Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_informatika.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
746.5 Кб
Скачать

2. Бульдік алгебра және компьютердің логикалық негіздері

2.1. Логикалық функцияның берілу тәсілдерін конспект ретінде жазып, мысалмен түсіндіріп беріңіз.

2.2. Төменде келтірілген есептерді шығарып, өзіндік жұмыс дәптеріне жазыңыз.

1. F логикалық өрнегінің мәнін анықтаңыз:

F=A+B*+*D+E, мұндағы A=0; B=1; C=1; D=0; E=0;

2. F логикалық өрнегінің мәнін анықтаңыз:

F=A and not (B or not G) and not (E=L mod 7), мұндағы A=true; B=False; G=true; E=3; L=46;

2.3. Берілген ақиқат таблицасына арнап логикалық формула құрыңыз:Ғ=?

А

В

С

0 0 0 0 1 1 1 1

0 0 1 1 0 0 1 1

0 1 0 1 0 1 0 1

Ғ

1 0 0 0 1 0 0 1

А

В

С

0 0 0 0 1 1 1 1

0 0 1 1 0 0 1 1

0 1 0 1 0 1 0 1

Ғ

0 1 1 0 0 1 1 0

3. Компьютердің құрылысы және жұмыс істеу принциптері. Компьютер архитектурасы

3.1. «Компьютер- әмбебап ақпараттық машина» тақырыбына мәнжазба жазыңыз.

3.2. «Компьютер архитектурасы» тақырыбына кроссворд даярлаңыз.

3.3. «Компьютердің пайдасы және зияны. Дербес компьютерді пайдаланушыға кеңес» тақырыптарына жазбаша жауап дайындап, ауызша жауап беріңіз.

4. Бағдарламалық жабдықтау. Ms dos операциялық жүйесі. Norton Commander операциялық қабықшасы

4.1. Операциялық жүйелердің атқаратын қызметі және кең қолданылып жүрген операциялық жүйелер жайында конспектлеп келіңіз.

4.2. Norton Commander қабықша программасының функциональды пернелерінің қызметтерін компьютерде атап отырып мысалмен түсіндіріңіз және дәптерлеріңізге жазыңыз.

4.3. Төмендегі сұрақтарға жазбаша түрде жауап даярлап, тапсырманы тапсырған кезде ауызша жауап беріңіз:

1. Қай пернелер арқылы курсорды жолдың басына апаруға болады?

2. Ішкі каталогтар, файлдардың толық аттарын және олардың жазылған уақытын қай командамен көруге болады?

3. Файлдарды көшіру үшін қай команданы қолданамыз?

4. Тексті файлды экранға шығару үшін қай команданы қолдануға болады?

5. Файлды және файлдар тобын қай командамен жоямыз?

6. Экранды тазалау үшін қай команданы қолдануға болады?

7. Дискіні форматтау үшін қай команданы қолданады?

8. Файлдың атын өзгерту үшін қай команданы қолданамыз?

9. Маршруттағы каталогтар аттарын қандай символдармен ажыратады?

10. Файлдың атында қанша символ болуы мүмкін?

11. Файлдардың кеңейтілуі қандай болады?

12. Файлдар тобын басқа каталогқа көшіру командасы қандай болады?

13. Сол (оң) жақ панельді жабу және көрсету командасын атаңыз.

14. Файлдар тобын басқа каталогқа орын ауыстыру немесе атын өзгерту командасы қандай?

15. Файлдар тобын қалай өшіруге болады?

16. Сол (оң) жақ панельде басқа дискінің мазмұнын шығару командасын атаңыз.

17. Жаңа каталогті ашу командасын атаңыз.

18. Курсорды бір бетке жоғары (төмен) жылжыту командасын атаңыз.

19. Курсорды файлдың соңына (басына) жылжыту командасын атаңыз.

20. Каталогты жою командасы қандай болады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]