Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория гос и право.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
251.67 Кб
Скачать

5. Заңдылықтың түсінігі және қағидалары. Заңдылық - бұл коғамдық қатынастардың барлық катысушыларының кұқық нормаларын катаң түрде сақтауы.

Заңдылық үшін екі жақ тән: а) мазмұнды жағы - бұл күқықтық. әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы; ә) формальды жағы-бұл оларды орындау, себебі, орындаусыз ең кемшіліксіз заңдардың болуының өзі де жеткіліксіз.

Заңдылықтыңың субъектілері болып қоғамдык катынастардың барлық қатысушылары табылады, нақты айтқанда: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері табылады.

Заңдылықтың қағидалары - бұл заңдылықтын мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:

1.              Зан үстемдігі - барлық нормативтік және жеке қүқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;

2.              Заңдылықтың тұтастығы - нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;

3.              Зандылықтын мақсатқа сәйкестігі ~ құқық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру кызметінің қоғамнын мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуга жол берілмейді;

4.              Зандылықтың шынайылығы - құқыктық ережелердің барлық кызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.

    Заңдылықтың кепілденуі — бүл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың кұқықтарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Заңдылықтың кепілденуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

Әлеуметтік-экономикалық - бул қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі. оның жағдайының деңгейі, меншік нысандарының алуан түрлілігі, экономикалық бостандықтар және т.б.;

Саяси - бұл конституциялық құрылымның коғамның саяси жүйесінің  демократиялылығының  дәрежесі, саяси   плюрализм, көппартиялық, биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.;

Ұйымдастырушылық - бұл заңдар мен заңға сәйкес актіІлердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың (прокура'тура, сот, полиция және т.б.) кызметі;

Қоғамдық - бул заңнаманы бұзумен  күресу  мақсатында қолданылатын алдын алу және басқа да шараларының мемлекетте қалыптаскан кешені;

Идеологиялық - бүл құқықтык сананың дамуының, азаматтар арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарын орындаудың дәрежесі, қоғамдағы адамгершілік тәрбиелеудің деңгейі;

Арнайы - заңды - бұл құқықтык талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау және қудалау мақсатында колданыстағы заңнамада бекітілген тәсілдер мен құралдар.

    Құкықтық тәртіп - бұл субъектілердің  қүкықтық  мінез-құлығымен  сипатталатын  қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының  нәтижесі.

Құқықтык тәртіптің ерекшеліктері:

а)  ол құкык нормаларында жоспарланған;

ә) осы нормапарды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;

б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;

в)  қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;

г)  заңдылыктың нәтижесі болып табылады.

4. Заңдылық пен құқыктық тәртіптің арақатынасы. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді:

1.              Құқықтык тәртіп кұқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады;

2.              Құқыктық тәртіпке жету үшін зандар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер  қабылданады,  заңнаманы  жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады;

3.              Құқыктық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен қүқыктық тәртіпке жету мүмкін емес;

4.              Заңдылықты  нығайту  құқықтық тәртіпті  нығайтуға алып келеді;

5.              Құқыктық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.

Тақырып  15. Заңдылық және құқықтық тәртіп. Құқық және жеке тұлға.

1.    Зандылық түсінігі, негізгі сипатгары.

2.                             Құқықтық   тәртіп    пен   қоғамдық   тәртіптің   түсінігі   жөне арақатынасы.

3.                             Заңдылықгы қамтамасыз ету әдістері мен кепілдіктері

4.                             Заңдылық және тәртіп.

5. Заңцылықты, қоғамдық тәртіпті және тәртіпті көтеру Қазақстан Республикасында демократиялық, тәуелсіз, құқықтық мемлекет құрудық маңызды шарты.

1. Зандылык - барлық субъектілердің заңдар мен заңға бағыныпггы актілерді сақтауы. Заңдылыққа екі шарт кажет: 1) құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы (мазмұндық жағы); 2) одардың орындалуы (формальды жағы). Зандылық пен олардың нринциптерінің ара қатынасына құқық теориясында методологиялық аксиома қалыптасқан: принцип-мазмұн, «зандылык» категориясы - олардың көрінісі болып табылады.

Қағида ретіндегі заңдылық идеялар мен көзқарастар жиынтығы, олардың көмегімен құқықтық қатынастардың барлық қатысушылары құқықтық әрекет жасауға ішкі қажеттілікті қальштастырады. Зандылык қоғамды мемлекеттік басқару әдісі ретінде жөне режим ретінде құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің қолданыстағы заңдар мен заңдық нормаларды қатаң және бүлжытпай орындауын білдіреді.

Соңғы кездері зандылыкқа жаңа тұрғыдан анықтама беруші ғалымдардың көзқарастарына тоқталатын болсақ, төмендегі анықтамаларды кездестіреміз. И.Ң.Ңитрук: «Заңдылық - құқыктың мемлекет заңдарында, заңшығармашылықта, заңға бағьшышты күқықшығармашылықта шынайы керінісінін идеясы, талабы және жүйесі».

Кудряңцең Ң.Н.: «Заңдылық заңдар мен өзге құқықтық актілерді шығару және бүлжытпай жүзеге асыру көмегімен қоғамдық қатынастарды үйымдастырудан құралатын қоғамдық өмірдің анықталған режимі, мемлекеттік басқару әдісі»- деп санайды.

Келтірілген анықтамалар аталған мәселенің әртүрлі аспектілерін қарастыру негізінде жасалған. Осыған байланысты заңдылыктың мьшандай жақтары анықталған:

1) ішкі жағы - құқықтық шьтндылықты сипаттау ұшін қолданылатын, құқықтық құбылыстар жүйесіндегі зандылықтың функционалдық ролін көрсетеді (оған заңцылықты қағида, әдіс, режим, жағдай ретінде анықтау жатады);

2) сыртқы жағы - қоршаған шындықты тану және түсіндіру үшін қолданылатын күндылықтар жүйесіндегі Заңдылықтық орны мен ролін анықтайды. Сыртқы аспектілерге: әлеуметгік-экономикалық, саяси-идеологиялық, рухани, логико-семантикалық жақ жатады.

Әлеуметтік-экономикалық жақ. Заңдылықтық объектиңті табиғатын, саяси-құқықтық шындықтың құбылысы ретіндегі қалыптасуы мен дамуының шарттары мен алғышартгарын қалыгггастырады.

Саяси-идеологиялық жақ. Қоғамдық дамудың заңцылығы ретінде түсіндіріледі. Ол зандылық теориясының дүниетанымдық негізін күрайды. Зандылық пен максаттылық, қажетгілікті салыстыруға болмайды. Рухани-адамгершілік тұрғысьшан заңдылық жеке түлғада құқық нұсқауларына қатаң бағыну қажеттілігін қалыптастырады.

Логика-семантикалық: әділеттілік бойынша - заң бойынша заңцылық.

Заңдылық - бірнеше жағдайдан құралады: 1) Құқық шығармашылық және құқық қорғаумен айналысатьш мемлекетгік органдардың болуы; 2) қоғамдық қатынастарды ретке келтіруге бағытталған құқықтық нұсқаулардың қолданыстағы жүйесінің болуы; 3) құқықтық мәдениет пен құқықтық сананық жеткілікті дәрежесінің болуы.

Зандылыктың мәні - колданыстағы заңнаманы қатаң және бүлжытпай сақтауын талап ету.

Заңдылықтың құқық теориясында танылған мынандай белгілері бар:

1)                зандылық коғамда мемлекетте болып жатқан саяси-құқықтық процесстермен себепті-салдарлы негізделеді;

2)                            Заңдылық талаптарының жалпылығы және міндеттілігі танылған;

3)       зандылық   категориясымен   түсіндірілетін,   жоғары   дәрежелі абстракцияның болуы тән;

4)             объектиңтілікпен сипатталынады;

5)                            Заңдылықты қорғау бойынша мемлекеттік қызметгі жүзеге асыру орьш алады.

Зандылықтың төмендегідей принциптері танылған:

1)                            Заңдылық бірлігі - әлеуметтік қатынастарды құқықтық ретгеуді нормативті-құқықтық     акт     түріне,     құқықтық     қатынасқа қатысушыларға,  ықпал   ету   объектісі   сипатьша   қарамастан теңестіру;

2)                            адам        негізгі        құқықтары        мен        бостандықтарының кепілдендірілгендігі - әлеуметгік негізі; индиңидті жалпы қорғау мен   жалпы  гуманитарлық   күндылықтардың   басымдьгаығьш қамтамасыз ету қажеттілігі;

3)                            жасалған құқықбұзушылыққа сәйкес жауапкершіліктің болуы - Заңдылық   табиғатын   анықтайды;   елдегі   құқықтық   тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік және қоғамдык институттардың әрекетін анықтайды.

4)             Заңдылық пен мақсатгыиықты қарсы қоюға болмайтындық;

5)                            зандылық пен мәдениеттіліктің өзара байланысы - жалпы және күқықтық мәдениет заңдылықтық моральдық - этикалык негізін күрайды;

6)                            конституция мен заңдардың жоғарылығы (нормативті-құқықтық актілердің заңға сәйкестігі).

2. Құқықтық тәртіп дегеніміз - құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.

Қоғамдық тәртіп - мемлекетте барлық әлеуметтік нормаларды іске асыру арқылы пайда болатын коғамдық қатынастардъщ жүйесі.

Құқықтық тәртіп ерекшеліктеріне мыналар жатады:

-       құқық нормаларында жоспарланған тәртіп больш табылады;

-       берілген нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болады;

-       мемлекетпен қамтамасыз етіледі;

-       қоғамдық қатынастардың үйымдастырылуьша жағдай жасайды; „ - заңдьшықтық нәтижесі болып табылады.

Қоғамдық   тәртіп   заң   нормасы   және   оларды   орындау   және әлеуметгік норма және орындау (тәртіп) көмегімен жүзеге асады. Кұкықтық тәртіптің мазмұнын төмендегіден көруге болады:

1)                            материалдық мазмұн - құкықтық тәртіптің пайда болу, қызмет ету және даму заңдылықтары, экономикалық, саясат, мәдениет,идеологиямен өзара байланысынан байқалады.

2)                            мемлекеггік-еріктік мазмұны - мемлекетгік ерік пен құқықтық тәртіп   қатысушылардың   мүддесінің   жинақталған   нәтижесі болып табылады.

3)                            зандық мазмұны өзі мынандай элементтерден құралады:

-                құқық пен Заңдылықтың жүзеге асырылуы;

-                құқықтық    қатынастардың    өзара    байланысты    жүйесі, құқықтық тәртіпке қатысушылардың субьективті құқықтары мен занды міндеттерінің корреляциясы;

-                құқықтық       элементтердің,       процесс,       катьшас       пен байланыстардың тәртіптелгендігі.

Нысаны: а) тәртіпті құқықтық бекіту; б) материалдық құқық нормаларында көрініс табатьш барлық статистикалық элементтер менсипаттамалар; ң) динамикалық процесстер - процессуаддық құқықтар керініс   табатын   даму,   қозғалыс   және   өзгеріс;   г)   өмірдегі   жекекеріністер.

Құқықтық тәртіп құрылымы, элементтері:

1)       Қоғамның    құқықтық    құрылымы     (оған    мемлекет,     оның органдары, кәсіпорын, үйым, мекеме, мемлекетгік емес үйымдар және қоғамдық бірлестіктер, азамат жатады). Олардың құқықтық мәртебесі толық анықталған;

2)   Құқықтық қатынастар және байланыстардың пайда болу, даму, өзгеру, тоқталу кезектілігі;

3)   Атрибутиңті элементі құқықтық актілерде бекітіледі.

4)   Құқықтық тәртіп деңгейлері әртүрлі:

-       көлемі бойьшша: ел, аймақ, облыс, қала, ұйымның құқықтық төртібі,

-       мацыздылығы бойышпа: жалпы, салалық

-          қатынас сипаты бойынша бойьшша: констигуциялық, соттық, әкімшілік, қаржылық, салық және тағы басқалар

-          күрделілігі бойынша: кешенді, қарапайым

-          тіркелу деңгейі бойьшша:  бекітілген және тіркелмеген болып бөлінеді.

Құқықтық тәртіп кызметтері:

1)        қоршаған  ортамен  өзара  әрекеттестік,  жүйені  ретке  келтіру кызметін атқарады;

2)        ішкі  байланыстар мсн қатынастарды ретке  келтіру қызметін атқарады;

*) құқыктық тәртіпті қорғау және ретке келтіру қызметін атқарады.

1)  құқықтық — қолданыстағы заңнамада көрсетілген және жалпы

сипаты бар;

2)  келісімділік - олар келісімдік қатынастар аймағьш ретгейтін нормативті актілермен негізделген, келісім жасағандарға ғана қатысты болады.

Заңдык кепілдіктерге мьшалар жатады:

а)   зандық нормалардық толықтығы және тиімділігі

ә) зандылық  талаптарын  жүзеге   асырута   бақылаудың  жоғарғы деңгейі

б)   азаматгардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге ықпал ететін занды жауапкершілік және қорғау шараларынық тиімділігі

ң)  заңдылық     пен     құқықтық     тәртіпті     қамтамасыз     етудегі мемлекетгік билік органдарынық жоғарғы сапалы және кәсіби жұмысы

г)   зандық әрекетті тұрақты жетілдіру

д)  кұқықтық   сананы   дамыту   және   елдің   жоғарғы   құқыктық мәдениеті.

Оған арнаулы принциптер, институттар, процедуралар, құралдар

(мадақтау және жазалау т.б.) колданылады. Заңдылыққа жетудің әдістері:

1)        қоғамдық қатынастарды күқықтық, реттеу - мемлекет құқықтық нормалар шығарады, оларды сақтауды қамтамасыз етеді, сөйтіп құкықтық тәртіпті қалыптастырады.

2)   жоспарлау   (үйымдастырушылық   әдіс)   нормативті   құқықтық актілер жоспарын бекіту.

3)        экономикалық әдіс (жалақы мөлшерін, тәртібін т.б. анықтау).

4. Заңдылық және тәртіп. Тәртіп дегеніміз - жеке тұрғалардың жәнс занды   ұйымдардың   қызметгерінің   зандылыққа   сәйкес   атқарылуын көрсететін үлгі.

Тәртііггің өзіне тән белгілері қатарьша мьшалар кіреді:

1) Тәртіп субьективті әлеуметтік байланыс нысаны, ол бірлесксм

орекет үрдісінде жасалады және жүзеге асырылады.

 

2)         Тәртіп субъектінің өзгеге бағынуымен байланысты, ол белгілі бір биліктік немесе беделді талаптарды, багытты анықтайды.

3)         Заңдық     және     өзге     әлеуметтік     міндеттердін     болуымеи байланысты.

4)         Бүл нормативті сипаттағы құқықтық актілерде ғана емес, сондай-ақ құқық колдану, интерпретациялық, келісімдік, нормативті және жеке заңдық   емес    нұсқауларда    мазмұндалатьш    міндетгерді    орындау. Кобінесе қүжат - актіні емес, әрекет актіні (бүйрык, тапсырма, бастық Өкімі) орьшдау түрінде кездеседі.

5)   Тәртіп   мақсаты    әлеуметтік   байланыстарды   ретке   келтіру цайы. Оның нәтижесі қоғамдық тәртіп.

Заңдылық пен  құқықтық тәртіпті  нығайту  құқықтық мемлекет қальштастыру шарты мен құралы. Құқықтық мемлекетте:

1)        зандьшықтық пәндік жағы кеңейе түседі. Адам әрекетінің әр тұрлі заңға сәйкестігі арта түседі.

2)   заңның   субьективті   жағы   өзгереді.   Субъект   шынайы   тұрде заңдылықты талап ете алады.

3)   заңдылықтың нормативті жағы жетіле түседі: а) заң мазмұны шынайы  жағдайға,   қоғам  дамуының  прогрессиңті   бағытьшасәйкес келеді, ә) құқык шығармашылық процессіжақсара түседі, ол демократиялық, қоғам мүшелерінің кен қатысуы, гылымибазаның жақсару нәтижесінде іске асады, б) заңнама құрылымы түбегейлі өзгеруі керек. Заң құқықтың негізгі нысанына айналуғатиісті.