- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №23, 24
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №25, 26
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №27, 28
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №36
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №37
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №38
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №40
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №42
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №43
- •Сабақтың барысы
- •Сабақ №44
- •Сабақтың барысы
Сабақ №38
Күні: 05.02.10/27.01.10
Сынып:8 «В»
Тақырыбы:Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері.
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның топырағы туралы көзқарастарын одан ары кеңейту. Қазақстан аумағында кездесетін топырақ типтеріне тоқталу, олар қандай табиғат зонасында жатқанын анықтау. Топырақ құнарлылығын кемітетін топырақ эрозиясының түрлерін айтып, топырақты қорғау шараларын түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушылардың жеке тапырмалармен жұмыс істеу арқылы өздігінен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Топырақэрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы:фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері:репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі
4. Тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезең |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
1 (1 мин) |
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. |
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. |
2 (8 мин) |
Ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін келесі сұрақтарды қояды:
|
Оқушылар өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру үшін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді:
|
3 (10 мин) |
Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра жүргізеді. Жаңа тақырыпты меңгерудің жоспары:
Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына бейім, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім екенін Қазақстан Ұлттық Академиясының анықтағанын айтып өтеді. Павлодар облысында (1955-1958 жж) күңгірт қара қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың га жер эрозияға ұшырап, егістікке жарамай істен шығып қалғанын айтады. |
Оқушылар мұғалімнің әңгімесі мен оқулықтың мәтінін пайдалана отырып, тақырыпты меңгереді. Олар келесіні анықтайды: Қазақстан аумағында таралған топырақ түрлері:
Топырақ эрозиясының түрлері:
Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім. Эрозиямен күресу шаралары:
|
4 (20 мин) |
Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:
|
Оқушылар сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды: 1) Топырақ эрозиясының түрлері Жел эрозиясы Су эрозиясы Топырақтың беткі құнарлы қабатын ұшырып әкетеді Беттік Сызықтық
Топырақтың беткі қабатын бірқалыпты шайып әкетеді Кішігірім орлар мен ірі жыралар пайда болады
|
5 (2 мин) |
Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды? |
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта Қазақстанның топырақ жамылғысымен таныстық, оның қасиеттері мен топырақ эрозиясын білдік. |
6 (2 мин) |
Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды. |
Оқушылар алған бағларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. |
7 (2 мин) |
Үйге §36, кескін картаға топырақ түрлерін түсіру. |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. |
Сабақ: №39
Сыныптар:8 А, Б
Күні: 12.02.10/03.02.10
Тақырыбы: №6 сарамандық жұмыс
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның топырақ жамылғысы» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты– Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты– Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Оқыту әдістері:Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:
І кезең– ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ кезең –білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)
ІІІ кезең– қорытынды кезеңі (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
І |
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді. |
Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады. |
ІІ |
1 тапсырма.1. Кесте құру. Орманның сұр және шалғынды дала топырағы. Қара топырақ Солтүстік қара топырақ Күңгірт қара топырақ Жай қоңыр топырақ Ашық қара-қоңыр топырақ Қоңыр топырақ Сұр-қоңыр топырақ Таулы аймақ топырағы 2 тапсырма.Топырақты қорғау шараларын ұсыну. 3 тапсырма.Кескін картаға топырақтүрлерінің таралуын түсіру. |
Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда кестенің төменгі жолына топырақ түрлерінің таралу аймақтарын, облыстарын атайды. Екінші тапсырмада топырақ эрозиясының түрлерін, кейін оған қарсы шараларды көрсетіп, сипаттайды. Үшінгі тапсырмада кескін картамен жұмыс істейді. Тапсырмалардың соңында жалпы қорытынды жасайды. |
ІІІ |
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. |
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады. |