Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
478.21 Кб
Скачать

Қүндылық бағдары

13-сабақ

Тақырып: «Байлық пен кедейлік жайлы сұхбат»

1-тапсырма

Түсіндірме беріңіз

1. Адамның жақсысы, адамға адамшылық жасағандар (Абай).

2. Байлық - қанағат пен еңбекте (Ы.Алтынсарин).

3. Бақыт - өз еңбегінің жемісін өз көзімен көру (В.Катаев).

4. Әрекет етудегі мақсатқа адам ең алдымен өзін-өзі жетілдіру, сонан кейін бір үйде немесе бір қалада түратын басқаларды жетілдіру арқылы жетеді (әл-Фараби).

5.Адамның жан дүниесі дегеніміз - оның ісі (Г.Ибсен).

6.Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек

(Н. Миклуха-Маклай).

7.Адам өзін-өзі терең түсінгенде ғана оның ақыл-парасаты кемелдене

түсетін болады (Қаюм Насыри).

8.Адам тек өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады

(Л.Фейербах).

9. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей үста,

сонда толық боласың елден бөлек (Абай).

10.Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар (Ы.Алтынсарин).

11.Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды (Жүсіп Баласағүн).

12. Әлеуметтік жүтандықтан, рухани жүтаңдық жаман. Тек жақсы ақыл-ойдың болуы жеткіліксіз, ең бастысы оны жақсы қолдана білуде (Р.Декарт).

14. Еңбек ете білген адам, кедейшіліктен қорықпайды (халық нақылы).

15. Нағыз байлық - білім мен өнер (халық нақылы).

17. Бай болу жаман емес, кедейшілікке бас үру жаман (халық даналығы).

18. Жақсы өмір сүргіңіз келсе, күнделікті міндетіңізден артығырақ жүмыс істеңіз.

19. Еңбектене білу - дүрыс өмір сүре алу деген сез (Ж.Фабр).

19. Ел нәдесіне жарағаның - бақытты бола білгенің.

20. Бақыт барын салып еңбектенге бүйырады (И.Гете).

21. Көп жасау, дененің саулығы, бақытты болу-адамньщ өз қолындағы іс (А.Кирхенштейн).

22. Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ? (Назым Хикмет).

23. Адамның шынайы байлығы затта емес, рухани қазынада (В.Сухомлинский).

24. Бақыт - әрбір адам үмтылатын мақсат (Әбу Насыр әл-Фараби).

25. Егер сені ешкім қадір түтпаса, себебі өзінде екенін үмытпа. Адамдық борышың, - халқыңа еңбек қыл (Шәкәрім).

26. Жаман адам өзі бола алмайды, болғанды көре алмайды (Халық мақалы).

27. Тапшылықта азға да қанағат ете білгенің,

Өзіңе-езің патша боп, еркін өмір сүргенің (Хорезми). 28.Болған адам болдым демес, болдым десе, болғаны емес (Халық мақалы).

Көп нүктенің орнын толтырыңыз:

1. Ақшаның көптігінен

2. Жақсы адам өзінің жыртық тонымен де сыйлы

3. Өзін сыйлай білмеу - бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу

Өзіндік жұмыс

Сіз өзіңізге қажеттіліктеріңізді анықтаңыз. Сіздің материалдық және рухани сүраныстарыңыз қандай? Көңіліңіз нені қалайды?

1. Егер сіз ата-аналарыңызбен түратын болсаңыз, отбасы қаражатынан тек сіздің қажеттіліктеріңізді өтеу үшін қанша қаражат бөлінетінін есептеңіз?

2. Сізге жүмсалатын қаржының пайыз көлемінде қаншасы материалдық, қаншасы рухани қажеттіліктерге жүмсалатынын анықтаңыз.

3. Материалдық, рухани қажетгіліктеріңіздің қайсысын бірінші орынға қоясыз?

Үй тапсырмасы

Хрестоматияның «Қүндылық бағдар» тарауындағы Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан үзіндіні, Анушируанның үгітнасихаттарын, «Досбол би айтыпты» әңгімесін, Қүлтума Сармүратүлының «Өтерсің бүл дүниеден бай мен манап» толғауын оқып шығып, өзара пікір алысыңыздар.

14-сабақ

Тақырып: «Өзгені пір тұтпа»

Әрбір адам өз болшағаның кірпішін өзі қалауы тиіс. Оны қалай іске асыруға болады? Ол үшін мына қағидаларды есте сақтаған дұрыс:

* мақсатқа ұмтылудың негіз – рухани тілек;

* сіздің ой ұшқырлығыңыздың негізі – ынталандыру сезімдері;

* арман – ынта көзі;

* мақсат – биікке көтерілу жолы;

* іс-әрекет - жетістікке жетуге байланысты іс-қимыл.

1-тапсырма

1. Идеал бейне мен қазіргі заманғы адамның арасындағы айырмашылықтарды атаңыз:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-Тапсырма

Өздеріңіздің дара бейнелеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер. Бүгінгі күні жеткен табыстарыңызды талдаңыздар. Сіздің шығар шыңыңыз қандай болмақ?

3-Тапсырма

Өздеріңізді тест арқылы сынап көріңіз:

Сүрақтарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап беріңіздер.

1. Қолыңызға газет,журнал алсаңыз алдымен қарап шығасыз ба, әлде дереу оқуға кірісесіз бе?

2. Ренжіген кезде әдеттегіден артық тамақтанасыз ба?

3.Тамақтану барысында жеке шаруаңыз туралы ойланасыз ба? 4.Махаббат туралы хаттарыңызды сақтайсыз ба?

5.Сізді психология пәні қызықтыра ма?

6.Көлікпен үлкен жылдамдықпен жүруге қорқасыз ба?

7.Елім туралы ойдан қорқасыз ба?

8. Үйықтар алдында армандауды ұнатасыз ба?

9. Сегіз сағаттық үйқыдан кейін де қатты шаршайсыз ба?

10. Махаббат туралы романдарды оқисыз ба?

11. Жеке қиыншылықтарыңызбен бөлісесіз бе?

12. Жалғыз қалуды үнатасыз ба?

13. Ыңғайсыз жағдайлар болса уайымдап, ауыратын кездеріңіз бола ма?

14. Ой құшағында түрып, аялдамаңыздан өтіп кеткен кезіңіз болды ма?

15. Сіздің басқа қалаға көшіп кету туралы ойыңыз бола ма?

16. Адам мінезі туа бітеді деп ойлайсыз ба?

17. Киноға жиі барасыз ба, әсіресе махаббат туралы көркем фильмдерге?

Әрбір оң жауабыңызға 5 ұпайдан жазыңыз. Үпайыңызды санаңыз.

75-85 ұпай аралығы. Сіз шындықтан қорқақтайсыз. Анда-санда шындыққа тура қарап отырғаныңыз абзал. Бүл сіздің өміріңізге жөн сілтейді.

55-70 ұпай аралығы. Сіздің арманыңыз өмір шындығымен үйлесе бермейді. Әрине бүл сізге кедергі келтіреді, бірақ оған мөн бере бермейсіз. өмір сүруге байланысты туындаған сүрақтардың мүлтіксіз жауабын іздемеңіздер.

30-50 үпай аралығы. Сіз шындық пен қиял арасындағы тепе-тендікті үстай аласыз. Қанша армандағанмен де, сіз оның шынайы іске асу мүмкіншілігіне мән бересіз.

50-25 үпай аралығы. Сіз бәріне прагматикалық түрғыдан қарайсыз. сізге қиял жетіспейді. өмірде салмақтысыз, дегенмен кейде қалжың арқылы да мәселенің шешімін шешуге болатынын түсінуге тырысыңыздар.

Үй тапсырмасы

Хрестоматиядан (5-тарау. Қүндылық бағдар) Қазақ мақал-мәтелдерін, Ш.Жарылқасынүлының «Сөз сөйлеймін бөлмелеп» толғауын, Қазыбек бидің өсиет сөздерін, М.Мақатаевтың «Өмір» атты өлеңін оқып шығыңыз.

15-сабақ

Тақырып: «Болашақ бүгіннен басталады»

1-тапсырма

Құндылъқ сана ұстанымдары жайлы оқып, қорытынды жасаңыз.

Өмірдің мәні жайлы сүраққа жауаптың нәтижелерін үсынып отырмыз. Жауап бергендер жас адамдар, сіздің замандастарыңыз. Статистиканы талдап, эксперттік баға беріңіз.

10%- Түбегейлі өзгерістерге бармай-ақ әлемдегі қайырымдылықтың мөлшерін арттыру үшін барлық мүмкіндікті жасау (мысалы: адамдарға көмектесу).

2% - Идеалды қоғам орнатуға барлық күшті жүмылдыру (христиандық, коммунистік, мүсылмандық т.б.).

0%- О дүниелік өмірге лайық болу үшін дүрыс өмір сүру.

0% - Жан-жақты жетілген түлға ретінде қалыптасу.

6%- Адамдармен қарым-қатынаста көрінбегенмен, ғылым мен мәдениетте із қалдыратындай жаңалық ашу.

20%- Әлемді мүмкін болғанша танып білу.

8%- Ешнәрсені ойламастан, өмірдің ләззатын мейлінше татып, керегінше пайдалану.

31%- Өмірдің мәні- өмірдің өзінде. Оның бергеніне қанағат етіп, болмасты талап етпеу.

0%- Күннің қалай өткенін ойлап бас қатырудың қажеті қанша?

22%- Басқа да жағдайлар.

2- тапсырма Ойларды талдаңыз

Арам нәрселерден сақтансаң-адамдар арасында қадірлі боласың (Мың бір хадис-19).

Ғүмыр бойы бақытты болғың келсе-адал адам бол (Т. Фуллер).

Түрмысқа тірі күнде бол себепкер,

Отырма қүр үйінде бойға сеніп.

Талап қыл, азды-көпті жүмса ойды,

Әр істің ақырын ойла, көңіл бөліп (Ақан сері).

Жас кезіңде көргенің болмаса,

Үлкейгенде кісілігің болмайды (Халық нақылы).

Біліп айтқан сөзге қүн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді (Төле би).

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуандырар түбінде.

Бала нені көрсе жастан-үядан,

Өле өлгенше соны шолар қиядан (Жүсіп Баласағүни).

Дүниеге қызығамыз несін біліп,

Аз күнгі қызығына есерленіп,

Жалаңаш кеп жалаңаш қайтамыз ғой,

Мойынға төрт қары бөз тесіп іліп (Шал ақын).

3-Тапсырма

«Сіз бақыттысыз ба?» тақырыбына жасалған тестке жауап беріңіз.

Берілген үш жауаптың бірін таңдаңыз:

1. Өткен өміріңізді еске түсіргенде қандай ойға келесіз?

а) бәрі болды, жақсысынан жаманы көбірек;

ә) бәрі де болды, жаманынан жақсысы көбірек;

б) өткен өміріме ризамын.

2. Өткен күніңізді кешке қалай қорытындылайсыз?

а) өзіңізге қанағаттанбайсыз;

ә) бүгінгі күнді бүдан да жақсы өткізуге болар еді деп ойлайсыз;

б) өз-өзіңізге риза сезіммен үйықтайсыз.

3. Айнаға қарағанда не ойлайсыз?

а) қүдай-ау, уақыт неткен қатыгез!;

ә) әлі де жаман емес!;

б) өте тамаша!;

4.Егер таныстарыңыздың бірі ірі сыйлық үтып алса, қандай ойға келесіз?

а) маған ондай күн тумас;

ә) неге мен үтып алмаймын?;

б) менің де күнім туады.

5. Ақпараттан қайғылы хабар естігенде қандай ой келеді:

а) бүл жағдай менің басыма да келуі мүмкін;

ә) бақытыма орай, мені қүдай сақтады;

б) «осы репортерлер өмірді қиындатып жібереді».

6. Таңертең үйқыдан түрғанда;

а) еш нәрсе туралы ойлағыңыз келмейді;

ә) бүгінгі күні сізді не күтіп түрғаны жайлы ойланасыз;

б) жаңа күнді ризашылықпен қарсы алып, жағымды жаңалықтар күтесіз.

7. Таныстарыңыз туралы төмендегідей ой келеді:

а) олар мен ойлағандай сезімтал және қайырымды адамдар емес;

ә) әрине, олардың кемшіліктері бар, бірақ түзетуге боларлық;

б) өте жақсы адамдар.

В.Өзіңізді басқалармен салыстырғанда сізге мынадай ойлар келеді:

а) «мені жете бағаламайды»;

ә) «мен басқалардан кем емеспін»;

б) «мен лидер бола аламын және оны басқалар да мойындайды».

9. 5-6 кг. салмақ қоссаңыз:

а) есіңіз шығып, қапаланасыз;

ә) онда түрған еш нәрсе жоқ деп санайсыз;

б) дереу дене шынықтырумен және тамақ ішуді шектеумен айналысасыз.

10. Егер сіз емірден қажысаңыз:

а) тағдырыңызға налисыз;

ә) жамандық кетеді, орнына жақсылық келеді деп ойлайсыз;

б) көңіл көтеруге тырысасыз.

Әрбір "а" жауапқа - 0 үпай, "ә" -жауапқа-1 үпай, «б»-жауапқа-2 үпай.

17-20 ұпай. Сіз адам сенбестей бақыттысыз. Өміріңізге ризасыз, күнделікті өмірдің үсақ-түйектеріне мән бермейсіз. Өзіңіздің ақкөңілділігіңізбен басқаларға ұнайсыз, дегенмен көп нәрсеге үстірт қарап жүрген жоқсыз ба? Мүмкін, аздаған салмақтылық қажет болар?

13-16 ұпай. Сіз бақыттысыз, өміріңізде жаманшылықтан гөрі жақсы-лық көп. Сіз ақкөңілсіз, бірақ салқынқандысыз. Ақылыңыз да жеткілікті, дегенмен мінезіңізде жеңілтектік бар. Қиындықтармен бетпе бет кездескенде абыржымыаңыз. Оларды байыппен бағалауға тырысыңыз. Ортаңыз сізді үнатады.

8-12 ұпай. Бақытты, бақытсыз күндеріңіз бірдей. Егер бақытты күндеріңізді толықтырғыңыз келсе, қиыншылықта достарыңызға сүйеніңіз, оларға сеніңіз және оларға да көмектесіңіз.

0-7 ұпай. Сіз өз өміріңізге риза емессіз және оны тағдырдың жіберген тәлкегі деп түсінесіз, тіпті өзіңізге аяныш сезімін туғызғыңыз келеді. Жақсылап ойланыңыз, сіздікі дүрыс па? Көңілді адамдар арасында көп болыңыз. Өзіңізді қызықтыратын іспен айналысқаныңыз дұрыс.

Үйге тапсырма

Хрестоматиядағы даналық сөздерді, Ақмолла бидің толғауын, Ы.Алтынсариннің «Тәкаппарлық» әңгімесін, М.Мақатаевтың «Бола-шаққа» өлеңін оқып шығып, топпен бірлесіп талқылаңыздар.

16-сабақ

6 -ТАРАУ ҒҰМЫР ҰЗАҚТЫҒЫНДАЙ ЖОЛ

Тақырып: «Өмір - мәңгілік»

1-тапсырма

Өмір туралы афоризмдер:

Қайғы ойлаған жігітің,

Кең дүниесі тармен тең.

Уайымшыл адамның,

Алды тұйық жармен тең (Шал ақын).

Өзі туралы ғана ойлап, бар нәрседен өзінің пайдасын іздейтін адам

бақытты бола алмайды. езің үшін өмір сүргің келеді екен, басқалар үшін де өмір сүре біл (Сенека).

Бақыт - әрбір адам үмтылатын мақсат (Әбу Насыр әл-Фараби).

Азды місе түтып, дана мәз, ал ақымаққа барлығы аз (Ф.Ларошфуко).

Ақыл, қайрат жүректі бірдей үста,

Сонда толық боласың елден ерек (Абай).

Бақаның бағынан сүңқардың соры артық (Бауыржан Момышүлы).

Бақыттың мәні-парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез қүлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында (Әбу Насыр әл-Фараби).

Қайғы келсе, қарсы түр,

қүлай берме,

Қызық келсе, қызықпа,

оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін

көзде,

Сонан тапқан — шын асыл,

тастай көрме (Абай).

Бақытсызды көріп түрып, бақытты болуға болмайды (Мольер). Өмір - мүхит, уақыт - толқын (Абай). Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан (Абай). Өмір - күрес, бақыт - күресте (И.Гончаров).

Өмірдің алды - ыстық, арты - суық,

Алды - ойын, артқы жағы - мүңға жуық (Абай).

2-тапсырма

І.Мораль бізді жарасымды өмір сүруге үгіттейді. Бүл үғым нені білдіреді? Маңыздылығына қарай нөмірлеңіз жөне досыңыздың (жолдас, туыс) пікірімен салыстырыңыз:

• қорлықсыз өмір сүру;

• қарапайым өмір сүру;

• бақуатты, күйлі өмір сүру;

• шығармашылыққа толы өмір.

3-тапсырма

Өзіңізді тестен өткізіңіз «Сіз қуана білесіз бе?» тесті

Егер сіз қуана білу қабілетіңізді түсінгіңіз келсе және сол күйді сезінгіңіз келсе сүрақтарға бірден «иә», «жоқ» не «білмеймін» деп жауап беріңіз. Кейін нәтижесін тексеріңіз.

1. Туған үйімді еске алғанда мүңаюдан гөрі қуанышым басым болады.

2. Мен өзімді жиі кінәлі санаймын.

3. Оптимизм мен ашықтық - менің мінезімнің айнасы.

4. Айналамыз жамандыққа толы кезде, кез-келген үсақ-түйекке мән беру ақымақтық деп есептеймін.

5. Егер маған тыныштық пен қуаныштың біреуін тандау керек болса, мен екіншісін таңдар едім.

6. Мен өзім тандаған адамдарды ғана шын көңілмен қуанта аламын.

7. Басқаларға қуаныш сыйлағаннан мен өзіме ләззат алып, риза боламын.

8. Өмір маған ешкімге қүлай сенуге болмайтынын үйретті.

9. Менің шын көңілден адал бола алатын сәттерім мен адамдарым бар.

10. Шын мәнінде менің өмірімде қуаныштан гөрі мүң мен күйбең көбірек.

11. Қатты қуанып, толқитын сәттерім де болып жатады.

12. Қуанышқа толық, шексіз бөленетін адамдарға қызығамын.

13. Мен ез қуанышыммен басқаларды да еліктіре алатын қасиетім бар.

14. Барлығын, оның ішінде қуанышты да сатып алуға болады, әңгіме тек бағасында.

15. Жиі қуана білуге менің мінезімнің септігі тиетінін білемін.

16. Қорытындыларды есептеу

1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15 сүрақтарға «иә» деген жауабыңызға немесе, 2, 4,

6, 8, 10, 12, 14 сүрақтарға «жоқ» жауабын берсеңіз 10 үпай қосылады.

Әрбір «білмеймін» деген жауабыңызға —5 үпай.

Үпайларыңызды қосыңыздар.

Нәтижесі

150-100 үпай. Сіздің жаныңыз қуанышқа толы. Сіз үлкен сезімді басыңыздан өткізе аласыз. Өз сезіміңізді кеңейте алатын қабілет бар. Сіз жүрт үшін де, жүртпен бірге де бола аласыз. Оларға қоғамда азайып бара жатқан қуанышты сыйлай аласыз.

99-50 үпай. Сіз қуаныштың не екенін білесіз, бірақ осы күйді кешуге кедергі болатын салдарды да үғасыз. Кейбір кезде сізге үсақ-түйек жақсылықтар үлкен қуанышқа татиды. Өмір қарқыны, машақаттары, күнделікті түрмыс қуанышты жояды деп өзіңізді алдайсыз. Мүмкін, сіздің өміріңіздің немесе жүріс-түрысыңыздың кейбір жерлерін өзгерту керек шығар. Байқап көріңіз, мүмкін сіздің қуанышыңызға жаңа кеңістік ашылар.

49-0 ұпай. Сіздің қуанышыңыздың шынайылығы таң қалдырады. Егер сіз көңіл-күйіңіздің салдарын білемін деп есептесеңіз, онда сіздің өзін сақтау сеніміңізге не болған? Алайда әркім әлемге өз тағдырымен қуаныш әкелетінін үмытпаңыздар.

Өзіндік жұмыс

«Бақыт түймедағын» (бақытқа жету үшін орамды-баспалдақты) са-лып, жапырақшаларына (орамдарына) сізге өмірге риза болу үшін қа-жетті қүндылықтарды жазыңыздар. Гүл әдемі шықты ма (баспалдақ түрақты ма)?

Гегесийге сүйене отырып осы уақытқа дейінгі өмірлік рақатыңызбен қайғыңызды теңестіріңіз (дәптерге екі тізімді жазыңыз). Болашақ үшін осыдан қандай қорытынды шығаруға болады.

Қайғыру Рахаттану

Өміріңіздегі елеулі маңызы бар рахаттарыңыздың тізімін жасаңыз. Олардың бәрінің өнегелік мәні бар ма? Олар басқа адамдардың мүддесін шектей ме?

Үй тапсырмасы

Хрестоматиядағы (6-тарау, «Ғүмыр үзақтығындай жол») мақал-мәтелдер, «Қабуснамадан» үзіндіні, Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін, Асан қайғының «Бүл заманда не ғаріп?» толғауын оқып талдаңыздар.

17-сабақ

Тақырып: «Әркашан мейірімділік жолымен жүр»

1-тапсырма Айтылған ой-пікірлерді топпен бірге талкылацыздар:

1. Адамның адамгершілігін оның жекелеген әрекеттеріне қарап емес, күнделікті өміріне қарап бағалау керек (Паскалъ).

2. Жазғырмас бүрын, әрқашан кешіруді ойластыру керек (Лихтен-берг).

3. Адам көп нәрселерсіз өмір сүре алады, тек адам адамсыз өмір сүре алмаЙды (Л.Берне).

4. Адамды тану үшін оны сүю керек (ЛФейербах).

5.Ақыл мен жүректі бірге үста (Абай). 6.Байлық - қанағат пен еңбекте (Ы.Алтынсарин).

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ? (Назым Хикмет). 7. Адам ғұмыр бойы өзін-өзі шыңдайды (Ф.Достоевский).

8.Адам өз туған жерінде аяғын нық басып өссін, бірақ көзімен бүкіл әлемді қалт жібермей бақылап отырсын (Д.Сантаяма).

9.Мейірімді болу қиын емес, әділетті болу қиын (В.Гюго).

2-тапсырма

І.Хрестоматиядағы Жүсіп Баласағүнның «Адамшылыққа-адамшылық, қайырымға қайырьш беру туралы» айтқандарымен танысып, үнаған түстарын жазып алыңыз.

2.Саиф Сараи хикметтерінен үзіндіні, Сүйінбай Аронүлының жақсы мен жаман адамның қасиеттері жайлы толғауын, Торайғыр бидің ғибрат сөздерін оқып шығып, өзара талқылаңыздар.

3-тапсырма

«Сіз өзінізге көңілініз тола ма?» тесті.

Ешбір тесті мүлтіксіз деуге болмайды, дегенмен, осы тест сүрақтарына жауап беріп, өзіңізге көңіліңіз толатынын немесе толмайтынын анықтап көріңІз.

1. Қайта туып, өмірді басынан бастауды армандайсыз ба? (иә- 4, жоқ- 16)

2.Сіздің ермегіңіз, әуес нәрселеріңіз бар ма? (иә- 18, жоқ- 5)

3.Сіздің ісіңіз өнбей жатқанда «мүндай тек менде ғана болады» деп айтасыз ба? (иә- 6, жоқ- 12)

4.Сізді біреудің көре алмайтынын естігенде қуанасыз ба? (иә- 16, жоқ- 2)

5. Сізді біреу жалықтыратын, сүйкімсіз адам десе намысыңызға тие ме? (иә- 2, жоқ- 12)

6. Сіздін таныстарыңыз да сіз сияқты жағымсыз жагдайға үшыраға-ньш естігенде жүбанасыз ба? (иә- 2, жоқ- 16)

7. Қандай да бір іс сізсіз жақсы жүретін болса, уайымдайсыз ба? (иә- 2,жоқ- 16)

8.Сіз лотореядан немесе спортлотодан мол ақша үтып алғыңыз келе ме? (иә- 4, жоқ- 20)

9.Сіздің туыстарыңыз не достарыңыз қымбат нәрсе сатып алыпты дегенде, жүрегіңіздің соғысы жиілей ме? (иә- 1, жоқ- 20)

10.Ойықызды көп адамның алдында айтқанды үнатасыз ба? (иә- 16, жоқ-3)

Жинаған үпайыңызды санап, қорытындысын көріңіз.

120 үпайдан жоғары. Өзіңізге көңіліңіз әбден толады. Алайда сізге өзіндік сын, шынайы бағалау жетіңкіремейді. осы жағдайды достарыңызбен, жақындарыңызбен талқылап көріңіз.

60-тан 120-ға дейін. Сіз өзіңізге сенімдісіз, алайда бойыңызда паңдық пен масаттанущылық жоқ.

60-тан төмен. Өзіңізге көңіліңіз толмайды. Сабырлылық сақтап, сенімді болыңыз. Айналаңызға қарап, ойланып көріңіз - мүмкін сіз өзіңізді дүрыс бағаламай жүрген шығарсыз.

3-тапсырма

Басыңызға қиындық түскенде өміршеңдік ережесін есіңізге алып, өз өміріңіз - өз колыңызда екеніне сеніңіз.

Өміршевдік ережелері

Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқың көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

Жігер деген - Мен.

Күш деген - Мен.

Махаббат деген - Мен.

Кешірім деген - Мен.

Қүдірет деген - Мен.

Жасөспірім деген — Мен.

Жастық деген - Мен.

Денсаулық деген - Мен.

Даналық деген - Мен.

Жарқындық деген - Мен.

Бар ғажайып деген - Мен.

Бәрі маған байланысты. Бәрі менің қолымда!!! - деп өзіңізді сендіріңіз.

Мен Сіздің өмір жолыңызға қуаныш, бақыт, сәттілік тілеймін! Кәні, өзімізге не тілесек, өзгеге де соны тілейік.

Студентгер тілек жазған ашық хаттарына қол қойып, бір-біріне сыйлайды.