Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УMKd po sociologii kaz yaz (1).doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.66 Mб
Скачать

Әдістемелік ұсыныстар

Қазіргі ХХІ ғасырдын негізгі көрсеткіштері. Өндіріс қоғамның негізі емес, негізі білім, ғылым. Ғылымның мүлдем жаңа сапалы даму сатысы нанотехнологиялар өмірге келді, бұл тек алғашқы кезеңі қана. Білім беру тек қана информациялық. Ақпараттың фунцияменен шектелмейді, оның негізі білім алушының ойлау, творчестволық қабілетін дамыту. Осыған байланысты білім, ғылым, өндіріс саласы біртұтас технологиялық циклді құрайды. Ғылымдардың салаларында күрделі өзгерістер жүрүде. Гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік-мәдени компоненттің ролі өсүде. Ұлттық сана, мәдениет өсүіне байланысты гуманитарлық ғылымдарда жалпы адамзаттық пен ұлттық мүдделер, қағидалардың қауынсу мәселелері алдыңғы қатарға көтерілүде.

Меншіктің түрлі дамуына ерік болғандықтан мемлекеттік және жеке меншіктік білім беру жүйелері қалыптасты. Білім туралы заңның кемшіліктеріне байланысты білім беруде коммерциялық мақсат яғни ақша табу алға шығып тұр. Қоғамди осыған байланысты пікірлерді талдап, қорытынды шығару. Кемшіліктерді болдырмау, оларды тиятын механизмдер мәселесін қарастыру. Білім және ғылым саласындағы республиканың тәжірибесін қарастыру. Оларды дамыған елдердің тәжірибесіменен салыстару. Социологиялық қөзқарасты анықтау, оның негізгі көрсеткіштерін айқындап, қоратынды жасау.

Студентердің өздерінің тәжірибесіне байланысты дискуссиялар өткізу, ұсыныстар жасау, нақты механизмдерін корсету.

Ғылым саласандағы республикадағы өзекті мәселелерге социологиялық қөзқарас.

1-5 апта (1 модуль).

  • Социологияның қазіргі Қазақстан қоғамына қосар үлесі.

  • Қоғамдық пікір және журналистика.

  • Әдебиет пен социология.

  • Тіл мен социология.

  • Қазақстанда азаматтық қоғам құруды социологиялық тұрғыдан қарастыру.

  • Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.

  • Қазақ тілінің жағдайына социологиялық тұрғыдан қарау.

  • Кішігірім сауалнама, сухбатнама жүргізу. Тақырыптар: «Студенттің өмір-тіршілігі социолог көзіменен».

  • Студенттік өмірге бейімделу мәселелері.

  • Озат студенттің социологиялық портреті.

  • Орташа оқитын студеттің социологиялық портреті.

  • Сапалы білім алу мәселелері. Сухбат: ұстаздар, шәкірттер, әкімшілік.

  • Студенттің мәртебесі. Ол қандай болуы керек .

6-11 апта (2 модуль).

  • Менің тұлғалық қалыптасуым.

  • Менің отбасындағы әлеуметтенуімнің мәселелері.

  • Азаматтық қоғам және тұлға.

  • Қазақ жастарының тұлға болып қалыптасу мәселелері.

  • Университетегі тұлға қалыптасу мәселелері.

  • Қазіргі байлардың социологиялық портреті.

  • Қазақтардың орта табының стратификациялану процесі.

  • Мобилділіктің түрлері.

  • Жас отбасыларының әлеуметтік мәселелері.

  • Қазіргі қазақ отбасыларының әлеуметтік мәселелері

12-15 апта (3 модуль).

  • Қазақстандағы этникааралық қатынасқа социологиялық көзқарас.

  • Қырғызстандағы Ош, Жалалабад, Мәскеу оқиғаларына социологиялық талдау.

  • Әлемдегі этникааралық процестердің актуалді мәселелері.

  • Қазіргі әлемдік урбанизация процесіне социологиялық көзқарас.

  • Қазақстандағы урбанизация процесінің әлеуметтік мәселелері.

  • Қазақстан қалаларының әлеуметтік мәселелері.

  • Алматы қаласының әлеуметтік мәселелері.

  • Қалалық болу деген не?

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

1.Социология дегеніміз қандай ғылым.Оның қазіргі заманға қажеттілігі. Өмір жолыңа социологиялық тұрғыдан талдау жаса.

2.Социологиялық көзқарас. Нақты қоғамдағы процестерді, өмірдегі көріністі талда.

3.Социологиялық ұғымдардың ерекшеліктері, олардың басқа қоғамдық және жаратылыстану ғылымдардан ерекшіліктерін көрсет.

4.Социологиялық парадигмалардың түрлері, сипаттамалары. Әр қайсын талдап көрсет.

5.Социологияның өмірге келуінің саяси алғышарттары. Қазақстанға байланыстыр.

6Социологияның өмірге келуінің экономикалық алғышарттары. Қазақстанға байланыстыр.

7.Социологияның өмірге келуінің урбанизациялық алғы шарттары. Қазақтсанмен де байланыстыр.

8.Социологияның өмірге келуінің рухани алғышарттары. Қазақстанмен де байланыстыр.

9.Социологияның өмірге келуінің ғылыми-техникалық, өндірістік алғы шарттары. Қазақстанмен де байланыстыр.

10.Қазіргі Қазақстан қоғамына социология ғылымының қажеттілігі. Қазақстан қоғамы және социология арақатынасы.

11.Социологияның құрылымы, атқаратын функциялары. Социология пәнінің нақты өз мамандығыңа қажеттілігін баянда.

12.Социологияның басқа ғылымдармен арақатынасы, алатын орны. Өз мамандығыңмен байланыстырып талда.

13.О.Конттың социологиялық көзқарасы, оның басқа бағыттардан ерекшеліктері. Қазіргі заманда пайдалануы.

14.Э.Дюркгеймнің социологиялық көзқарасы, оның басқа бағыттардан ерекшеліктері. Қазіргі заманда пайдалануы.

15.К.Маркстің социологиялық көзқарасы, оның басқа бағыттардан ерекшеліктері. Қазіргі заманда пайдалануы.

16.Т.Парсонстың негізгі ұстанымдары, оның басқа бағыттардан ерекшеліктері. Қазіргі заманда пайдалануы.

17.А.Шюцтің социологиялық ұстанымдары, оның басқа бағыттардан ерекшеліктері. Қазіргі заманда пайдалануы.

18.Дж.Хоманстың социологияға енгізген үлесі, оның басқа бағыттардан ерекшіліктері. Қазіргі заманда пайдалануы.

19.Э.Гидденстің социологияға қосқан негізгі үлесі, оның басқа бағыттардан ерекшіліктері. Қазіргі заманда пайдалануы.

20.П.Бурдьенің социологиялық көзқарасы, оның басқа бағыттардан ерекшіліктері. Қазіргі заманда пайдалануы.

21.Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» социологиялық тұрғыдан талдау және қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік процестерді түсінудегі маңыздылығын дәлелдеу.

22.Абайдың социологиялық көзқарасы және оның қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік процестерді түсінуді дәлелдеу.

23.М.Әуезовтің Абай жолы романындағы қазақ қоғамының сипаттары және қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік процестермен салыстыру.

24.Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повестінің құндылықтарынөткен және қазіргі қоғам тұрғысынан талдау. Өз тұжырымың.

25.Алаш партиясының ұлттық ұстанымдары және оларды қазіргі қазақ қоғамын талдау арқылы сипаттау.

26.Әлихан Бөкейханның көзқарастарын социологиялық тұрғыдан талдау.

27.Ахмет Байтұрсыновтың көзқарастарын социологиялық тұрғыдан талдау.

28.М.Мақатаев поэзиясындағы тұлғаның сипаттамасы және қазіргі қазақ қоғамындағы жайын салыстырмалы көрсету.

29.Адам, жеке адам,кісі, тұлға ұғымдарының айырмашылықтары. Нақты мысал арқылы талда.

30.Тұлғаның әлеуметтенуі, оның механизмдері. Бірінші реттегі және екінші реттегі әлеуметтену, олардың айырмашылықтары. Өзімдік тұрғыдан талдау.

31.Дәстүрлі қоғам және оны қоғамның басқа типтерімен салыстыра сипаттау.

32.Өзімдік және әлеуметтік идентификация. Нақты мысал келтіре талдау.

33.Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы, мәселелері.

34.Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың өзекті әлеуметтік мәселелері және олады шешу жолдары.

35.Әлеуметтену процесі.Өзімдік тұрғыдан сипаттау, талдау.

36.Әлеуметтенудің негізгі агенттері. Өзімдік тұрғыдан талдау.

37.Социологиялық зерттеу бағдарламасы, құрылымы. Мысал арқылы баянда.

38.Социологиялық зерттеудің түрлері, салыстырмалы сипаттары.

39.Сауалнама.Сауалнама сұрақтарының түрлері. Мысал келтір.

40.Сұхбатнама, оның түрлері. Мысал келтір.

41.Контент- талдау. Құжаттарды талдау тәсілдері. Мысал келтір.

42.Фокус-топ. Оның ерекшеліктер, атқаратын функциялары. Мысал келтір.

43.Бақылау және оның түрлері. Мысал келтір.

44. Социологиялық эксперимент, оның атқаратын функциялары, қажеттілігі.

45.Іріктеу, оның түрлері. Нақты мысал келтіру.

46.Әлеуметтік құрылым ұғымы, оның маңыздылығы, атқаратын функциялары. 47.Әлеуметтік құрылым концепциялары. Қоғамның типтерімен байланыстыр.

48.Әлеуметтік роль, Қазақстандағы көрінісі, мәселелері. Мысал келтір.

49.Әлеуметтік мәртебе, Қазақстандағы көрінісі, мәселелері. Мысал келтір.

50.Әлеуметтік топтар, олардың түрлері, мәселелері және арақатынасы. Мысал келтір.

51.Әлдеуметтік институттардың сипаты,қоғамның типіне қарай ерекшеленуі. Мысал келтір.

52.Әлеуметтік институттардың типологиясы /қоғамның типіне байланысты/.

53.Әлеуметтік стратификация, оның негізгі өлшемдері. Өзімдік тұрғыдан талдау.

54.Қазіргі әлеуметтік стратификация концепциялары, Қазақстан қоғамына байланыстырып сипаттау.

55.Қазақстандағы әлеуметтік стратификацияның сипаты.Нақты реалді өмірге байланыстырып баяндау.

56.Қазақстандағы байлар, орта топ және кедейлер тобының сипаттамалары, мәселелері және оларды шешу жолдары.

57.Әлеуметтік мобилділіктің түрлері. Қазақстандағы көрінісі. Қазақтар тұрғысынан сипаты, мәселелері, шешу жолдары. Өз отбасың тұрғысынан талда.

58.Әлеуметтік мобилділіктің каналдары. Қазақстандағы жайы. Қазақтардың мобильділігінің өзекті мәселелері, шешу жолдары. Өз отбасыңның тәжірибесінен талда.

59.Отбасының тарихи эволюциясы.Қазақ отбасының тарихи эволюциясының сипаты, мәселері, шешу жолдары.

60.Отбасының өмір циклі. Қазақ отбасындағы көрінісі, мәселелері, шешу жолддары.

61.Қазіргі қазақ отбасының әлеуметтік мәселелері, шешу жолдары.

62.Ажырасқан отбасылардағы туындайтын әлеуметтік мәселелер, шешу жодары.

63.Толық емес отбасының әлеуметтік мәселелері, шешу жолдары.

65.Қазақ отбасындағы дәстүрлер мәселесі, шешу жолдары.

66.Неке құрудың әлеуметтік мәселелері., шешу жолдары.

67.Қазақ жастарының отбасын құрудағы әлеуметтік мәселелері, шешу жолдары.

68.Қазақ отбасындағы буындар жалғасы мәселелері,шешу жолдары. Өзімдік талдау жасау.

69.Этникалық социология, маңыздылығы, атқаратын функциялары,мәселелері.

70.Қазақстандағы этникалық процестерге сипаттама, мәселелері, шешу жолдары.

71.Қазақ ұлтының мүдделерін социологиялық тұрғыдан түсіну, мәселелері, шешу жолдары.

72.Қазақ ұлтының стратификациялық процесін этникалық қатынастар тұрғысынан түсіну. Мәселелері, шешу жолдары.

73.Қазақ ұлтының дәстүрі, діні, ділі, тілінің жағдайын социологиялық тұрғыдан қарастыру. Мәселелері, шешу жолдары.

74.Қазақ қоғамының мобилділігінің сипаттамасы. Мәселелері, шешу жолдары.

75.Қазақтардың урбанизация процесіне енуінің өзекті әлеуметтік мәселелері, шешу жолдары.

76.Ауыл мен қала арасындағы қайшылықтардың әлеуметтік мәні. Мәселелері, шешу жолдары.

77.Қазақтардың мобилділігінің каналдары. Мәселелері, шешу жолдары.

78.Білім социологиясы, атқаратын фунциясы, мәселелері.

79.Қазақстандағы білім саласындағы әлеуметтік мәселелер, оларды шешу жолдары.

80.Жоғарғы оқу орындағы сапалы білім алу мәселелерінің әлеуметтік қырлары, мәселелері, шешу жолдары. Өзімдік талдау жасау.

81.Жастар социологиясы, атқаратын функциясы, талдайтын мәселелері.

82.Жастар мәдениеті, түрлері, атқаратын фунциясы. Қазақстан жастарының мәдеиетінң әлеуметтік мәселелрі, шешу жолдары.

83.Жастар отбасының әлеуметтік мәселелері және оларды шешу жолдары.

84.Жастар мен ата- ана арасындағы әлеуметтік мәселелер.Өзімдік сипаттау.

85.Қазақстан Халықтар Ассамблеясының атқаратын әлеуметтік мәселелері.

86.Этнос, ұлт, диаспора. Қоғамның типтеріне байланысты талдау. Қазақстандағы сипаты.

87.Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері және оны шешудің жолдары.

88.Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын социологиялық талдау және қазіргі қазақ қоғамына қажеттілігін баяндау.

89.Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасын социологиялық талдау және қазіргі Қазақстан қоғамына маңыздылыған сипаттау.

90.Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы жолдауын социологиялық тұрғыдан талдау.

91.Жаһандану процесі тудыратын әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары.

92.Жаһандану процесінің қазақ қоғамына әсері мен оның әлеуметтік қырлары.

96