАЙНШАФТ ― ауылдық қауымдастық (Ф. Теннис термині).

ГЕНДЕР ― жыныс айырмашылықтарына байланысты әлеуметтік бөліну, қоғамдық арақатынастық мәселелері.

ГЕНОЦИД ― нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни сенімдік ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік топтарды тікелей жоюсаясаты.

ГЕРОНТИЦИД (геронтоцид) ― байырғы сенімдермен байланысты қарттарды өлтіру дәстүрі.

ГЛОБАЛИЗАЦИЯ ― ұлттар мен халықтардың дәстүрлі айырмашылықтардың қазіргі кездегі әлемдік бір саясаттың негізінде жойылуы.

КӨЛДЕНЕҢМОБИЛЬДІЛІК ― адамдардыңмәртебесібірдей бір әлеуметтік топтан, мамандықтан екіншілеріне өтуі.

ДӘСТҮРЛІ ІС ― дағды мен салттың негізінде, ойланбастан істелетін іс.

ДЖЕНТРИФИКАЦИЯ ― қаланың ескі кедей жұмысшылары тұрған аудандағы үйлердің орнына жаңа үйлер салып, ол жерлерге орта және жоғарғы таптардың оралуы.

ДЕВИАНТ ― дағдылы нормадан ауытқушы.

ДЕВИАЦИЯ ― адамның мінез-құлқының қоғамдық нормадан ауытқуы.

ДЕЛИНКВЕНТ ― заң бұзушы.

ДЕПРИВАЦИЯ ― үйреншікті өмір сүруге керекті жағдайлардың болмауы немесе олардың жеткіліксіздігі.

ДИАСПОРА ― өзінің тарихи елінен басқа елдерде тұратын ұлттың бөлігі.

ДИСКРИМИНАЦИЯ ― белгілі бір әлеуметтік топты немесе қауымды (нәсіл, ұлт) басқа әлеуметтік топтардың немесе қауымдардың, кейде мемлекеттің тарапынан жасалатын қысымдар, кемсітушіліктер.

ДИСФУНКЦИЯ ― әлеуметтік институттардың фнукцияларының бұзылуы.

ДІЛ ― белгілі әлеуметтік топтың (ұлттың, халықтың, таптың, қатардың), кейде жеке пенденің нақтылы жағдайды, уақиғаны қабылдаудың, бағалаудың және ойлаудың өзіне ғана тән ерекшелігі.

ЕКІНШІЛІК ТОП ― ортақ әлеуметтік қатынастар мен байланыстарды жүзеге асыру мақсатында құрылған, бірін-біріментікелей араласпайтын,білмейтін адамдардан тұратын топ.

ЖАБЫҚ ҚОҒАМ ―демократия қатты шектеулі қоғам.Әлеуметтік құрылымы динамикасыз қоғам.Қоғамның әлеуметтік топтарындағытікелеймобильділіктің төменнен жоғарыға өтуі барынша шектелген қоғам.

ЖАБЫҚ ТОП ― өзгелердің олардыңқатарына өтуі өте шектеулі топ.

ОТБАСЫ ― үйленбеген балаларымен бірге немесе жеке тұратын, әлде әкесімен немесе анасымен бірге өмір сүретін балалардан тұратын ерлі-зайыптылар.

САЛТ(обычай) ― мінез-құлықтың дәстүрмен бекітілген реті.

ЖҰБАЙЛЫҚ ОТБАСЫ― ерлі-зайыптылар арасындағы некенің тұрақтылығы, олардың өзара қатынастарының сапасы мен ықыластарының теңесуі негізінде қамтамасыз етіледі.

ЖҰМЫССЫЗ ― еңбекке қабілетті адамның қоғамдық еңбекке араласа алмауына байланысты табыс таба алмай, жұмыссыздыққа байланысты берілетін көмек қаражатына, немесе олсызтіршілік етуші.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ― еңбекке қабілеті бар адамдардың қоғамдық өндіріске араласа алмауы.

ИДЕНТИФИКАЦИЯ (ұқсастану) ― адамның өзін өзгемен ұқсастыруы.

ИЕРАРХИЯ ― белгілі жүйенің (тұтастықтың) элементтерінің (бөліктерінің) теңсіздік негізіндетөменнен жоғары қарай орналасуы.

ИМБРИДИНГ ― қандас туыстардың арасындағы некелесу.

ИМИДЖ ― белгілі бір әлеуметтік мәртебедегі(статустағы) адамның құқы мен міндеттерінің арақатынастарына байланысты өзін қалай ұстауы керек, қандай мінез-құлықтар көрсете алады деген түсініктерді білдіретін қоғамдық пікірлердің жыйынтығы.

ИММИГАРЦИЯ ― белгілі елге тұрақты немесе ұзақ уақытқа өмір сүруге басқа елден көшіп келеген адамдар.

ИММОБИЛЬДІЛІК ― мобильділіктің болмауы.

ИНВАЗИЯ ― қаланың біртекті әлеуметтік тобынан тұратын тұрғындардың ауданына (жұмысшылар тұратын ауданға) басқа әлеуметтік топтардың (орта немесе жоғары таптардың) өкілдерінің орналаса бастауы.

ИНДУСТРАЛАНДЫРУ ― ғылыми білімдерді өндіріске енгізу, энергия қуатының жаңа түрлері арқылы жаңа машиналарды пайдалану нәтижесінде бұрын адам немесе мал күші арқылы жасалған жұмыстарды орындау.

ИНДУСТРИАЛДЫҚТАН КЕЙІНГІ ҚОҒАМ ― «постиндустриалдық қоғам» мақаласын қараңыз.

ИНДУСТРИАЛЫҚҚА ДЕЙІНГІ ҚОҒАМ (дәстүрлі қоғам) ― діни институт пен әскери күштердің негізінде құрылған, негізінен ауылшаруашылығы есебінен өмір сүретін қоғам.

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МАТРИЦА ― қоғамның экономикалық, саяси және идеологиялық салаларының(сфераларының) функционалдық байланыстарын реттейтін негізгі институттардың тарихи қалыптасқан тұрақты жүйесі.

ИНТЕРАКЦИЯ ― өзара әсер.

ИНФАНТИЦИД ― балаларды шетінету.

ИНФИЛЬТРАЦИЯ ― вертикалдық мобильділіктің төменнен жоғарғы қабаттарына (тұғырына) пенделердің өтуі.

ИНЦЕСТ (қанараластық) ― жақын туыстардың арасындағы жыныстық қатынас.

КӘСІП ― айырбастауға және сатуға арналған заттар өндіру.

КЕДЕЙЛІК ― билігінің, білімінің, мамандығының, іс-әрекетінің сапасының, табы­сының төмендігінен туындайтын экономикалық жағдайымен анықталатын адамның әлеуметтік жағдайы.

КЕДЕЙЛІК АЙМАҒЫ (ЗОНАСЫ) ― бір елдің орташа табыс деңгейнінен табысы өте төмен адамдардың тығыз тұратын аймағы.

КОГНИТАРИАНТ ― зайырлылар (интеллигенция) және тек қана жалдамалы ой еңбегімен айналысатын адамдар тобы.

КОММУНИКАТОР (адресант) ― деректі жіберуші (бағыттауы) адам.

КОММУНИКАЦИЯ ― топтардың, адамдардың және жеке пенделердің араларындағы деректер алмасудың техникалық прогресі.

КОНВЕНЦИЯЛАР ― адамдардың мінез-қылықтарының келісілген қоғамдық шарт­тары.

КОНСАНГВИНАЛДЫ ОТБАСЫ― бірнеше қандас ұрпақтардан (немерелер, балалар, әке-шеше, ата-әже) тұратынотбасы.

КОНФОРМИЗМ ― жалпыға ортақ шарттарға сырттай болса да келісу.

КОНФРОНТАЦИЯ ― адамдардың, таптардың, әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының, сенімдерінің қарама-қарсылықтарынан туындайтын күрсетер.

НУКЛЕАРЛЫҚ ОТБАСЫ― туысқандық емес, тек қана жұйбай­лық негіжде құрылғанотбасы.

КОРРУПЦИЯ ― жеке басының баюы үшін өзінің қызметтік билігін пайдалану.

КӨК ЖАҒАЛЫЛАР ― жұмысшылар табы.

КРИМИНАЛЫҚ ― қылмыстық.

ҚАРАПАЙЫМ ҚОҒАМ ―жалпы құрылымы, соның ішіндебасқару құрылымы күрделі емес қоғам.

ҚАТЕРЛІ ТОП ― басқалармен салыстырғанда қылмыс жасауға немесе заң бұзуға бейім тұратын топ.

ҚАУЫМДАР ― еңбек бірлестігі (корпорациясы), туыстықтар негізінде одақтасқан адамдардың топтарының бір территориядағы тұрмысы.

ҚОСКАРЬЕРЛІ ОТБАСЫ― ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтінотбасы.

ҚҰЛДЫРАУ МОБИЛЬДІЛІГІ ― тікмобильділіктің жоғардан төменгі страта­ларға өтуі.

ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ (ОРИЕНТАЦИЯ) ― мінез-құлықтың, іс-әрекеттің өте дұрыс нормасы есебінде жеке пенденің немесе әлеуметтік топтың ұстанған қабылдауы.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ― қайрымдылық, әділеттілік, отансүйгіштік, романтикалық (қиял­мен алынған) махаббат, достық т. б. туралы әлеуметтік тұрғыдан қолдау тапқан және көпшілік мойындаған түсініктер.

ҚҰНДЫ-РАЦИОНАЛДЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ― діни немесе имандылық сенімдерге немесе бағдарларға (ориентация) байланысты жасалатын іс-әрекеттер (М. Вебер термині).

ҚҰРЫЛЫМ ― әлеуметтік институттардың, мекемелердің функцияла­рының негізін құрайтын„қаңқасы” (каркасы).

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ӘДІСТЕМЕ ― әлеуметтік реалдылықты жүйе түрінде қарап, оның элементтерінің өзара атқаратын рөльдері, байланыстары арқылы зерттейтін социологиядағы теориялық-әдіснамалық бағыт.

ҚЫЗМЕТТІК (ЛАУАЗЫМДЫҚ) СУБОРДИНАЦИЯ ― әртүрлі деңгейлердегі шешім қабылдаудағы жауапкершіліктің көлемі мен мөлшері.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТОПТАРЫ ― ықпал жасаушы топ.

ҚЫСЫМ КӨРСЕТУ ТОБЫ ― қоғамдық еңбекті ұйымдастыру жүйесіндегі билікті бейбіт жолмен алу немесе шешімді қабылдату мақсатында ұйымдасқан адамдардың тобы.

ЛАТЕНТТІК ФУНКЦИЯ ― нақтылы функцияны орындаушы адамдардың, әлеуметтік институттардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде туындағанға дейін оның болатындығын қоғ амбілмейтін (жасырын) функция.

МАҚСАТТЫҚ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚҰРАЛДЫҚ(ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ)-РАЦИОНАЛ­ДЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ― мақсатты толық ойланып және еркін қабылдауға байланысты істелген іс (М. Вебер термині).

МАҚСАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ― жаднамалар, ережелер, заңдар, үкімдер, техникалық нормативтер, міндеттердің функционалдық карталары, штаттық кестелер, т. б. тағайындалған нормалар арқылы анықталған ресми қатынастардың жүйесі.

МАРГИНАЛ ― бір мәдениеттің, елдің, таптың, ұлттың, нәсілдің мәдениетінен, нормаларынан және өмір салтынан кеткен, ал екіншілеріне толықөте алмаған, екі ортада қалған адам.

МАРГИНАЛДЫҚ ― жеке адамның немесе әлеуметтік топтың әртүрлі дәстүрлі қалыптасқан қоғамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың шекараларында болу жағдайы.

МАТЕРЛИНЕЙЛІК ― белгілі бір әулеттің шығу және мұрагерлік жолының әйелдің жағынан саналуы.

МАТЕРНАЛДЫҚ ОТБАСЫ― отбасындағы лидерлік (басқарушылық) жағдайәйелдің қолында болатын жанұя.

МАТРИЛОКАЛДЫҚ ― жұбайлардың әйелінің жағында өмір сүруі.

МӘДЕНИ РЕЛЯТИВИЗМ ― нормалардың мазмұндары әртүрлі мәдениттерде өзгеше, сондықтан оларды танып-білу үшін оларды өзара салыстыру қажет дейтін идея.

МӘДЕНИЕТ ― бүгінгі ұрпақтардың, өткен ұрпақтардан қалған және кеінгі ұрпақтарға берілетін, адамдардың бүгінгі мінез-құлықтық, іс-әрекеттік қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың (салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, рәсімдердің, ережелердің т. б.), заттық-рухани байлықтардың жүйесі.

МЕГАПОЛИС ― агломерациялық қала мен басқа да ірі қалалардың бірігуі.

МЕНТАЛИТЕТ ― қара: ДІЛ.

МЕНШІК ― мал-мүліктерге заңдық негізде иелік ету.

МЕШІТ, ШІРКЕУ, ХРАМ, КОСТЕЛ т. с. с. ― белгілі бір дін және мәдениетке сәйкес келетін сенімдік дәстүрлерді жүзеге асырудың ұжымдық орталықтары.

МОНОГАМИЯ ― бір ер және бір әйел адамнан тұратынотбасы.

НЕКЕ ― ер және әйел адамның қоғамдық нормаларға сәйкес құрылған ресми және бейресми қатынастардың негізінде бірге жұбайлық өмір құруы нәтижесінде бір-біріне, балаларына және екеуінің ата-аналарына, олардың туыстарына деген, жалпы қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктерін қабылдаулары.

НОМЕНКЛАТУРА ― кімдердің қызмет істеуі керектігі жоғары биліктің шешімімен анықталатын жұмыс орындарының тізімі.

НОМИНАЛДЫҚ ТОП ― әлеуметтік құрылымы зерттеу мақсаттарына сәйкес атауы статистикалық тұрғыдан анықталатын топ.

НОРМА ― қоғамда немесе топта ресми немесе бейресми жолдармен бекітілген ережелердің социологиялық атауы.

ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕР ― әртүрлі адамдардың, әлеуметтік топтардың белгілі бір айырбастық, алыс-берістік, көмектестік, қарым қайыру мақсаттардағы іс-әрекеттері.

ӨМІР САЛТЫ (образы) ― адамдардың әдетіне айналған мінез-құлықтар, өмірлік іс-әрекеттер.

ӨМІР СТИЛІ ― жеке пенденің өмір салтының өзі қалыптастырған ерекшеліктері.

ӨМІР ЦИКЛІ ― жеке адамның өмірінің сапалық ерекшелігі анық бөлектенген кезеңі.

ӨРЛЕУ МОБИЛЬДІЛІГІ ― тікмобильділіктің төменнен жоғары бағыттағы страталарға өтуі.

ПАРТРИЛИНИЯЛЫҚ РУ ― бір атадан тарағандығын білетін (солай деп есептейтін) әкенің руының атымен аталатын қандастық туыстықтан тұратын отбасыларұжымы.

ПАТЕРНАЛДЫҚ ОТБАСЫ― отбасында ері лидер болып табылатынотбасы.

ПАТРИАРХАЛДЫ ОТБАСЫ(үлкен отбасы) ― қандастықтың негізінде туысқан бірнеше ұрпақтардан тұратын, ері басшылық ететін, ортақ шаруашылық жүргізетін отбасы.

ПАТРИЛОКАЛДЫҚ ― жұбайлардың ерінің туыстармен бірге тұруы.

ПЕНДЕЛІК ТҰҒЫР (статус) ― шағын топтағы жеке адамның позициясы (орны).

ПЕНДЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ― белгілі бір тапқа, сословиеге, кастаға жататындығынан туындайтын пенденің әлеуметтік жағдайлары.

ПОЛИАНДРИЯ ― көперлілік.

ПОЛИГАМИЯ ― көптүрлілік (көп әйелдік, көперлілік), көбіне көпәйелді есебінде қаралады.

ПОЛИГИНИЯ ― бір еркек көп әйелдерден тұратынотбасы.

ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ ― өндірістік күші негізінен ғылым мен жаңа зерделік технология арқылы жүзеге асырылатын қоғам.

ПРЕСТИЖ (РЕПУТАЦИЯ) ― қоғамдық пікірде қалыптасқан тұғырға (статусқа) деген құрмет.

ПРОГРЕСС ― негативтік (керіағарлы) факторлардан позитивтік (өрлеу) факторлары басыңқылық негізінде дамыйтын қоғам.

РАНГІЛЕУ ― құбылыстар мен пенделерге төменнен жоғарыға қарай нақтылы мағыналар, бағалар беру.

РӘСІМ (ритуал) ― нақтылы әлеуметтік және мәдени құндылықты, символдық мінез-құлықты көрсететін реттелген әрекеттердің мазмұнын көрсететін дәстүрлі істердің жүйесі.

РЕАЛДЫ ТОП ― мүшелері өздерінің бір екендігін сезінетін және бірге іс-әрекеттер жасауға қабілетті адамдардан тұратын үлкен әлеуметтік топ.

РЕЙТИНГ ― белгілі, әйгілі болудың индексі.

РЕКРЕАЦИЯ ― демалу, тынығу арқылы күш-қуатты қалпына келтіру

РЕФЕРЕНТТІК ТОП ― пенденің өзінің мінез-құлқы мен өзін бағалауда, нормалары, пікірлері, құндылықтары және бағалаулары өзіне үлгі деп табатын реалды немесе шартты әлеуметтік топ.

РЕЦИПИЕНТ (адресат) ― деректі қабылдаушы адам.

РИТУАЛ ― қара: рәсім.

РӨЛЬ ― нақтылы құқықтары мен жауапкершіліктері бар әлеуметтік тұғырды жүзеге асыруға қажетті мінез-құлықтың үлгісі.

РӨЛЬДЕРДІҢ ШИЕЛЕНІСІ (конфликті) ― әртүрлі адамдардың немесе әлеуметтік топтардың атқаратын рөльдерінен туындайтын міндеттері мен талаптарының бір-бірімен қарама-қарсы келетін қайшылықтар.

РӨЛЬДІК ЖИНАҚ (репертауар) ― белгілі бір әлеуметтік тұғырмен байланысты болатын рөльдердің жыйынтығы (кешені).

РӨЛЬДІК КЕРНЕУ ― бір адамның атқаратын бірнеше рөльдерінің арасындағы (мысалы, бір ананың өз анасы алдындағы қызы есебіндегі және өзінің балалары алдындағы аналық рөлінің) қатынастардан туындаған қайшылықтардың нәтижесі.

САЛТ (ҒҰРЫП) ― қоғамда сақталатын, жоғары бағаланатын бұқара үшін үлгі болып табылатын мінез-құлықтардың үлгісі.

САНКЦИЯ ― алдын ала белгіленген істерді атқаруға байланысты белгіленген сыйлықтар мен жазалаулардың жүйесі.

СЕКТА ― үстемдік етуші діннен оқшауланып шыққан діни топ. Балама түрде ― өздерінің шағын қызығушылығына байланысты бөлініп шыққан топты да атайды.

СИБЛИНГІЛЕР (бауырлар) ― бір ата-анадан туылған ұлдар мен қыздар.

СОСЛОВИЕ ― дәстүрмен немесе заңмен бекітілген және мұралыққа қалдырылатын құқытар мен міндеттер арқылы белгіленген әлеуметтік топ.

СТЕРЕОТИПТЕР ― белгілі бір әлеуметтің топтың өкілі туралы алдын ала біржақты (көбіне кемсіту сипатында) таңылған идеялар (бағалаулар, түсініктер).

СУБУРБАНИЗАЦИЯ ― үлкен ескі қалада тұратын ауқатты тұрғындардың қала шетіндегі табиғаты жақсы жерлерге қоныс аударуы.

ТАБУ ― нақтылы бір істі істеуге, сөзді айтуға, затты пайдалануға алаңсыз тиім салу.

ТАБЫС ― жалақы, зейнетақы, рента, көмекақы, алимент, гонорар т. б. түрінде ақшалай ай сайын немесе белгілі календарлық уақыт аралықтарында келіп тұратын ақшалай кірістің ағымы.

ТАП (класс) ― қоғамдық қатынастардағы орны өндірістік құралдарға деген меншіктің бар немесе жоқ екендігімен, соларға сәйкес табысының көлемімен және табыс табу жолдарымен анықталатын әлеуметтік үлкен топ.

ТОЛЫҚ ОТБАСЫ ― ері мен әйелі бар отбасы.

ТОЛЫМСЫЗ ОТБАСЫ ― ажырасу немесе жұбайлардың бірінің қайтыс болу себебінен пайда болған, тек әкеден немесе тек шешеден тұратын отбасы.

ТУЫСҚАНДЫҚ ― заң негізінде нақтылы құқықтар мен міндеттері анықталған адамдардың арасындағы туысқандық қатынастар. МӘРТЕБЕ (СТАТУС) ― пенденің қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы айқын позициясы (орны).

МӘРТЕБЕ РАНГІ ― әлеуметтік иерархиядағы нақтылы тұғырдың орны.

МӘРТЕБЕНІҢ МАЗМҰНЫ ― құқықтар мен міндеттердің бірлігі.

МӘРТЕБЕЛІК ГЕНЕРАЛИЗАЦИЯ ― пенде мен оның мүше болып табылатын әлеуметтік топтағы құрылымдар негізінде болатын себеп-салдарлық, иерархиялық байланыстар.

МӘРТЕБЕЛІК ЖЫЙЫНТЫҚ ― бір адамға қатысты тұғырлардың жыйынтығы.

МӘРТЕБЕЛІК ПОРТРЕТ ― «тұғырлық жыйынтық» мақаласын қараңыз.

МӘРТЕБЕЛІК СӘЙКЕССІЗДІК ― бір адамның екі тұғырының арасындағы айырма­шылықтардан туындайтын қайшылықтар, үйлесімсіздіктер.

МӘРТЕБЕЛІК СИПАТТАМА ― адамның қоғам мүшесі есебіндегі басты сапаларының: жасының, жынысының, ұлтының, білімінің, мамандығының, әлеуметтік топтың мүшесі екендігінің, тұрғылықты жерінің т. б. бірлігі.

МӘРТЕБЕЛІК ТАҢБАЛАР (СИМВОЛДАР) ― нақтылы әлеуметтік тұғырды көрсететін, белгілейтін, бағалайтын заттық объектілер немесе іс-әрекеттер.

МӘРТЕБЕЛІК СӘЙКЕСТЕНДІРУ (ИДЕНТИФИКАЦИЯ) ― адамның өзін бірдеңемен немесе біреулермен теңестіруі.

МӘРТЕБЕЛІК ТОП ― ортақ өмір салттары немесе мамандықтары негізінде ұқсас мәртебе (престиж) негізінде ерекшеленетін әлеуметтік қабат (страта) немесе адамдар тобы.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРАМЫ ― тұрғындардың үлкен топтары арасындағы қарапайым немесе иерархиялық түрлерде реттелмеген демографиялық, мамандық, ұлттық, діни т. б. тұрғыларда болатын арақатынастарының сомасы.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯСЫ (көші-қоны) ― тұрғылықты жерін өзгерту мақсатында (елден елге, ауылдан қалаға, қаладан қалаға, қаладан ауылға, обылыстан обылысқа, ауданнан ауданға) көшіп-қону.

УАҚЫТ БЮДЖЕТІ ― әртүрлі әлеуметтік топтардың тәулік (апталық, айлық, жылдық) уақыттарын іс-әрекеттердің әртүріне жұмсауы.

УРБАНДАНУ (УРБАНИЗАЦИЯ) ― адамдардың аулдардан қалаларға қоныс аударуы және қалалық өмірдің құндылықтарының әлеуметтік қатарлардың барлығына таралуы.

ҮРЕЙ ― қауіпті жағдайға кездескендегі бұқараның ретсіз мінезқұлықта жасайтын әрекеттері.

ФОРМАЛДЫ (РЕСМИ) БАҚЫЛАУ ― ресми билік органдарының және әкімшіліктің тараптарынан қолдау немесе айыптау.

ФОРМАЛДЫ (РЕСМИ) ҰЖЫМДАНУ ― бір жерде жұмыс істейтендердің тұғырлары­ның, өзара тәртіптік қатынастарының, шектерінің төменнен жоғарыға дейін құрылуы.

ФУНКЦИЯ ― тұтастықтың қызметін қамтамасыз ету үшін (мысалы, қоғамдық өмірді қамтамасыз ету үшін) әртүрлі әлеуметтік институттар немесе нақтылы істер үшін тағайындалған міндеттер немесе рөльдер.

ШАҒЫН ТОП ― қоғамдық қарым-қатынастарды жүзеге асыратын бірін-бірі білетін адамдар тобы.

ЭКВИВАЛЕНТТІК ОТБАСЫ ― отбасындағы шешімдерді қабылдауда, оларды орындауда, еркек пен әйелге тән істерді істеуге байланысты ортақ шешімдерді демократиялық жолдармен шешу арқылы қалыптасқан жұбайлардың некелік өмірінің типі.

ЭКЗОГАМИЯ ― тайпаны құрайтын рулардың арасындағы некелік қатынас.

ЭНДОГАМИЯ ― алғашқы қауымдық қоғам кезіндегі тайпа мен рулардың ішіндегі некелік қатынастар.

ЭПИЗОДИКАЛЫҚ МӘРТЕБЕ ― нақтылы адамның қысқа уақыт ішінде иелік ететін әлеуметтік мәртебесі.

ЭТИКЕТ (ӘДЕП) ― сыпайы мінез-құлықтың формалды және нақтыланған кодексі (шарттық тізбесі).

ЭТНОЦЕНТРИЗМ ― өзінің ұлттық мәдениетін ғана дұрыс деп, өзгелердікі дұрыс емес, төмен, ұнамсыз (эстетикалы емес) деп ойлау мен соған бейімділік.

Лекциялардың қысқаша мазмұндары.