Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_zadania (1).docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
54 Кб
Скачать

14 Билет

Қазақ халқының би мәдениетi ежелден-ақ белгiлi болған. Би — ұлттық өнердiң басқа да түрi сияқты халық тұрмысына берiк енiп, олардың әдет-ғұрып ерекшелiгi мен iс-әрекетiн бейнелейтiн өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететiн халық биi “Өрмек би”, аңшылар өмiрiн бейнелейтiн “Қоян би”, әзiл-сықақ пен күлкiге құрылған “Аю биi”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билерi — ежелгi би мәдениетiнiң куәсi. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгiштiгiн жан-жақты аша түседi. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүрiп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткiзу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсiп, көрермендерге өздерiнiң бишiлiк шеберлiгiн көрсететiн болған. Қазақтарда өзбек, тәжiк және басқа мұсылман дiнiн ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жiгiттiң қосылып билейтiн жұп билерi (“Қоян-бүркiт”) кездеседi. Бишiлiк өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлерi болды. Олар сарайда және көпшiлiк алдында өнер көрсететiн сайқымазақ-қуақы ретiнде танылды. Қазақтың халық билерiнiң канондық түрi болған жоқ. Би өнерi импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көрiнiстермен ұштастырылды. Бұл ерекшелiктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерiнен көрiнедi. Ат үстiнде билеу өнерiнiң де өзiндiк ерекшелiктерi болды. Ерттеулi аттың үстiнде тұрып билеу, атты өзiнiң ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсiби бишiнiң ғана қолынан келетiн; қ. Қазақ биi.

    Ұлттық театр өнерiнiң белгiлерi халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдiк, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шiлдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кiмдi қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнерiне, ақындар айтысы мен шешендiк өнерге саяды. Қазақ театр өнерiнiң тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсiби театрларының ашылуы ықпал жасады;

15 Билет

Қолөнер қолданбасы өнерө дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсак өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи ішкізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмыска қажетті мүдіктер, музыкалық аспаптар, қаражарақ, құрал-саймандар жасайды. Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, жүген,құрық бұғалық, тұсау,өре жасаумен тұғылданды. Олар кұмнан, тастан, саздан, ыдыс-аяқ, сүйектен, ағаштан, домбыра, қобыз сияқты музыка аспаптарынү темірден, мыстан қылыш жасады.

Адырна- әүелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасаланып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Аспапты екі тізенің үстіне қойып. Оң қол, сол қол саусақтарыменіліп тартып ойнайды.

Дауылпаз- аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылым жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі.

Сақпан- аспап жұқа тақтайшадан жасалады. Әүелі бірнеше тілшелерді дайындап, бір-біріне қаттап бекітіледі және сыртын өрнекпен әшекейлейді.

Желбуаз- иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады.

Домбыра- әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Қазақ халқының қол өнері көне заманнаң бері тарихпен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бәр ұшығы туысқан Орта Азия халақтарының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы киім тігу.