Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория гос и право.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
251.67 Кб
Скачать

3. Мемлекет кызметі қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңьізын, рөлін көрсететін оның әрекетін басты бағыттары.

Мемлекет қызметі түсінігін мемлекеттің мақсаты мен міндеті түсінігімен, мемлекеттің жеке органдарының кызметімен шатастыруға болмайды. Қоғам мақсаты мемлекеттің жетуге тырысатын биіктері болса, міндеттер мақсатқа жету кұралдары рөлін атқарады. Мемлекет қызметі оның алдында тұрған міндеттерді шешуге арналған әрекеттерінің басты бағыттары ғана. Яғни, максат пен міндет оның функцияларын анықтайды. Осы арада, батыстық мемлекет теориясында мемлекет функциясы туралы мәселе көтерілмейтіндігін атап өткен жөн, онда тек мемлекет мақсаты мен міндеті туралы ғана мәселе қарастырылады.

Әрекеттің белгілі бір түріне арнайы лайықталған көп санды мемлекеттік органдар функциясына қарағанда мемлекет функциясында оның әрекеті тұтастай камтылған, оның мәні мен әлеуметтік құндылығы көрініс табады. Мемлекеттік аппараттың және жеке органдарының жұмысы мемлекет қызметін жүзеге асыруға бағындырылған.

Мемлекет қызметі әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет қызметін ішкі және сырткы қызмет деп бөле карастырған. Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты; сыртқы кызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-катынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет қызметін ішкі және сыртқы деп бөлудің шарттылығы. Өйткені олар бір-бірімен тығыз байланысты болады да, біреуінің жүзеге асырылуы екіншісінсіз мүмкін еместігі байқалады. Мысалы, елдің ішіндегі экономикалық, саяси, мәдени аймактардағы мемлекет әрекеті сыртқы экономикалық және мәдени байланыстарға катысты болатындығы белгілі.

Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет қызметін төрт топқа жіктеу танылған:

-   мемлекеттің экономикалық қызметі. Оған экономиканың дұрыс қызмететуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау,сыртқы   экономикалық   байланыстарды   ұйымдастыру   және   нығайту...)көмегімен қамтамасыз ету жатады. Осы мәселені Қазақстан Республикасынмысалға ала отырып қарастыратын болсақ. казіргі кезде елімізде меншіктіңбірнеше   түрі   танылғандығы,   жеке   меншіктің  қорғалатындығы   аян.Экономиканың   даму   деңгейінің тұрақтанғандығы,   осы   бағыттамемлекеттің ұсак және  орта кәсіпқойлыққа қолдау көрсететіндігі,  шет елдермен сыртқы экономикалық байланыстарды өзара тиімді негізде қүруға ықпал    ететіндігі 

-    кәсіпорындарды    дамыту    үшін    тартылатынинвестицияларға кепілдік беретіндігін мемлекет тарапынан осы бағытга іскеасырылып жаткан көптеген мәселелердің бірі ретшде атап етуге болады.

-   саяси қызмет. Бұган мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік және үлттық келісімді  камтамасыз ету,  езара күресушіәлеуметтік күштердің карсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқыкүштердің қол сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады. Егеменді

ліміздің аталған бағытта атқарып отырған іс-кимылы да ерен десек Қателеспейміз. Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашкы жылдардың өзінде-ақ Қазақстан БҮҮ-мен қатар әртүрлі халықаралық үйымдарға мүше болып кіре отырып, өзін-өзі дүниежузілік аренада көрсете алды. Елдің ішінде жүзден астам үлт өкіддерінін басын біріктіре отырып, ортак мақсатты жүзеге асырута жұмылдыра білді.

-   мемлекеттің әлеуметгік кызметі. Мемлекет түрғындарының күкықтарымен   бостандықтарын   корғау,   азаматгардың   әлеуметтік  қажетгіліктеріңқанағатгандыру шараларын іске асыру, түрғындардың кажетті өмір сүрудеңгейін колдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршшік деңгейін камтамасызету мәселелерін шешеді. Осы түрғыда жас мемлекеттін калыптасуыныңалғашкы жылдарында әрине біраз кемшіліктердің болғаны аян, мемлекет өзгеде кезек күттірмес мәселелерді шешу барысында халықтын әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің мәселелерін кейінге ысырып қойғаны да рас. Дегенмен де қаэіргікезеңде   елімізде   мемлекетгік-қүқыктык   күрылымдарды   реформалаудыңаякталуына, экономиканың түрақтан>та бағыт алғандығына байланысты бүгінгікүндері бұл мәселелер де шешімін табуда. «Еңбек туралы» заң нормаларынасәйкес 41 сағаттык жұмыс аптасы тағайындалған, жылына бір мәрте 18 күнненкем емес акылы демалыс күндері беріледі, әрбір еңбекшіге жүмысьша қарайақы төлеу кепілдендірілген. Мемлекет тарапынан көп балалы аналарға. кемтармүтедектерге, әл-аукаты төмен жандарға жәрдем керсетіледі. Сонымен катарәлі де болса жұмыссыздықпен күрес, әсіресе ауыддық жерлердегі мәселелеріненазар аудару қажетгігі бар.

-   идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған қызметіне елдегі басымидеологияны қолдау, білім беруді үйымдастыру, ғылымға, мәдениетке колдаукөрсету тәріздес жұмыстар жатады, Қазақстан Республикасында үлтаралықкелісімді нығайту мәселелеріне басты назар аударылған. Елімізде діни сенімбостандығы таньшады, кәмелетке толған әрбір азаматтың өз еркімен дін түтынубостандығы бар. Бастауыш және орта білім беру акысыз негізде жүзегеасырылады,   жогарғы  білім  беру  мемлекеттің  бақылауымен  жүргізіледі.Мемлекет казіргі кезеңде ғыльш мен мәдениетке де ықыласын көрсетуде, өткенжылдың мәдениетті қолдау жылы деп жариялануы осы бағытта аткарылатыністерге мұрындық болуда.

Мемлекет функциясын жоғарыдағыдай жіктеу мәңгілікке арналған, өзгерместей тарамдалу ретінде карастырылмауы қажет. Оның қоғам дамуынын әрбір кезеңінде әртүрлі мәнді өзгерістерге үшырауы табиғи процесс. Қазіргі кезеңде қүқыктык мемлекетке бет бұру барысында мемлекетгердің басты кызметінің қатарьшан азаматтардың шынайы құкыктары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесі өзінің лайықты орнын алуда. Сондай-ақ, қазіргі танда ғылым мен техниканың жоғары деңгейде дамуы аркасында атмосфераны, суды. жерді ластау ғаламдық сипат алуына байланысты, оныц нәтижесінде тіршіліктің жойылу каупі төніп отырғандықтан мемлекеттін экологиялық қызметінің алатын орны да ерекше.

Мемлекет функциясын карастыру барысында оны жүзеге асыру нысаНЫ мен әдістеріне бет бүрмау дүрыс емес. Мемлекет кызметін жүзеге асыру нысандары   күқықтық  және   үйымдастырушылық   болып   екіге  бөлінеді Қүкықтык нысандарға құқық шығармашылық (нормативті актілерді дайындау және қабылдау), күкыққолдану (нормативті актілерді іске асыру) және құқық корғау (адам және азамат қүкыктары мен бостандықтарын корғау, құқық бұзушылықтын алдын алу және кінәлі жанды заңды жауапкершілікке тарту) әрекетгері жатады. Үйымдастырушылық нысандар арасынан экономикалық (несиелеу, мемлекеттік тапсырыстар, бағаны реттеу және т.б.), саяси (әртүрлі саяси ағымдарды ортак келісімге келтіру, халықаралық келісімдер және т.б.), идеологиялық (халыққа үндеу, күнделікті тәрбиелеу жұмыстары, үгіт-насихат және т.б.) және тікелей ұйымдастырушылық (жоспарлау, бағдарлау, тексеру және т.б.) әрекеттерді бөліп көрсетугс болады. Ал әдіс-тәсілдерінің катарынан сендіру немесе мәжбүрлеу, көтермелеу немесе жазалауды көруге болады.

• 4. Мемлекеттің жан-жақты, сан қырлы құбылыс екендігіне кез жеткіздік. Міне осы жағдай оны жіктеудің әртүрлі жүйелерін қалыптастыруға негіз болады. Мемлекет типологиясы - сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жактарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезенде мемлекет типологиясына екі түрлі көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.

Өркениеттік кезқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, үлтгык, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі танда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекетгерді де сан түрге бөлуге болатыньш көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін. Тарихи кезендерге байланысты кене, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп белуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады. Аталған типологияны сипаттай отырып мынандай мәселелерге назар аудару кажеттігі бар: біріншіден, бүнда мемлекетгің басты сипаты-саяси биліктің тиістілігі ескерілмейді, әлеуметтік-экономикалық факторлар жеткілікті бағасын алмайды; екіншіден, ол жеткілікті дәрежеде карастырылмаған, сондықтан да осы мәселені зертгеуші ғалымдар әртүрлі негіздер бойынша жүмыс істейді.

Формациялық кәзқараста негізп өлшем ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер (коғамдық-экономикалық формация) қолданылады. Аталған көзқарастың өкілдерінің ойынша, қоғамдық дамудын шешуші факторы базис болып табылады, ол қондырмалық құбылыстардың: мемлекет пен қүкықтың да типін аныктайды. Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз белгілі бір экономикалық. формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық базис типіне сай мемлекеттер: қүл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық ендіріс тәсіліне негізделген мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді.

Қазіргі кезенде мемлекет типологиясына катысты мәселе қарастырылғанда, көпшілік формациялық көзқарасқа жүгінетіндігіне Қарамастан, оның да кем соғатын түстары бар екенін ескеру кажет. Оған алдымен, шығыстык мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Себебі шығыстық мемлекеттер батыстык ағайындарына қарағанда түбегейлі түрде өзгеше болып келеді: батыста саяси билік экономикалық үстем таптың колыңда болса шығыста алдымен саяси билік қалыптасады да, экономикалық үстемдік соған негізделеді. Әрі шығыстык мемлекеттердің өздері де әртүрлі.

Мемлекет типологиясындағы келелі мәселелердің бірі ретінде «өтпелі» мемлекет түсінігінің де толық бағасын алмағанын атап кетуге болады. Бүндай мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені: тәуелсіздік алу, үлітык экономиканы, мәдениетті көтеру мақсатын көздейтш блоктардың жиынтығы ретінде калыптасады да, өз мүддесін канағаттандырғаннан кейін саяси аренадан кетеді.

Өзекті мәселелердін қатарында қолданыстағы мемлекет типологиясының бір коғамдық-экономикалық формацияға жататын меммлекеттердің арасындағы мәндік айырмашылықтардың болуына жауап бере алмауьш да қарастыру керек. Көріп отырғанымыздай, мемлекет типологиясына қатысты шешімін табуды күтіп отырған мәселелер жеткілікті екен.

5. Шығыстық мемлекет типі - адамзат өркениетінің тарихында алгаш рет калыптаскан мемлекет түрі осылай аталады, Суармалы жер өңдеу аймақтарьшда осыдан 4-5 мың жылдар бұрын алғашқы Египет, Үнді, Қытай мемлекетгері пайда болды. Олардың ортак ерекшеліктеріне мыналар жатады:

-олар негізгі өндіріс құралдарына (жерге) деген мемлекеттік және қоғамдық меншікке негізделеді, соған байланысты қоғам жеке меншікке емес, мемлекеттік жүйе иерархиясындағы орнына байланысты жіктеледі;

-бүндай мемлекетгер аса қуатты шенеуліктік-бюрократиялық аппаратгың болуымен сипатталады, ол коғамның әр түрлі топтарының өкілдерімен толықтырылып отырған;

-катан түрде орталықтандырылған мемлекеттік аппарат болады, оның басында мемлекетті бейнелейтін және қүдайдың жердегі өкілі ретінде танылатын шеіссіз монарх отырады.

-бүндай мемлекеттердің құқықтык жүйелері басым түрде әлсіз дамыған және мемлекеттік билік тәріздес «тәңірлік негізге» лайыкталған, діни-адамгершілік догмаларына сүйенген, көбінесе салт-дәстүрден колдау көріп отырған.

-мемлекеттер шығыстык қоғамның өзі тәріздес тарихи даму барысында аяң түрде өзгерген.

Құл иеленуші мемлекеттер. Европалық типтегі алғашқы күл иеленуші мемлекетгер б.ж.с.д. ІХ-ҮІІІ ғасырларда қалыптасқан. Бұлар өндіріс күралдарына деген жеке меншіктің болуымен сипатталады.Осыған байланысты қоғам антагонистік таптарға жіктеледі. Бір тап жерді, сондай-ак еңбек кұралдарын және өндірушінің өзін иемденді. Нәтижесінде саяси билікті өз қолдарына толық алып, оны таптық канау қүралына айналдырады. ҚүлдаР құқықтын субъектісі емес, керісінше объектісіне айналады.

Дегенмен де, қүлдардың жағдайы әр мемлекетте әр түрлі дәрежеде аныкталады- Демократиялық Афин мемлекетінде құлды өлтіруге, үрып-соғуға тыйым салса, Римде бүндай шектеулер болмаған. Дегенмен де күлдар санынын өте көп болуьі оларды басқару ісінде тек кана мәжбүрлеу ғана қолданылды деп санаудың біржақтылығын көрсетеді, біздің ойымызша онымен кдтар өзге .я экономикалық немесе идеологиялық квтермелеу шаралары да колданылған тәріздес. Мемлекет кұл еңбегін тиімді етудің барлық әдіс-тәсілдерін колдана бічгендігі аян. Қүл иеленуші мемлекеттер кала-мемлекет сипатында болған, бүл өндіріс кұралдары иегерлершвд жалпы таптық еркш анықтау кажетгігінен пайда болған тәріздес. Меншікке қатынасы бойынша тең көптеген адамдардың мүддесін ретгеудің кажеттілігі күрделі, жеткілікті дәрежеде негізделген құқықтык жүйелердің калыптасуына негіз болды. Құқықтың непзгі қайнар кезі ретінде мемлекеттік органдардын қабылдаған заңдары әрекет етті. Қүл иеленуші мемлекеттер шығыстык мемлекетгерге карағанда икемді, дамудың адғы шартгары бар мемлекеттер болды. Сондықтан да, оларың негізінде феодаддық коғам мен мемлекет қалыптасты.

Феодалдық мемлекеттер. Осы типтегі мемлекеттер Европада ҮІ-ІХ ғасырларда калыптаса бастады. Тіпті қазіргі күннің өзінде де кейбір мемлекеттерде феодалдық қатынастардың сарқыншақтары танылады. Феодалдық қоғамның экономикалық негізін жерге деген феодалдардың жеке меншігі күрайды. Шаруалар қожайынының жерінен белгілі көлемдегі жер үлесін алып өндеп, түскен пайдадан салық төлеген немесе қожа жерінде тегін жүмыс істеген. Қоғамның дамуына байланысты бұндай мәжбүрлеу мемлекеттік шаралармен толықтырылып, зақцармен бекітіле бастаған.

Феодалдық мемлекеттер бірнеше даму сатыларын бастан кешіреді: алдымен олар біртүтас мемлекет ретінде қалыптасады да кейінірек монархтың өзіне сіңірген еңбегіне байланысты, қызметі үшін ақсүйекгерге жер беліп беруіне байланысты жекелену орын алады. Осы кезеңнің феодалдық бытыраңқылық деп аталғаны белгілі- Кейіннен жерлердің бірігуіне байланысты әулеттік-окілдік монархия қалыптасады да, ол бірте-бірте шексіз монархияға айналады.

Қүқықтың негізгі қайнар көзі ретінде құқықтык әдет-ғүрып танылады.

Буржуазиялық мемлекеттер. Алғашқы буржуазиялық мемлекеттер Европа мен Солтүстік Америкада 200-300 жыл бұрын өмірге келді. Осыған дейінгі таптық теңсіздікті ресми түрде бекітуші қоғамдық-экономикалық формацияларға қарағанда капиталистік ендіріс тәсілі өз еңбегін ерікті түрде сатушы жүмыскерді қажет етті. Сондықтан да буржуазиялық өзгерістер «бостандық, тендік, жолдастық» үрандарына негізделе отырып жүргізілді. Буржуазиялық мемлекеттердің де даму барысында бірнеше кезең аныкталған. Бірінші кезең - еркін бәсекелестік кезеңінде буржуазия салыстырмалы тең көлемдегі меншігі бар мыңдаған меншік иелерінен құрылады. Ондағы мемлекет буржуазиялық демократия, парламентаризм, зандылыққа негізделеді, онын таптық сипаты басым болады. Жалпы тендік жарияланса да, саяси теңсіздік үстемдік етеді. Екінші монополиялық капитализм кезеңі өндірістік, сауда және каржы капиталын біріктіре отырып, акционерлендіруді колдана отырып өндіріс пен бөлудің түрлерін дербес қолға шоғырландырумен сипатталады. Олардың қолында коғамдық байлықтың негізгі бөлігі жинақталады да, саяси билікке қол жеткізеді. Ол демократиялық институттарды жойып жіберуге де (Германия мен Италиядағы фашиспк режимдер), керісінше оны дамытуға да негіз бола алады.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында буржуазиялық когам дамуының жаңа сатысына енді. Ол жұмысшылардың революциялық козғалысынын өсуімен және ғылым мен техниканьщ дамуы аркасында мүмкін болды. Аталған жағдайлар еңбек акысының, әрі өмір сүру деңгейінің артуына ыкпал етті. Ол өз алдына еңбек өнімділігін арттырды, еңбекті кажетті деңгейде бағалаудьщ тиімділігі танылды. Қазіргі кезеңде батыстық коғамда акционерлендіру «таза» жеке меншіктің үлесін кемітіп, есесіне толықканды «орта» таптың өсуіңе жағдай жасап отыр.

Социалистік мемлекет. Бұнда қоғамның экономикалық негізін ендірю құраддарына деген қоғамдық меншік құрайды. Жұмысшылар мен шаруаларды капиталистердія бүғауынан босату, ендіріс күралдарын национализациялау енбек өнімділігін, халықтың тұрмыс-тіршілігінің деңгейін, мәдениеттілікті аргіырады деп саналған. Негізінен теориялық негізделуі практикада жұзеге асырылмай қалған мемлекет тегі десек жаңылмаймыз.

Тақырып  3. Мемлекет нысаны

1.  Мемлекет нысаны түсінігі.

2.  Басқару нысаны: түсінігі, түрлері.

3.  Мемлекеттік қүрылым нысаны.

4.  Саяси режим.

І.Мемлекет нысаны түсінігі мемлекеттану сипаттарының ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет нысаны ретінде мемлекеттік билік пен оның кұрылымдарының үйымдастырылуы түсіндіріледі. Мемлекет нысаны мемлекет мазмұнымен тығыз байланыста сипатталады. Егер мемлекет мазмүны мемлекеггік билікті кімнің жүзеге асырып жатканына жауап берсе, ал мемлекет нысаны мемлекетте билік калай ұйымдастырылып, қандай органдармен жүзеге асырылады, олардың күрылу тәртібі және өкілеттік мерзімдері жайында, сондай-ақ жалпы мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілдері туралы сұрақтарды қарастырады. Мемлекет нысаны мәселесі тек теориялық қана емес, практикалық - саяси мәнге де ие болады. Мемлекеттік биліктщ үйымдастырылуына мемлекетте басқаруды жүзеге асыру, басқарудың нәтижесі, үкімет беделі мен тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құкыктық тәртіп жағдайының деңгейі де байланысты болатындықтан, мемлекет нысаны саяси мәнге ие болады. Қоғамдағы саяси өмір, мемлекеттік институттардың тұрақтылығы да мемлекет нысанымен белгілі бір деңгейде байланысты болады.

Сонымен, мемлекет нысаны дегеніміз - баскару нысанынан, мемлекеттік қүрылым нысанынан және саяси режимнен күралатын мемлекеттің ерекшелігі.

Мемлекет нысанына 3 түрлі кезқарас бар:

1.                Мемлекет нысанын баскару нысанымен ғана аныктау. Ежелгі ғалымдарПлатон, Аристотель оған белсенді маңыз берген.

2.                Мемлекет нысанын мемлекетгегі билік және баскарудын жоғарғыоргандарын кұру мен үйымдастырудың белгілі бір тәртібі және орталықоргандармен жергілікті биліктің жиынтығы деп түсіндіреді.

3    Мемлекеггің   нысанына   жоғарыда   аталған   түсініктермен   катар млекеттік билікті жүзеге асырудын әдісі мен тәсілдері де косылады.

Мемлекет нысаны мемлекетгік биліктін күрылымы мәндік жағынан әртүрлі

сипаггармен аныкталады:

_   мемлекетгік   билік   пен   басқару   органдарының   кұрылу   және

үйымдастырылу тәртібі.

- мемлекеттін аумактық қүрылымының тәртібі, орталық, аймақтык жәнежергілікгі биліктің өзара қатынасының белгілі тәртібі.

- мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің

жиынтығы.

Сонымен, мемлекет нысаны үш негізгі элементтен қүралады:

-  баскару нысаны

-  мемлекеттік күрьшым нысаны

-  саяси режим.

2. Басқару нысаны деп - жоғарғы мемлекеттік билікті үйымдастыру, оның жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың қүрылымы, күзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеггілігінің деңгейі, халықпен өзара катынасы және олардың оны калыптастыруға катысу дәрежесін айтамыз. Жоғарғы мемлекетгік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алкалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетп басқару монархия және республика деп ажыратылады.

Монархия - жоғарғы мемлекеттік биліктің бір әулетке мүрагерлік жолъшен немесе өмір бақиға сайланып берілуін білдіретін басқару нысанының бір түрі. Оның мынандай белгілері бар:

-  жоғарғы билік мұрагерлік жолмен беріледі;

-  шексіз мерзімде жүзеге асырылады;

-  сайлаушылар еркінен тыс жүзеге асырылады.

Монархия екіге бөлінеді: абсолютті монархия (Сауд Аравиясы, Бруней) және конституциялық монархия. • Абсолюттік монархия - халықтың толық құкыксыздығымен, қандай да болмасын өкілетті үйымдардың жоқтығымен, барлық мемлекетгік биліктің монархтың колына жинақталуымен сипатгалатын монархияның бір түрі. Монарх өкілеттігін шектейтін мемлекеттік органның болмауы абсолютгік монархиялық басқару нысанының негізгі белгісі болып табылады. Абсолютизмнің пайда болуы буржуазиялық қатынастар және феодализм мен квне феодалдық топтардың ыдырау процесінің басталуымен байланысты. Абсолюттік монархияның аса маңызды белгілеріне мыналарды жатқызуымызға болады: өкілетгі үйымдардың жойылуы немесе күйреуге үшырауы, монарх билігінің заңмен шектелмеуі, түрақты әскердін, полицияның, дамыған бюрократиялық аппаратгың тікелей монархтьщ қарамағында болуы. Абсолютизм кезінде орталықтағы және жергілікті жерлердегі билік ірі феодалдар емес, монархпен сайланатын және орнынан алып тасталынатын шенеуліктерге берілген.

Конституциялық монархия (Жапония, Испания, Швеция, Англия) -монарх билігінің заң шығару, сол сияқты аткару кызметінде де занды шектелуімен сипатталатын монархияның бір түрі. Онда монарх биліп өкшетті органдармен шектеледі, әдетте бұл шектелу парламентпен бекітілген конституциямен аныкталады. Монархтын конституцияны өзгертуге қүқығы жок. Конституциялық монархия баскару нысаны ретінде буржуазиялық қоғамның калыптасу кезеңінде пайда болады.

Конституциялық монархия екіге бөлшеді: дуалистік монархия және парламенттік монархия. Дуалистік монархия — монархтың атқару билігі үкіметті калыптастыру күкығы болатын, езіне бағынышты министрлер мен лауазымды адамдарды тағайындау, орнынан алу, заңға тыйым салу және парламентті тарату қүқығы болатын конституциялық монархияның бір түрі. Онда мемлекеттік билік екі жақты сипатта болады. Билік монархпен қалыптастырылған өкімет пен парламент арасында занды түрде болінген. Дуалистік монархияларда үкімет парламенттен тәуелсіз калыптасады және онын алдында жауапты болмайды. Монарх феодалдардың мүддесін білдірсе, ал парламент буржуазия және тұрғындардың басқа топтарының мүдделерін білдіреді. Осындай басқару нысаны кайзерлік Германияда (1871-1918) өмір сүрген.

Парламенттік монархия - монархтың бұйырымдары тиісті министрліктердің колдауымен. ғана жүзеге асатын, мемлекеттік өмірдің барлық мәселелері парламенттің келісімімен шешілетін, монархтың кері тыйым салу, заңда көрсетілген жағдайларда парламентті тарату құкығы болатын конституциялық монархияның бір түрі. Парламенттік монархияның өзіне тән мынандай негізгі белгілері болады:

-   үкімет парламент сайлауында көп дауысқа ие болған белгілі бір партияекілдерінен қалыптасады;

-   депутаттық орындардың көп санын иеленген партия көсемі мемлекетбасшысы болады;

-   заң шығару, атқару және сот билігі салаларында монарх билігі мүлдемболмайды;

- зандық актілер парламентпен қабылданып, монарх оған тек қолынқояды;

-  конституцияға сәйкес үкімет монарх емес, парламент алдында жауаптыболады.   Парламентгік   монархияда      мемлекет   басшысы  тағайындағанминистрлер парламенттің сенім артуына бағынышты болады. Монархтың керітыйым салу кұкығы бар, ол тек ерекше жағдайларда ғана парламентгі таратаалады. Оның билігі тиісті министрлер қол қойған жағдайда ғана орындалады,кұкықтык жағдайы шектелген болады.

Республика немесе республикалық басқару нысаны да қоғамнын мемлекеттік ұйымдастырылуыньщ көне нысаны болып табылады.

Республика дегеніміз басқару органдары белгілі бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы түрде қабылданатын баскару нысанының бір түрі-Монархиядан езгешелііі республикалық басқару нысанында заң бойышш биліктің жалғыз кайнар көзі халық болып табылады. «Республика» терминш пайда болуы халықпен байланысты болады. Сонымен, республикалық баскару нысанынын өзіне тән мынандай жалпы белгілері болады:

-  бір немесе алқалы түрдегі мемлекет басшысының болуы; мемлекет басшысы және    басқа да жоғарғы мемлекеттік билік органдарынын белгілі мерзшге сайланатындығы;

-   мемлекет басшысының заңмен қарастырылған жағдайлардағы заңдықжауапкершілігі;

-   жоғарғы мемлекеттік билік шешшдерінің барлық баска мемлекеттікоргандарға міндеттілігі;

-   мемлекет азаматтары мүдделерінің басым түрде қорғалуы, тұлға менмемлекеттің  өзара  жауаптылығы.   Республиканың  екі   негізгі  түрі  бар:парламентгік республика және президенттік республика.

Парламенттік республика - парламент үстемдігі қағидасы жарияланатын, аткару биліпнің басшысы және оның мүшелері парламентпен тағайындалатын және бакыланатын басқару нысанының бір түрі. Осындай республикада үкімет парламентте көп дауыс алған партияға кіретін депутатгардан қалыптасады. Үкімет өз қызметі үшін парламент алдында жауапты болады. Парламент мүшелерінің көпшілігінің сенімін жоғалтқан жағдайда үкімет демалысқа кетеді немесе мемлекет басшысы арқылы парламентті таратуға және кезектен тыс парламент сайлауын шақыруға қол жеткізеді. Парламенттік республикаларда мемлекет басшысы парламентпен немесе арнайы құрылған парламент алқасымен сайланады. Мемлекет басшысының парламентпен сайлануы аткару билігіне парламенттік бақылаудың негізгі тұрі болып табылады. Осы сипаттағы республикаларда мемлекет басшысы кең өкілеттіліктерге ие болады. Ол зандарды халықка жеткізеді, парламентті тарату, үкімет басшысын тағайындау құқықтарына ие болады. Сондай-ақ, қарулы күштердін басшысы да болып табылады. Үкімет басшысы президентпен тағайындалатын, үкіметті калыптастырып жоғарғы атқару билігін жүзеге асыратын және ез кызметі үшін парламент алдында жауапты болатын лауазымды түлға. Кез келген үкімет парламент сеніміне ие болған жағдайда ғана мемлекетгі басқаруды жүзеге асыруға құқылы болуы парламенттік республикаыың аса маңызды белгісі болып табылады. Заң шығару және атқару билігіне бақылау жасау парламентгің негізгі қызметіне жатады. Парламент мемлекетгік бюджетті қабылдайтындықтан негізгі қаржылық өкілеттіліктерге ие болады, елдің әлеуметтік - экономикалық даму бағытгарын анықтайды, ішкі, соның ішінде қорғану саясатының негізгі сүрақтарын шешеді.

Республикалық басқарудың парламенттік нысаны қоғамдық өмірдің, түлға бостандығының нақты демократизмін қамтамасыз ететін, кұкықтык заңдылық бастауларына негізделген адам өмір сүруіне қажетті жағдайлар калыптастыратын жоғарғы мемлекеттік билік органдарьшың кұрьілымын білдіреді.

Парламенттік республиканың теріс жақтарына тоқталатын болсақ, парламент партиялық немесе топтык жүйеге байланысты кұрылатындықтан, онда бір ғана үйымның көзкарасы басым түрде қорғалады. Бүл сол топтын үстемдігіне әкеліп соғады.

Президенттік республика - тікелей халықпен сайланған мемлекет басшысы бір уақытта үкімет басшысы да болып саналатын, үкіметті президент парламент келісімі бойынша тағайындайтын және өзі тарата алатын баскару нысанының  бір түрі.  Президенттік республиканың маңызды  белгілеріне мыналар жатады:

-  президент сайлауы мен үкіметті калыптастырудың парламенттен тыстәсілі;

- үкіметтің парламент емес, президент алдында жауаптылығы;

-  мемлекет басшысының парламенттік республикаға карағандағы кеңөкілеттігі,

Мемлекет басшысының бір уақытта үкімет басшысы да болуы немесе үкімет басшысын тікелей тағайындауы және орнынан алуы бардық президентгік республикаларға тән болады. Конституциялық зандылықтарды сақтаған жағдайларда президенттік республикаларда үкімет тұрақты болады Президенттік республика баскару нысанының икемді түрі болғандықтан, көп тараған басқару нысаны.

Президентгік республиканың жақсы жақтарына келетш болсақ, президент бүкіл халықтың сайлауынан өтеді. Билік бір ғана адамның қолында болғандықтан төтенше жағдайларда тез арада шешім қабылдау мүмкіндігі бар. Ал кемшіліктеріне тоқталсақ, биліктің бір адамның қолында болғандықтан заң шығару және атқару органдарының арасындағы кайшылықтарды білдіріп тиранияға әкеліп соғуы мүмкін.

3. Мемлекеттік құрылым нысаны - тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі кұкықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтык ұйымдастырылуы. Кез келген мемлекет айкындалған аумақта орналасады, онда сол мемлекетгің азаматтары өмір сүретіндігі баршамызға аян. Мемлекет өзшің әлеуметтік мәнін, яғни экономикалық өмірді, азаматгарды қорғауды ұйымдастыру кезінде әртекті кызметтер атқарады. Олар қаржылық, экономикалық, әскери және тағы да басқа қызметгер болуы мүмкін. Бірақ, мемлекет өлшемінің кендігіне және ондағы тұрғындар санының көптігіне байланысты осындай кызметтерді бір орталықтан басқару мүмкін болмайды. Сондықтан, аумақтарды окруперге, штаттарға, облыстарға, аудандарға және тагы да басқа аумактык-әкімшілік бөліністерге бөліп, соларда жергілікті билік органдарын құру кажетгігі туындайды. Осы жағдайлардын барлығынан барып мемлекеттік аумақтық үйымдастырылу қажеттігі де туындайды.

Басқару нысаны сияқты мемлекеттік құрылым нысанының тарихы да тереңге кетеді. Мемлекет езіндегі аумақтық кұрылымдардың қосындысы емес, бірақ осындай күрылымдарсыз мемлекет кызмет ете алмайды. Сонымен, мемлекеттік қүрылым нысаны - түтастай мемлекет пен оның бөлшектерінін белгілі түрдегі кұкықтық катынастарын сипаттайтын мемлекеттін аумактык ұйымдастырылуы. Мемлекет пен құқық теориясы мемлекеттің аумактык қүрылымыііың бірнеше түрін көрсетеді:

-  біртұтас мемлекет

-  федерация

-  конфедерация

Біртұтас мемлекет - әкшшілік-аумақтык бөліністерден күралатын, толық саяси билігі бар бөлінбейтін біртутас мемлекеттік кұрылым.Мемлекеттік аоатгын бүкіл ел аумағындағы біртұтас кұрылымымен сипатталатын млекетгік құрылымнын осындай нысаны көптеген елдерде орын алған. ламенттін, мемлекет басшысының және үкімет басшысының өкілеттіліктері андай болмасын жергілікті органдармен шектелмейді. Барлық әкімшілік-үмактык   бөліністердің   құқықтық   мәртебелері   тең.   Олар   жеке   саяси ербестікке  ие   бола   алмайды.   Бірақ,   шаруашылық,  әлеуметтік-мәдени салаларында    олардың өз бөліністерінің ерекшеліктерін  ескере  отырып баскаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екілеттіліктер шеңбері кен болады. Біртұтас мемлекеттің халқы бір азаматгыкқа ие болады. Осындай мемлекеттерге біртүтас қүқықтық жүйе тән. Ел аумағының барлық жерлеріне мемлекеттін негізгі заңы - Конституцияның күші бірдей жүреді. Жергілікті билік органдары    орталық мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актілерді пайдалануы қажет.    Біртұтас мемлекетте бүкіл ел аумағында әділеттілікті жүзеге асыратын біртұтас сот жүйесі әрекет етеді.

Сонымен,     біртұтас     мемлекетте     барлық     мемлекеттік     аппараттың орталықтандырылуы жүзеге асырылады және жергілікті органдарға тікелей немесе жанама бақылау енгізіледі.

Мемлекеттік қүрылымның федеративтік үлгісі біртұтас үлгіге қарағанда күрделі үлгі. Әрбір федерация өзіне тән ерекшеліктерге ие болады. Сонда да болса барлық федеративтік мемлекеттерге тән белгілерді бөліп көрсетуімізге болады. Сонымен, біртүтас мемлекеттерге қарағанда федерация саяси-әкімшілік тұрғысынан біртүтас мемлекет болмайды. Ол федерация субьектілерінің аумактарынан құралады. Федерация құрамына кіретін мемлекеттік қүрылымдар саяси өмірінің барлық ішкі және сыртқы сүрақтары бойынша дербес, тәуелсіз және толық егемендікке ие бола алмайтындықтан мемлекет бола алмауы мүмкш. Егемендік деңгейі де әр түрлі болады. Бірақ сонда да болса орталық биліктің қатысуынсыз шешуге болмайтын сұрактар шеңбері пайда болады. Федерациялардың субьектілері шаруашылық және әлеуметтік-мәдени дербестігімен қатар анықталған саяси дербестікке ие болуы, оларды біртұтас мемлекеттердегі әкімшілік-аумақтык күрылымдардан ерекшелендіреді.

Федерацияда мемлекеттік аппараттың екі деңгейі өмір сүреді: федералды, одактық және республикалық. Бір палатасы федерация субьектілерінщ мүдделерін білдіретін екі палаталы одақтық парламенттің құрылуынан мемлекеттің федеративтік сипаты жоғарры деңгейде көрінеді. Оны қалыптастыру кезінде түрғындар санына карамастан тең өкілеттілік қағидасы Қолданылады. Екінші палата мемлекеттің, оның барлық аумактары тұрғындарының мүдделерін білдіру үшін қалыптасады. Федерацияда жергілікті деңгейдегі мемлекеттік аппарат өмір сүруі де мүмкін. Қос азаматтықтын болуы федерацюшың формалды белгілерінін бірі. Кез келген азамат федерация және оған сәйкес құрылым азаматы да бола алады. Ол жағдай мемлекетгер конституцияларымен бекітіледі. Бұл дегеніміз әрбір азаматгың кұкықтары мен бостандықтарының көлемі кай федерация аумағында түрып жаткандығына карамастан бірдей деген сөз.

Федеративтік мемлекетте орталықтандыру, тұтастык кағидасьща негізделген кұқыктык жүйе кызмет етеді. Бірак федерация субьектілері өздерінің құқықтык жүйелерін күра алады. Федерация шегінде федералдық завдар, сондай-ақ соларға сәйкес федерация субьектілерінің заңдары әрекет етеді. Соңғыларының күші тек өз аумағында ғана жүреді. Федерация мүшелерінің қосымша кепілдіктерін камтамасыз ету үшш федералдық парламентте олардың өкілдері кіретін палаталар болады. Кейде федералдық органдардың жанынан олардын өзара байланысын реттеп отыру үшін федерация мүшелерінің тұрақты өкілдіктері күрылады. Көпұлтгы мемлекеттерде федерация үлттык мәселелерді шешу үшін және ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу максатында пайдаланылуы мүмкін.

Конфедерация - дербес тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық, саяси, дипломатиялық және тағы да басқа мәселелерді шеіпуге байланысты құрылған одағы. Бүл мақсаттар уақытша, сондай-ак тұрақты сипатгар алады. Алға қойған мақсаттарға жету үшін конфедерацияда қажетті баскару органдары құрылады. Онда барлық конфедерация мүшелерінің өкілдігі тең негізде қамтамасыз етілген. Жалпы істерді жүргізуге қажетті кдржы күралдары ерікті түрде біріктіріледі, олардың көлемі келісімде бекітіледі. Федерациядан ерекшелігі конфедерацияда қызмет көрсететін аппаратымен коса жоғары заң шығару, аткару және сот органдарының бірыңғай, түтас жүйесі кұрылмайды, біртұтас әскер жасақталмайды. Конфедерацияда бірыңғай бюджет және сальщтың бірыңғай жүйесі жок, бірақ кейде конфедерация мүшелері ездерінің аумақтарында бірыңғай валютаны енгізу туралы келісе алады. Конфедерацияның ерекше азаматтығы жок, сонда түрақты түратын тұлғалар өз мемлекетінің азаматы болып қала береді. Конфедерацияға кіру және шығу тәртібі еріктілік кағидасы мен оның барлық мүшелерінің келісіміне негізделеді және оған кіретін барлық мемлекеттермен анықталады. Конфедерациядан шығу федерациядан шығуға қарағанда карапайым сипатта болады. Ол бір жакты ерік білдіру негізінде жүзеге асады. Конфедерацияны қүрған кездегі алға койған максаттары орындалған соң, оған кірген мемлекеттер не тарап кетеді немесе федерацияға айналып кетеді.

4. Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим. Ол басқару және мемлекеттік кұрылым нысандары сияқты мемлекеттің мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның баска да сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекет нысанының бір компоненті болып табылады. Мемлекеттің билік ету әдістерін зертгей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы және мемлекетгегі басқа субьектілердін карым-катынасы, олардын құқықтары мен бостандықтарының кепілдік және қамтамасыз етілушілік деңгейі туралы түсінік алуымызға болады. Сонымен, саяси режимге екі түрлі анықтама береміз:

1.                Тар ауқымдағы аныктамасы: мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерімен әдістерінің жиынтығы, оның мазмүндық касиеті.

2.                Кең аукымдағы аныктамасы: демократиялық, құқықтық мемлекетте жеке тұлғаның саяси бостандьщтарының кепілдік дәрежесі, ресми конституциялық және күқықтык үлгілерінің саяси жағдайларға сәйкес келу дәрежесі, билік  дарынын  мемлекет  және   коғамдық  өмірдщ кұкықтык  негіздеріне асынын сипаты. Саяси режим демократиялық және демократияға карсы екі түрге бөлінеді. Демократиялық режим - халықтың басқаруға суына барлық адамдардың тендігі мен бостандығы қағидасын тануға ізделген либералдық режимнің бір түрі. Демократиялық саяси режимде заң ц-ару органдары халық сайлаған алкалы органнан тұрады. Заңда кең Іемдегі әлеуметпк, экономикалық және саяси кұкықтар азаматтардың жынысына, нәсіліне, ұлтына, мүліктік жағдайына, білім дәрежесше және дін түтынуына қарамастан теңдей беріледі. Демократиялық саяси режимде халық мемлекетті басқаруға тікелей араласады, соған сәйкес тікелей және жанама лемократюшар болады. Демократиялық саяси режимде көп партиялы жүйе калыптасады.   Онда   құкыктар   мен   бостандықтардың  кепілдігі   болады.

Зандылық пен кұқықтык тәртіп қамтамасыз етіледі. Пікір көпжактылығы және меншік түрлері қорғалады. Демократияға қарсы режим деп  бір ресми идеологиянын немесе бір саяси партияның үстемдігі мен саяси кұкықтар мен бостандықтардың төмен немесе жоқ болуымен, жазалау және мәжбүр ету шараларының басым колдануымен сипатталатын саяси режимнің бір түрін айтамыз.  Демократияға қарсы режим  авторитарлық және тоталитарлық режимдерге бөлінеді. Авторитарлық режим - халықтың аздаған мөлшерде қатысуымен бір адамның бақылаусыз толық билік жүргізуін білдіретін қоғамның мемлекеттік-саяси күрылымы. Авторитаризмге мынандай белгілер тән:

жогары және жергілікті биліктің қалыптасып, кызмет етуіне

халықтың қатысуынын айтарлықтай кемуі;

жергілікті органдарды орталықка берілетін біркатар дәстүрлі

өкілеттіліктерінен    айырып,    басқаруды    орталықтандыруды

күшейту;

сөзсіз бағынуға және үнсіз орындауға есептелген баскарудың

өкімшілік-әміршілік түріне әуестену;

этатистік қүндылықтарды пайдалану өсіп жатқан тұста құқықтык

кұндылықтардың шынайы маңыздылығы мен қолданылуының іс

жүзінде төмендеуі;

оппозициялық  кызметтің  жария  мүмкіндіктерінің  біртіндеп

тарылып, минимумға жетуі.

Тоталитарлық режим - коғамдық саяси қозғалыспен, саяси партаямен, билеуші элитамен, саяси беделдімен, халық көсемімен қалыптастырылатын бір ресми идеологияның болуымен, мемлекеттің коғам өмірінің барлық салаларына "олық бақылау жүргізуімен сипатталатын авторитарлық режимнщ соңғы үлгісі. Тоталитарлық мемлекеттер тобы әр тектес. Бүл топқа ең алдымен әскери-олицейлік табиғаты айқын көрінетін фашистік мемлекеттер жатады. Тоталитаризмге мынандай ерекшеліктер тән:

- коғамның  тіршілік  әрекетінің  негізгі   салаларын   мемлекет

- қарауына айналдыру;

- барлық қоғамдық бірлестіктерді бүкіл дербестіктен айыру, оларға

- казыналық қызмет бағытын тану, мемлекеттің күкыққа шектен тыс ие болуы.

  Тақырып  4. Мемлекет функциясы. Мемлекеттің тетігі (аппарат) (б.89-99/1/,75-89/9/)



Мақсаты: «мемлекет», «мемлекеттік билік», «мемлекет функциялары», «мемлекет механизмі» ұғымдарын ашып көрсету, арақатынасын анықтау, мемлекет нысанына түсініктеме беру.

Түйін сөздер: мемлекет механизмі, мемлекет қызметі, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билік, әлеуметтік билік, басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим, демократия, монархия, республика, біртұтас мемлекет, федеративті мемлекет, конфедерация, мемлекеттік орган, мемлекеттік аппарат.

  1. Мемлекет функцияларының түсінігі

  2. Мемлекет функцияларының түрлері.

  3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары.

  4. Мемлекет механизмі: түсінігі, негізгі белгілері, кұрылымы.

5.        Мемлекет органы және оның белгілері, түрлері.

6.        Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидалары.

7.        Мемлекеттік биліктің бөлінуі:

а/ Қазақстан Республикасының заң шығару билігіне сипаттама.

ә/ Қазақстан Республикасының атқару билігі.

б/ Қазақстан Республикасының сот билігіне сипаттама.

8.        Мемлекеттік биліктің өзге органдарының құрылу және әрекет ету тәртібі.

1.Мемлекет функцияларының түсінігі. Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, оларда мемлекеттің  мәні  мен мақсаты  көрініс табады.     Мемлекет функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты. олар мемлекететің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары – ауыспа сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жагдайында да өзгереді. Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:

а)   әрекет ету ұзақтыгына қарай  функциялар тұракты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар   мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше  сипаттағы белгілі  бір  міндетті   шешумен  өз  әрекетін жояды.

ә) маңыздылығына қарай - негізгі және косымша функциялар

б)   қоғамдық өмірдің кай саласында жүзеге асырылуына ланысты - ішкі және сыртқы функциялар.

Мемлекеттің ішкі функциялары - оның алдында тұрган ішкі міндетгерді шешудегі кызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құкыктары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті камтамасыз ету функци|ясы, экономикапык функция, салык салу функциясы, әлеуметтік корғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.;

Мемлекеттің сырткы функциялары - оның алдында тұрған сырткы міндеттерді шешуге байланысты кызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы фуикцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекет мен одақтасу функциясы және т.б.

   Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарынын біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:

а) құкык шығармашылық - бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;

ә) құқық қолданушы - бұл құқық қолдану актілерін шығар аркылы нормативтік актілерді жузеге асыруға байланысты мемлекеттік органдардың осы заңдарды орындау мен басқарушылык сипаттағы әртүрлі мэселелерді шешуте байланысты күнделікті жұмыс;

б) қуқык корғаушы - бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қоргауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет.

Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылык-реттеуші - бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың кызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдагы жұмысы;

ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық - бұл бухгалтерлік есеп-пен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалык және шаруашылық жұмыс;

 б)ұйымдастырушылық-идеологиялық - бүл жаңадан қабыл- данған нормативтік актілерді түсіндірумен, коғамдық көзкарасты қалыптастырумен  және  т.б.   байланысты   мемлекеттің   әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.

    Заң әдебиеттерінде «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктер синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің   міндеттері   мен   функцияларын   жүзеге   асыруға бағьггталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлык салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызметті құрайды.

Мемлекет механизмі - мемлекет әрекетінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын, қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатгалатьш мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекет механизмі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны колдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Заң ғылымында «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синонимдер ретінде қолданылады, Дегенмен де, мемлекетгік аппарат - басқару әрекетін тікелей жүзеге асыратын, арнайы биліктік өкілеттіліктерге ие органдар жүйесі, ал «мемлекет механизмі» түсінігіне мемлекеттік аппаратпен катар, мемлекетгік мекемелер мен үйымдар, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың соларға сүйене отырып, өз әрекетін жүзеге асыратын «материалдық қосымшалары» (қарулы күштер, милиция, түзеу мекемелері және т.б.) жататындығын ескеру керек. Сондай-ак, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықта (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды козғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппаратын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органның манызы, күрылу тәртібі, күзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизмін зерттеу барысында мемлекеттік органдардын әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір кызметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады. Аталған көзқарастың авторлары ретінде В.В.Лазарев пен С.В.Липеньді атауға болады.

Мемлекет механизмінін маңызды белгілеріне мыналар жатады:

-ол   өзара   байланысты   мемлекеттік   органдардың   тәртіптелінген

нтығын. яғни жүйесін көрсетеді. Мемлекет механизмше заң шығару

андары (парламент), ез әкімшілігімен коса президент, атқару органдары

імет министрліктер, ведомстволар, меМлекеттік комитеттер, әкімияттар),

от органдары, прокурорлық және өзге де кадағалау органдары, милиция,

алық   полициясы,   карулы   күштер   және  тағы   басқалар   кіреді.   Олар

жиынтығында билік кұрудың біртұтас жүйесш құрайды;

-онын біртұтастығы ортак мақсаттар мен міндеттер аркылы камтамасыз етіпеді Максат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік кұрылымдарды түтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге

бағыттайды;

-мемлекет механизмінің негізгі элементі ретінде биліктік өкілеттіліктерге ие мемлекеттік органдар танылады;

-мемлекетгік билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші.құралы болып табылады.

Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі қүрылысын, оның аралық элементтерінің орналасу тәртібін, олардың өзара бағыныштылығын, қатынасын және байланысын айтамыз. Мемлекет механизмінің қүрылымы мынандай элеменперден түрады:

1)                Мемлекеттік органдар, олар өздерінің тікелей биліктік функцияларын аткару барысында тығыз өзара байланыста және бағыныштылықта болады. Мемлекеттік   органдардың   ерекшелігі   сонда,   олар   мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктерге, яғни мемлекет күшімен, жалпыға міндетті басқармашылық шешімдер    қабылдаумен    байланысты    құралдарға,    ресурстарға    және мүмкіншіліктерге   ие   болады.  Оларға   парламент,   президент,   үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар жатады;

2)       мемлекеттік   ұйымдар,   оны   басқаша,   мемлекет   механизмінің «материалдық қосымшалары» деуге де болады, олар мемлекеттің қорғауәрекетін жүзеге асыруға арналған. Қатарына қарулы күштерді, милицияны,салық полициясын және т.б. жатқызуға болады;

3)       мемлекеттік   мекемелер   -   мемлекет   механизмінің   биліктікөкілеттіліктері болмайтын (олардың әкімшілігін есепке алмағанда), әлеуметтік,мәдени, тәрбиелеу-білім беру, ғылыми аймақтардағы мемлекет кызметін аткарубойынша практикалық  әрекетті  тікелей жүзеге  асыратын бөлігі.  Оныңқатарынан кітапханаларды, ауруханаларды, пошта, телеграф, ғылыми-зерттеуинститутгарын, мектеп, балабақша, жоғарғы оқу орындарын, театрларды жәнет.б. керуге болады;

4)                мемлекеттік кәсіпорындар - бүлар да әкімшілігін есепке алмағандаоиліктік  өкілеттіліктері   болмайтын,   шаруашылық-экономикалық әрекеттіжүзеге асыратын, енім шығаратын немесе өндірісті қамтамасыз ететін, әртүрліжұмыстар атқаратын және қоғам қажеттілігін қанағаттандыру, пайда табу үшін

эптеген қызмет көрсететін мемлекет механизмінің күрамдас бөліьсгері. Оларға казыналық зауыт, фабрикалар және т.б. жатады;

5)                мемлекеттік қызметкерлер - баскарумен арнаулы түрде айналысатынмамандар;

6) ұйымдастырушылық және каржылық күралдар, мемлекет аппаратының әрекетін қамтамасыз ету үшін кажетті мәжбүрлеу күштері.

Мемлекет механизмі мен оның құрылымы озгерместей катып қалған кұбылыстар емес, олар қоғамның даму үрдісіне сәйкес езгерш, жетілдіріліп отырады. Олардың өзгеру деңгейіне ішкі факторлар: елдің аумағы экономикалық даму деңгейі, саяси күштер аракатынасы, мәдени-тарихи үлттық-психологиялық, діни-адамгершілік ерекшеліктері және сырткы факторлар: халықаралық жағдай, мемлекеттің өзге елдермен өзара катынасының сипаты әсерін тигізеді.

2. Мемлекет органы - мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін, мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі болып табылатын, биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруы мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар.

Әрбір мемлекеттік орган мемлекеттік аппараттың салыстырмалы дербес, құрылымдық ерекшеленген, мемлекетпен қатаң анықталған әрекет түрін жүзеге асыру мақсатында құрылған бөлігі болып табылады. Мемлекет органының өзіне тән ерекше белгілері болады:

- мемлекеттік органдар мемлекет механизмінің дербес элементі, біртұтас мемлекеттік ағзаның өзіндік арнаулы орнымен сипатталатын ажырағысыз бөлігі;

- мемлекет атынан және оның өкілеттілігімен әрекет етеді;

- мемлекеттік органдар нормативті-құқықтык актілер (конституция, заңдар және заңға бағынышты актілер) негізінде құрылған және әрекет етеді;

- әрбір мемлекеттік орган тек өзіне тән міндеттер мен қызметтерді атқарады және сол үшін тиісті нысандар мен әдістерді қолданады (биліктік өкілеттіліктерді иемденген, соның ішінде қажетті жағдайда мемлекетгік мәжбүр ету шараларын қолдану да қарастырылған);

- мақсат ортақтығымен сипатгалатын мемлекеттік қызметкерлер мен тиісті құрылымдардан (бөлім, басқарма, аппарат, кеңсе және өзгелерден) тұрады;

- органдардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық база (құрылым, көлік, ұйымдастырушылық техникалары және т.б.) мен қаржылық құралдар (банктегі есеп шоты, қажетті қаржы қорлары т.б.) берілген;

 - мемлекеттік органдар белгілі бір құқықтық мәртебеге ие болады, онда берілген мемлекетгік органның жағдайы және оның нақты әлеуметтік мазмұны көрініс табады;

- мемлекеттік органдардың өзіне тиісті құзіреті  болады.  Құзірет ұйымның заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Ол нақты органға немесе  лауазымды  тұлғаға  мемлекеттік,  яки  қоғамға  маңызды міндеттер мен тиісті қызметтерді тиісті дәрежесінде жүзеге асыру мақсатында беріледі;

- мемлекеттік органдар өз құзіретін үш тәсілмен: а/нормативті актілер (жалпы сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; ә/құқық қолдану актілерін (жеке сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; б/нақты-ұйымдастырушылық әрекеттер жолымен жүзеге асырады;

- мүліктік құқықтарды жүзеге асыру барысында заңды тұлға ретінде көрінеді, яғни өз жауапкершілігі бойынша оған сеніп тапсырылған мүлікпен жауап береді, сондай-ақ өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдене және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқарады, сотта талапкер және жауапкер бола алады;

- мемлекеттік органдар белгілі бір аумақта әрекет етеді.

Мемлекеттік органдар кеп түрлі. Олар әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Құрылу тәртібіне байланысты мемлекеттік органдар тікелей халықпен сайланатын органдар (ҚР Парламенті, ҚР Президенті, маслихаттар) және өзге мемлекеттік органдармен қалыптастырылатын органдар (ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі) болып бөлінеді. Мемлекет әрекетін жүзеге асыру нысандарына байланысты заң шығарушы, атқарушы-жарлық етуші, сот және бақылау - қадағалау органдары ретінде айырылады. Заң шығару органдары мысалы, Қазақстан Республиқасының Парламенті заңдарда қоғам еркін және мүддесін көрсетуге лайықталған арнаулы орғандар; атқарушы - жарлық етуші органдар (ҚР Үкіметі, министрліктер, ведомстволар, мемлекетіік комитеттер, әкімияттар) қабылданған зандар мен заңға башнышты актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге арналған; сот органдары (конституциялық, жалпы құзіреттегі, әскери, өзге де арнаулы сотгар) әділ сотты іске асыруға, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік дауларын қарастыруға, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған; бақылау - қадағалау органдары (прокуратура, өндірістік бақылау органдары, радиациялық қауіпсіздікті бақылау органдары) мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың және азаматтардың заңдарды дәлме-дәл және біркелкі орындауын қадағалайды.

Мемлекеттік органдар билікті бөлу қағидасына сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі. Келесі сұрақта осы жіктелуді негізге ала отырып, дамудың қазіргі кезеңіндегі Қазақстан Республиқасының мемлекеттік билік органдарына токталамыз.

Мемлекеттік органдар орналасу иерархиясына сүйене отырып, республиқалық (мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары) және жергілікті болып екіге бөлінеді. Бағыныштылық сипатына байланысты «вертиқалды» бағыныштылықтағы органдар (прокуратура, сот т.б.) және екі жақты «вертиқалды - горизонталды» бағыныштылықтағы органдар (милиция, мемлекеттік банктер т.б.) болып бөлінеді. Өкілеттілік мерзіміне байланысты тұрақты, яғни әрекет ету мерзімі шектелместен құрылатын органдар (оларға прокуратура, милиция, сот т.б. органдар жатады) және уақытша, белгілі бір міндетті шешу үшін құрылатын органдар түрінде беріледі. Шешім қабылдау әдісіне байланысты мемлекеттік органдар алқалы және жеке органдар ретінде керінеді.

Әрекет етуінің қүқықтық нысандарына сүйене отырып, мемлекеттік рғандарды құқықшығармашылық (парламент, үкімет, мәслихат және т.б.),құқыққолданушы (сот, әділет басқармалары, әкімшіліктер және т.б.) және құқықкорғаушы (салық полициясы, кеден органдары және т.б.) органдар деп бөлуге болады. Құзіреттілігінін сипатына байланысты жалпы құзіретті органдар және арнаулы құзіретті органдар деп бөліп қарастырамыз. Жалпы кұзіреттегі органдар мемлекеттің қоғамдық өміріне қатысты кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға құқылы және оның шешімі барлық субъектілермен орындалуға міндетгі. Ал, арнаулы құзіреттегі органдар өздеріне заңмен бекітіліп берілген мәселелер көлемінде ғана әрекет ете алады.Мысалы, ауылшаруашылық министрлігі, білім беру департаменті.

3. Мемлекеттік аппарат - ұйымдастырылу мен әрекет етудің жалпы қағидаларымен өзара байланысқан мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидалары ретінде оның құрылуы мен қызмет етуінің негізінде болатын маңызды, негізгі идеялар мен ережелерді айтамыз. Олар мемлекеттік аппараттың негізгі мақсаты мен міндеттерін, әлеуметтік-таптық мәнін, әлеуметтік мазмұнын ашады.

Мемлекетгік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидалары мемлекет механизмінің көпжылдық әрекеті барысында жасалған, негізделген және өмірге енгізілген. Олардың қатарына мына қағидаларды жатқызуға болады:

-   мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің заңдылық қағидасы. Бұл қағида барлық мемлекет қызметкерлерінің Конституцияны, заңдарды және заңға бағынышты ақтілерді міндетті түрде сақтауын және орындауын білдіреді. Осы тұста айта кететін бір мәселе, бұл қағиданың заңдық қана емес, саяси да сипаты болады, әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет етуінің негізгі әдісі ретінде көрінеді. Заңдылық қағидасы оған бағынышты органдардың,  ұйымдар мен мекемелердің қолданыстағы нормативті-құқықтық ақтілерді қатаң және бұлжытпай орындауын қамтамасыз етуді, коррупциямен, сондай-ақ қандай да болмасын азаматтардың құқықтары мен    бостандықтарын   бұзумен    күресті  білдіреді.    Заңдылық   негізін Конституциялар және оны дамыту үшін қабылданатын заңдар құрайды.

-   адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы.  Құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасап отырған қазіргікезеңдегі мемлекеттерде негізгі қағиданың бірі ретінде маңызды орынға ие болған аталмыш қағида мемлекеттік қызметкерлердің адам және азаматқұқықтары мен бостандықтарын тануын, сақтауын және корғауын білдіреді.

-  демократизм қағидасы. Ол азаматтардың мемлекетгік органдарды қалыптастыруға және әрекетін ұйымдастыруға кең түрде қатысуын білдіреді. Қазақстан   Республиқасында   мемлекеттік   аппаратты   қалыптастырудың демократизм қағидасының әрекет етуіне мысал ретінде  ҚР Президентін, ҚР Парламенті депутаттарын, жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға кәмелетке толған барлық азаматтардың қатысатындығын көрсетуге болады. Мемлекеттік органдар басым түрде өз әрекетін ұйымдастыру барысында да халықтың пікірімен санасып, оларды негізгі бастау ретінде қолданады.

- біртұтас мемлекеттік билікті тәуелсіз заң шығарушы, атқарушы, соттармақтарына бөлу қағидасы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың тарапынан болуы мүмкін талан-тараждың деңгейін жокқа шығару мақсатын көздейді және сонын механизмін қалыптастырады.

-  жариялылық қағидасы - құқық субъектілерінің нақты мемлекеттік ғаннын практиқалық әрекеті туралы хабардарлығын қамтамасыз етеді.

-  кәсібилік қағидасы мемлекеттік органдардың кәсіби негізде құрылуын білдіреді. Бұл өз алдына мемлекеттік аппарат әрекетінде барынша білікті мамандарды пайдалануға жағымды жағдайлар жасайды, мемлекеттік өмірдің негізгі мәселелерін шешуде ел тұрғындарының мүддесіне назар аударудың жоғарғы деңгейіне жетудің кепілі болады.

-    алқалылық пен жеке шешімдерді тиімді ұштастыру қағидасы -мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастауларының қажетті арақатынасын қамтамасыз етеді.

-    сайланбалылық пен тағайындалмалықты  ұштастыру қағидасы -мемлекеттік     басқарудағы      орталықтандырудан      бас     тарту     мен орталықтандырудың тиімді арақатынасын көрсетеді.

-    сатылық /иерархиялық/ қағидасы мемлекет органдарының әр түрлі денгейін, бір-біріне бағыныштылық жүйесін, жоғарғы органның шешімінің төменгі органдарға міндеттілігін керсетеді.

Аталған қағидаларды мемлекеттік органдарды құру барысында және олардың қызметінін барысында жан-жақты есепке алу қоғамды мемлекеттік басқарудың барынша тиімділігін қамтамасыз етуте ықпал етеді.

4.Билікті бөлу теориясы, кейде қағидасы ретінде де айтылады, осыдан үш жүз жылдай бүрын ағылшын философы Джон Локк пен француз кұкықтанушысы Шарль Луи Монтескье еңбектерінде тұжырымдалды. Ғылыми әдебиетте билікті бөлу теориясын қалыптастыру үрдісінің үш кезеңі ажыратылып қарастырылады. Біріншісі, билікті бөлу түжырымдамасының пайда болуына мүмкіндік жасаған дүниетанымдық кор мен жағдайды қалыптастыру, оның құрамдас бөліктерін бекіту. Әрине, бұл тұжырымдаманың бос жерден шықпағаны белгілі, ол осыған дейінгі мемлекеттік-құқықтық өмірді ұйымдастырудың тарихи тәжірибесімен және әлеуметтік-саяси дамумен дайындалды. Екінші кезең тұжырымдаманың өзін қалыптастырумен, оның құрамдас бөліктерін бекітумен және оларды өзара байланыстырумен сипатталады. Үшінші кезеңде билікті бөлу теориясының негізгі ережелерін өмірге енгізуге байланысты пайда болған алғашқы практикалық тәжірибеге сүйене отырып, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу әрекеті орын алды.

Билікті бөлу қағидасының негізгі талабы бойынша, саяси бостандықты бекіту үшін, заңдылықты қамтамасыз ету және қандай да болмасын әлеуметтік таптың, мекеме мен жеке адамдардың тарапынан билікті бас пайдасына лайықтауды болдырмау үшін, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қажеттілігі анықталынады.   Заң шығару билігі халықпен сайланған және қоғам дамуынын стратегиясын заңдар қабылдау жолымен жасауға  арналған топтың қолына беріледі. Атқару билігі биліктің

ч органдарымен тағайындалады және заңдарды жүзеге асырумен және

л-шаруашылық   әрекеттерімен   айналысады.    Сот   билігі   бүзылған

құқықтарды қалпына келтіруге, кінәлілерді әділ жазалауға кепіл болады.

Биліктің әр тармағы дербес, тәуелсіз, бірін-бірі тежеуші билік тармақтары болғандықтан, өз қызметін органдардың ерекше жүйесі көмегімен және арнаулы нысандарда жұргізуге тиісті.

Біртұтас мемлекеттік билікті бөлу қағидасымен қатар пайда болған және дамыған билік тармақтарынын арасындағы өзара тежеу және қарсы салмақ көрсету /тежемелік және тепе-тендік/ жүйесі туралы да айтпай кетуге болмайды. Конституцияларда, заңдарда бекітілген «тежемелік және тепе-тендік» жүйесі нақты мемлекеттік билшке: заң шығарушы, атқарушы, сотқа қатысты құқықтық шектеулер жиынтығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы да тәуелсіздігіне қол жеткізген мезеттен бастап, батыстық өркениеттің жемісі ретінде танылған мемлекеттік билікті бөлу қағидасына ден қойғандығын білдірді. Бұл бір жағынан, кеңестік дәуірде «барлық билік кеңестерге» деген қағидадан көрген зардаптың да шешімі болар. Қалай деген күнде де аталмыш қағида алдымен «Қазақ КСР-ның егемендік туралы Декларациясында», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңында, кейінірек Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. Қазіргі таңца Негізгі заяымыздың 3 бабына сәйкес: «Республикада мемлекеттік бшіік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына беліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңцік жүйесін пайдалану аркылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.»

а/ Қазақстан Республикасында заң шығару қызметі ең жоғарғы өкілді орган - Парламентке берілген. Қазақстан Республикасыньвд Парламенті екі палатадан  Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық манызы бар қаладан (Алматы) және Республика астанасынан екі адамнан аталған жерлердің мәслихатының немесе ақтивінің отырысында жанама сайлау жолымен алты жылға сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын оның өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс - өкілдер палатасы - өкілеттік мерзімі бес жылға сайланатын жетпіс жеті депутаттан құралады. 67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша жалпыға бірдей. тең және тете сайлау құқығы негізінде сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау окрутінің аумаш бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады.

Парламент Қазақстан халқының әр алуандылығын объективті түрде көрсетеді, себебі ол әр түрлі аумақтық окруттер бойынша саяси үрдістің алуан субъектшерінің жанама және тікелей түрде қатысуымен сайланып қурылады. Әр алуан болғанымен біртұтас Қазақстан халқының өкілеттілігінің толықтығы, олардың еркі мен мүдделерінің дер кезінде үздіксіз заң ақтілерінен көрініс табуы, біздің мемлекетімізде Парламент пен Президенттін заң шығарушы әрекетін қажет етеді. Әрине қоғамдық және құқықтық қатынастарда олардың заң шығарушы әрекеттері қайталанбай, бірін-бірі толықтырып отырады.

Парламентке Конституцияның 61 бабының үшінші белігінде көрсетілген негізгі қоғамдық қатынастарды реттеп, мына салаларды қамтитын негізгі

қағидалар мен нормаларды бекіту жүктеледі: 1)жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне; 2)меншік режиміне және өзге де мүліктік кұқықтарға; 3)мемлекеттік органдар мен жергілікті езін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 4)салық салуга, алымдар мен басқа да міндетті телемдерді белгілеуге; 5)республикалық бюджетке; 6)сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; 7)білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; 8)кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 9)айналадағы ортаны қорғауға; 10) республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісіне; 11)мемлекет қорганысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуте қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.

Парламент өкілеггілігі тек заң шығарумен шектеліп қана коймайды. Заң қабылдау мен конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуден басқа ол мемлекеттік билік органдарына әр түрлі жолдармен ықпал ете алады:

-үкіметтің дербес құрамын қалыптастыруға қатысады.(53 баптың 5 тармағы, 55 баптын 1,2 тармағы және 56 баптьщ 33 тармағы). Атап айтатын болсақ, Президенітін Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрагасын тағайындауына келісім береді. Республика Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы сотының Торағасын, Жоғарғы сот Алқаларының терағаларын және судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың анттарын қабылдаумен айналысады. Республика Президентінің Республиканың Бас ІІрокурорын, және ¥лттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беруді жүзеге асырады. Республика Президентінің ұсынуымен Орталық сайлау комиссиясының Төрағасьш, Төрағасының орынбасарын, хатшысы мен мүшелерін сайлау және қызметтен босату қызметімен айналысады.

-бюджеттік екілеттіліктерді жүзеге асырады. Республикалық бюджетті және Үкшетпен бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке езгертулер мен толықтырулар енгізеді. Республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талкылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды.

-корганыс және сырткы саясат аймақтарьшда өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Палаталардың бірлескен отырысьшда соғыс және бітім мәселелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.

-парламенттік бақылауды қолданады: Үкіметті, есеп комитетін бюджеттің атқарылуына байланысты бақылайды, Конституциялық Кеңестің Республикадағы конститушялық завдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тындайды.

Сондай-ақ, Үкімет Премьер-Министр аркыяы өз бағдарламасын Парламенттің қарауына ұсынады, бұл оның жоғарғы өкілді орган алдыңда

есептілігін көрсетеді. Парламент екі түрлі жағдайда Үкіметке сенімсіздік көрсете алады:

-Үкімет бағдарламасын әр палата депутаттарынын жалпы санының үштен екісінің даусымен екінші мәрте қабылдамай тастау Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді.

-әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен, Парламент депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсіздік біддіреді.

Жаңа Конституцияның қабылдануы парламенттік қызметті ұйымдастырудың неғұрлым дамыған тұріне көшуді дәйекті жүзеге асырады. Қазақстанның жоғарғы өкілетті өкімет органы шағын және құзырлы депутаттық корпусы бар республикалық және аймақтық мүдделерді үйлесімді ұштастыратын заң жобасы жүмысын жоғарғы сапамен қамтамасыз етуге қабілетті шынайы кәсіпқой органға айналдьі; Орталықта және жергілікті жерлерде өкілеттілікті айқын ажырату принциптері билікті бөлісу және олардың өзара іс-кимылын неғұрлым тиімді ұйымдастыру бағыты бұдан әрі де жалғасады.

Парламенттщ екі палаталық құрылымының беретін басымдылықтары қатарына мыналар жатады: жан-жақты кесіліп-пішілген заң шығару саясатын қапыптастырута мүмкіндік береді, заң жобаларының дайындалу деңгейін және сапасын көтереді. парламент пен оның депутаттарының жауапкершілігін арттырады, депутаттар мен палаталардың арасындағы додалықты тудырады, парламент еңбегінің кәсібилігі мен қаркындылығы дәрежесін көтермелейді. Сондай-ақ, бұл жүйе атқару билігі органдарына да косымша стимул болады: өз шешімдерін барынша ықтиятты түрде дайындайды, себебі ол бір емес, екі мәрте қараудан етеді, парламенттің бақылау мүмкіншіліктері арта түседі.

ә/. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының Қазақстанда Президенттік басқаруды енгізуі мемлекеттік билік тармақтарынын арасында атқару билігінің алатын орны мен жауапкершілігін арттырады. Бұнда Үкімет атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқарушы дербес орган ретінде танылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі - салалық және салааралық мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен өзге де орталық және жергілікті атқару органдары жүйесін басқарушы лауазымды тұлғалардан құралған, Президентке жауапты, Парламентке есепті, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Президент жарлықтарын орындауды қамтамасыз ету бойынша өкілеттіліктерді иемденген, еліміздің барлық аумағында жалпыға бірдей міндеттілік күші бар заңға бағынышты ақтілерді қабыддау құқығы бар атқару бклігінің жалпы құзіреттегі алқалы органы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылу тәртібіне токталатын болсақ, ол Президентпен Конституцияда көрсетілген тәртіпте құрылады. Премьер-Министрдің қандидатурасы келісім алу үшін Парламенттің қарауына үсынады, келісім алынғаннан кейін Президент өз жарлығымен тағайындайды. Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтін құрылымы мен

МЬІ хуралы ұсыныспен Президентке кіреді. Президент Премьер-Министр н онын орынбасарларын, Үкімет Аппараты басшыларын, Мшшстрлер мен емлекеттік   комитеттер   төрағаларын   тағайындайды.   Үкімет   мүшелері Қазақстан халкы мен Президентіне ант береді.

Үкімет Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде әрекет етеді. Президент өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін токтату туралы шешім қабылдауы мүмкін, онын кез келген мүшесін лауазымынан босатуға хақылы. Премьер-Министрді орнынан босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін токтату дегенді білдіреді. Үкімет немесе оның кез келген мүшесі Президентке өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Президент оны он күндік мерзім ішінде қарастырып, оны қабылдауы да, қабылдамауы да мүмкін. Үкімет мүшесі өкілді органнын депутаты болуға, окытушылық, ғылыми және өзге шығармашылық әрекеттен басқа ақылы лауазымда болуға, кәсіпкерлікпен айналысута,коммерциялық ұйымның басқарушы органы құрамына немесе бақылаушы Кеңесіне кіруге

құқығы жоқ.

Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін бір ай мерзім ішінде Үкіметәрекетінің бағдарламасын дайындап, Парламенттің қарауына ұсынады.Парламент оны қолдаудан бас тартса, екінші мәрте әзірлеп, екі ай ішіндеқарауға ұсынады.    :;

Қазақстан Республикасы Конституциясына сай Үкімет мемлекеттің атқару билігінің жоғарғы органы ретінде атқару органдары жүйесін басқарады. Конституция нормасында «біртұтас» ұғымының болмауы атқару органдарының біртұтас жүйесі жок дегенді білдірмесе керек-ті. Бұл Конституцияның 87 бабымен дәлелденеді, онда «жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасы атқару органдарының біртү/гас жүйесіне енеді»- деп керсетілген. Үкімет біртұтас атқару билігі жүйесіне енетін министрліктер, мемлекеттік комитеттер және өзге ведомстволардың жүмысын бағыттаи отырады.

Үкіметтің атқару билігі жүйесіидегі жоғарғы орган ретіндегі жағдайы Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырылатын және жергілікті атқару билігі органдарына таралатын өкілеттіліктерімен қамтамасыз етіледі.

Үкімет құзіретш экономикалық; әлеуметтік; ғылым, техника, білім беру және мәдени; әкімшілік-саяси басқару; заңдылық пен құқықты тәртіпті нығайту, сыртқы саясат аймағында деп бөліп қарастыруға да болады. Мысалы, экономика саласындағы өкілеттіліктеріне жоғарыда аталғандармен қатар мемлекеттік валюталық, қаржылық және материалдық ресурстардың құрылуы мең пайдалануы барысында заңдылықты сақтауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру; баға қалыптастырудағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекетпен реггелінетін баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет Іоменклатурасын бекіту де жатады. Үкіметтің әлеуметтік саладағы құзіретіне аимақтардың әлеуметтік дамуы мәселелерін шешуді қамтамасыз ету, жастар мәселесін шещуге ықпал ету дегендер жатады.

Әкімшілік-саяси басқарма саласында Үкімет консультативті-кеңесші органдарды құрады және таратады, министрліктер мен мемлекеттік

комитеттердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқару органдарының әрекетін басқарады, министрлердің орынбасарларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады, жергілікті атқару органдары әрекетіне басшылық жургізеді.

Заңдылықты нығайту және құқьщтық тертш саласында кұқықтық реформаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Сыртқы саясат саласында Үкімет келісімдер жүргізу туралы және үкіметарадық келісімдерге қол коюға шешім қабылдайды; республиканың шет елдік мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен езара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сырткы экономикалық саясатты жүзеге асыру шараларын әзірлейді; сырткы сауданы дамыту шараларын қабылдайды; халықаральщ қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен езара әрекеттестікті жүзеге асырады.

Үкімет әрекетінің құқықтық қайнар көздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Үкіметі -туралы» конституциялық заңды, өзге де заңдар мен Президент жарлықтарың атауға болады. Үкімет өз құзіреттілігінің шегінде нормативті және өзге де ақтілерді кдбылдайды, заңдардың, Президент жарлықтарының орындалуың ұйымдастырады, халықаралық келісімдер жасайды, атқару билігінің барлық органдарына басшылық жасайды, олардың әрекетін бақылайды, заңдарды бұзуды жою үшш тиісті шараларды қабылдайды.

б/. Биліктің жіктелуі теориясына сай тәуелсіз билік тармақтарының келесі тұрі - сот билігі. Сот билігі Қазақстанда Жоғарғы соттың басшылығымен сот органдарының жүйесімен жүзеге асырылады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүргізіледі, негізгі міндеті адам және азамат кұқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық ақтілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындаута міндстті.

Тәуелсіз сот органдарының құрылу тәртібіне келетін болсақ, Жоғарғы Соттың Төрағасын, алқаларының төрағаларын және судьяларын Жоғарғы сот Кеңесшің кепілдемесіне негізделген Республика Презвдентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, • алқаларының төрағаларын және судьяларын Жоғарш сот Кеңесінің кепілдемесшен Республика Президенті қызметке тағайындайды. Аудандық соттардың терағалары мен судьялары Әділет бшіктілік алқасынын кепілдемесіне негізделген Әділет Министрінің үсынуымен Республика Президентімен тағайындалады. Сот билігі азаматтардың, олардың бфлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын және мемлекетпк органдардың, ұйымдардың заңды мүдделерін қоргайды.

Соттардың шын мәніндегі тәуелсіздігін қамтамасыз ету   мақсатында Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы»9ПОО жылдың 25 желтоксанында жаңа негіздегі заң қабылданды. Жаңа заңға „      сот органдарының тәуелсіздігіне қол жеткізілді деп санауға болады:соттардың әділет органдарына тәуелділігі жойылды, қаржылық қамтамасыз етілу мәселесі де, материалдық - техникалық қамтамасыз етілу дәрежесі де оң жолға қойылған тәрізді.   Қазақстан  Республикасы Жоғарғы сотының  қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Жоғарғы Соттың Аппараты жүзеге асырады. Жергілікті соттардың қызметін аталған негізде ұйымдастыру Президент құратын уәкілетті мемлекеттік органмен жүзеге асырылады.

Құқықтық мемлекетте әділ сотты тек сот органдары ғана атқарады. Сотпен бақыланатын мемлекет өзі онын әлеуметтік маңыздылығын барынша жоғарғы деңгейге көтеруге, әділ соттың толық тәуелсіздігіне кепілдік беруте тиісті. Қоғам мен мемлекет қазіргі кезеңде жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың - саяси, экономикалық, әлеуметтік - кепілі жаңа әділ сот болуы керектігін түсінуі қажет.

Билікті жіктеу қағидасын конституциялық-кұқықтық бекітудің мақсаты, бірінші жағынан өз өкілеітілігі шегінде әрекет ететін органдарды мемлекеттік биліктін тәуелсіз субъектісі ретіндегі құкьіктық мәртебесін бекіту болса, екінші жағынан, құқықтық мемлекеттің өзі билікті тиімді жіктеудің шарты мен негізі болып табылады.

5. Республика Президенті мемлекеттін ішкі және сыртқы әрекетінін негізгі бағыттарын айкындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға, мемлекет басшысы. Сонымен бірге ол мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жүмыс істеуін және екімет органдарының халық алдыңдағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін төреші ролін атқарады. Қазақстан Республикасы Президенті мемлекеттік билік тармақтарына қатысты белгілі дәрежедеп өкілеттіліктерге ие. ҚР Президенті Парламентке Премьер-Министрді тағайындау туралы үсыныс енгізеді және оны орнынан алып тастауға кұқылы. Президент Үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ел басшысы заң. шығару үрдісіне қатысады, кері вето /тыйым салу/ құқығына ие, яғни Сенат қол қоюға және жариялауға ұсынған заңды қол қоймай Парламентке оны тұтастай немесе жекелеген баптарын қайтадан талкылап, дауысқа салу үшін қайтаруға құкылы. Парламент келісімімен Үлттық банкінін терағасын, Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық қауіпсіздік комитетінің Тврағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады. Сенатқа ҚР Жоғарғы Сотының Кеңесі кепілдемесше сүйене отырып, Жоғарғы Соттың Терағасының, алқа төрағаларының, судьяларының қандидатурасын ұсынады. Қаушсіздік кеңесін, оғаррьі Сот Кеңесін және өзге де консультациялық-кеңесші органдарды құрады. Республика Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшылығын қызметке тагайындайды және қызметтен босатады.

Қазақстан Республикасында Парламент қабылдаған заңдарды, халықаралық шарттарды бекіткенге дейін Конституцияға сәйкестігін қарайтын, дау туған жағдайда Республика Президентшщ, Парламент депутаттарынын сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешетін. Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін арнаулы мемлекеттік орган Конституциялық Кеңес әрекет етеді. Конституциялық қадағалау органы өкілеттілігі алты жылды құрайтын жеті мүшеден тұрады. Республика Президенті оның Төрағасы мен екі мүшесін, екі мүшесін Сенат төрағасы, қалған екеуін Мәжіліс төрағасы тағайындайды. Конституциялық Кеңестің мүшелерінің жартысы әр үш жыл сайын жаңарып отырады. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі мынандай жағдайлармен анықталады:

-      оның шешімдері мен талаптарының елдің барлық аумағындағыміндеттілігі;

-      оның әрекетіне қол сұғуға жол берілмейтіндігі;

-      шешім,   қаулы,   корытынды,   жолдамаларды   қараудан   немесеорындаудан    бас   тарту    не    болмаса   бұлтару   үшін   заңдыжауапкершіліктің туындауы;

-      Конституциялық Кеңестің мүшелерінің саяси қызығушылықтардантаза болуы және өз әрекетінде тек заңға жүгінуі керектігі;

-      оның мүшесі Конституциялық Кеңестің қарауына алынған мәселебойынша шешім қабылданғанға дейін өз пікірін ашық жарияламауықажеттігі;

-      тек  құқықтың  аймағына кіретін  мәселелерді  ғана  қарау жәнебекітілген мерзім ішінде қарастырып, шешім шығару қажеттігі.

Қазақстан Республикасы прокуратурасы — мемлекет атынан ел аумагындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де заңра бағынышты нормативті-кұқықтық ақтілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асыратын дербес мемлекеттік орган. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы бас болып, облыстық және оларға теңестірілген арнаулы прокуратуралар, аудандық прокуратуралар қоштаған аталмыш органдар заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Прокуратура органдары жүйесі бірыңғай орталықтандырылған. ол өз екілеттілігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді. Бас Прокурорды Парламент Сенатының келісімімен Президент бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.

Прокуратура органдары сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды. Сондай-ақ, заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте кылмыстық қуғындауды. іске асырады. Прокуратура органдарының аталған өкілеттілігі қазіргі кезеңдегі қазақстандық заң әдебиетінде қызу қарастырылып жатқан келелі мәселенің бірі.

Тақырып  5