Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_zadania (1).docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
54 Кб
Скачать

19 Билет

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

Көзімнің қарасы Көңілімнің санасы Бітпейді іштегі Ғашықтық жарасы Қазақтың данасы Жасы үлкен ағасы "Бар" демес сендей бір Адамның баласы Жылайын, жырлайын Ағызып көз майын Айтуға келегнде Қалқама сөз дайын Жүректен козғайын Әдептен озбайын Өзі де білмей ме Көп сөйлеп созбайы

20 Билет

Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Болмысты әсерлеп, өрнектеп бейнелеу құралы, яғни "Әдебиеттің ең бірінші элементі" (М.Горький). Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Көркем сөздің кадірі мен құдіретіне арналған қазақ халқының талай даналық ойлары, мақалдары мен мәтелдері бар ("Өнер алды - қызыл тіл", "Сөз тапқанға қолқа жок", "Сөз тұземегенді тез түземейді", "Жүйелі сөз - киелі", т.б.). Ұлы ақын Абай: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Кестенің бізі, өткірдің жүзі, Өрнегін сендей сала алмас" деп, Көркем сөз кұдіретін жоғары бағалаған. Акын-жазушылар асыл сөздің сол сиқырлы сырын ашып, әдеби шығармалардың коркемдігін арттырады, тіл байлығын молайтып отырады. Олар осы бейнелеу құралының дәлдігі мен айқындылығына, мөлдірлігі мен тереңдігіне, қарапайымдылығы мен өрнектілігіне ерекше көңіл бөлген. Қазақ тіліне "Көркем сөз" терминін А.Байтұрсынұлы енгізген. 20 ғасырдың 20- жылдарындағы шығармалар қазақ үлттық Көркем сөзінің алғашқы үлгілері ретінде қарастырылып жүр. Бұл кездегі С. Сейфуллин,Б. Майлин,Н. Төреқұлов,М. Дулатов, С. Садуақасов, С. Қожанов, С. Мұқанов, т.б. қаламгерлер жазған Көркем сөз үлгілерінен замана тынысы, көзқарас кайшылығы, айтыс-тартыс бағыты айқын көрінеді. Көркем сөз жанрлары - кезеңдік жанрлар, яғни өз кезеңінің өзекжарды мәселелерін арқау ететін, ұрымтал, елгезек жанрлар.

21 Билет.

Ұлы жазушы – Мұхтар Әуезов (1897-1961)

Әуезов Мұхтар Омарханұлы – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, әдебиеттану ғылыүмының негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, профессор. Қазақ  КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Туған жері – бұрынғы Семей үйезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы). Мұхтар Семейде 5 жыл қалалық училищеде, 4 жыл мұғалімдік семинарияда оқып, орыс және Батыс Европа әдебиетімен кең танысты. Ол Шекспирдің «Отелласын», Гогольдың «Ревизорын», Тургеневтің «Дворян ұясы» деген романдарын қазақ тіліне аударды. 1917 жылы «Еңлік-Кебек» атты тұңғыш драмасын, 1921 жылы проза жанрында «Қорғансыздың күнін» жазды. Жазушыға «Абай» романы үшін СССР Мемлекеттік, ал «Абай жолы» романы үшін Лениндік  сыйлық берілді. 1959 жылы М. Әуезов Ленин  орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет  белгісі ордендерімен марапатталды.

XX ғасырдағы қазақ халқының ұлттық рухани   дамуындағы    ұлы тұлғалардың бірі –

М. Әуезов. Ол – үлкен суреткер, дарынды драматург, аудармашы, белсенді сыншы, сондай-ақ  ғұлама ғалым. М. Әуезов жазушылық өнер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар алып жүріп, бұл салада ірі еңбектер қалдырды.