Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТКН - МУ к РГР - 2014 Microsoft Office Word (2).docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
575.98 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ Барлық мамандық студенттері үшін есептеу-сызба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Алматы 2014

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Торгаев А.А., Байзакова С.М. Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері:  Барлық мамандық студенттері үшін есептеу-сызба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. - Алматы: АЭжБУ, 2013 - 57 б.

Бұл әдістемелік нұсқау «Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен есептеу-сызба жұмыстарын орындауға арналған. Оның ішінде есептеу-сызба жұмыстардың сипаттамасы, есепті шығару және өңдеу әдістері, бақылау сұрақтары мен ұсынылатын әдебиеттер тізімі келтірілген. Әдістемелік нұсқау барлық бакалавр  мамандығына арналған.

Кесте 30, әдебиеттер – 10 атау.                                      

Пікірберуші: аға оқытушы Курпенов Б.К.

 «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес   акционерлік қоғамының 2013 ж. жоспары бойынша басылған.

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж.

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Кіріспе

Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануына бағытталған шаралар кешені.

Қоғамның дамуы адамның өміртіршілігін жеңілдетуге бағытталған айрықша жасанды орта туғызды. Бұл ыңғайлылық пен жеңілділік адамдардың қалаларға жиналуының арқасында әрі адамдардың мамандануынан туып отыр. Өз жеке шаруашылығын жүргізіп отырған адамның қолынан бәрі де келеді, жан-жақты істей алады. Ал қала тұрғыны көбінесе бағытталған мамандардың иесі, үй-тұрмысы тіршілігіне қамы жоқ, сондықтан құбырдан судың ағуы, электр жүйесінің бұзылуының өзі қалаларды қиын жағдайға душар етеді.

Адамды қоршап жатқан ортаның бәрі потенциалды апат туғызады. Бұл апаттар кез келген уақытта болып қалуы мүмкін. Сондықтан адамның өзімен қоса, мемлекет өз адамдарының өмір қауіпсіздігіне жауапты. Төтенше жағдайларды ескеріп, алдын алу – мемлекеттің бірден бір шарасы.

         «Өміртіршілік  қауіпсіздігінің негіздері» – адам өміріне төнетін жалпы қауіп – қатерлерді  зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал – жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с.). «Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты – қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау – осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми  - әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады. Адам қоршап жатқан ортаның бәрі потенциалды апат туғызады. Бұл апаттар кез келген уақытта болып қалуы мүмкін. Сондықтан адамның өзімен  қоса, мемлекет өз азаматтарының өмір қауіпсіздігіне жауапты. Төтенше жағдайларды ескеріп, алдын алу - мемлекеттің бірден - бір шарасы.

        Осы есептеу – графикалық жұмысты жасау барысында біз болуы мүмкін кейбір төтенше жағдайларды және соған байланысты іс-шараларды оқып үйренеміз.

Жалпы  әдістемелік нұсқау

         ЕСЖ  жасаудағы  талаптар.

Оқу  жұмысына  керекті  элементтер.

Оқу жұмысының

 

ЕСЖ

 

Элементі.

Бірінші бет

+

Тапсырма

+

Кіріспе

+

Негізгі бөлім

+

Қорытынды

+

Әдебиеттер тізімі

+

Қосымша

«+» - Элементтің міндеттілігі.

«» - Факультативті элемент (қажеттілік бойынша).

ЕСЖ мәтіні қолмен немесе жазу машинасымен және компьютерді қолдану арқылы орындалады. Барлық жағдайда мәтін ақ түсті А4 форматтың бір бетіне жазылады.

Беттің төрт жағынан бос орын қалдырылады: сол жағы - 30 мм; оң жағы – 10 мм; үстіңгі және астыңғы жағы – 20 мм.

Мәтін беттері рамкамен қоршалмайды.

Мәтіндік редактор “MICROSOFT  Word”–ты қолданып компьютермен тергенде А4 формат беттері 60-62 белгіден тұратын 40-42 жол немесе шрифт 12-14 мм болуы керек.

ЕСЖ көлемі 10 парақтан кем болмауы керек.

ЕСЖ-ны барлық беттері нөмірленуі керек, бірінші беттен қосымшаға дейін (Бірінші бетте нөмір қойылмайды).

ЕСЖ-та суреттеменің орнына графиктер, суреттер, кестелер, диаграммалар, кескіндер қолданылады және т.б. Олардың барлығы суреттер немесе кестелер деп аталады да нөмірленеді.  Суреттемеде бөлменің жоспары және кестеде өлшемдері болуы керек.

1 Тапсырма № 1. 1-есеп

Жұмыстың мақсаты: төтенше жағдайлар және табиғи апаттар кезіндегі  жүргізілетін іс-шаралар және оны есептеу.

1.1 Теориялық мәліметтер

Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

         Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпулі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сесмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 ден аса жер сілкіністері болып тұрады.

Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі оте жойқын болып келеді.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды.

1.2 Тапсырма шарттары

Қаланың солтүстік ауданы 70-90 кПа артықша қысым аймағына түседі. Құрылыс тығыздығы 30%, көшелердің ені 30-40м, ғимараттар көбінесе 8 қабатты болып келеді. Үйінділердің пайда болу мүмкіндігі мен олардың биіктіктерін анықтау.

Шешуі:

1.2 кесте бойынша 50кПа артықша қысым болған кезде бірыңғай үйінділер қалыптасады. №1.3 кестеден 30% құрылыс тығыздығы үшін мүмкін болатын үйіділер биіктігі – 3,1 м. Берілген мәліметтерді ескере отырып, көшелердегі үйінділерді тазалау жұмыстарын жоспарлауға болады.

1.1 к е с т е  - №1.1-ші есеп үшін нұсқаулар

Параметр лер

Есеп үшін нұсқаулар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Қысым, кПа

55

45

35

95

75

65

110

100

40

50

30

40

50

60

70

80

90

85

95

30

Құрылыс тығызды ғы

25

35

45

55

60

30

40

50

20

60

50

30

30

40

50

60

65

55

40

40

Көшелер ені

10

20

30

40

20

30

40

10

60

50

20

50

40

50

60

50

30

50

30

20

Қабат саны

6

5

4

2

3

7

8

6

5

3

5

4

6

8

8

7

5

3

2

2

1.2 к е с т е - Қысымын анықтау

Ғимарат қабат саны

Көше ені, м

10-20

20-40

40-60

60-100

Үйінділер қысымы, кПа

2-3

50

90

-

-

4-5

40

70

110

140

6-8

30

50

100

150

1.3 к е с т е  - Үйінділер биіктігін анықтау

Құрылыс тығыздығы

Көшелер ені

1

2

4

6

8

9

Үйінділер биіктігі, м

20

0,3

0,6

1,3

1,7

2,1

2,4

30

0,5

0,9

1,9

2,8

3,1

3,7

40

0,6

1,2

2,5

3,7

4,2

5,4

50

0,8

1,6

3,1

4,6

5,2

6,8

60

0,9

1,7

3,8

5,6

6,2

7,8

2-есеп

Жұмыстың мақсаты: ядролық жарылыс кезінде белгілі бір уақыттағы радиация деңгейлерінің қандай өзгеріске ұшырайтынын есептеп анықтау.