Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memleket_kursovaya_okon.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
79.52 Кб
Скачать

1. Мемлекет түсінігінің жалпы сипаттамасы.

1.1. Мемлекеттің пайда болуы мен қалыптасуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.

Мемлекеттің қалыптасуы–әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асты. Шығыста «өндірістің азиялық тәсілің (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері–жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.

Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины–мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар–патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.

Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.

Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты  шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мыңжылдықтарды сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет пен құқық тарихы туынды – қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.

Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:

- қосымша өнімнің пайда болуы;

- жеке меншіктің қалыптасуы,

- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы,

- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.

Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрлыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс -әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш- қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иеліктері: чиновниктер, ру, тайпалар басшылары, король императорлар болды. Король –императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында- абсолютті монарх болды, одан төменгі- екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік–чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды. Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты. Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:

- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру;

- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.

Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру - тайпаны басқаратын аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ – ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді ( Қытай, Иран т.б.)

Еуропалық елдерде – мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде – мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саияс бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халық санынан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орнады.

Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:

  1. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу;

  2. Қоғамдыдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы.Бұл аппарат үстем таптың, топтың мүдде – мақсаттарын орындау үшін қалыптасты;

  3. Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты;

Мемлекеттің пайда болу, даму себептеріне келесілерді жатқызуға болады :

  • қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады.Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;

  • қалың бұқараның, қаналушы таптың үстем тапқа топқа қарсы іс - әрекеттерін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;

  • қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;

  • қоғамның қорғанысын күшейту үшін , заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды;

Мемлекеттің негізгі белгілері болып келсілер саналады:

  1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы (әскер, полиция, сот, т.б.) Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекттің механизмі де күрделене түседі.

  2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдыққарым –қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.

Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес, жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне әсер етті. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы үкімет билігіне (тәуелсіз – суверендік құқыққа) иелігі. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:

  • мемлекет қоғамдық көлемде бірден – бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативті актілерді қабылдай алады;

  • мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында орындалуын, іске асуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылып отырады;

  • мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріндегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс - әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде – мақсатты орындауға жұмсайды. Қазіргі уақытта мемлекеттің пайда болуы туралы келесідегідей теориялар қалыптасқан.

    1. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.,

    2. Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде – мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірті – бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылыр орта, жаңа ғасырларда пайда болды (Фильмер, Михайловский т.б)

    3. Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д. IV –III ғ). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б.

ХІХ ғасырдағы ғылымның жтістіктеріне сүйене отырып, бұл теория – адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі – адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.

    1. Табиғи құқықтық теория – XVII- XVIII ғасырларда қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцский, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж. Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И. Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады ( бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап, мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

    2. Психологиялық терия – ХІХ ғасырда бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л. И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл териия адамдардың психологиялық біріккен көзғарасы, іс - әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.

    3. Күштеу теориясы – ХІХ ғасырда қалыптасқан пікір. Өкілдері: К. Каутский, е. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз ру, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап, өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады.

    4. Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама – қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде – мақсатты қорғауы.

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның шеңберінде мемлекеттің пайда болуын ғылыми тұрғыдан түсінуге болмады.Мемлекеттің пайда болуын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндіретін теория – Тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекетті тарихи туынды – қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді.

    1. Мемлекет ұғымының түсінігі, типтері мен нысандары.

Мемлекет дегеніміз - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.

Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыпьасқан: (маркстік – лениндік) және жалпыәлеуметтік. Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады:

1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi.

2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады.

3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз.

4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.

5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.

6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.

Мемлекет нысаны түсінігі мемлекеттану сипаттарының ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет нысаны ретінде мемлекеттік билік пен оның құрылымдарының ұйымдастырылуы түсіндіріледі. Мемлекет нысаны мемлекет мазмұнымен тығыз байланыста сипатталады. Егер мемлекет мазмұны мемлекеттік билікті кімнің жүзеге асырып жатқанына жауап берсе, ал мемлекет нысаны мемлекетте билік қалай ұйымдастырылып, қандай органдармен жүзеге асырылады, олардың құрылу тәртібі және өкілеттік мерзімдері жайында, сондай-ақ жалпы мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілдері туралы сұрақтарды қарастырады. Мемлекет нысаны – басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режимнен құралатын мемлекеттің ерекшелігі. Мемлекет нысаны мемлекеттік биліктің құрылымы мәндік жағынан әртүрлі сипаттармен анықталады: 

– мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылу және ұйымдастырылу тәртібі. 

– мемлекеттің аумақтық құрылымының тәртібі, орталық, аймақтық және жергілікті биліктің өзара қатынасының белгілі тәртібі. 

– мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. 

Сонымен, мемлекет нысаны үш негізгі элементтен құралады: 

- басқару нысаны. 

- мемлекттік құрылым нысаны. 

- саяси режим.

Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың оны қалыптастыруға қатысу дәрежесі. Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады. 

Монархия – жоғарғы мемлекеттік биліктің бір әулетке мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілуін білдіретін басқару нысанының бір түрі. Оның мынандай белгілері бар: 

- жоғарғы билік мұрагерлік жолмен беріледі; 

- шексіз мерзімде жүзеге асырылады; 

- сайлаушылар еркінен тыс жүзеге асырылады. 

Монархия екіге бөлінеді: абсолютті монархия (Сауд Аравиясы, Бруней) және конституциялық монархия. Конституциялық монархия екіге бөлінеді: дуалистік монархия және парламенттік монархия.

Республика – басқару органдары белгілі бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы түрде қабылданатын басқару нысанының бір түрі. Онда биліктің жалғыз қайнар көзі халық болып табылады. Жалпы белгілері: 

- бір немесе алқалы түрдегі мемлекет басшысының болуы; 

- мемлекет басшысы және басқа да жоғарғы мемлекеттік билік органдарының белгілі мерзімге сайланатындығы; 

- мемлекет басшысының заңмен қарастырылған жағдайлардағы заңдық жауапкершілігі; 

- жоғарғы мемлекеттік билік шешімдерінің барлық басқа мемлекеттік органдарға міндеттілігі; 

- мемлекет азаматтары мүдделерінің басым түрде қорғалуы, тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы. Республиканың екі негізгі түрі бар: парламенттік республика және президенттік республика.

Мемлекеттік құрылым нысаны – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы. Мемлекет пен құқық теориясы мемлекеттің аумақтық құрылымының бірнеше түрін көрсетеді : 

–  біртұтас мемлекет, унитарлық - құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ.

– федерация -  белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу - заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.

Достастық–бұл  ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын  мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері–бұл толығымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Одақтастық– бұл  қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.    

– конфедерация -  мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігінтолығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқысаяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады..

Мемлекет нысанының соңғы элементі – саяси режим. Ол басқару және мемлекеттік құрылым нысандары сияқты мемлекеттің мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа да сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекет нысанының бір компоненті болып табылады. Мемлекеттің билік ету әдістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субьектілердің қарым-қатынасы, олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдік және қамтамасыз етілушілік деңгейі туралы түсінік алуымызға болады. Тар ауқымдағы анықтамасы: мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы, оның мазмұндық қасиеті. Кең ауқымдағы анықтамасы: демократиялық, құқықтық мемлекетте жеке тұлғаның саяси бостандықтарының кепілдік дәрежесі, ресми конституциялық және құқықтық үлгілерінің саяси жағдайларға сәйкес келу дәрежесі, билік органдарының мемлекет және қоғамдық өмірдің құқықтық негіздеріне қатынасының сипаты.

Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болып екі түрге бөлінеді. Демократиялық режим – халықтың басқаруға қатысуына, барлық адамдардың теңдігі мен бостандығы қағидасын тануға негізделген либералдық режимнің бір түрі. Демократиялық режимнің белгілері:

1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;

2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;

3) мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;

4) сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;

5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;

6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;

7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;

8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.

Демократияға қарсы режимге мына белгілер тән:

1) бір саяси партияның үстемдігі;

2) бір ресми идеологияның болуы;

3) бір меншік түрінің болуы,

4) саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;

5) қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;

6) халықтың төмен экономикалық деңгейі,

7) мәжбүрлеу мен жазалау шаралаының үстемдігі;

8) сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы әрекеттер және т.б.

Демократияға қарсы режим авторитарлық және тоталитарлық режимдерге бөлінеді.

Авторитарлық режим – халықтың аздаған мөлшерде қатысуымен бір адамның бақылаусыз толық билік жүргізуін білдіретін қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы.

Тоталитарлық режим - қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекттік-саяси құрылымды айтады

Тарихи кезеңде туындаған маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін - мемлекет типі білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық және өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.

    Формациялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қарай  мемлекеттің төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бұл типологияның артықшылықтары болып екі мәселе табылады: мемлекеттерді әлеуметтік-экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де  бұл факторлар қоғамға зор әсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын, кезеңділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның әлсіз жағы оның тарихтың әртүрлі сипаттарын ескермеуінен  және рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.

  Өркениетті тәсіл шегінде негізгі талаптар ретінде рухани факторлар– мәдени, діни, ұлттық және т.б. факторлар орын алады. Өркениет–бұл  қоғамның діни, ұлттық, географиялық және тағы да басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеленетін тұйық және локальды сипаты. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді:

 І кезең –локальды өркениеттер, олардың әрқайсысының өзара байланысты әлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік және т.б. өркениеттер).

ІІ кезең–белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үндлік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық және т.б. өркениеттер).

ІІІ кезең– өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлі және қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тән.

Өркениеттер мен олардың мемлекеттіліктерін типке бөлудің басқа да негіздері бар: хронологиялық, генетикалық, діни жән т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]