Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория гос и право.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
251.67 Кб
Скачать

2.Құкық бұзушылықтардын түсінігі, белгілері және түрлері. Құкық бұзушылык - бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқық бұзушылықтың белгілері: Әрекет немесе әрекетсіздік; Кінә; Құқыкқа қайшылығы; Зиянды нәтиже; Әрекет пен зиянды нәтиженін арасындағы себепті байланыс; Заңды жауапкершілік. Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқық бұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.

Қылмыстар - бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұксан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен корғалатын кылмыстық құқық бұзушылықтар. Құқық бұзушылықтардың баска түрлеріне карағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстык әрекеттердің тізімі нақты анықталған және олар кеңейтілген түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.

Теріс кылықтар - әлеуметтік қауіптіліктің, қылмыска карағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, коғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мұмкін, әр түрлі нұксан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.

Теріс қылыктардың түрлері:

- Азаматтық - бұл мүліктік және жеке мүліктік емес катынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді  орындауды, азаматтын абыройы  мен қадір қасиетіне нұксан   келтіретін   мәліметтерді  таратуды  және  т.б.   білдіретін кұқық бұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқкықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрде  орындату  сияқты  санкциялар     және басқа да құқықты қалпы на келтіруші санкциялар кезделген.

- Әкімшілік - бұл заңмен орнықтырылған қоғамдык тәртіпке, мемлекет органдарынын аткарушылық-өкімдік қызметі саласындагы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқық бұзушылыктар. Әкімшілік құкық бүзушылықтар ушін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құкығы) жэне әкімшілік заңнамамен көзделген баска да санкциялар көзделген.

- Тәртіптік - бұл еңбек катынастары саласында жүзеге асырылатын, кәсіпорындардың. ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тәртібіне нұксан келтіретін құқық бұзушылыктар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін - Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін - арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.

Құқық бұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар құқықты калпына келтіруші және айыппұлдык болып бөлінеді. Қуқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мәжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде калпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.

3.Құқық бұзушылықтың заңды кұрамы - бұл кұқық бұзушылықтың занды жауапкершілікке тарту үшін қажетті және жеткілікті белгілерінің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:

Құқык бұзушылықтын, субъектісі - бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті  жасаған   құқық әрекетқабілетті  жеке тұлға  немесе әлеуметтік ұйым;

Құқық бұзушылықтың объектісі - бұл осы құқық бұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулык, абырой, мүлік және т.б. жатады;

Құкық бұзушылықтың субъективтік жағы - бұл тұлганың ез әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бүл жерде басты категория болып   кінә   табылады.   Кінә   дегеніміз   тұлғаның  өзі   жасаған кұқықка кайшы әрекетіне психологиялық катынасы. Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасаканалықта тұлға өз әрекеттерінің коғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын каламаса да, олардын туындауына саналы түрде жол береді. Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайлылык. Менмендікте тұлға өз әрекеттерінің қоғамға кауіпті салдарын тусінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз әрекетгерінің коғамға қауіпті  салдарын  болжай  алмайды,  алайда дұрыс  зейін  койғанда оларды байқауы мүмкін әрі тиіс еді.

Қүқық бұзушылықтың объективтік жағы - бұл осы құқық бұзушылыкты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыкқа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

4. Заңдьг жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары. Заңды жауапкершілік — бұл құкық бұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте колдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылык сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

Заңды жауапкершіліктің белгілері:

1.         Оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады;

2.         Мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;

3.         Арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;

4.         Жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;

5.         Жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;

6.         Іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;

7.         Тек жасалған құқық бұзушылық үшін ғана туындайды.

Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқық бұзушылык табылса,оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқық қолданушы акт табылады. Құкык қолдану актісінде кұзіретті орган нақты бір құқық бұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай кұкық қолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.

Заңды жауапкершіліктің кағидалары:

Заңдылык - жауапкершіліктің тек кұқық бұзушылык (яғни, құқық әрекеткабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;

Әділеттілік - жазаның кінәға сәйкестігін, теріс кылықтар үшін кылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін;

Кінәліге бір құқық бұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;

Негізділік - істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;

Ізгілік (гуманизм) - адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге жэне қолданута тыйьім салуды білдіреді;

Жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы – жасапған кылмыс үшін занды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;

Мақсаттылық – құқық бұзушыға катысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.

   Занды жауапкершіліктің түрлері. Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:

1.             Қылмыстық - тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және кылмыстык жауаптылыққа тартылмауы тиіс.  Қылмыстьық жазалау шаралары – кінәлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мәжбүрлеудің ең катаң нысандары - бас бостандығынан айыру, өлім жазасы жэне т.б.;

2.             Әкімшілік - әкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды және айыппұл, арнайы құқығынан айыру және т.б. сияқты шаралардан көрініс табады;

3.             Азаматтық - мүліктік сипаттагы шарттық міндеттемелерді бұзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру   үшін туындайды, азаматтык-қүқықтык жауапкершіліктің негізгі кағидасы – зиянды толығымен өтеу;

4.             Тәртіптік – енбек, оқу, қызметтік, әскери тәртіпті бұзу үшін колданылады; тәртіптік жауапкершілік шаралары - сөгіс, қатаң сегіс, жұмыстан шығару және т.б.;

5.             Материалдық  -   қызметкерлер   мен   жүмысшылардың   өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.

   Әрекеттің құқыққа қайшылығын және заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар. Оларға мыналарды жаткызуға болады: Есі дұрыс еместік - тұлганың өз әрекеттеріне есеп бере алмауы; Қажетті корғаныс — мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүдделерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқсан келтіруші тұлғаға зиян келтірумен сипатталады, алайда, кажетті корғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың нұқсан келтірушіліктің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне айқын түрде сәйкес келмеуі орын алмауы тиіс; Аса қажеттілік — мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның, мүдделеріне қауіп төндіруші әрекетті жою жағдайында мүмкін, койылатын шарт — бүл қауіп басқа құралдармен жойыла апмауы қажет және аса кажеттіліктен туындаған зиян алдын алған зияннан аз болуы тиіс; Қоғамға аса кауіптілігі жоқ құкық бұзушылық; Казус (жағдай) және т.б.