Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_informatika.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
746.5 Кб
Скачать

5. Windows операциялық жүйесі жайлы жалпы мағлұматтар. Windows жүйесінің стандартты бағдарламалары

5.1. Windows операциялық жүйесінің пернелер комбинацияларының атқаратын қызметтерін кесте сызып дәптерге жазыңыз.

5.2. Калькулятор программасын қолдану арқылы төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

а) Калькулятор программасын іске қосу тәсілдерін көрсетіңіз.

б) Калькулятордың көмегімен тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтауды үйреніңіз.

5.3. Paint стандартты графикалық редакторында компьютердің суретін салып, қағазға басып шығарыңыз. Әр аспаптың қызметін мысалмен түсіндіріп дәптерге жазыңыз.

5.4. Блокнот программасын іске қосыңыз. Группа студенттерінің тізімін, туған күні- айын, жылын жазыңыз. WordPad редакторын іске қосыңыз да, Блокнотта жазылған файлды оқыңыз. Осы тізімнің соңына Блокноттың мүмкіндігін пайдаланып, группа атын, күн-ай мерзімі мен уақытты жазып қойыңыз.

6. Компьютерлік вирустар және архивтеу бағдарламалары. Информацияны қорғау әдістері

6.1. Архивтеу әдістері, жаңа архив құру, архивті ашу, архивке файлдарды қосу, архивтен файлдарды шығару тақырыптарындағы «қысу», «архив», «архивтеуші», «файлды қалпына келтіру», «көп томды архив», «өздігінен ашылатын архив», «үздіксіз архив» терминдеріне анықтама беріңіз. Мысал келтіріңіз. Архивтеу программаларын атап олардың сипаттамасын дәптерге жазыңыз.

6.2. «Вирустарды іздеу және вирустардан қорғау программалары. Қазіргі антивирусты программалар» тақырыптарына конспект жаза отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Компьютерлік вирус нені білдіреді?

2. Вирустар қалай тарайды?

3. Вирустан қорғаудың қандай әдістері бар?

4.Вирустан қорғауды жүзеге асыратын программаларды атаңыз?

6.3. Төмендегі тапсырманы орындаңыз:

  1. Өзіңіз қолданып жүрген дискетті программаның үнсіз келісіммен орнатылған параметрлері бойынша вирусқа тексеріңіз. Тексеру нәтижесін талдаңыз.

  2. Қатты дискідегі сызылған объектілер файлдарын, зақымдалған файлдарды басқа бумаға көшіріп алатындай параметрлерді тағайындай отырып тексеріңіз.

  3. Барлық файлдарды, Зақымданған аймақты өшіру, Зақымданбаған таза объектілер жөнінде есеп беру параметрлерін тағайындап, файл ретінде Баптау1 деген атпен Windows бумасына сақтап қойыңыз.

  4. dos, exe типті файлдарды тексеріп, зақымданған объектілерді Менің құжаттарым бумасына Нашар, күмәнданған объектілерді Орташа деген файлдарға жазып, зақымданбаған объектілер жөнінде есеп беретіндей параметрлерді тағайындап Баптау2 деген файлға жазып сақтап қойыңыз.

  5. Қатты дискідегі Windows бумасын Баптау1 файлындағы параметрлер бойынша вирусқа тексеріп, талдау жасаңыз.

  6. Қатты дискіні Баптау 2 файлында сақталған параметрлер бойынша вирусқа тексеріп, талдау жасаңыз.

  7. Тексеру жүріп жатқан кезде Объект деген түйінді сөз арқылы мағлұмат іздеңіз.

  8. AVP Monitor программасының нәтижелік есебін оқып, талдау жасаңыз.

  9. AVP Monitor программасының жұмысын тоқтатыңыз да, болған өзгерісті түсіндіріңіз. Программаны қайтадан іске қосыңыз.

Ескерту: Бұл жұмыстарды орындау үшін, алдын ала вирус жазылған дискет болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]