Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория гос и право.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
251.67 Кб
Скачать

2. Құқықтық сананың құрылымы екі элементтен құралады: құқықтық психология және құқықтық идеология.

Құкықтық психология - бұл, ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзкарастардың, армандардың жиынтығы. Бүл жерде құкықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларды қалыптастыруға тырысады. Құқықтык психология арқылы мыналар жүзеге асырылады: а) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, тұлғаның мәдениетіне, күнделікті өміріне, әдетіне еніп кеткен барлық элементтер; ә) тұлғаның өзін-өзі бағалауы, яғни, өз жүріс-түрысын құқық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сындарлы түрде бағалай білу қабілеті.

Құкықтық идеология - бұл адамдардың қүқықка қатынасын білдіретін қукыктык көзқарастардың, түсініктердін, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бүл субъектілердің құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі: ол қүкықтык бағалаудың ерекше деңгейін білдіреді. Қүқықтық идеология - құқыктык сананың қүрылымындағы басты элемент. Құқықтық сана мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:

Мазмұны бойынша:

         қарапайым құкықтық сана - бұл тұлғалардың құқыкқа қатысты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туындайтын кеңіл-күйлері;

         кәсіби құқыктық сана - бұл заңгерлердің заңды тәжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, кезқарастары, дәстүрлері;

         ғылыми кұкықтық сана - бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар;

Құқықтық сана субъектілері бойынша: жеке құқықтық сана; топтық құқықтық сана; қоғамдық құқықтық сана болып бөлінеді.

3. Құкықтық мәдениеттің түсінігі және құрылымы. Құкықтық мәдениет күкыктык санамен тығыз байланыстылықта бола тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құкықтық мәдениет құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен катар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты дақамтиды. Құқықтық мәдениет мыналарды білдіреді:

1.              Құкықтық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;

2.              Халыктың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;

3.              Құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудін жоғары деңгейі;

4.              Құқық шығармашылық және құкықты жүзеге асыру пррцесстерінің сапалық жағдайы;

5.              Құқықтык қызметтің ерекше тәсілдері (құқық қорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.);

6.              Құкықтық кызметтің адамдар жасаған рухани және матеиалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тэжірибесі заңнама жүйесі жэне т.б.).

Бұлардың барлығы жекелік және коғамдық тұргысынан қарастырылуы мүмкін. Тұлғаның құқықтык мәдениеті - бұл құқықты білу және түсіну соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құкықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құкықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден құралады: Психологиялык элемент- қүкыктык психология; Идеологиялық элемент - құқықтык идеология; Жүріс-тұрыстық элемент - заңды мәні бар жүріс-тұрыс.

           Қоғамның кұкықтық мәдениеті - бұл коғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның құқықтық мәдениеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады жэне келесі факторлармен сипатталады:

1.         Құқықты шын мәнінде қажетсіну;

2.         Елдегі заңдылық пен құкықтық тәртіп жағдайы;

3.         Қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дәрежесі.

         Қоғамның құкықтық мәдениетінің құрылымы келесі элементтерден құралады:

Қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық белсенділігінің деңгейі;

Заң нормаларының даму дәрежесі (құқыктың даму деңгейі, заң мәтіндерінің мәдениеті және т.б.); Заң қызметінің даму дәрежесі (кұқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы қызметтің мәдениеті).

Тақырып  12. Құқықтық қатынастар



Мақсаты: құқықты жүзеге асырудың, құқықтық реттеу механизмінің басты элементі ретінде «құқықтық қатынас» ұғымына түсіндірме беру.

Түйін сөздер: құқықтық қатынас, субьективтік құқықтар, заңды міндеттер, заңды фактілер, құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік, құқық нормасы,құқық субъектілік.

1.                             Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері,

2.                             Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары,

3.                         Қуқық субъектілерінің қуқық қабілеттігі және әрекет қабілеттігі. Құқық субъектілік.

4.   Кұқықтық қатынастардың объектілері.

5.                         Субъективтік құқықтар және заңды міндеттер.

6.                         Заңды фактілер.

1. Құқыктық катынастардын түсінігі және түрлері. «Қүқықтық катынас» категориясы құкықтың жаппы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас - бұл қатысушылары субъективтік құкыктар мен занды міндеттерді иеленетін, кұқык нормаларымен реттелген қоғамдык қатынас.

Құқықтык қатынастардың белгілері:

а) бұл элеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ә) ол құқык нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, кұкық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға катысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в)  бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;

г)  бүл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін катынастар.

Құкық нормаларын түрлерге белудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Салалық белгісі бойынша құқықтык қатынастар конституциялық - кұкыктық, әкімшілік - құқыктық, азаматтық – құқықтық және т.б. болып бөлінеді; Сипаты бойынша - материалдық (қаржылық, еңбек және т.б) және іс жүргізушілік (қылмыстык іс жүргізушілік, азаматтык  іс жүргізушілік) кұкықтық қатынастар; Құқыктың функциялары бойынша - реттеуші және қорғаушы кұкыктық қатынастар, реттеуші құкықтык катынастар құкық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, корғаушы құкықтық қатынастар  мемлекеттік  мәжбүрлеумен  және  заңды  жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады;Қатысушыларының   құрамына   қарай - жай   және   күрделі  құқықтық қатынастар; жай құкықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу қүқықтық катынастары), ал күрделі құқықтық катынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу кұкықтық қатынастары); Субъектілерінің анықталу дәрежесіне қарай — абсолюттік және қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқыктық қатынастарда тек бір жақ кана - субъективтік құқықты иеленуші - анықталады, ал қатысты қүқықтық қатынастарда екі жак та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады; Жалпы және накты құқықтық қатынастар; жалпы құкықтык қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құкықтык катынастар заңды фактілердің - әрекеттердің, накты жүріс-тұрыс актілерінің – нәтижесінде пайда болады.

2. Құқықтық қатынастардын пайда болуының алғышарттары. Алғышартар - бұл қүқықтық катынастарды туындататын жағдайлар, факторлар.Құкықтык қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:

  • Материалдык (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың кұкыктық катынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік кажеітіктері мен мүдделері жатады. Кең магынада - бүл белгілі бір коғамдық қатынастарды құкықтык реттеудің объективтік қажеттігін көрсететін әлеуметтік экономикалық, мәдени және т.б. жағдайлардың жүйесі.

  • Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқықсубъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құкықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.

Құкық нормасы - бұл мемлекет таныған және камтамасыз ететін жалпға міндетті, формальды аныкталған жүріс-тұрыс ережесі. Қүқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған.

Заң нормасы - құкыктың апғашқы буыны, онын жүйесінің элементі. Сол себепті, бүл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құкықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда бұл «кұқык» және «қүқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.

Құқык нормасының белгілері:

1.        Жалпыға міндеттілігі - ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;

2.        Формальды анықталғандығы - ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады;

3.        Мемлекетпен байланысы - оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

4.        Ұсынушылық - міндеттемелік сипат - ол бір субъектілерге құкықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, қукыкты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Құқык нормаларының түрлері: 1) реттеуші және құкық қорғаушы; 2) құкық беруші, тыйым салушы және міндеттеуші; 3) императивтік жэне диспозитивтік.

Құқықтық нормалардың құрылымы үш элементтен қүралады: гипотеза, диспозиция және санкция.

Құкық нормасы — бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал  құкықтық қатынас - құқык нормасының негізінде пайда болатын коғамдык катынас.

Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:

а) кұқық нормасы мен құ:қықтық қатынас құқыктық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;

ә) құкық нормасы - бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;

б)        кұкык нормасы кұкықтық катынастар субъектілерінін шеңберін анықтайды;

в)        құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құкықтық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді;

г)құқық нормасы өз диспозициясында құқықтык қатынастар қатысушыларының субъективтік құқыктары мен заңды міндеттерін анықтайды;

д) кұқык нормасы өз санкциясында диспозицияны орьшдаудың

мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);

е) қүкыктык норма мен құқықтық катынас себеп пен салдар ретінде байланысқа түседі, яғни, құқықтық қатынас - бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.

Құқықтық қатынас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъективтік құқық және заңды міндет (занды мазмұн).

3.Құқық субъектілерінің құкық қабілеттігі және әрекет қабілеттігі. Құқыктық қатынастардың субъектілері - бұл қүқықтық қатынастардын сәйкес  субъективтік құкықтар  мен  міндеттерді иеленген  катысушылары.   Құкыктык  қатынас субъектісі  - бұл өзінің  қүқық әрекет қабілеттігін пайдаланушы  құқық  субъектісі. Қүқыктық катынастар субъектілерінін келесі түрлері болады:

Жеке субъектілер (жеке түлғалар); бұларға азаматтар, азаматтығы жок тұлғалар, косазаматтығы бар тұлғалар,  шетелдік тұлгалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар Қазақстанның аумағында Қазакстан азаматтары сияқты құкықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе апады, алайда, оларға   қатысты  заңнамамен   орныктырылған   шектеулер   бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатарында   кызметін   өтемейді   мемлекеттік   аппаратта  белгілі   бір лауазымды иелене алмайды жэне т.б.

Ұжымдық субъектілер; бүларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық - құкықтық қатынастарға түскен    жағдайда); мемлекеттік   ұйымдар;    мемлекеттік   емес ұйымдар  (жеке  фирмалар, коммерциялық  банкілер,  қоғамдық бірлестіктер және т.б.).

 Құқықтык қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.

Құкыкқабілеттік - бұл тулғаның қүқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Әрекетқабілеттік - бүл түлғаның өз әрекеттері аркылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық - 18 жастан басталады; жартылай - 14 пен 18 жас аралығында болады.

Әрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың, құқыктары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін камтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.

Құкыққабілеттік пен әрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтык құқыктан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. Азаматгык кұкықтағы кұқыкқабілеттік пен әрекеткабілеттіктін ажыратылуын былай түсіндіруге болады:

а) мүліктік қатынастар олардын жасына, еркінің жағдайына карамастан барлық азаматтар үшін қажет;

э) мүліктік күқықтық катынастар саласында құқыққабілеттігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз түлғаның орнына оның заңды өкілі катыса алады.

Қүқықсубъектілік - бұл түлғаны құкық субъектісі ретінде сипаттайтын кұкыққабілеттік пен әрекеткабілеттік.

Құкыктық қатынастардың объектілері бұл құқықтық қатынастар  субъектілерінің   құқықтары   мен   міндеттері   бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланыска түсетін категория. Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қарастырады:

- олардың біріншісіне сәйкес, құқықтык қатынастың объектісі болып тек субъектілердің әрекеттері табылады;

- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сәйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар: материалдық игіліктер (заттар, қүндылықтар. мүлік және т.б.); материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-касиет, абырой және т.б.); рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер,  музыка, ғылым туындылары және т.б.);құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижелері (мысалы, тасымапдау шартының. мердігерлік шартының нәтижесінде туындайтын кұкықтық катынастар); бағалы қагаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.).

   Субъективтік құкыктар және заңды міндеттер. Егер қоғамдык    қатынастар    құкыктык    қатынастардың    материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік қүқықтар мен міндеттер субъективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер арқылы   құқықтық   қатынастар  қатысушыларының  арасындағы занды байланыстар жүзеге асырылады. Субъективтік құкық - бүл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы.

Заңды міндет - бүл заңды қажет жүріс-түрыс шамасы. Міндет - бұл субъективтік қүқықтың жузеге асырылуының кепілі. Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:

- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін канағаттандыруға бағытталса, заңды   міндет  бөтен   мүдделерді   (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) канағаттандыруға бағытталған;

- егер субъективтік кұқык заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, занды міндет қажетті жүріс-түрыс шамасы болып табылады.

    Занды фактілер - бұл белгілі бір қүқықтық салдардың туынауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Занды фактілер қүкықтық катынастардың пайда болуының алғышарттары болып табылады. Заңды фактілерді әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1.Туындайтын салдардың сипаты бойынша: құқық тудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу); құқық өзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу); кұқық тоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).

2. Құқыктык, катынастар субъектілерінің еркімен байланысына қарай:

         оқиғалар - бүл субъектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы. табиғат апаты, өлім және т.б

         әрекетгер - бүл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысты жағдайлар. Әрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай және құқыққа кайшы болып бөлінеді.

Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы - заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құамдардын екі түрі болады: а) онын, барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мэселесі); э) ол жалпы белгілермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).

Тақырып  13. Нормативтік актілерге түсінік беру. Құқықтық реттеудің механизмі



Мақсаты: құқықты жүзеге асырудың ұғымын, мәнің және маңызын түсіндіру, құқықтық реттеу механизмінің түсінігін және элементтерін қарастыру.

Түйін сөздер: құқық нормасын сақтау, құқық нормасын орындау, құқық нормасын пайдалану, құқықты қолдану, істің шешімін табу, құқықтық реттеу механизмі, заң ұқсастығы, құқық ұқсастығы, заңдағы олқылықтар.

1.        Құқықты жүзеге асырудың түсінігі және нысандары.                

2.        Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және ке зеңдері.

3.        Кұқықтық реттеу механизмінің түсінігі және элементтері.

4.        Құқықтық реттеудің тиімділігі.

  1. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі және нысандары. Құқықтық нормалар адамдардын санасы мен еркіне мақсатты түрде әсер ете отырып, оларды заңнамаға сәйкес жүріп-тұруга итермелеу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары аркылы кез-келген заңшығарушы калайтын нәтижелерге жетуге болады.

Құқықтык нормаларды жүзеге асыру - құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-түрысы, олардың құқықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байланысты тәжірибелік қызметі. Субъектілердің әрекеттерінің сипатына карай құкықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп карастырады:

- Сақтау - қолданыстағы құқықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту;

- Орындау - он мазмұнды заңды міндеттерді орындауга байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру:

- Пайдалану - олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;

- Қолдану  -  құзіретті  органдардын  нақты  бір  заңды   істі шешуге байланысты биліктік кызметі, нәтижесінде сәйкес жеке акт қабылданады.

2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және кезеңдері.  Құқыкты қолдану - бүл құкықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз кұқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:

         құкықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қолданады;

         биліктік сипатқа ие;

         іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады;

         сәйкес жеке, биліктік (құқық қолдануны) актіні колданумен байланысты;

         үш кезеңнен құралады:

Істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік   шындык   анықталып,   барлық   заңды   маңызы   бар ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;

Істін заңды негізін анықтау; бұл кезде құқық қолданушы осы коғамдық қатынасты реттейтін құқықтын сапасын, институтын және нормасын таңдайды;

Істі шешу; бұл кезде қүкық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды әрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы және накты коғамдык қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.

Заңды карама-кайшылықтар. Екінші кезеңде, яғни, нақты құкық нормасын таңдауда, нормалардың карама-қайшылығы және құқыктағы олқылықтар сияқты құбылыстады кездестіруге болады. Заңды қарама-кайшылыктар - бұл бір коғамдык қатынастарды реттеуші құқықтық актілер арасындагы қарама-кайшылықтар. Олар құқықтық жүйеге келіспеушіліктерді, кемшіліктерді әкеледі, құқық қолдану тәжірибесінде ыңғайсыздықтар туғызады, заңнаманы қолдануды киындатады. Қарама-кайшылықтардың түрлері:

1)             Конституция мен басқа барлық актілер арасындағы: басымдылық Конституцияға беріледі;

2)             Заңдар мен заңға сәйкес актілер арасындағы: заңдарға басымдылык беріледі;

3)             Бір органнын актілері арасындағы: уақыты бойынша кейін қабылданған актіге басымдылық беріледі;

4)             Әр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы: жоғары тұрған органның актісіне басымдылық беріледі.

Құқыктағы олқылыктар - бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы. Олқылыкты жаңа құқық нормасын қабылдау аркылы құкық шығармашылық процессінің көмегімен жоюға болады. Олқылықтарды құқық қолдану процессі аркылы жеңуге болады себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не кұқұқ ұқсастығы, не заң ұксастығы қолданылады.

Заң ұксастығы - бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған құқыктық норманың негізінде шешу. Құқык ұксастығы - бұл накты заңды істі кұқықтың жалпы қағидалары мен мәні негізінде шешу. Құкықтағы олқылықтарды жеңудің бұл әдісі ұксас істі шешуге байланысты осы құқұқ саласында, ұқсас кұқық саласында да нақты нормалар болмаған жағдайда ғана колданылады.

  Құқықты қолдану актісі - бұл  нақты бір заңды  істі  шешу нәтижесінде құзіретті   орган  шығаратын,  жеке  биліктік  ережеден  құралған құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады: - құзіретті орган шығарады; -мемлекеттік-биліктік сипатқа ие; -нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъектілерге бағытталған: -заңмен анықталған өзіне тән нысанға ие.

Құқық қолдану  актілерін   келесі  негіздер  бойынша түрлерге бөлуге болады:

1.              Нысаны бойынша — жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұйрықтар және т.б.;

2.              Оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты - мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың (мысалы муниципалды органдардың) актілері;

3.              Құкықтың функциялары бойынша - реттеуші (мысалы, кызметтік  бұйрықтар)  және   корғаушы   (мысалы, қылмыстық   істі қозғау туралы қаулы);

4.              Заңды табиғаты бойынша - негізгі және көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негізгі актілерді шығаруға жәрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы);

5.              Құқыктық реттеу  пәні бойынша - қылмыстык-құқықтық, азаматтық-құқыктық және т.б. актілер;

6.              Сипаты бойынша - материалдық және іс жүргізушілік.

1. Құқыктык реттеу механизмінің түсінігі және элементтері.

Құқыктық реттеу механизмі - бұл құқық субъектілерінің мүдделерін канағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жұйесі.

Құкықтық реттеу механизмінің мақсаты - субъектілердің мүдделерінің құндылықтарға кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету (мазмұнды белгісі). Құқықтық реттеу механизмі - бұл табиғаты және функциялары бойынша әр түрлі заңды құралдардын жүйесі (формальды белгісі).

Құқықтық реттеу механизмінің келесі элементтерін бөліп қарастыруға болады:

1.              Құқық нормасы - мұнда мүдделерді канағаттандыру үлгісі калыптасады;

2.              Ұйымдастырушылық - атқарушы акт сияқты шешуші фактімен бірлескен заңды факт немесе фактілік құрам;

3.              Құқықтык  қатынас  -  бүл   жердегі   нормативтік  талаптар сәйкес субъектілерге қатысты нақтыланады;

4.              Құкықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері - субъектілердің сақтау, атқару және пайдалану нысанындағы әректтері;

5.              Қорғаушы, құқық қолданушы акт – құқық бұзушылық жағдайында қолданылады.

2. Құқықтық реттеудің тиімділігі - бұл кұқықтық реттеудің нәтижесі мен оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы арақатынас.

Құкықтық реттеудін тиімділігін көтерудің төмендегідей жолдарын атап өтуте болады:

1.          Құқық шыгармашылықты   жетілдіру;   мұның   нәтижесінде заң шығармашылық техниканың жоғары деңгейіне сәйкес құқык нормаларында қоғамдык мүдделер мен  заңдылықтар  мейлінше анық көрініс табады. Бұл кезде заңды және ақпараттық құралдардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай жағдай жасау керек.

2.        Құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нәтижелерін толыктырады. Құкыкты қолдану әр бір заңды жағдайдың нақты  жағдайларын,   өзіндік   ерекшеліктерін   ескереді.   Құқық шығармашылық пен құқық қолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық реттеуге икемділік пен кешенділікті береді. Құқық субъектілерінің құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру де құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту процесіне әсерін тигізеді.

Тақырып  14. Құқық және заңды мінез-құлық. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.



Мақсаты: құқықты мінез-құлық ұғымы, түрлері, заңды мүдделерді қорғаудың құралы ретінде заңды жауапкершіліктің мәні; құқықты мінез-құлықтың қарсы әрекеті ретінде құқық бұзушылықтың түсінігі, себеп-салдары.

Түйін сөздер: құқық бұзушылық, қылмыс, теріс қылық, санкция, құқық бұзушылықтың обьектісі, құқық бұзушылықтың субьектісі, құқық бұзушылықтың субьективтік жағы, құқық бұзушылықтың обьективтік жағы, заңдылық, құқықтық тәртіп, заңды жауапкершілік.

1. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі және белгілері

2. Құқық бұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері.

3. Құқық бұзушылықтың заңды кұрамы.

4. Заңды  жауапкершіліктің түсінігі, белгілері, түрлері және қағидалары.

5. Заңдылықтың түсінігі және қағидалары.

1. Құкыктық мінез-кұлықтын түсінігі және белгілері. Құқықтық мінез-кұлық - бұл субъектілердің құқық нррмаларына және әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы. Құқықтық мінез-құлық келесі белгілермен сипатталады: заңмен орнықтырылған шекте болады (формальды аспект); әлеуметтік пайдапы, қоғамдық мақсатгар мен мүдделерге қайшы келмейді; бұлар онын объективтік жағын кұрайды (мазмұнды аспект); саналы сипатқа ие; бұл оның субъективтік жағын құрайды.

   Құқыктық   мінезқұлық мына негіздер бойынша түрлерге белінеді:

1.              Әлеуметтік маңыздылығы дәрежесіне қарай: қажетті (мысалы, әскери борышты өтеу); қалаулы (мысалы, ғылыми және көркем шығармашылық); рұксат етілген (мысалы, діни рәсімдерді орындау);

2.              Себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты: әлеуметтік белсенді; конформисттік; әдетті; маргиналды.

Әлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс - бұл құкықтық сана мен құқықтық мәдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгейімен сипатталатын жүріс-тұрыстың жоғаргы нысаны. Бұл жерде субъект жазадан қорықанынан немесе марапаттауды күткенінен емес, құқыктық мінез-құлықтың кажеттігіне сенуінің негізінде әрекет етеді.

Әлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс мынадай элементтерден құралады: а) кызметтің мемлекеттік ұйымдастырылган түрлерінегі құқық шығармашылык және құкықты жүзеге асыру салаларындағы белсенділік; ә) ерікті ұйымдардың қызметіндегі белсенділік; б) қоғамдык және қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды кұрудағы және олардың қызметіндегі белсенділік; в) тұлғаның құқык саласындағы дербес белсенділігі.

Конформисттік жүріс-тұрыс - бұл құқықтык ережелерге оларды терең әрі жан - жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсенділіксіз бағынумен сипатталатын әрекет. Басқаша айтқанда, адам басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық мінез-кұлықты таңдайды.

Әдетті жүріс-тұрыс - бұл құқық нормаларының орындалүы әдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын жүріс - тұрыс. Әдет әрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нәтижесінде калыптасады.

Маргиналды жүріс-тұрыс - бұл мемлекеттің мәжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нәтижесінде жүзеге асырылатын кұқықтық мінез-құлық.