Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memleket_kursovaya_okon.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
79.52 Кб
Скачать

2. Мемлекет қызметінің түсінігі. Қр-ның мемлекет қызметің атқаратын органдар.

2.1. Мемлекет қызметінің түсінігі мен мазмұны.

 

Мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі– мемлекеттің мәні болып келеді. Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бәрі.

Кез келген мемлекетте қарама-қарсы болып келетін екі мән – таптық және жалпы әлеуметтік мән болады.

Мемлекеттің таптық мәнін қарастырып көрейік. Мемлекет бұқара (көпшіліктің) билігі ретінде өзін-өзі басқарудың бұрынғы органдары қауымдық құрылысты басқару қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады. Қоғам әлеуметтік жіктелуге аяқ басады, бұрынырақта қоғамның (қауымның) барлық  мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол ең алдымен қуатты әлеуметтік топтардың, таптардың мүддесіне бейімділік танытады. Сонымен мемлекеттің таптың мәні қашанда болсын билікте қоғамның қуатты тобының мүддесін жақтау арқылы білінеді.

Дегенмен мемлекет тек ауқатты таптың ғана қамын ойлаумен айналыспайды, қайта ол бүкіл қоғамның қамын да ойластыруға мәжбүр болады. Өйткені, қоғам бірегей құрылым болғандықтан, соған сәйкес дәулетті топтар ондағы кедей (жарлы), қаналушы топтарсыз өмір сүре алмайды. Сөйтіп кез келген мемлекет қашанда болсын жалпы әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асыруға мәжбүр болады, сондыктан да бүкіл қоғам мүдделерін де ескеріп қызмет атқаруы тиіс. Осы айтқанымыз мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәні болып табылады.

Қай мемлекет болса да қандай да бір әлеуметтік топтың, таптың үстемдік құруының машинасы, құралы ғана емес, сонымен бірге ол бүкіл қоғамның мүддесін де білдіреді, оның біріктіру құралы және оны интеграциялайтын тетік болып табылады.

Мемлекетте әрқашанда бір жақты таптық немесе топтық үстемдік құрушы басшы тобы мүдделері мен бүкіл қоғамның мүдделері ұштастырылады, үйлестіріледі.

Әртүрлі тарихи жағдайларда осы екі мәністік (мәндік) жақтардың арақатыстылығы барлық мемлекеттерде бірдей емес, яғни әр алуан болып келеді, бір жағының күшеюі басқа жағының нашарлауына апарып соғады.

Мемлекеттің таптық мәні жоғары дәрежеде құл иеленуші мемлекетте байқалады, онда құл (күң) құқықтың субъектісі емес, құқықтың объектісі (заты) – мүлік, яғни жанды мүлік есебінде құл иеленушінің меншігі болып табылады.

Қоғамның дамуы барысында құл иеленушіліктен феодализмге, феодализмнен капитализмге қарай өту кезеңдерінде және сол формацияларда мемлекеттің жалпы  әлеуметтік жақтары үлкен рөл атқара бастады. Әсіресе мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәні осы күнгі батыс  мемлекеттері қоғамында айқын көрінеді. Бұл көріністерді кәсіпкерлердің табыстарына салынатын салықтардың жоғары мөлшерде болуынан, еңбек ету жағдайларын мемлекет тарапынан реттеуінен алуан түрлі әлеуметтік бағдарламалардың кең түрде дамуынан және тағы  басқалардан байқауға болады.

Мемлекеттің әлеуметтік рөлінің жоғарылай түсуі әжептәуір дәрежеде әлеуметтік қайшылықтардың әлсіреуіне әкеледі, таптық қарсыластардың әрекеттерін басу шараларының қажеттілігі де азаяды, қоғамдағы тұрақтылық та нығая түседі.

Осы заманғы дамыған мемлекеттер өзінің жалпы әлеуметтік мәнін ұлғайтуға деген ұмтылысын күшейтуде, өйткені олар ең алдымен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға мүдделі болып отыр.

Сонымен қорытып айтқанда, қай мемлекетте де болсын қарама-қарсы екі мән болады – таптық жэне жалпы әлеуметтік проблемаларды туындататын да осы екеуінің арасындағы қайшылықтар. Оларды шешу мемлекеттің бірден бір міндеті болып табылады.

Мемлекеттің аталған міндеттерді орындауы олардың қызмет бағыттарынан көрінеді.

Мемлекеттің қызметтері дегеніміз – қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қатаң қағида (догма) емес, қайта олар өзгермелі, өзгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді.

Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекеттеғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;

4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;

6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.

7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады.

Нақты тарихи жағдайларға байланысты қайсыбір қызметтері басты шарт ретінде алға шығып отырады. Мысалы: ежелгі кезеңдердегі Шығыс Азия мемлекеттерінде ирригация, яғни суландыру жүйесі құрылыстарын салу – қоғамдық жұмыстар ретінде мемлекеттің басты қызметтері болып саналған. Ал көшпелі елдерде мемлекеттерді сыртқы жаулардан қорғау ісі басты қызмет түрі болатын. Қазіргі дамыған демократиялың елдерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісін қамтамасыз ету басты қызмет болып табылады.

Демократиялық мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып табылады. Қоғам - өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі -өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар  да қажетті іс-әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын кәсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады. Мемлекеттің меншігінде табиғи байлықтар да болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде. Меншіктің басқа түрлерінің қалыптасуына, пайдалану әдістеріне мемлекет немқұрайлы қарай алмайды. Себебі меншік міндет жүктейді, оны пайдалану иесімен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиісті. Сондықтан мемлекет өз меншігіне жататын объектілерді тікелей басқарып реттейді, ал мемлекеттік емес меншік түрлерін жанамалап реттейді. Демек, қалай да болса шаруашылықты  ұйымдастыру және реттеумен шұғылданады. Осыған байланысты мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру, басқару және реттеу функциясы болады.

Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен әлеуметтік топтардан тұрады дедік. Кейбір елдерде, мысалы, Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың арақатынасын реттеу – негізінен, мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық жасауды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, туындайтын қарама-қайшылықтарды реттеу, шешу, жәнге салу – тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол үшін мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сәйкес мемлекет әлеуметтік функция атқарады. Егер де мемлекеттің осы қызметі кең өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны әлеуметтік мемлекет дейді.

Осы заманғы мемлекеттердің бәрінде де ең маңызды қызметтер экологиялық қызмет болып табылатындығын атап өтуіміз керек. Осылай көңіл бөліп, атап көрсетуіміздің себебі – адамзат баласының қазіргі кездегі тіршілік ету әрекетінің қоғамдың масштабта табиғатқа теріс ықпал жасауынан туындап отыр. Мысал келтірсек, табиғатты бүлдіру шектен тыс жүзеге асып отыр. Атмосфераның, судың, топырақтың ластануы қатерлі сипат алып бара жатыр, адамды қырып-жоюдың алапат  құралдарын жинақтаған қорлар, осының бәрі жиналып жойқын проблемалар туындатып отыр.

Мысал үшін Чернобыль атом электростанциясы ядролық апатын немесе 2000-шы жылдың тамыз айында Баренц теңізінде Ресейдің "Курск" атом сүңгуір қайығының апатқа ұшырауын еске алайық. Оның сыртында Каспий теңізінің ластануы салдарынан Каспий итбалығының (тюлень) жаппай қырылуы, Арал теңізінің тартылып, оның құрғап қалған орнынан ұшқан тұзды тозаңдардың Канадаға дейін жетіп, жауын-шашынмен жаууы – жалпы адамзат қоғамына төнген үлкен қасірет. Осы сияқтыларды тізбектей берсе, адам баласына төнген  қауіптің орасан зор екеніне көз жеткіземіз.

Бұның барлығы – адам жасаған іс-әрекеттердің нәтижесі. Енді қауіп жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелеріне төніп отыр.

Қандай қоғам болса да ғылымсыз, білімсіз, мәдениетсіз өркендеп, дами алмайды. Бұл салаға да мемлекет ықпал етуі керек. Мысалы, Қазақстан мемлекетінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу, білім беру, мәдениет мекемелері бар. Оларды мемлекет қаржыландырып, жұмысын реттеп, басқарып, бағыт беріп отырады. Мемлекеттік емес оқу, мәдениет орындарының жұмысын заң жүзінде реттеу арқылы оларға да әсер етеді. Демек, мемлекеттің ғылымды, білім беруді, денсаулық   сақтауды, мәдениетті басқарып, дамытып отыратын функциясыболады.

Аталғандар мемлекеттің ішкі функциясына жатады. Мемлекет басқа мемлекеттермен түрлі, сан алуан қатынастарға түседі. Алдымен мемлекет өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының тұтастығын басқа елдердің қол сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын бекітеді, күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құрады, басқа мемлекеттермен осыған байланысты шарттар жасасады. Осы міндеттерді атқару мемлекеттің өзін-өзі қорғау функциясы деп аталады.

Мемлекеттер бір-бірімен экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми, саяси, құқықтық, т.б. түрлі қатынастарда  болуға талпынады. Мұндай қатынастар тең негізде қалыптасатын болса, әр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады. Осы салада мемлекеттің басқа елдермен қатынас жасау функциясы жүзеге асырылады.

Бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүру үшін мемлекеттер өзара келісім-шарттарға отырады, әскери одақтар құрады, т.с.с. әрекеттер жасап отырады. Қазіргі тарихи жағдайда соғыс, әскери шиеленістер адамзаттың өмір сүруіне үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан адамгершілік жолмен дамығысы келетін мемлекеттер соғыстың алдын алу әрекеттерін жасауға тырысады. Демек, мемлекетке бейбітшілік функциясын атқару да тән көрініс болу керек.

Осы айтылғандар мемлекеттің  сыртқы функциясына жатады.

Мемлекеттің аталған ішкі және сыртқы функциялары түрлі жолдармен, тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар екі топқа бөлінеді: 1) құқықтық; 2) ұйымдастырушылық.

Құқықтық тәсілге жататындар: заң, басқа да нормативтік-құқықтық актілер жасау, жедел орындау, іздестіру қызметі, құқың қолдану қызметі, құқың қорғау қызметі. Ұйымдастырушылық тәсіліне жататындар: ұйымдастыру-реттеу қызметі, экономиканы ұйымдастыру қызметі, ғылымды, білім беруді ұйымдастыру қызметі, әскери-ұйымдастыру қызметі.

Дегенмен, осы аталған көзқарастар кеңінен таралмағанын ескере отырып, мемлекет қызметтерін жіктеудің төмендегідей түрін ұсынып отырмыз.

Пайда болуының себебі бойынша:

— Таптық қайшылықтардың болуынан туындайтын  қызметтер;

— Қоғам қажеттілігі туындатңан қызметтер.

 Бағыты бойынша:

Ішкі

а) адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қызметі;

ә) меншік формаларын (нысандарын) қорғау  қызметі;

б) құқықтың тәртіпті  қамтамасыз ету қызметі;

в) экологиялық  қызметі;

г) экономикалық  қызметі;

д) әлеуметтік қызметі;

е) ғылыми-техникалық  прогресті дамыту қызметі;

ж) алымдар мен салықтарды жинау қызметі.

Сыртқы

а) басқыншылық соғыстар жүргізу қызметі;

ә) елді сыртқы шабуылдаудан қорғау және елдің  қауіпсіздігін нығайту қызметі;

б) бейбітшілікті  қолдау  қызметі;

в) өзара тиімді сауда-саттық  қызметі;

г) басқа мемлекеттермен бірлесе отырып әлемдік проблемаларды шешуге атсалысу  қызметі.

 Қызметтік әрекеттердің  ұзақтығы бойынша:

а) тұрақтылары, мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылатын тұрақты қызметтері;

ә) уақытшалары, яғни мемлекеттің алдына қойылған белгілі бір міндеттердің орындалуына байланысты тоқтатылатын қызметтер. Әдетте мұндай қызметтер төтеншелік сипатта болады.

 Қызметтердің маңыздылығы бойынша

а) негізгі  қызметтер;

ә) негізгі емес (қосалқы) қызметтер.

Мемлекеттің сан қилы қызметін атқаратын механизмі (аппараты) болады. Мемлекеттің механизмі –белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар  болады.

Негізінен, олар – құқықтың тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық  мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметкерлерден, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

Мемлекеттік органдар өкіметтік  қызметтерін жүзеге  асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіктері болмайды (әкімшіліктерді қоспағанда).  Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік  қызметтерді атқарады.

Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен  арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын  санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік  қызметкерлердің  құқықтың жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.

Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынадай органдардан тұрады:

1. Өкілдік органдар.

2. Мемлекет басшысы.

3. Атқарушы орган.

4. Орталық басқару органдары.

5. Сот органдары.

6. Прокуратура.

7. Әскер.

8. Барлау, қарсы барлау органдары.

9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды  ұстап тұратын орындар.

 Мемлекет механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган. Басқаша айтсақ, мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар (адамдар) болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлерді материалдық игіліктермен қамтамасыз ету – қоғамның міндеті.

Мемлекеттік органның биліктік (өкіметтік) өкілеттіктері болады. Олар:

― атқарылуы (орындалуы) міндетті болып келетін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау үшін берілген   мүмкіндіктер;

― мемлекеттік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:

1. Туындау тәсілдері бойынша:

а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мүрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;

б) Туынды (үкімет, прокуратура және т. б.). Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттіктерді солар береді.

 2. Үкіметтік (биліктік) өкілеттіктердің  көлемі бойынша:

а) Ең жоғары (үкімет);

б) Жергілікті (әкімшілік).

 3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:

а) Құзырларының жалпылама болып келетіндері (үкімет);

б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері  (ішкі істер органдары).

 4. Билік бөлінісі  қағидаттары бойынша:

а) Заң шығару органдары (Парламент);

ә) Атқарушы (Әділет және т.б. министрліктер);

б) Сот органдары (соттар).

 5. Шешім  қабылдау тәртібі бойынша:

а) Алқалы органдар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайтындар (Парламент, Үкімет және т.б.);

б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке  дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитеттер).

Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызмет атқаруын белгілеуде барлық  мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар  қойылады.

Талаптар – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері.

 Принцип түрлері:

1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты — адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.

2. Демократиялық қағидат – азаматтардың мемлекеттік органдарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.

3. Билік бөлінісі қағидаты – үкімет (билік) органдары мен лауазымды адамдар (тұлғалар) тарабынан болуы  мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды  болдырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.

4. Заңдылық қағидаты – Конституцияны, заңдармен  заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің  міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын  қажет екендігін білдіреді.

5. Жарғылылық қағидаты – құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамасыз етуді айқындайтын негіз.

6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты – мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге енгізуді белгілеудің ең басты негізі.

7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке-дара  шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты – мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық  бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамасыз етудің алғышартының міндеттік  негізі.

8. Сайланбалылық пен тағапындаулардың үйлестірілуі қағидаты – мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру)  шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.

9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты – мемлекеттік  аппаратта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже  алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]