Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория гос и право.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
251.67 Кб
Скачать

3. Гипотеза, диспозиция, сашсция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманық күрылымдық элементтері.

Гипотеза өмірлік жағдайларға сілтейтін, солардың болуы арқасында оның диспозициясы жүзеге асатын заңдық норманың элементі.

Гипотезаның көмегімен анықталған абстрактілі әрекет нұсқасы нақты өмірлік жағдайларға,  субъектілерге, уақытқа жеке бекітіледі.

Гипотезанын    шеңберінде     жалпы     мен     жекенің    диалектикалық әрекеттестігі жүзеге асады.

Диспозиция - құқықтық қатынастың қатысушылары орындауға тиісті әрекет тәртібіне сілтейтін заңдық норманың элементі.

Дисиозиция зандық норманың туп тамыры - әрекет тәртібі. Сондықтан да, кейде заң әдебиетінде құқык нормасы диспозицияға саяды. Бірак құқык нормасы бір диспозициядан тұруы мүмкін смес. Диспозиция гипотезамен, санкциямен үштаса отырьш өзіндік реттеушілік қасиетіне ие болады.

Диспозиция әрқашан да құқықтық әрекеттің моделі. Осыған байланысты қылмыстық кұқықтың кейде жалпы теоретикалық әдебиеттерінде гипотезаны диспозиция деп те атайды.

Қылмыстық құқықтық нормада диспозиция көп жағдайларда тікелей көрсетілмеген, бірақ гипотезаны талдау арқылы логикалық жолмен оңай тағайьшдалады. Қылмыстық әрекет жасауға тыйым салу осындай жағдайлардың диспозициясы ролін атқарады.

Зандық норманың санкциясы оны логикалық аяқтайтын құрылымдык элементі.

Құқықтық нормадағы санкциянық мазмұны заң әдебиетінде құқық бұзушы үшін пайда болатын мемлекеттік күштеу шаралары, жаза арқылы беріледі. Әрі осындай түсініктің шеңберінде санкция ұғымының әр тұрлі бейнесі көрсетіледі.Санкция жинақтық түсінік, онда:

а)  онда ретроспектиңтік жауапкершілік шаралары;

ә) ескертпелік әсер ету шаралары;

б)   қорғау шаралары;

ң)   субьектінің  әрекетінің   нәтижесінде   пайда   болған  жағымсыз салдар     жинақталады.      Олардың     мәндік     және      біріктірушілікерекшеліктерінің     жағымсыз     салдарын     көрсетеді     (материалдық, үйымдастырушылық немесе жеке сипаттағы айырулар), бүлар нормадатағайындалған   әрекет  тәртібін  бүзған  немесе   оларды   орындаудан қашатын субьектілерге қатысты пайда болады.

Ретроспектиңтік жауапкершілік шараларыныц мазмұньш талап етілетін   стандарттан   ауытқьш   кету   салдарынаи   адамдарда   пайда болатын қосымша айырулар құрайды. Ескертпелік әсер ету шаралары құқық бұзушылықтың алдын алатын, болашақта қоғамдык қатынастардың дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ететін жағдайларға нұсқайды. Ескертпелік әсер ету шараларьш құқықтың барлық салаларында жеке, жалпылық преңентация қызметін аткарады. Қорғау шараларьшық мазмұнын субьектіге келтірілген зиянды жою мен оның бүзылған құқьаын қалпына келтіру құрайды

Санкция мемлекеттік күштеуден және ретроспектиңтік заңдык жауапкершіліктен ажыратылмайды. Бүл екі түсінік арасындағы қатынас мьшадай: санкция - заңдық жауапкершіліктің түрі мен шарасының жиынтығы.

4. Құқық нормаларының тағайықцалуы мен реттеу мүмкіндігі туралы толык түсінік нормаларды әртүрлі негізде жіктеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты құқық нормалары мьшадай тұрлерге бөлінеді:

1.          реттеуші;

2.          қорғаушы.

Әрбір норма адамнық еркіне, санасьша ықпал етеді, онық іс-әрекетін реттейді. Сондықтан реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық қатынастарға катысушыларға берілетін құқықтар мен міндеттерді жүктейтін нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардық әрекеті тікелей реттеледі.

Қорғаушы нормалар қүкыктық жауапкершілікті және басқа субьективті құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бүл жерде адамдардың әрекетін ретгеу жанама тұрде іске асырылады. Белгілі бір салаға тиістілігіне байланысты қорғаушы нормалар кылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік больш жіктеледі. Аталған құқық салалары нормалар негізінде қоғамдық қатынастарды корғауға мамандандырылады.

Құқық нормаларын қолданудың теориясы мен тәжірибесі үшін құқық нормалары мен олардың элементтерінің келесі жіктелуі неғұрлым маңызды:

а)   реттеу пәніне байланысты;

ә) қолдану аймағына байланысты;

б)  бағыныштылығына байланысты;

ң)  құқық субьектілерінің әрекетіне әсер ету әдістеріне;

г)   нұсқау үлгілеріне байланысты;

д)   әрекет етуінің шегіне байланысты;

е)   құрылуьша байланысты.

Құқык нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялық, азаматтық, кылмыстық, әкімшілік, экологиялық және т.б. болып бөлінеді.

Қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы жәнс төтенше болып бөлінеді. Жалпы нормалар - барлык адамдар мен заңдық ұйымдарды қамтитын аныктаушы қағидалык ережелерді бекітеді. Жалпы нормалармен қатар, өз әрекетін толық анықтаған адамдар тобына, органдарға, үйымдарга арнаулы нормалар жұмыс жасайды, ал төтенше нормалар құқык субьектілерінің нақты түріне арналған, ерекпіе реттеуді қажет ететін жагдайларды көрсетеді.

Кұқық нормалары қоғамдық қатынастарға қатысушылардың әрекетіне әртүрлі әсер етсді. Бүл әрекетке міндеттей алады немесе белгілі бір әрекеттерді жасауға өкілеттілік береді, не болмаса әрекет жасауға тыйым салады немесе әрекет жасауды көтермелейді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және котермелеуші нормалар деп бөлінеді.

Құқық нормалары заң нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Заң нормалары өздерінің заңдық күшіне байланысты өзге нормалардың арасында басты маңьпды орынға ие болады. Заңға бағынышты нормалар заң нормаларыпа бағынышты, солардың негізінде және оларды жүзеге асыру үшін, чацдарды орындау үшін шығарылады.

Нұсқау үлгілеріне байланысты күқықтық нормалар императиңті, үсьшымдық, диспозитиңтік болуы мүмкін. Имисратиңтік норма қалыптасқан шарттар туғанда құқық субъектілерішц орекетін тікелей анықтайтын қатаң ережелерді бекітеді. Олар құқықтық катынасқа түсушілердің еркі мен келісімімен өзгертіле немесе басқаша айырбастала алмайды.

¥сынымдық нормалар құқық субьектілерінің белгілі бір әрекетті жасауының мақсаттылығы, кажеттілігі туралы рекомендациялар мен кеңестерді мазмұндайды. Диспозитиңтік нормалар қоғамдық қатынастарға түсушілерге күқьіқтар мен міндеттер жиынтығьш екі жақтық келісім арқылы аныктауға мүмкіндік берсді, тек екі жақтық келісімі болмаған жағдайда ғана жүмыс жасайды, норманық күшіне енеді.

Әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субъектілеріне байланысты жалпы, арнаулы, төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойьшша реттеуші, дефинитиңті, декларатиңті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.

Реттеуші норма әрекет тәртібін тікелей қалыптастырады, дефинитиңті нормада әрекет тәртібі тікелей көрініс таба алмайды, бүларда зандық мағынасы бар түсініктер қалыптасады.

Декларатиңті нормалар жалпы мақсатты мазмұндайды, зандардың міндеті мен қағидаларын көрсетеді.

Процессуалдық үлгі өзге де құқықтық қатынастарды, нормаларды жүзеге асыруда колданады. Осыған байланысты материалдық құқықтың нормалары мен процессуалдык, құқықтық нормалары ажыратылады. Материалдық құқықтық нормалар тікелей қоғамдық қатытастарды реттеуге бағытталған құқықтар мен міндеттердің және тыйым салудық мазмұньш анықтайды.

Процессуалдық қүдықтық нормаларда материалдық құқықтық нормаларының жүзеге асырьтлуының тәртібі, процедурасы, үлгісі анықталынып қарастырылады.

5. Құқық нормасы мен нормативті-құқықтық акт бабы бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келетін құбылыстар емес. Құқық нормасы гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратьш әрекет тәртібі. Заң актісінің бабы мемлекеттік еріктің көрініс табу нысаны, құқық нормасының жүзеге асырылу құралы. Құқык нормасы мазмұнды құраса, заң бабы оның нысаны болып табылады.

Құқық   нормасы   мен   нормативті   акт   бабының   арақатынасы төмендегідей тұрде болуы мүмкін:

-          әрекет   тәртібін   мазмұндай   отырып,   заң   шығарушы   құқық нормасының барлық үш элементін нормативті актінің бір бабына енгізуі  мүмкін. Яғни,  бір  заң  бабында  бір  құқық  нормасы беріледі;

-          нормативті актінің бір бабына бірнеше құкық нормасын енгізуі де мүмкін;

-          құқық нормасынын элементтерін сол нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін;

-          кұкық нормасының элементтерін  бірнеше нормативті  актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін.

Мазмұндалу  тәсілдеріне   байланысты   құкық   нормасы  мен   зац бабының үш тұрлі арақатынасы танылған:

1)        тікелей жазылу тәсілі;  онда  құқық нормасы  нормативті  акт бабында тікелей және накты мазмұндалады.

2)        сілтемелі жазылу тәсілі; бұнда құқық нормасьшың белгілі бір бөлігі осы нормативті актінің басқа бабьша сілтенеді.

3)        бланкеттік жазылу тәсілі; онда норманың белгілі бір бөлігі өзге нормативті актіге немесе актілерге сілтенеді.

Тақырып  9. Құқық шығармашылық және НҚА жүйелеу

 

Мақсаты: құқық шығармашылығының мәні мен маңызын көрсету, заңнаманы жүйелеудің ұғымы мен мақсатын түсіндіру.

1.        Түйін сөздер: құқық шығармашылықтың қағидалары, заң шығару ынтасы, заң жобасын талқылау, инкорпорация, консолидация, кодификация,

 

2.        Құқық шығармашылықтың түсінігі және түрлері

3.        Құқық шығармашылықтың қағидалары.

4.        Құқық шығармашылық процестің кезеңдері.

5.        Нормативтік - құқыктык актілерді жүйелеудін түсінігі мен түрлері.

1. Құқық шығармашылықтың түсінігі және түрлері. Құкық шығармашылық - бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі. Құқық шығармашылық мыналармен сипатталады:

- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;

-  оның негізгі өнімі - нормативтік актілерден көрініс тапқан заң

нормалары;

-  бұл қоғамды баскарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдараламасы  қалыптасады, маңызды жүріс-тұрыс ережелері қабылданады;

-  құқық шығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердін. сапасы - бұл коғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.

Субъектілерінің түріне карай кұқықшығармашылык келесі түрлерге белінеді:

1.              Халықтың мемлекеттік және коғамдық өмірдін, маңызды мәселелері бойынша жалпы халықтық дауыс беруін - референдум жүргізу кезіндегі тікелей құқык шығармашылығы;

2.              Өкілетті мемлекеттік органдардың   тікелей құқық орнықтырушы қызметі;

3.              Әдет түрінде қалыптаскан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.

2. Құқық шығармашылыктың қағидалары.

Құқық шығармашылыққа мына қағидалар тән:

-Ғылымилық - нормативтік актілерді дайындау процесінде әлеуметтік экономикалық. саяси және баска да жағдайларды,   коғамның дамуының объективтік кажеттіктерін және т.б. зерттеудің  маңызы зор;

- Кәсібилік - мүндай қызметпен құзіретті тұлғалар - заңгерлер, экономистер және т.б. айналысуы тиіс:

- Заңдылық - бұл қызмет Конституцияның және басқа да заңдардың негізінде және шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс;

- Демократиялык - азаматтардың бұл процеске катысу дәрежесін, қоғамдағы процедуралық нормалар мен  институттардың даму деңгейін сипаттайды;

-Жариялылық – құкық шығармашылық процесстің көпшілік қауым үшін ашықтығын білдіреді.

3. Құқық шығармашылық процесстін кезеңдері. Құқык шығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:

- Заң шығару ынтасы – құқық шығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шыгару құқыгына ие субъектілер шеңбері заңнамада катаң түрде анықталган.

- Заң жобасын талқылау - бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарама - қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мәселелерді және т.б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобалары жалпы халықтық тапқылауға ұсынылады.

- Заңды қабылдау.

- Қабылданған актінің   мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни,  заңды жариялау.

4. Нормативтік - құқыктык актілерді жүйелеудін түсінігі мен түрлері. Жүйелеу - бұл нормативтік актілерді реттеу, оларды белгілі бір жуйеге келтіру. Ол заңнаманы колдану ыңгайлылығьн арттыру үшін, көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін қажет. Жүйелеудің түрлері:

1. Инкорпорация - бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Мұндай жинақта әрбір акт өзінің дербес мәнін сақтап қалады. Инкорпорацияның қағидалары: хронологиялык (оларды кабылдау уақыты бойынша), такырыптык (белгілі бір тақырып бойынша) және т.б.

Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақтардың үш түрін бөліп қарастырады: ресми, официозды және бейресми. Ресми жинақ құкық шығарушы орган өзі жинақты дайындап, жариялаған кезде орын алады. Официоздық жинақ болып құқық шығарушы органның (мысалы, әділет министрлігінің) тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған колдауы арқылы шығарылған жинақтар табылады. Бейресми жинак болып ғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқык шығарушы органның арнайы өкілеттіктерісіз шығарған заңнама жинақтары табылады.

2.           Консолидация - бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Инкорпорациядан айырмашылығы - мұндай жинақта әрбір акт өзінің дербес  мәнін жоғалтады. Мұнда нормативтік актілер олардың белгілі бір кызмет түріне қатыстылығы белгісі бойынша біріктіріледі (табиғатты корғау, білім және т.б.).

3.             Кодификация ~ бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нәтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны.Кодификация процесінде ескірген материалдар:

         егер құқык жуйесінің алғашқы элементі болып норма табылса, заңнама жүйесінің алғашқы элементі болып нормативтік акт табылады;

         егер қүкық жүйесі мазмүн түрінде көрініс тапса, заңнама жүйесі нысан түрінде көрініс табады;

         егер   кұқык  жүйесі   объективтік  түрде,   қоғамдық  катынастарға сәйкес калыптасса, заңнама жүйесі субъективтік сипатқа ие, себебі, заң шығарушыға тәуелді болып келеді;

         құкык жүйесі мен заңнама жүйесі көлемі бойынша ажыратылады;

          заннама, бір жағынан, нормативтіліктің барлық түрлерін   қамтымайды,   себебі,   құкық   заннамамамен   қатар   әдет нормаларынан, нормативтік шарттардан және заңды прецедентпен нормалардағы карама-қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс тұрыс   ережелері    қалыптасады,   олардың  өзара   келісуі    мен логикалығы қамтамасыз етіледі.

Кодификациялык актінің дәстүрлі қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол - бір сипатты коғамдық  катынастардың  белгілі   бір  саласын   жан-жакты  реттеуге мүмкіндік беретін ірі акт.

Тақырып  10.   Құқық құрылымы және жүйесі



Мақсаты: нормативті алабтың сала және институттарға бөлінуі мен интеграциялануын түсіндіру, позитивті құқықтың жүйелік сипаттамасын беру.

1. Құқық жүйесінің тусінігі.

2. Құқық саласы.

3. Құқық институты.

1. Құқык жүйесінін түсінігі. Құқық жүйесі - бүл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құкықтың жүйелік кұрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендіпн білдіреді.

Құқық жүйесінін негізгі сипаттары: оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды - институттарды, салаларды құрайды; оның элементтері бір-біріне кайшы келмейді, іштен үйлескен, тығыз байланыстылыкка ие, бүл құқык жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді; ол әлеуметтік - экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты; ол объективтік сипатка ие, себебі, объективтік сипаттағы катынастарға   тәуелді   және   адамдардың   субъективтік   қалауы бойынша калыптасуы мүмкін емес.

 Қүкыктык реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу негіздері ретінде. Кұқык нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыкка алады: құқыктық реттеу пәні мен құқықтық реттеу  әдісі.

Құқықтык реттеу пәні - бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, коғамдык қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес күқыктык нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек катынастары еңбек құқығының, ал отбасы катынастары отбасы - неке құкығының реттеү пәні болып табылады.

Қосымша негіз болып кұқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән кұкық нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.             

Құкыктык реттеу әдісі - бүл олардың көмегмен біртектес коғамдык катынастарды кұқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы. Құкықтық реттеудей төмендегдей негізгі әдістері болады:

1. Императивтік - бұл тыйымдарға,  міндеттерге,  жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация әдісі;

2. Диспозитивтік - рұқсат  етуге  негізделген,  тараптардың тең құкылығы, координаиия әдісі;

3. Марапаттаушы  -  белгілі   бір   жақсы   жүріс-тұрыс   үшін қолдау әдісі;

4. Ұсынушылық - мемлекет пен  қоғам үшін тиімді  жүріс - тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.

                 Құқық саласы - бүл белгілі бір коғамдық қатынастар түрін реттейтін заң нормаларынын жиынтығы. Құқық саласының белгілері:

         әрбір саланың өз пәні болады;

         әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;

         субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқық -міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құкыктық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік - құқыктық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режиміты болады.                       Құқық салаларының түрлері:

1. Негізгі салалар: бұлар басты құқыктық режимдерді камтиды,  құкық салаларының жүйесінің ең басында конституциялық - құкық, одан кейін материалдык құкықтар - азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және оларға сәйкес іс жүргізушілік салалар - азаматтык іс жургізушілік, қылмыстық іс жүргізушілік және әкімшілік іс жүргізушілік құкықтары орналасқан;

2. Арнайы салалар: бұларда қүқықтык режимдер коғамның ерекше сфераларына бағьтталған: еңбек құқығы, жер құқығы, - салық құкығы, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы _құқығы, еңбекпен түзеу құқығы;

3. Кешенді салалар: бүларға негізгі және арнайы салалардың ірі институттарының бірігуі тән, мысалы,  шаруашылық құкык, аграр-құқык, экологиялық кұқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құкығы.

Қүқық институты - бұл коғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтыгы. Құқық институты - заң нормаларының құкық саласына қарағанда аз жиынтығы. Әрбір кұқык саласында біркатар институттар болады. мысалы, еңбек кұқығында — енбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құкықта - ескіру мерзімі институты, өкілдік институты  және т.б.

Белгілі бір нормалар жиынтығының накты бір құкықтық институы қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табылады:

1) құкықтық нормалардың заңды теңдігі; 2) коғамдық катынастарды реттеудің толықтығы; 3) құқықтык институтты құраушылардың заңдар мен баска да нормативтік - құқықтық актілер - тарауларында, бөлімдерінде және баска да құрылымдык бірлестіктерінде жинақталуы.

Әдебиеттер: 1,2,7, 9, 22,28,31.

Тақырып  11. Құқықтық сана және мәдениет

Мақсаты: «құқықтық сана» ұғымы, оның қоғамдық өмірдің қалыптасуына әсері, қоғамның құқықтық өмірінің сапалық көрсеткіші ретінде, құқықтық мәдениет ұғымын ашу.

Түйін сөздер: құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық идеология, құқықтық психология, құқықты бағалау, жеке құқықтық сана, топтық құқықтық сана, қоғамдық құқықтық сана, қоғамның кұкықтық мәдениеті.

1.        Құқықтық сананың түсінігі және функииялары.

2.                 Құқықтық сананың құрылымы.

3.                 Құқықтык мәдениеттің түсінігі және құрылымы.

1. Құқықтық сананың түсінігі және функциялары. Құқықтық сана - бұл адамдардың құқыкқа деген катынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердін, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі коғамдық сананың ерекше нысаны. Құқықтык сана - бұл адамдардың жаңадан қабылданған заңдарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына және т.б. деген оң немесе теріс көзқарасы.

Құқықтық сана мынаны білдіреді:

         құқықтың қажеттігін түсіну және сезіну;

         құқықты бағалау;

         заңнаманың дамыған жүйесін құру кажеттігін түсіну;

         қолданыстағы нормативтік актілерге өзгертулер мен толыктырулар енгізудің қажеттігін түсіну;

         құқықты жүзеге асырудың нәтижелері мен процессін қабылдау.

Құқықтық сананың ерекшеліктері мыналардан көрінеді:

Ол өмірдің шындықтарын әділеттілік, құқықтық, еркіндік тұрғысынан қабылдайды; Жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орнықтыруды талап етеді; Құқықтық пен құқықтық еместіктің, құқыққа сәйкестік пен құқыққа сәйкессіздіктің шектерін көрсетеді; Құқықты қамтамасыз ету үшін заңды шараларды талап етеді.

     Құкықтық сананың рөлі оның функцияларынан көрініс табады:

         танымдык; бұған «құқықтық дайындық» түсінігінен көрініс табатын және ойлану қызметінің нәтижесі болып табылатын зан білімдерінің белгілі бір жиынтығы тән болып келеді;

         бағалаушылық; бұл тұлғаның құқықтық өмірдің әр түрлі жақтары мен көріністеріне өтіл мен кұқықтық тәжірибе негізінде белгілі бір эмоционалдық қатынасын тудырады;

         реттеуші: ол құқықтық көзқарастар мен құндылық-құқықтық бағыттылық арқылы жүзеге асырылады. Көзкарас дегеніміз тұлғаның белгілі бір түрде ақпараттарды, процесстерді, құбылыстарды қабылдауға және бағалаута бейімділігін және осы бағалауға сәйкес әрекет етуге дайындығын білдіреді.

Құкыктык бағыттылық — бұл тұлғаның заңды мәні бар жағдайларда әрекет ету бағдарламасын тікелей калыптастыратын құқықтык көзқарастарының жиынтығы.