Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_zadania (1).docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
54 Кб
Скачать

16 Билет

 Қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасы мен дәстүрлерінің, саз аспаптарының шығу тарихы тереңде жатыр, ғасырдан ғасырға ұласады. Орта Азияның кең даласын жайлаған, мал бағумен айналысқан көшпенді тайпалар өзіндік ерекшелігі мол музыкалы-поэзиялы шығармалар жасап, оны қазіргі қазақ халқына мұра етіп қалдырды.Ән, күй, термеге үн қосатын қазақтың дәстүрлі музыкасы адамның өмірімен, оның тіршілігімен өте тығыз байланысты. Әндер, күйлер, аспаптық пьесалар мерекелерде, күнделікті өмірде орындалып отырған. Халық арасында ақын, жырау, әнші, күйші, сал, сері деген атақ алған кәсіби музыканттар қоғамда ерекше құрметті орын алады.Ақын – поэзиялық  сөз шебері, суырып салма. Ақын барлық уақытта өзін домбырамен сүйемелдеп отырады. Халық ақыны – ол өз халқының мәдениетін, тарихын жақсы білетін, өз заманының білімпазы, саясаты мен географиясын терең түсінетін ойлы адам.Егер ақын қазақтың белгілі бір руының атынан сөйлесе, жырау бүкіл халық атынан сөйлейді. «Жырау» деген сөз «жыр» – эпос, аңыз, өлең деген сөзден шыққан. Жыраулар эпостық шығармалар шығарған және оны орындаған. Кейінірек, XVII ғасырда жыраулар орнына жыршылар келді, олар эпостық шығармаларды орындаушылар.Күйші және әншілер тек қана орындаушылар ғана емес, сонымен қатар олар күй шығарушылар да. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман-тілегі, туған жерге деген махаббаты, т.б. толғанады.

17 Билет

Күй атасы – Құрманғазы – әйгілі халық композиторы, асқан домбырашы, орындаушы. Ол қазақтың халықтық инструменталдық музыкасына классик ретінде кірді. Құрманғазының барлық өмірі – қазақ халқын қанаушылыққа қарсы күреске арнаған. Патша үкіметінің қуғыны да, түрмесі де композитордың еркіндікті аңсаған көңілін жасыта алмады. Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының, Жиделі мекеніне 1818ж дүниеге келген. Күй атасы Құрманғазы үй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Сонымен қатар Баламайсан, Байбақты, Байжұма, Соқыр Есман ықпал еткен. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселер – халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостаңдығы. Құрманғазы күлері: Кішкентай, Ақбай, Адай, Сарыарқа, Балбырауын.

18 Билет

Ең алдымен, бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт- санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы - поэзияекенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды.Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді. Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылық ұғымынша ең беделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздық етуші әулие ғұламасы - бәрі де өленді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жердеисламдінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Тек хат танитын қазақ оқушысының көпшілігі мойындаған дін ұғымдарын, өзіне шартты түрде керекке жаратады. Өлеңнің сол ортадағы беделін көтеру үшін пайдаланады. Болмаса, исламның анық дін басы үгітшілерінің - имам, сопыларының, молда, ишандарының көзімен қарағанда, Абай өлең сөз туралы жариялап отырған жаңалықты түгелімен күпірлік деп санар еді. Өзі бағасын көтермек болған өлеңді құдай айтқанқұранмен, пайғамбар айтқанхадиспентеңеуден артық дін бүзарлық болмас. Абай ол арасын жақсы ұғынса да, мына тұста сол дін авторитеттерін өз керегіне жаратады. Онысы және өзінің терең нанымы емес, халық ұғымына берілген баж деп танылу керек.