Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТКН - МУ к РГР - 2014 Microsoft Office Word (2).docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
575.98 Кб
Скачать

2.1 Теориялық мәліметтер

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

           Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуынан. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.

         Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

          Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

          Өткір радиация – гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.

          Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды.

         Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.

Радиация жағдайын бағалауды шешкен кезде әдетте радиация деңгейін бір уақытқа алып келеді. Жарылыс уақыты белгілі болған кезде, радиация деңгейі келесі формуламен анықталады:

                   P1=P0(t/t0)-1.2 немесе  Рt=P0хKt ,                                             2.1

мұндағы, Р0 – t0 жарылыс уақытынан кейінгі  радиациа деңгейі;

Рt - жарылыстан кейін есептелген.

t - қарастырылып отырған уақыттағы радиация деңгейі. 

Kt = (t/t0)-1.2 - жарылыстан кейінгі әртүрлі уақытта есептелген радиация коэффициенті.

Есепті шешу барысында уақыттың жеті есе көбеюінде радиация деңгейі қандай өзгерістерге ұшырайды?

Жарылыстан кейінгі әртүрлі t уақытта қайта есептеу радиация дәрежесінің Kt коэффициент мәні 2.1 кестеде көрсетілген.

2.1 к е с т е - Kt коэффициент мәні

t,сағ

Kt

t,сағ

Kt

t,сағ

Kt

0,5

2,3

9

0,072

18

0,031

1

1

10

0,063

20

0,027

2

0,435

11

0,056

22

0,024

3

0,267

12

0,051

24

0,022

4

0,189

13

0,046

26

0,020

6

0,116

15

0,039

32

0,015

7

0,097

16

0,036

36

0,013

8

0,082

17

0,033

48

0,010

2.2 Тапсырма шарттары

Сағат 11 сағ. 20 мин. нысана аумағындағы радиация деңгейі 5,3 р/сағ. Егер ядролық соққы 8 сағ. 20мин. жасалған болса, онда жарылыстан 1 сағаттан кейінгі радиация деңгейін анықтаңыз.

Шешуі:

1) Радиация  деңгейі өлшенген уақыт пен ядролық жарылыс болған уақыт арасындағы уақыт айырмашылығын анықтаймыз. Ол 3 сағ. тең.

11:20 – 8:20 = 3 сағ.

2) №1.4 кесте бойынша 3 сағаттан кейінгі радиация деңгейінің коэффиценті К3= 0,267

3) Формула бойынша (2.1), 1 сағ. кейінгі радиация деңгейін анықтаймыз. P1= P1 /K3=5,3/0,267=19,8 р/сағ, өйткені Kt жарылыстан кейін 1 сағатта Kt =1 тең, 3-сағатта K3 =0,267 тең.

2.2 к е с т е - №2-есеп нұсқалары

Параметрлері

№2-есеп нұсқалары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Өлшенген радиация деңгейі,

р/сағ

15

30

50

18

25

35

40

20

23

45

17

31

18

27

55

45

20

43

55

10

Өлшену уақыты

11.20

11.00

13.00

15.00

12.00

14.00

17.00

16.00

18.00

21.00

15.30

00.10

18.45

21.00

10.40

19.20

20.00

22.05

23.35

00.00

Ядролық соққы жасалған уақыт

7.20

8.00

9.00

11.00

6.00

10.00

12.00

13.00

14.00

17.00

5.30

6.10

10.45

3.00

1.40

2.20

4.00

8.05

7.35

12.00

3-есеп

Жұмыстың мақсаты: cу басу масштабы су деңгейінің ұзақтығы мен биіктігіне, су басу аймағына, су басу уақытына (көктем, жаз, қыс) және басқаларына байланысты болатынын анықтау.