Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memleket_kursovaya_okon.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
79.52 Кб
Скачать

2.2. Қр-ның мемлекеттік қызметі атқарушы органдарының түсінігі мен бақылау жүйесі.

1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кiрген одақтас республикалар егемен, тәуелсiз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Қазақстан Республикасн құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлер қабылданып, жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар:

1. Қазақ ССР-нің Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясы.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Заңы.

3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.

Аталған конституциялық кесiмдер Қазақстанның тәуелсiздiгiн, дербестiгiн жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негiздерiн қалады. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Ата заң қабылданған күн демалыс – мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясының күні деп жарияланды. Конституция кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2454 « Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы » Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте сақталады. Конституция құрылымы:

I бөлім. Жалпы ережелер;

II бөлім. Адам және азамат;

III бөлім. Президент;

IV бөлім. Парламент;

V бөлім. Үкімет;

VI бөлім. Конституциялық кеңес;

VII бөлім. Соттар және сот төрелігі;

VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;

IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады.

Конституция қоғамның демократиялық әлеуеті өсуінің сенімді негізі болып табылады. Конституция біздің еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі. Бұрынғы конституциялар социалистiк мемлекеттiң негiзгi заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттiң Ата Заңы деп жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзiнен-ақ байқалады: “Бiз, ортақ тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастыққа лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”, - делiнген. Оның жоғары заңдық күшi бар және елiмiздегi барлық iс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердiң нормативтi базасы болып табылады. Республиканың бүкiл аумағына тiкелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенiмi және халықтың берген төлқұжаты деуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн және Қазақстан мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетедi.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. ҚР Президентінің өкілеттігінің құзіреті. Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. 

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады. Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі.. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді. Атқарушы билік органдары жүйесі жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.

Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.

Адвокатура- адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған ұйым. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заңды көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.Адвокатураның атқаратын қызметтері:

1)адвокаттар қылмыс процессінде қорғаушы өкіл болып қатыса алады. 

2)адвокаттар коллегиясының қызметкерлері халыққа заңи кеңес береді. 

3)адвокаттар арыз, сенімхат, мирасқорлық бланкасын т. б. құқықтық құжаттарды толтырып береді. Адвокатураның басқа мақсаттары: мекемелерге, қарттар үйіне, қарапайым халыққа жоғарғы дәрежелі жәрдем беру;Азаматтық құқықтарының сақталуына жәрдем беріу;Халықты құқықтық нормативтерге тәрбиелеуге жәрдем беру болып табылады.

Нотариат — даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады.Нотариат қызметі: 

1)мәмілелерді куәландыру;

2)мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік;

3)азаматтың тірі екендігін куәландыру;

4)құжаттардың түсіру уақытын куәландыру;

5)жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету;

6)атқарушы жазбалар жасау;құжаттарды сақтауға қабылдау сияқты іс-әрекеттер кіреді.

ҚР ішкі істер органдарының атқаратын қызметтері. Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Ішкі істердің аумақтық органдары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.Ішкі істер органдарының негізгі қызметі:

1) Облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

2) Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;

3) ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы хабардар етіп отыру Қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімінің құрылымына кіретіндер:

4) Әкімшілік қызметтің кезекшілік бөлімімен қоса жедел-іздестіру бөлімдері (бөлімшелер, топтар), МАИ, алдын ала тергеу, анықтау бөлімдері, секретариат, штаб, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекция, полицияның аумақтық бөлімшелері.

Криминалдық полицияның негізгі міндеттері: қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және тергеу; Ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстар жөніндегі істер бойынша анықтауларды жүргізу, тергеу амалдарынан, ісін жалпы анықтаудан және соттан, қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып жүргендерді, хабарсыз жоғалып кеткендерді іздестіруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру.

Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері: Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды ашу, алдын алу және тоқтату, қылмыстарды ашу, анықтау мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және тұтқындалған, тұратын орны, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Сонымен бірге кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қараусыздықты және құқық бұзушылықты ашу және тоқтату, жол қатынасы кауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау, бақылау, төлқұжат беру жұмысын жүзеге асыру.

Учаскелік инспекторлар және кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар күзет қызметін, лицензиялық және рұқсат беру жүйесін, табиғатты корғау және мал дәрігерлік полициясы, төлқұжат қызметі, жол полициясы бөлімшелері, Ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері әкімшілік полициясы құрайды.

Әскери тергеу орындарының негізгі міндеттері: Ішкі істер органдарының тергеуіне жататын әскери қызметшілер жасаған қылмыстар мен әскери қылмыстардың алдын алу, тоқтату, жою, ашу және тергеу болып табылады. Әскери тергеу органдарын — әскери-тергеу департаменті, тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өзгеде бөлімшелерден тұратын әскери-тергеу басқармалары мен гарнизондар бойынша бөлімдер құрайды.ІІМ-нің әскери полициясы — ішкі әскерлерді құқықтың тәртіпті қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар, сондай-ақ ішкі әскерлер мен әскери қызметшілер жасаған өзге де қылмыстар бойынша анықтау ісін жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың бетін ашуға, тоқтатуға, жоюға, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған арнаулы орган.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының. ҚР- ның Құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты қалпына келтіруге,заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбірлеу қызметі.Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды.

Сот. Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75 бабына ҚР-ның 2000 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР-ның сот жүйесі мен,судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңына сәйкес тек сот ғана жүзеге асырады.Сот жүйесін ҚР-ның жоғарғы және жергілікті соттары құрайды. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін,барынша ықпалды нысан болып табылады.

Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган.

Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:

1)Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.

2)Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды. Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс.

ҚР-ның әділет органдары мен мекемелері. Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет мекемелеріне, нотариалдық кеңселерге, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарга (АХАТ), қылмыстық атқарушылық жүйеге, оку орындары мен ғылыми мекемелерге басшылық қызметін атқарады.Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:

1)Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету;

2)заң жобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету;

3)заң жобаларын құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамасыз ету;

4)қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.

ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік органдары. Ұлттық қауіпсіздік органндары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету. Ұлттық қауіпсіздік органдары:

1)жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;

2)Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;

3)Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;

4)мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.

Кедендік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы кедендік бақылау агентігі, кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді.

Сонымен, құқық қорғау қызметі дегеніміз — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет түсінігі. Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік қызметтің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін:

1)саяси:

2)әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары. Мемлекеттiк қызметшiнiң:

1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

10) бiлiктiлiгi мен қабiлетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

Әкімшілік құқық-мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы-жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Әкімшілік құқық құқық салаларының бірі ретінде қоғамдық қатынастарды реттейтін,мемлекетті басқару қызметі үдерісінде пайдаланылатын мемлекеттік аппараттың тәртіптелеген жұмысын қамтамасыз ететін құқық. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне: ҚР –ның Конституциясы және 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған ҚР –ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі жатады. Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;

3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;

Мемлекеттік қаржылар мен қаржылық құқықтың мазмұны, жалпы сипаттамасы. Қаржының басты мақсаты - мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады. Ақша қорларын жинау тәсілдері: Иелерінен ақшаны міндетті түрде, қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер).

1. Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).

2. Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т. б. Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция, субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады. Қаржы құқығы дегеніміз - мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді. .

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Мемлекеттің қаржылық органы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі. Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді. Қазақстан Республикасында қаржыны басқару негізінен бюджет жүйесін және салық жүйесін ұйымдастыру бағыттарында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі - заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы орган.Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі. Салықтық құқық - занды және жеке тұлғалардан біржақгы өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықгық қатынастарды реттейтін құқықгық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады. Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген қатынастарға көшуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды және әлеуметтік-экономикалық процесстерге ықпалын тигізетін құралға айналуына байланысты салықтық қатынастардың рөлі арта түсуде.Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі - мемлекеттік кіріс. Сол мемлекеттік кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12 жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық мәселері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және т. б. есептеледі. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсутәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қорытынды

Осы курстық жұмысты қорытындылай келе негізгі койылған талаптар мен міндеттері кол жеткізілді деп есептеймін. Заң жағынан мемлекеттің кызметін атқарушысына, орындаушысына занды және жеке тұлғалар сол мемлекеттің заң мен құқықтық нормалар арқылы өз ісің жүзеге асырады.

ҚР-да мемлекеттік қызметің басты атқарушысы болып - Қазақстан Республикасының Президенті болып келед болып келеді. ҚР Президентінің өкілеттігінің құзіреті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Және де ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.  Одан кейінгі атқарушысы болып мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады. Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді.

Мемлекеттік қызметі орындаушы да қадағалаушы болып мемлекеттік қызметкер саналады. Ол бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі негігі орындаушысы деп есептеймін.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды

  1. Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы

  1. Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Конституциялық заңы

  1. Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 мамыр N 737

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді.

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексі

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 411 Заңы

  1. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" (жаңа редакция) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1747 Қаулысы

  1. Мемлекет және құқық теориясы 

Ағдарбеков Т. Алматы, 2003.

  1. Мемлекет және құқық теориясы 

Булгакова Д.А. Юридическая литература, 2004

34

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]