Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
478.21 Кб
Скачать

Қарым-қатынас проблемалары

Қарым-катынаска не кедергі болады?

Бүйрық Сен ...... тиіссің.

Қоқан-лоқы Егер сен ... онда

Сен одан да

Уағыз Сенің парызың .......

Ақыл беру Сенің дүрыс емес жерің мынада...

Бағыт көрсетіп Мен сенің орныңда болсам...

жіберу

Үкім шығару Сенің шашың өте үзарып кеткен екен...

Ақталу Бүл оншалықты жаман емес...

Болжам жасау Мен саған не керек екенін білемін...

Қазбалап сүрау Неге? Не? Қайда?

3-тапсырма

«Мен» және «Сен» тұрғысынан сөйлеу

Жағымсыз жағдай бірнеше рет қайталанып және оны сіз талқылауға тура келген сәтте қолданылатын «Конструктивті сын формуласы» мысалы. Әңгімені келесі сөзден бастаған жөн:

Мен......сезінемін.

Мен......қатты уайымдаймын.

Сонда сен.......

4-тапсырма

Жаттығу

Діни қағидаларда адамдар арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын әмбебап үстанымдар бар:

• Христиандық: Өзіңе жақынды, өзіңдей жақсы көр.

• Буддизм: өзің зүлымдық деп есептейтін нәрсені, басқаларға жасама.

• Индуизм: Сені қинайтын нәрсені, басқаға жасама.

• Иудаизм: Өзің жек көретін нәрсені, басқаға жасама.

• Даосизм: Жақын адамның табысын өз табысың деп сана, оның жоғалтқанын - өзіңнің жоғалтқаның деп сана.

• Ислам: өзіне тілеген тілегін өзінің бауырларына тілемейтін адамды қүдайға сенетін адам деуге болмайды.

1. Осы өсиеттер нені қүптамайтындығы жөнінде ойланыңыз. Осы өсиеттер қарым-қатынастардағы қандай адамгершілік қасиеттерді қолдайды?

2. Сіз үшін олардың қайсысы маңыздырақ?

5-тапсырма

Ымыраға жетудің алгоритмдік жолдары

Осы жанжалды шешкім келе ме? (Мәселені шешуге дайын бол)

Мен осы жағдайды толық білемін бе, әлде білетінім тек өзіме қатыстысы ғана ма? (кеңірек қара)

Өзгелердің мүдделері мен қорқыныштары қандай? Оларды мейлінше

дәйекті сипатгаңыз.

Әділ шешім қандай болады? (Осы туралы сөйлесейікші).

Шешім нүсқалары (Оларды барлық қатысушылардың мүдделеріне мейлінше жауап беретіндей етіп жан-жақты ойластырыңыз)

Біз осыны бірігіп шеше аламыз ба? (Істі тең бөліп атқарайық)

Не сеземін? (Мен өте әсерленгішпін, сондықтан :

а) фактілерді ескере алар ма екенмін?

ә) эмоцияларға ерік беріп алмаймын ба?

б) өз сезімдеріммен бөлісе аламын ба?).

Нені өзгерткім келеді? (Шыншыл бол. Жеке адамға емес, мәселеге қатысты айт).

Менің алдымда қандай жаңа мүмкіндіктер бар? (Артық-кем тұстарын екшеле).

Мен олардың орнында болсам өзімді қалай сезінер едім? (Оларға түсінушілікпен қара).

Бізге бейтарап арашашы керек пе? (Бүл бір-бірімізді жақсы түсініп, екі жаққа да қолайлы шешімге келуге жәрдемдесе ме?). Екеуміз де қалай ұта аламыз? (Барлық қатысушылардың мүдделерін ескеретін шешімдерді іздестір).

Өзіндік жұмыс

1. Бүрын ренжіткен адамдарыңызды еске түсіріңіз. Мүмкін болса олардан кешірім сүраңыз. Ондай мүмкіндігіңіз болмаса - сол адамдармен ойша сөйлесіп, олардан кешірім сүраңыз.

2. Кешірім туралы айтылатын белгілі ән, романс, өлең жолдарын есіңізге түсіріңіз. Сол жолдарды дәптерге жазыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-Тапсырма

Төменде келтірілген ойларға түсініктеме беріңіз:

Біз әрбір жеке әрекеттен қандай рахат және қандай азап туатынын біліп алуға, артынша көретін рахатымыз және белгілі уақыт өткеннен кейін көретін азабымыз бұлардың қайсысына байланысты екенін ажырата білуге тиіспіз (Әбу Насыр әл Фараби).

Ашу - дұшпан, ақыл дос,

Ақылыңа ақыл қос (халық мақалы).

Зиянды әдеттерден ертең емес, бүгін қүтылған жөн (Конфуций).

Адам, қылық, қүбылыс, оқиға жайында не ойласаң, соны айт. Біреудің сенен қандай сөздер күтетінін ойлап табуға ешқашан талпынба. Бүл талпыныс сенен екі жүзді, жағьшсыз және акырында оң-баған адам шығаруы мүмкін (В.А.Сухомлинский).

Кішілік пен ақпейілділік - үлылықтың белгісі (М.Кашқари). Тәкаппарлықты тәңірі сүймес (Қорқыт ата).

Ешқандай бедел парасатқа үстемдік етуге тиіс емес, керісінше, парасат беделге үстемдік жүргізіп, оны басқарып отыруға тиіс (П.Рамус).

4-Тапсырма

Хрестоматиядағы Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиетін», «Қабуснамадан» үзіндіні, Ақмолланың толғауларын, Қорқыт атаның нақыл сөздерін оқып шығып, өз пікіріңізді білдіріңіз.

Үй тапсырмасы

Өзіңізді тестен өткізіңіз. (Тест: «Сіз экстравертсіз бе, әлде интровертсіз бе?»).

7-сабақ

Тақырып: «Достық, жолдастық, әріптестік»

1-тапсырма

Адамдық карым-катынастардың мәні туралы айтылған ғибрат сөздерді оқып, талқылаңыздар

Арамдыққа қүл болма,

Адал болсаң.

Нашарларды қинама, Адам болсаң (Н.Хысрау).

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Адал дос тап тең қүрбыңның ішінен (Әбу Насыр әл Фараби). Адамдармен олардың ақыл-парасатына қарай сөйлес (Сағди).

Бүге-шігесіне дейін түгін қалдырмай айтуға тырысу нәзік сезінуге қабілетті адамды жалықтырып, намысына тиеді (Р.Люксембург).

Көптеген адамдар жақсы нәрселер айта алады, бірақ тыңдай білетіндер тым аз, өйткені бүл үшін ақылдың күші қажет (Р.Тагор). Басқа - амандық, табыс күтсең ісіңнен,

Жарамсыз бір сөз шығарма тісіңнен (Ж.Баласағүни).

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол (халық мақалы).

Кісі болар баланың , кісіменен ісі бар,

Кісі болмас баланың кісіменен несі бар (халық мақалы).

Әр адамның ішкі сыры -

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың бір түкпірін

Достың досы-ақ ақтарған (С.Сейфуллин).

Дос адам баспанаңды пейіш етеді (Махмүд Қашғари).

Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш -

сырыңды айтатын адамның болуы (А.Мандзони).

2-Тапсырма

Әріптестік қатынастар ережесі

Сүрақ: Әріптестік қарым-қатынастарға не тән?

1. Сүхбаттасушы мен өзіңіздің психологиялық түрғыдағы көңіл-күйлеріңізді ескеру. Әңгімелесушінің осы сәттегі көңіл-күйін, сезімі мен тілегін ескеру.

2. Әріптесіңізге талап қоймау және оны сіз білгенге дейін қалай болды, солай қабылдау.

3. Жеке пікірін айтуға және шешім қабылдауға қүқысы бар әріптес ретінде қабылдау.

4. Әңгіменің желісін проблемалар мен шешілмеген мәселелерге бағыттау.

5. Қарым-қатынаста өзіңіздің сезім-тілектеріңізді білдіре отыра даралық ерекшеліктеріңізді де үмытпаңыз.

3-тапсырма

«Сізбен бірге болу жәйлі ме?» тесті

Әрбір сүраққа «иә» не «жоқ» деген жауап беріңіздер.

1. Басқа адамның киіміндегі фирмалық белгілерге қарайсыз ба?

2. Жақын дүкенге бару үшін киінесіз бе?

3. Өзіңізден түрмысы төмен адаммен араласқанда, өзіңізді қалыпты жағдайда сезінесіз бе?

4. Салтанатты отырыстарда өзіңізге таныс тағамдарды ғана жеуге тырысасыз ба?

5. Егерде досыңыз қалай болса солай киінген болса, онымен бірге жүруге үяласыз ба?

6. Сіз киім ыңғайлы болғанымен киілген екені көрініп түрса оны лақтырасыз ба?

7. Өз түріңізден үялатын сәттеріңіз бола ма?

8. Сіздің сәнді біркиер киіміңіз бар ма?

9. Өзіңіздің шыққан тегіңізден үялған кезіңіз болды ма?

10. Жақсы білім алғыңыз келе ме?

11. Тамаша демалу үшін соңғы ақшаңызды жүмсар ма едіңіз?

12. Телефон қоңырауына менменсіп жауап беретін кезіңіз бола ма?

13. Атақты немесе бай адамдармен танысуды үнатасыз ба?

14. Жеке көлік жүргізушіңіз болғанды қалайсыз ба?

15. Шыққан тегіңіз, ата-анаңыз немесе материалдық жағдайыңыз туралы жалған айтқан кезіңіз болды ма?

Әрбір оң жауап - 1 ұпай, теріс - 0. Тек 3-ші сүрақтың «жоқ» жауабына - 1 ұпай беріледі.

8-ден 15 ұпайға дейін. Сіз адамдармен олардың мәртебесіне қарай араласасыз. Тіпті өзіңізге баға бергенде де артық кетесіз.

3-тен 7 ұпайға дейін. Сізде менмендігіңіз басым адамсыз, оның тізгінін үстай біліңіз.

2 не одан да аз ұпай. Кез келген ортада өзіңізді қолайлы сезінесіз.

Әлеуметтік түрғыдан өзіңізден жоғары адамдармен тез тіл табысасыз, өйткені ондайға мән бермейсіз.

Өзіндік жұмыс

1. Өзіңізді тестен өткізіңіз: «Сіз тез тіл тапкышсыз»

Берілген 16 сұрақтың әрқайсысына-«Иә» - 2 ұпай, «кейде» - 1 ұпай,

«жоқ» - 0 ұпай беріңіз.

Сүрақтар:

1. Сіз іскерлік кездесуге бармақсыз. Мүндай кездесу сізді қобалжыта ма?

2. Дәрігерге баруды ауруыңыз асқынғанша кейінге қалдырасыз ба?

3. Баяндама, хабарлама дайындау тапсырылса, наразылық білдіресіз бе?

4. Бүрын болмаған жерлерге іссапарға баруды үсынып жатса, бармау үшін қолдан келген шаралардың бәрін істейсіз бе?

5. Өз уайымыңызбен кез-келген адаммен бөліскенді үнатасыз ба?

6. Бейтаныс адамның «жол көрсетіңіз, уақыт айтыңыз және т.б.» деген сүрақтарына ашуланасыз ба?

7. Әке мен бала арасындағы келіспеушіліктер болады және түрлі буын адамдарына бір-бірін түсінісу қиын дегенге сенесіз бе?

8. Сіздің танысыңыз бірнеше ай бүрын қарызға алған 10 теңгені қайтарыңыз деуге үяласыз ба?

9. Мейрамханада немесе асханада дәмсіз тамақ берсе сіз үндемей ашуланып ыдысыңызды итересіз бе?

10. Бейтаныс адаммен бөлек қалсаңыз, сіз сөйлесе кетпейсіз және ол сөйлессе ыңғайсызданып қаласыз, солай ма?

11. Дүкендегі немесе кинотеатр кассасындағы үзақ кезекті күтуге шыдайсыз ба?

12.Жанжал шешу комиссиясына қатысуға қорқасыз ба?

13.Сіз әдебиет, өнер, мәдениет шығармалары туралы өз пікіріңізден басқаны қабылдамайсыз ба?

14. Сізге жақсы таныс мәселеге қатысты қате пікірді естісеңіз айтысасыз ба?

15. Сізді қызмет немесе оқу мәселесіне байланысты үдайы өтініштер ренжіте ме?

16. Сізге өз пікіріңізді ауызшадан гөрі жазбаша білдірген ұнамдырақ па?

Түсініктеме

30-32 ұпай. Сіз тіл табыса алмайтындығыңыздан азап шегесіз. Жақын адамдарыңызға да оңай емес, сізге көпшіліктің күш біріктіруін талап ететін істі сеніп тапсыру қиын. Көпшіл болуға үмтылыңыз.

19-24 ұпай. Сіз біршама тіл табысқышсыз және таныс емес ортада өзіңізді сенімді үстайсыз. Туындаған мәселелерден қорықпайсыз. Бірақ, бейтаныс адамдарға жатырқап қарайсыз, пікір таластыруға ен-жарсыз. Өзгені негізсіз кекететін кездеріңіз жиі кездеседі. Дегенмен, бүл кемшіліктерді түзетуге болады.

18-14 ұпай. Сіздің адамдармен қарым-қатынасыңыз бір қалыпты, сіз білуге қүмарсыз, қызықты әңгіме айтқандарды ынтамен тыңдайсыз, өзгелермен қарым-қатынаста шыдамдылық көрсетесіз, өз көзқарасыңызда қалатындығыңызды байыппен жеткізе білесіз. Таныс емес адамдармен кездескенде қобалжымайсыз. Алайда, шулы ортаны үнатпайсыз, көпсөзділік пен шектен шыққан қылықтар сізді ашуландырады.

9-13 ұпай. Сіз көпшілсіз, кейде шектен тыс. Қызыққүмарсыз, көп сөйлейсіз, әр түрлі мәселеде өз ойыңызды айтып, өзгелердің ығырын шығарасыз, жаңа адамдармен тез танысасыз, басты назарда болғанды ұнатасыз, әрқашан орындай бермесеңіз де кісінің өтінішін жерде қалдырмайсыз. Ашуыңыз тез тарқайды. Сізге жетіспейтіні төзімділік, шыдамдылық және қажет болған жағдайда шешім қабылдай білу.

4-8 ұпай. Сіз сірә «көйлекпен» туғансыз-ау. Тіл табысуға келгенде ал-дыңызға жан салмайсыз. барлығынан хабардарсыз. Пікірталастарда сөйлегенді үнатасыз, бірақ даулы мәселелерді шешуде бас ауыртқыңыз келмейді. Үстіртін білетін болсаңыз да көп сүрақтарға жауап табасыз. Істі аяғына дейін апармасаңыз да ынтамен кірісесіз. Сондықтан да бастығыңыз бен әріптестеріңіз сізге күмөнмен қарайды. Осы мәселелер туралы ойланыңыз.

3-0 ұпай. Сіздің ортамен тіл табысуыңыз қиын. Сіз көп сөйлейтін мылжыңсыз, еш қатысы жоқ істерге кірісіп кетесіз. Өзіңіз жете білмейтін мәселелерді де сынапмінейсіз. Өз айналаңыздағы түрлі жанжалдардың ерікті, еріксіз себепкері болып жүресіз. Қызуқанды, өкпелегішсіз, кейде әділетсіз де боласыз. Маңызды іс сізге қол емес. Сіз өз мінезіңізді тәрбиелеуіңіз керек. Әуелі өзіңізді шыдамдылыққа тәрбиелеңіз. Адамдарды сыйлай біліңіз, денсаулығыңызды да ой-лаңыз. Бүлай өмір сүру болмысыңызда өз ізін қалдырмай қоймайды.