Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_zadania (1).docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
54 Кб
Скачать

10 Билет

Салауатты өмiр салттары - бұл спортпен дұрыс қоректену, күн сайынғы жұмыс және таза ауа. Мына барлық белгiлер салауатты өмiр салттарын қамтамасыз етедi. Шұғылданатын спорттар адамдар ұзағырақ өз құрдастары өмiр сүредi. Дұрыс қоректену терiнi және организмның қызметiн жақсартады. Сонымен бiрге таза ауа организм үшiн пайдалы. Сау болсын - әрбiр адамның табиғи ниетi. Денсаулық - ұғым тек қана биологиялық емес,сонымен қатар әлеуметтiк. Денсаулық жақсы - бұл өмiрдiң қуанышты қабылдауы, биiк еңбек ете алушылық. Денсаулықты нығайтулар үшiн көп процедураларды қолданылады.  Өз денсаулық абайлаушы субъект артықшылықтарды көп алады. Оны өз денсаулығына зиян келтiруге болмайтынын әрдайым бiл өз денсаулығына зиян келтiруге болмайтынын әрдайым бiледi. Жоғары өсудiң олары, жеңiл оларда кеуде қуысының үлкен салмақ және дөңгелегi, бұлшық еттiк күш және тiршiлiк ёмкостьлер жоғары алады.

11 Билет

Денсаулық – табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулық-тың қадірін кейде біле бермейміз. Кез – келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?

Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар.

Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы – адамның рухы мен ұрпағын жояды!» - деген болатын. Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану, уақытында демалу және дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу керек.

Спортпен айналысу – денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Майлы тағамдарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тағамдарын пайдаланған дұрыс.

12 Билет

Отан – адамның туып өскен және тұратын жері. Адам ауылда, селода, қалада дүниеге келуі мүмкін. Ата –анаңның үйі – сенің өмірге келіп ержеткен үйің. Отан отбасынан басталады. Ал сенің ең үлкен нағыз отаның – Қазақстан. Ол Қазақстанда тұратын барлық халықтардың отаны. Қазақстан үлкен ел.  1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап, Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстанның өзінің Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, өзінің Конституциясы жасалды.  Қазақстан – халқының тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған заңдар қабылданды. 2002 жылы Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қабылданды.Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.  Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын басқарады, Үкімет құрады, заңдар мен жарлықтар шығарады. Ол халық мүддесін қорғау үшін халық атынан сөйлейді.  Қазақстан Республикасының Парламенті еліміз басшылыққа алатын заңдарды талқылап, қабылдайды. Үкімет атқарушы билік, ол үкімет мүшелерінен және министірлерден тұрады. Олар мемлекеттің дамуы, азаматтардың қауіпсіздігі, еліміздің қорғаныс қабілеті жоспарын жасайды. 

13 Билет

1991 жылы Республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.

1991 жылғы тамыз оқиғалары КСРО-ның ыдырауын жеделдетіп, бұрынғы одақтас республикалардың, соның ішінде Қазақстанның егемен ел болып, тәуелсіздікке қол жеткізуіне жол ашты.

1991 жылғы 1 желтоқсанда өткізілген бүкілхалықтық сайлауда жұртшылықтың жаппай қолдауымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды.

1993 жылғы 23-қаңтарда Республика Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның Конституциясын қабылдады. Ел Конституциясы құқықтық мемлекеттің негізін қалап, оның мемлекеттілігінің қалыптасуына кепіл болады, тәуелсіздігін, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен ойдағыдай дамуын қамтамасыз етеді. Екі жыл өткен соң, 1995 жылғы тамыз айында негізгі мемлекеттік және саяси құрылымдардың қалыптасуына орай жаңа Конституция қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасы өз территориясында тұратын барлық азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ететін демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады.

Қазақстанның жоғарғы өкілетті - органы - жоғарғы - Сенат және төменгі - Мәжіліс палаталарынан тұратын қос палаталы Парламент.

Елімізде атқарушы билікті Премьер-министр басқаратын үкімет жүзеге асырады. Үкімет өз қызметі жөнінде Президент алдында жауап береді, ал Президент оның құрылымдық бөлімдерін бекітіп, Премьер-министрді тағайындайды. Конституция нормаларының сақталуына бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүктелген.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты еліміздегі жоғары сот органы болып табылады.

Жергілікті жерлерде мемлекеттік басқару қызметі міндеттерін облыс, аудан және қала әкімдері өкілеттік берген жергілікті мәслихаттар мен атқарушы органдар атқарады.