Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория гос и право.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
251.67 Кб
Скачать

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет. Құқықтық мемлекет. (б.101-115/1/,99-112-59/9/)

1.  Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі.

2.  Саяси жүйенің күрылымы /элементтері/.

3.  Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекетгің орны мен ролі.

4.  Саяси жүйедегі коғамдық бірлестіктердін орны мен ролі.

5.  Мемлекет пен діни үйымдардың арақатынасы.

6.  Құқықтық мемлекет концепциясының тарихи аспектшері.

7.  Құқықтық мемлекеттің мәні, мақсаты және атқаратын қызметі.

8.  Құқықтық мемлекеттің негізгі қагидалары.

9.  Қазақстан Республикасында кұқықтық мемлекет құрудың теориясы менпрактикасы.

І.Қоғамның саяси жүйесі түсінігін анықтау үшін коғам кұрылымына тоқтала кету қажет. Бұл кұрылым өзара әрекеттестікте бола^ын әр түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, кұқықтық жүйелер түрінде көрінеді. Бүл жүйелер объективті түрде қалыптасады және өмір сүреді. Олар өзара байланыстағы әртүрлі әлеуметтік элементтердің бірлігін керсетеді, олардың әрекеті коғам өмірінің мақсатымен, міндетімен және өзге де елшемдерімен аныкталады. Бұл элементтерге әлеуметтік институттар (мемлекет, партия, шіркеу ...), мәдени астарлар (идеологиялық, діни ағымдар, салт-дәстүр, тіл және т.б.) экономикалық ұйымдар (кәсіпорын, мекеме, экономикальтқ басқару органдары), құқықтык тағайындаулар (нормалар. құқықтық институттар) жатады. Аталған элементтер әртүрлі, бірақ объективті негізделген үйлесімде коғамды жүйелерге қүрылымдайды, ал теоретикалық ой осы жүйелерді ажыратады және зерттейді. Жүйелік ұйымдасу қоғамның маңызды күрылымы болып табылады және коғам өмірінің көптеген жақтарын барынша толық қарастыруға мүмкіндік береді.

Қоғамның саяси жүйесі - құкык жөне езге де әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келтірілген, белгілі бір елдің саяси өмірін қамтамасыз ететін және саяси билікті жүзеге асыратын мекемелер мен үйымдардың жиынтығы.

«Саяси жүйе» түсінігі саяси процесстердің калай реттелетіндігін, саяси биліктің қалай кальгатасатындығын және қызмет ететіндігін көрсетеді. Бүл саяси әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың механизмі. Билік және оған катынас әртүрлі әлеуметтік институтгардың саяси функциясын сипаттайды. Билік, егеменділік, тұлға бостандығы тәріздес қоғам өмірінің аймағы кептеген адамдардьвд мүддесін козғайды да, саяси аймаққа айналады. Осы түста кешенді алынған адамдардын үлкен тобының билікті, егемендікті, тұлға бостандығын камтамасыз етуді, өзін-езі басқаруды ұйымдастыруды жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану барысы бойынша қатынасы саяси сипатқа ауысады.

Қоғамның саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:

1)  қоғам дамуының мақсатын, міндетін және жолдарын аныктау;

2)  осы мақсат, міндеттерге жету үшін кажетті қүралдар мен ресурстардытоптастыру;

3)  қоғамды жақындастыру, оның қүрыльшының әртүрлі элементгерініңөзара әрекеттестігі үшш қажетті шарттарды жасау;

4)  мемлекеттік билікті легитимдендіру, ягни шынайы саяси өмірді ресмисаяси және күкықтық нормаларға сәйкестендірудщ жоғарғы деңгейіне жеткізу;

5)  қоғамдық-саяси әрекет режимдерін реггеу.

Саяси жүйелерді әр түрлі негізде топтастыруға болады. Оның пайда болуының әлеуметтік ортасына карай тоталитарлық және либералды-демократиялық саяси жүйелер танылады, осы сипатына байланысты аралас (конвергенциялық) түрлері де кездеседі. Өзара әрекеттестік сипатына байланысты ашык және жабык саяси жүйелер анықталған.

2.  Қоғамның кез келген жүйесі, соның ішінде саяси жүйе өзараәрекеттестікте   болатын   кептеген   элементтерден   құралады.  Құрамдасбөліктердің өзара бірлігі жаңа сапа тудырады. Саяси жүйенің кұрылымы депоның элементтері мен олардын арасындағы байланысты айтамыз. Саясижүйенің келесі компоненттері танылған:

1)     қоғамның саяси ұйымы. оған мемлекет, саяси партиялар жәнеқозғалыстар, коғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек үжымдары және т.б.жатады.

2)     саяси сана, саяси билік пен саяси жүйенің психологиялық жәнеидеологиялық жақтарын сипаттайды.

3)  когамның саяси өмірін және саяси билікті іске асыру үрдісін реттейтінәлеуметтік-саяси және қүқықтық нормалар.

4)  саяси билікке катысты жүйе элементтерінің арасында калыптасатынсаяси қатынастар.

5) саяси практика /тәжірибе/, ол саяси әрекетпен жинақталған саяситәжірибеден кұралады.

Осы жерде саяси жүйенің субъектілеріне де тоқтала кетуге болады. Оларды екі деңгейде ажыратып қарастырсақ, институционалдық деңгейде субъектілер құрамына парламент, президент, үкімет, кәсіподақтар және т.б. кіреді де, функционалдық деңгейде оның қатарына шіркеу, армия, оппозиция және т.б. жатады.

Саяси жүйенің кұрамына тікелей немесе жанама түрде белгілі бір саяси функцияларды атқаратын немесе өзінің қоғамдық роліне байланысты қоғамның әлеуметтік мақсаты мен идеалын қалыптастырушы әлеуметтік институггар кіреді. Саясатпен тікелей айналысатын әлеуметтік институттарға мемлекет пен саяси партиялар кіреді. Қоғамдық қозғалыстар, еңбек ұжымдары, кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, жастар ұйьшдары, спорттық ұйымдар және т.б. саясатпен жанама түрде айналысатын әлеуметтік институттарды күрайды.

3.                «Мемлекет» және «коғамның' саяси жүйесі» түсініктері бөлшек пентүтас категориялар ретшде арақатынаста болады. Мемлекет саяси өмірқүбылыстарын «жалпы міндеттілік» өлшемі арқылы өткізіп, ез бойына саясимүдделердің көпшілігін шоғырландырады. Міне осы тұрғыдан мемлекет саясижүйеде ерекше роль атқарады, оған тұтастык пен тұрақтылық береді. Ол қоғамресурстарын пайдалана және оның өмір сүруін ретке келтіре отырып, басқарубойынша әрекеттердің басым белігін атқарады.

Мемлекет коғамның саяси жүйесінде орталық, жетекші орын алады. Себебі:

-   Мемлекет өзінің аумактық шекарасы келемінде азаматтык белгісі

бойынша біріккен бүкіл халықтың бірден-бір ресми өкілі ретінде

көрінеді.

-      егеменділіктің бірден-бір иегері болып табылады.

-      коғамды баскаруға арналған арнаулы аппаратқа (көпшілік билігі) ие

-      «күштеу» күрылымдары болады (қарулы күштер, милиция-полицияқауіпсіздік органдары және т.б.)

-      көбінесе кұқықшығармашылық монополиясына ие болады.

-      материадпық күндылықтар жиынтығын иемдене алады (мемлекеттікменшік, бюджет, валюта және т.б.)

Саяси жүйеге мемлекет тек өзінің жеке органдары арқылы ғана емес қоғамның саяси, қүрылымдық, аумақтық бірліп ретінде тұтастай кіреді.' Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің шынайы маңызды элементі больщ табылады, бірақ өзінің функцияларын басқа әлеуметтік институгтармен -партиялар, кәсіподактар, өзге қоамдық ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып жүргізеді.

Саяси жүйелер динамикалық сипатта, дамуда болады, қоғам өзгерістеріне сәйкес жаңарып, жасарып отырады.

4. Саяси жүйеде қоғамның саяси өмірінің маңызды әлеуметтік институты саяси партиялар расында үлкен роль атқарады. Саяси партиялар - оздерінің негізгі мүдделерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану максатын көздейтін идеологиялық және ұйьшдық біріккен адамдардың ерікті қауымдастығы. Партия тәріздес коғамдық ұйымның пайда болуы объективті процесс, ол әртүрлі топтардың ортақ мүддесін анықтауға, оларды құкыктық талаптарға айнадцыруға және жүзеге асыруға ықпал етеді. Саяси жүйенің өзге элементтері саяси әрекетпен айналысқан күннің өзінде де, басым түрде ез мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және езге мудделерін корғауға назар аударса, партиялар әрекеті билікті жеңіп алуға және жүргізуге, мемлекеттік Істерді басқару үшін күреске бағытталған.

Саяси партиялар адамдардың өр түрлі топтарының мүдделерін көрсетуге лайықталған, сондықтан да олардың түрлері де әр түрлі болып келеді. Партияларды парламенттік билікті демократиялық жолдармен, парламент жұмысына қатысу арқылы жеңіп алуды максат ететін және билікті күшпен басып алуды, қоғамдық құрылымды күштеп өзгерту міндетін қоятын партиялар деп ажыратуға болады. Мемлекет ісіне қатысуына байланысты парламенттік партиялармен қатар, басқарушы партияларды - билікті жеңіп алған және жүзеге асырып отырғандарды да атауға болады.Бағдарламалары мен әрекетінің әлеуметтік бағытталғандығына байланысты саяси партиялар социал-демократиялық, либералды-демократиялық, коммунистік, таптык, ұлттык, нәсілдік, фашистік, діни болып жіктеледі. Әрекетінің идеалдық негізіне байланысты доктриналдық (өз идеологиясын корғауға багытталған), прагматикалық және харизматикалық. болып бөлінеді. Саяси сиектрдегі орнына байланысты — солшыл, оңшыл және орталықшыл түрінде танылады.

Саяси жүйелер бірпартиялық және көппартиялық (плюралистік) болып та жіктеледі. Қазақстан Республикасы кеңестік дәуірдегі бірпартиялық жүйеден бас тартқалы бері, елімізде қабылданып жатқан нормативті-құқықтык актілерге сүйене отырып, әр түрлі саяси партиялар күрылып әрекет етуде. Оның

ктык базасын ҚР Конституциясы, ҚР заңы «Саяси партиялар туралы», ҚР «Коғамдық бірлестіктер туралы» заңдары күраййы.

Қоғамдық саяси қозғалыстар - азаматтардың белгілі бір әлеуметтік

бынык мүддесін көздеуге және маңызды саяси мақсатка жетуге бағытталған

ғамнын барынша белсенді тобы. Қозғалысқа кандай да болмасын партияньщ

пекетіне көңші толмаған немесе жарғылық нормалармен өздерін шектегілері

келмеген, сондай-ак нақты анықталған саяси мүдделері қалыптаса коймаған

адамдар    катысады.    Қоғамдық    қозғалыстардың    саяси    партиялардан

айырмашылығы:

-      қозгалыстар тек бір саяси тұжырымды қолдайды және бір ірі мәселенішешуді мақсат етіп қояды (Семей полигонын жабу);

-      қозғалыс билікке таласпайды, оған ықпал ету арқылы өз мәселесіншешуге бағытгайды;

-      қоғамдық-саяси   қозғалыста

Тақырып  6. Құқықтың түсінігі мен мәні. Құқық типтері және қазіргі кездегі  негізгі құқықтық жүйелер



Мақсаты: құқық ұғымы мен мәнің ашып көрсету, нақты белгілердің негізінде құқық туралы ілімдердің арасынан студенттерге өз ойын қалыптасыруға көмектесу,  құқық пен заңның арақатынасын анықтау.

Түйін сөздер: құқық, әлеуметтік норма, әдет-ғұрып, саяси билік, құқық нормалары, мононормалар,  обьективтік құқық, субьективтік құқық, табиғи құқық, құқық қағидалары, құқық мәні, позитивтік құқық.

1.        Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері

2.        Құқыкгың түсінігі және белгілері.

3.        Құқықтың мәні

4.        Құқық ұғымының тұжырымдамалары.  

5.        Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері.

1. Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері.Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама.  Мемлекетке дейінгі  әлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның әлеуметтік - экономикалық біртұтастыгын көрсетуі және қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек құралдарының жетілмегендігімен, оның өндіру деңгейінін төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесіп өмір суру, қоғамдық менилікті қалыптастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай, өз кезегінде, алғашқы қауымдық қоғам нормаларының  табиғатына әсерін тигізді.

Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:

1.        Алғашқы қауымдық қоғамдағы карым-қатынастар ең алдымен әдет-ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы колдану нәтижесінде әдетке айналған, тарихи  қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелерімен реттелген;

2.        Жазбаша нысандагы көрінісі болмастан, адамдардың жүріс- тұрысы мен санасында өмір сүрген;

3.        Әдеттік, сонымен қатар, сендіру және мәжбүрлеу (рудан қуу) шараларымен камтамасыз етілген;

4.        Оларда негізгі реттеу тәсілі болып тыйым (табулар жүйесі, күқықтар мен міндеттердің болмауы) табылған;

5.        Олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірген.

Құқык әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қүқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құкык та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет зан нормаларын орнықтырады,  қолданады және оларга кепілдік береді.

Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер әдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құкықтық нормалар жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталды. Қүқықтың пайда болуы - әлеуметгік байланыстардың күрделенуінің. коғамдағы карама-кайшылықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.

Құқыктык нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:

Мононормалардың (алғашқы қауымдық әдет-ғұрыптардың) әдет құқығының нормаларына айналуы және осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;

Құкық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – нормативтік актілерді шығарудан көрініс тапкан мемлекеттің құқық шығарушылық қызметі;

Сот  және  әкімшілік  органдарымен   қабылданатын  нақты актілерден құралған және басқа да ұксас істерді шешуде үлгілік иеленетін прецеденттік құқық.

2. Құқыктың түсінігі және белгілері. Құқық - бұл қоғамдық қатынастарды  реттеуге  бағытталған,  мемлекетпен  орнықтырылатын және камтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды аныкталған заң нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері: еріктілік сипаты; жалпыға міндеттілігі; нормативтілігі; мемлекетпен байланысы; формальды анықталгандығы; жүйелілігі.

   Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты коғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен жане   кепілдеуінен,   эділеттілікті  қалыптастыруынан,   когамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен   кетушіліктерді жоя отырып, коғамдагы   экономикалық  және   рухани  факторлардың   эрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.

Құқықтың құндылығы - бұл құқыктың азаматтардың және жалпы коғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз  ету  құралы мен  мақсаты  ретінде  қызмет ете  алу қабілеті.    Құкыктың   әлеуметтік   құндылығының   төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:

1.        Құкық   адамдардың  әрекеттеріне   ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты,  үйлесімділікті  дарыта отырып,  олардың бақылануын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;

2.        Құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы,  олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне әсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше, оны қоғамның мүддесімен үйлестіреді;

3.        Құкық тұлғаның қогамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы   болып   табылады   және  осы   бостандықтың  шегін  шамасын анықтайды;

4.        Әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын арттырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін білдіреді;

5.        Қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәикес коғам - дамуынын қайнар көзі болып табылады; әсіресе, оның ролі тоталитарлық режимдерінің құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің бекітілуі жағдайларында өсе түседі;

6.        Құқықтық тәсілдер халықаралык және ұлтаралык сипаттағы мәселелерді шешудің негізі және жалғыз құралы болып табылады.

3. Құқықтың мәні өркениетгілік жағдайында қоғамдық қатынастарды   реттеуден, нормативтік   негізде   қоғамның   тұрақты құрырылуына жете отырып, демократияның, экономиканың тұрақтылығынан, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді. Құқтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор: 1. формальдық - кез-келген құқық ең алдымен реттеуші; 2. мазмұндық - осы реттеушінің кімнің мұдделеріне қолдайтындығы.

Құқтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады: таптық мән - экономикалық үстемдік, белгілі бір тап немесе топ өкілдерінің қолындағы қару, жалпы әлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі рөлдердің, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.

Объективтік құқық - бұл коғамдық катынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және  жалпыға міндетті, формальды анықталған нормалардың жүйесі. Объективтік құқық - бұл нақты бір реттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, занды рангтер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі көрініс табады. Субъективтік құқық - бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік   құқықтар   ретінде   адамның  нақты   құқықтарын  еңбек етуге, білім алуға және т.б. құкық) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді. Осы мағынадағы кұқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне карамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.

Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құкық (объективтік жэне субъективтік кұқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдык құрылымдар – заң шығарушылар, соттар, құқык субъектілері қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, максатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;

ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея турінде ғана емес, накты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.

Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында онын бір мезетте әрі қарама-қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы - бұқаралық-қүқыктық жағы, екінші жагы - жеке-құқықтық_жағы.

Бұқаралык құкық - бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен бағыныстылық катынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралык билік ретіндегі және барлық бүкаралық институттардың қүрылымы және қызметі.

Жеке құқык - бүл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъек-тілердің заңды тендігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.

6. Қүкык коғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құкықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:

Мемлекет күқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы камтамасыз етеді; Құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және баска да мүдделерге сәйкес реттейді; Құқык жалпыға міндетті сипатка ие, бұл оның ерекше әлеуметтік реттеуші. заңды жэне заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді; Басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтын реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларынын өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.

Құқық ұғымының тұжырымдамалары.

.Нормативистік теория. Оны жақтаушылар (Штаммлер, Новогородцев, Кельзен және т.б.) қүқыққа мемлекетпен қорғалатын нормалар жиынтығы ретінде анықтама береді. Нақты айтқанда, Кельзеннің концепциясына сәйкес, құқық нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады, және   бүл жердегі әрбір төменгі норма өз зандылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық туралы нормативистік бағыттың мазмұны акиқат мемлекет қабылдаған нормативтік актілер негізінде карау арқылы аныкталады.

  2. Құқықтың табиғи-құкыктык теориясы. Бүл құқық териясын жақтаушылар (Т.Гоббс, Д.Локк, А.Радищев және т.б.) мемлекет   орнықтыратын   құқыққа   коса    адамға   тумысына берілетін табиғи құқұқ та болады деп санаған. Бұл - өмір сүруге  бостандыққа, теңдікке, меншікке және т.б. құкықтар. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгермейтін қүқықтарының жиынтығы) - колданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құкык, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құкық. Бұл теорияның шеңберінде құқык пен заң бөліп  карастырылады,   яғни,   позитивтік   құқыкпен   (мемлекет қабылдаған заңдармен) қатар адамға туған сәтінен тиесілі жоғары шынайы, табиғи құқык та болады.

3. Құқыктын діни теориясы құқықты түсіндіруде дін кітаптарына,  ең алдымен,  Інжілге негізделеді.  Бұл теорияның өкілдері (Аристотель, Фома Аквинский және т.б.) егер адамға табиғи  қүқықтар  туған  сәтінен   берілсе.   оларды  Құдай беруі мүмкін деп санаған.

4. Құқыктың тарихи мектебі. Онын өкілдері (Ф.Савиньи Г.Гуго, Г.Пухта және т.б.) құкықты заңшығарушы қалыптастырмайды, ол халықтық рухтың, дамуы нәтижесінде тіл сияқты өз бетімен қалыптасады деп санаған. Құқыктанушы -ғалымдар халықтық құққыктык рухтың көріністерін дәл тауып, оның ережелерін заң формулалары арқылы көрсетуі тиіс, ал заңшығарушы дайын құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдыруы тиіс.

5. Психологиялық бағыт. Бул теорияның өкілдері (Л.И.Петражицкий,|Восс, И.М.Рейснер және т.б.) нормалармен қатар «құқыкқа » ; адамдардың құқықтык санасын да, құқықтык эмоциясын енгізеді. Психологиялық бағыт кеңес билігінің алғашқы сатысында кең қолданыста болған. Себебі, бұл кезде   жаңа пікір қалыптаспаған болатын, тіпті, декреттердің өзінде соттар істі пролетарлық мемлекет мүддесіне сәйкес шешуінде санаға жугінуі танылған еді.

6. Социологиялық теория. Құқықтың социологиялық теориясының өкілдері (П.Эрлих, Жени, С.И.Муромцев және т.б.) құқық «құқыктар мен заңдардан емес, заңдарды жүзеге асырудан табады деп санаған, яғни, құқықты өз құқықтарын белгілі жерде жүзеге асырушы жеке  және заңды тұлғалардың ісінде түсіндірген. Құқық ретінде мемлекетті кұру тәжірбиесі жарияланған.

7. Марксистік бағыт. Марксистік теорияның өкілдері (К.Маркс, В.И.Ленин, Ф.Энгельс   және   т.б.)   құқықты   экономикалық   үстемдік етуші таптың заңға айналған еркі ретінде түсіндірген. Және Еріктің кұқыгынан көрініс тапқан мазмұнды материалдық  қатынастардың сипатымен анықтаған.

8. Интегративтік бағыт. Бүл бағытка сәйкес шын мәнінде сіз  құқықтың  болуына күмән   келтіріледі,  сондықтан, бұл теорияның өкілдері әртүрлі теориялардан өз ойларьшша ең құнарлы дәнін  таңдап  алып,  құкықка мынадай анықтама береді: еркін еріктердің өзара байланыстағы күресі,,  ресми   қорғаумен   қамтамасыз  етілген   және коғамда танылған  теңдік  пен  әділеттіліктің  норматив - жиынтығы».

  Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері. Құқық қағидалары - бұл құқытың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі қызмет ететін негізгі бастамалары, ережелері, идеялары. Олар құқықтың зандылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетіп, заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардан туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Құқық қағидалары жалпы құқықтық, салааралық және болып қарастырады.

Құкыктық қағидалар барлық құкық салаларында көрініс табады. Оларға мына қағидалар жатады:

         Азаматтардың заң мен сот алдындағы занды теңдігі;

         гуманизм;

         демократиялық;

         ар мен міндеттердің біртұтастығы;

         сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.

Салааралық қағидалар бірнеше құкық саласының       ерекше мәнді ерекшелігін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылык, жәнесот өндірісінің  жариялылығы және т.б. қағидаларды бөліп атауға болады. Кейбір қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет жасауы мүмкін мысалы, азаматтық құқықта - мүліктік қатынастардағы жақтардың теңдігі қағидасы; қылмыстық құқыкта - кінәсіздік презумпциясы қағидасы..

Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, құкықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де әсерін тигізеді.

   Құқықтың қызметінің түсінігі және түрлері. Құқық қызметі - бұл құдықтың коғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құкықтык әсер етудің негізгі багыты. Құқық функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан ерекшеліктерді шартты түрде бөліп қарастыруга болады: Сыртқы жак, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциясы анықталады, олар: экономикалық (кұқық өндірістік қатынастарды реттейді, меншік нысанын бекітеді және т.б.), саяси (құқык саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді), тәрбиелік (құкык белгілі бір идеологияны көрсетеді, арнайы педагогикалык әсер етеді және т.б.). Ішкі жақ, бүл кұкықтың табиғатынан туындайды, олар реттеуші жэне қорғаушы функциялар.

Реттеуші функция - бул позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орынқтырудан, коғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуға жәрдем беру мақсатында кұкық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңцы міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқыктық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағытыI

Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады.

Реттеуші статистикалык функция құкыктың коғамдық қатынастарға, оларды белгілі бір кұкықтық инстиуттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалык функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси құқыктар мен бостандықтар! институты ерекше мәнге ие.|

Реттеуші динамикалық функция құқықтың коғамдык қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Олар азаматтық, әкімшілік, еңбек кұкығының институттарынан көрініс табады.

Қоргаушы функция - бүл ерекше маңызды экономикалык, саяси, ұлттык және жеке қатынастарды корғауға, заңды қорғау мен занды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқыктық әсер етудщі әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

 Құқықтың   типінің   түсінігі. Құкықтың тарихи типі – бұл белгілі бір экономикалық базиске тән барлык құкық жүйелерінің жалпы әлеуметтік сипаттарын көрсететін категория. Формациялық бағытқа сәйкес, базис қоғамдық даумудағы шешуші фактор болып табылады, ол мемлекет пен қоғамның белгілі бір типін калыптастырады.  Экономикалық базистің типтеріне қарай  құқықтың құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялык және социалистік типтерін бөліп қарастырады.

   Қуқықтың тарихи типтері. Құкыктың құлиеленушілік типі -   бұл   кұлиеленушілердің   толыққұкылығын   және   құлдардың құкықсыздығын бекітетін, құлиеленуші таптың еркін білдіретін, құлиеленуші  мемлекет калыптастырылған құқықтық нормалардың жүйесі.  Бұл  құқыктың  мазмұны құлиеленуші таптың өмірінің материапдық жағдайларына сәйкес анықталады.

Құқыктың феодалдык типі - бул бір сословиелердің артықылығын және келесі бір сословиелердің кемсітілуін бекітетін, феодалдар табынын еркін білдіретін сословиелік - құқықтық нормалардың жүйесі. Бұл кұкықтың мазмұны феодалдар табының өмірінің материалдық жағдайларына сәйкес анықталады.

Құқыктын буржуазиялык типі - бұл капиталистердің еркін білдіретін жэне олардың мүдделеріне жауап беретін, мемлекетпен калыптастырылған және қорғалатын жалпыға міндетті нормалардың, жүріс - тұрыс ережелерінің жиынтығы.

Құкыктың социалистік типі - бұл халықтың еркін білдіретін, мемлекетпен қалыптастырылған және қамтамасыз етілетін жалпыған міндетті революциялық комитет немесе орган шығарған декреттердің жиынтығы. Құқықтың социалистік типіне сәйкес, заң ол билеуші таптың қолындағы қанаушы құрал, сондықтан мемлекеттегі жалпыға міндетті ережелердің барлығын жоғарыдағы орган шығаруы керек деп ұсынған.

Тақырып  7.  Қоғамның әлеуметтік нормаларының жүйесінде құқықтың алатын орны. Құқық нысандары (қайнар көздері).



Мақсаты:  Құқық нормаларын  әлеуметтік нормалармен салыстыру арқылы ерекшелігін айқындау, басты белгілерін сараптау.

Түйін сөздер: әлеуметтік нормалар, техникалық нормалар, діни нормалар, әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар, құқық нормалары, нормативтік акт.

  1. Әлеуметтік және техникалық нормалар.              

  2. Құқық пен ізгіліктің арақатынасы.

  3. Құқык, және діни нормалар.                            

  4. Құқық және корпоративтік нормалар.             

  5. Құқық және әдет-ғұрып.

  6. Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.

7.Құқық нормалирыньң түрлері, кұрылымы.

8.        Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы.

  1. Құқықтың қайнар көздерінің тұсінігі және түрлері.

10.            Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері,

11.     Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері.

12.      Нормативтік актілердің күші.

1. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Қоғам реттеушісіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүру салаларындағы жүріс - тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз ішінде, техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.

    Техникалык нормалар — бүл адамдардың еңбек құралдарын, табиғат заттарын дұрыс колдануының ережелері. Мысалы, техникалык нормаларға мыналар жатады: белгілі  бір  құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мемлекеттік   стандарттар,   техникалық  жағдайлар.   Техникалық нормалар  төмендегідей ерекшеліктерге ие:

а) бүл жердегі реттеу әлеуметтік сипатта емес;

ә) «субъектілік» құрамы тек армен ғана емес, сонымен катар сыртқы әлеммен, табиғат - техникамен де байланысты.

    Әлеуметтік нормалар — бұл нормалар коғамдык катынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, моральдық, діни, саяси,  эстетикалық, әдет — ғұрып,  корпоративтік  нормалары жатады. Әлеуметгік нормалар келесі ерекшеліктерге ие:

а) бұл нормалардың реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол - қоғамдық қатынастар;

ә) «субъектілік» құрамы әлеуметтік саланың өкілдері адамдармен ғана байланысты.

     Техникалық және  әлеуметтік нормалар  өзара тығыз байланыста болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқык колдайды, нәтижесінде белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті құқық - заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, еңбек туралы заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіп-ежелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.

2. Құқық пен ізгіліктің арақатынасы. Ізгілік - бұл адамның жүріс тұрысын жақсылық пен жамандық, әділетгілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен кағидалардың жиынтығы. Құқық - бұл мемлекетпен орнықтырылған және камтамасыздандырылған, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формапьды анықталған заң нормаларының жүйесі. Құқық пен ізгіліктің ортақ —белгілері:

1. Әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең    кеңінен таралған кешенді нормалар болып табылады;

2. Нормалардың реттеу объектісі біреу - коғамдық катынастар;

3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.

Құқык пен ізгіліктің  арасындағы айырмашылыктар төмендегідей:

1.Пайда болуы бойынша: егер мораль коғаммен бірге пайда болса, кұкык мемлекетпен бірге пайда болады;

2. Көріну нысаны бойынша: мораль коғамдық қатынастарда көрініс тапса, құкык жазбаша нысандағы арнайы нормативтік құқықтық актілерден керініс табады;

3. Әрекет ету   саласы  бойынша:   мораль барлық қоғамдық катынастарды реттей алады, ал құқык аса маңызды және өзі реттей алатын коғамдық қатынастарды  ғана реттейді;

4. Күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну барысында күшіне енсе, кұқықтык нормалар нақты аныкталған мерзімде күшіне енеді;

5. Қамтамасыз ету тәсілі бойынша: моральдык нормалар қоғамдык әсер ету шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалары мемлекеттік әсер ету шараларымен камтамасыз етіледі;

6. Бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қатынастарды жақсылык пен жамандык, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, кұкыктык нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, кұкыққа сәйкестік пен құқыққа қайшылык тұрғысынан реттейді.

3. Құкық және діни нормалар. Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орныктырлған және осы дінге сенуші түлғапарға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, інжілде, Тәуратта, буддистердің діни кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етунің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.Тарихка көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәуірлерде діни нормалар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттык - құқықтык, отбасы - некелік  және т.б. катынастарды реттеген.  Қазіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың  өмірінің барлық  салаларын   реттейтін   діни, құкықтык және моральдык нормалардың негізі болып табылады.

Діни ұйымдар орнықтырған нормалар біркатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің кұқыктык негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге занды түлға мэртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оку орындарына иелік етуге құкылы.

4. Құқық және корпоративтік нормалар. Корпоративтік нормаларға мүшелікке негізделген еркін кауымдастықтардың, кәсіптік одактардын партиялардың жарғылары мен баска да құжаттаррында бекітілген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік және коммерциялык ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады.

Корпоративтік нормалар мен құкықтық нормалардың ұқсастықтары олардың екеуінің де белгілі бір ресми тәртіппен кабылданғандығында, құжаттарда бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың кұқықтык нормалардан айырмашылығы - олар өзде - сәйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен мүдделерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпоротивтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында кезделген әсер ету шаралары қолданылады.

5. Құкык және әдет - ғұрып. Әдет ретінде күнделікті қалыптасқан әрекеттердің нәтижесінде калыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтижесінде оларды сактау әдетке айналған нормалар әдет нормалары деп аталады. Құқық өз өмір сүруі барысында құкықтық нормаларға көпшілік әдетті түрде бағынуына негізделеді (зандарды сактау әдеті). кейбір жагдайларда санкцияланған әдет құқыктың кайнар көзі болып табылады.

Құқыктың қайнар көздерінің түсінігі жэне түрлері. Позитивтік құқыктың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар зандарда немесе мемлекетпен танылатын баска да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.

Құкыктын қайнар көздері - бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-кұжаттык нысандары, оларға заңды, жаппыға міндетті мағына беру. Құқыктың кайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бүлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді. Құкықтын қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі: Құқық шығарашылық жолы арқылы; бүл жағдайда нормативтік кұжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады; Санкциялау жолы аркылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде әлеуметгік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға занды күш береді.

Құкықтың қайнар көздерінің түрлері:

1.Нормативтік заң актілері - бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын,  құқык нормаларынан  құралған және белгілі бір қоғамдық катынастарды реттеуге бағытталған ресми кұжаттар. Оларға Конституция, зандар мен заңға сәйкес актілер жатады.

2.Санкцияланған әдет нормалары - бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптаскан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті  мән беріп, оларды орындауды өзінін мәжбүрлеу   күші   аркылы   кепілдеуі.  Әдет-ғұрып   нормаларына заңды мағына беретін  мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау аркылы; ә)оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.

3.Занды прецедент - бүл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын  және  жалпыға  міндетті  заңды   мағынаны  иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттык немесе әкімшілік шешім.

4.Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп субъектілердін жалпыға міндетті зан нормаларынан құралған келісімі.

5.Құқықтың жалпы қағидалары - бүл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы. заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік, ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғанстанның азаматтық кодекстері).

6.Діни мәтіндер - бұлар, әсіресе, мұсылмандық құқыққа тән, ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран - бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтыгы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет — бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.

2. Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері. Нормативтік заңды актілер - бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, нормаларынан кұралған және белгілі бір коғамдык қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар, нормативтік актілерді   норма шығарушылық  құзіретке  ие органдар  қатаң  анықталған тәртіп бойынша қабылдайды. Занды күшіне қарай барлық заң актілері екі топка бөлінеді: заңдар мен заңға бағынышты актілер.

Заң - бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдык катынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заңға бағынышты актілер — бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады: Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен үкімдер; Парламенттің кұзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен үкімдер; Мемлекеттік аумақтық жэне жергілікті органдардың (өкілдік органдар мен әкімшілік органдар) актілері - мемлекеттік билік пен басқарудың  аумактық   органдары   немесе   жергілікті   өзін-өзі басқару органдары  кабылдайды және осы  аумакта өмір сүріп жатқан барлык тұлғаларға таралады;  Ведомстволык актілер - белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.

3. Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері. Заң - бұл заң шығарушы  билік  органы   немесе  референдум   арқылы   ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды коғамдық қатынастарды реттейтін нормаівтік акт.  Заң белгілері:

1.        Заң - бүл кұқыктық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды немесе өзгертуге байланысты кұкык шығармашылық әрекетімен бекітілген заң актісі.

2.        Заң - бұл мемлекеттік биліктің катаң анықталған жоғары органының актісі.

3.        Жоғары заң күшіне ие. Бүл мынаны білдіреді: а) қалған  кұкыктық актілер заңдарға негізделуі және оларға карама - қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға кайшы келген жағдайда басымдылык соңғысына беріледі; ә) занды кез-келген басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.

4.        Заң - бүл құкыктык жүйеде бұрым болмаған және коғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты міндетті нормалардан қүралған нормативтік акт. Заңның түрлері:

Конституция - бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысанын, сот әділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құкықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-кұкыктык акт;

Конституциялық заңдар - Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады;

Жай заңдар - бүл қоғамдык өмірдің экономикалық, саяси әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.

4. Нормативтік актілердің күші. Нормативтік актілер әрекет етудің уакыттык, кеңістіктік және субъектілік шектеріне ие:

1. Нормативтік  актілердің уақыттағы  күші  олардың  күшіне енген сәтінен бастап қүшін жоғалтқан сәтіне дейін таралады. Актілер не оларды кабылдаған сәттен бастап, не нормативтік актінің өзінде немесе онын күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сәттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабылдауда көрсетілген   әрекет ету уақыты өткеннен кейін, не олардың орнына жаңа акт кабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күштерін жояды.

Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:

а) заңның кері күші - жаңадан қабылданған нормативтік актінің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, занның кері күші болмайды. алайда. заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заңның өзінде бұл аталып етсе немесе зан жауапкершілікті женілдетсе немесе жойса;

ә)жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған занның жекелеген мәселелерге қатысты күшін сақтап қалуы.

2. Нормативтік актілердің кеңістіктегі  күші олар таралатын аумакпен аныкталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік шекаралар ішіндегі оның құрғақ және су кеңістігі, олардың үстіндегі ауа кеңістігі, жер койнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердін аумактары,  ашық теңіздегі  әскери  және сауда  кемелері,   мемлекеттің  аумағынан   тыс  жерлерде  ұшып жүрген ұшақтар танылады. Бұл мәселені қарастыру кезінде мынаны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе тұлғаларға таралмау тәртібі эксаумақтық деп аталады.

3. Заңның түлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талапардың белгілі бір актінің әрекет ету аумағындағы барлық тұлғаларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушылықтар бар:

а)          мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік және консулдык өкілдіктердің қызметкерлері эксаумактык құкығына ие және оларға қылмыстық заңнаманы және шілік және мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды;

ә) кейбір әкімшілік құкык бұзушылыктар туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкер нормативтік актілер, мысалы. кылмыстык жауапкершілікті көздейтін актілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүргеніне және олардың шетелдік заңнама нормаларына сәйкес жазаны өтегеніне қарамастан, таралады:

б) мемлекет аумағында өмір суруші  шетелдік түлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен міндеттердін кең шеңберін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құкықтар тұлғаларға таралмау тәртібі эксаумақтық деп аталады.

Тақырып  8. Құқық нормасы

1.  Құқық       нормасының       өзге       әлеуметгік       нормалардан айырмашылығы.

2.         Құқық нормасының мәні, маңызы және үлгілері.

3.         Құқықтық норма күрылымы.

4.         Құқық нормасының тұрлері.

5.         Құқық нормасы мен нормативті акт бабының арақатынасы.

1. Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі - құқықтык нормалар. Әлеуметтік норманың барлык сапаларын иемдене отырып, олар мемлекетпен ажырағысыз байланысы арқылы анықталатьш арнаулы ерекшеліктерімен де сипатталады: көрініс дамуының ерекше улгісі, оларды бұзудан қорғаудың үлгісі ерекше болады.

Кұкьіқтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған іс-әрекет тәртібі. Құкықтық норма - әлеуметтік құрылым ретіндегі кұқыктьщ бастапқы элементі, бүкіл құқыктық жүйенің негізгі түсінігі.

Құқықтық норманьщ салыстырмалы толық түсінігін анықтау үшін, оның құрылу процесін, негізделуін, табиғатьш, қасиеттерін, әлеуметгік ролін ұғыну қажет.

Құқықтық нормалар - объективті дүниені бейнелеудің жоғарғы үлгісі ретіндегі адамның әлеуметтік әрекетінің жемісі. Олар қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу кажеттілігін түсінудің нәтижесі ретінде пайда болады. Заң шығарушы заңдарды жасап шығарушы, ойлап табушы ретінде емес, өзіне объективті шындық туралы толық білімді бейнелеудің қалыптастырушысы ретінде қарау қажет. Яғни, зандар оны калыптастырушының әрекетінің нәтижесі емес, өмір шындығының бейнеленуі екенін естен шығармауымыз кажет. Сонымен қатар, адамның ойлау әрекеті - өзіндік заңдары мен ерекшеліктері бар күрделі процесс екенін, ал құқықтық нормаларды жасау - бейнелеудің неғүрлым кайшылықтағы түрі-қоғамдық саяси деңгейдегі бейнелеу екенін деүмьггпауымыз керек. Бүнда ойлау әрекетінің тәртібі мен заңдары таптардьщ, әлеуметтік топтардың мүддесі мен талаптарымен үштасуда. Құқыктық норма сондықтан да түп нұсқаның көшірмесі бола алмайды.

Құқықтық норма - заңда және басқа қайнар кездерде мемлекет құқық обьектісінің заңды тыйым салынбаған әрекетін көрсететін өлшем ретінде саналатьш жалпыға міндетті іс-әрекет торгібі. Құқық нормаларьша тән сипат жүйелік. Олар (жекелей тұрде емсс) бөліктер түрінде кальштасады жәнеәрекет етеді. Ягии, комплекстер, ассоцациялар құқык институттары құрамыңда және ксц құрылымдарда - құқық салаларында қальштасады, әрекет етеді.

Зандық нормаларда бейнелеу обьектісі больш материалдық және әлеуметтік өмірдің жағдайлары танылады. Құқық нормаларында әлеуметтік шындықтың бейнелеуінің өзіндік ерекшеліктері бар, оларды құқықтық нормалардың белгілері ретінде түсіндірсе де болады:

-          Құқықтық   нормалар   неғұрлым   маңызды,      қоғамға      қажет қатынастарды бейнелейді.  Бірақ барлық  қатынастар құқықта көрініс тауып, бекітіле бермейді, тек мемлекеттік қолдау тапқан бөлігі ғана бекітіледі.

-          Құқық     нормалары     ретке     келтіріп     отыратын     қоғамдық қатынастардың бейнеленуі мемлекеттік сипатқа ие. Онық себебі бейнелеу    субьектісі     болып     арнаулы     қүзыреттілігі     бар мемлекеттік     органдардың     танылуы,     сондай-ак     бейнелеу процесінің нақты белгіленген зандарға сәйкес өтуі және қатаң анықталған    үлгілерінін    болуы.    Осының    барлығы    құқық нормаларының мемлекет тарапынан шығатынын негіздейді.

-          Ғылыми негізделу - бейиелеу процесімен байланысты құқық нормасының арнаулы қасиеті.

-          Құқықтық   норма   ретгелуге   тиісті  қоғамдық   қатынастардың моделі болып табылады.