Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТКН - МУ к РГР - 2014 Microsoft Office Word (2).docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
575.98 Кб
Скачать

4.2 Тапсырма шарттары

Нысана алаңындағы зілзала қарқындылығы, Рихтер шкаласы бойынша  ІX баллға дейін жетті. Берілген нысанада  металдық каркасы мен жүк көтергіштігі 25-50 т. кран құрылғылары бар өндірістік және әкімшілік және кірпіштен құрылған ғимараттар, металлдық және темірбетондық эстакададағы құбырлар бар.

         Зілзала кезіндегі нысана элементтерінің бұзылу сипаты қандай болады?

Шешуі:

 4.1 - кесте бойынша,  металдық каркасы мен жүк көтергіштігі 25-50 т. кран құрылғылары бар өндірістік ғимараттар берілген шкаладағы зілзала кезінде – бұзылуы күштірек.

Ал металлдық немесе темірбетондық каркасы бар, көп қабатты әкімшілік ғимарттар ІX баллдық зілзалаға тұрақсыз.

4.2 к е с т е - № 4 есеп нұсқаулары

нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Жерсілкінудің баллдық қарқындылығы

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

VI-VII

VIII-IX

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

VI-VII

VIII-IX

XI

XII

5-есеп

Жұмыстың мақсаты: химиялық объектілерде болған апаттардың салдарынан туындайтын шығындарды анықтау.

5.1 Теориялық мәліметтер

          Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануарларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.

        Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отыр. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қаупі туындайды. Апаттың тағы бір себептері – улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелерін сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады. Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылықтарына, олардың тиісті дәрежеде білімдерінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендіктеріне көп байланысты. Міне, осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады.

Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.

         Хлор жасыл-сары түстіөткір исі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, cондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады. Оның қайнау температурасы – 34,60 C. Яғни, хлорқыс кезінде де газ түрінде де қала береді. 5-7 атм қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сұйыққа айналады. Суда жақсы ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулар мен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады. Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.