Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
478.21 Кб
Скачать

2. Махаббат сезімін анықтайтын, оның мәнін дәл бейнелейтін сөздерді (өлеңдерді, даналық ойларды, жеке анықтамаларды) табыңыз. Оларды дәптерге жазып алыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үй тапсырмасы

Хрестоматиядан Әбу Насыр әл Фарабидің философиялық трактат-тарынан үзіндімен, Ақтамбердінің толғауымен, Абайдың алтыншы

сөзімен, М.Мақатаевтың достық жайлы өлеңцерімен танысып шығыңыз.

8-сабақ

Тақырып: «Махаббат сезімдері»

Махаббат туралы аз айтылмаса да бұл тақырып бізді көп ойландырады. Неліктен деп ойлайсыз? Махаббат - көп қырлы, ғұмыр бойғы тағдыр. Біз біреуге махаббат сыйлап, біреудің сезімін түсіне аламыз ба немесе сүю қабілеттілігі үшін тағдырға алғыс айта аламыз ба?

Махаббаттың түрлі көрінісін бір-бірінен ажырата аламыз ба? Оның жақсы мен әлсіз тұстарын аңғара аламыз ба? Махаббат пен ғашықтық арасындағы өзгешелікті ажырата аламыз ба?

1-тапсырма

Махаббат туралы айтылған сөздерді талдаңыздар.

Махаббат жалғыз да, ал оның жалған түрі мыңдап саналады (Ф.Ларошфуко).

Адам қалауының үш кдйнары бар, олар: Жан, сана және тән. Жан қалауынан достық, Сана қалауынан сыйлау, Тән қалауынан қүмарлық туады.

Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады ( «Шабдал бүтақ-тары» кітабынан).

Махаббат ешбір қуанышсыз болса, айрылысу өкінішсіз болады (М.Ю.Лермонтов).

Жек көргеннен жалыққан жүрек сүюді үйренбейді, сүйе алмайды (Н.А.Некрасов).

Махаббат адамды танымастай етіп өзгерте алады (Теренций). Адамды тану үшін оны сүю керек (Л. Фейербах). Азапсыз махаббат - арзан махаббат (халық мақалы). Сүлу сүлу емес, сүйген сүлу (халық мақалы).

Махаббат-ең үлы сезім (А.С.Макаренко). ;

2-тапсырма

Өзіцізді тестен өткізіңіз. «Сіз адамдарға ұнайсыз ба?»

Түрлі тестілік әдістер бар. Мәселен, сүрақ-тестілер жөне қүптау тестілері. Төменде осындай нүсқалардың бірі келтірілген. Егер сіз берілген түжырыммен келіссеңіз «иә» деп, келіспесеңіз «жоқ» деп белгілейсіз.. Барлық сүраққа жауап беруге тырысыңыз, асықпай үйреншікті ырғақпен жұмыс істеңіз.

1. Сіздің араласқан адамдарыңыздың бәрі сізді сынайтынын ұмытпауыңыз қажет. Иә, жоқ.

2. Адам достарының ермегі және басқа да қызығушылықтары жайындағы ойларын бөліспесе де, өзінің пікірін еркін білдіруі қажет. Иә, жоқ.

3. Ең дүрысы - басқаша әрекет істегіңіз келсе де, намысыңызды сақтай білген. Иә, жоқ.

4. Адам біреудің сөзіндегі қателікті байқайтындай болса, оны түзетуі керек.

Иә,жоқ.

5. Бейтаныс адамдармен кездескенде, оларға жақсы әсер қалдыру үшін, сіз ақылды, тез тіл тапқыш және сүйкімді болуыңыз керек. Иә, жоқ.

6. Өзге адаммен таныстырғанда, сіз оның есімін естімей қалсаңыз, қайта таныстыруды өтінуіңіз қажет. Иө, жоқ.

7. Басқалардың мазағына жол бермейтіндігіңіз үшін сізді сыйлайтындығына сенімді болуыңыз керек. Иә, жоқ.

8. Басқалар сыртыңнан сыбырлап мазаққа айналдырмас үшін әрқашан сақ жүру керек.

Иә,жоқ.

9. Сіз тапқыр адаммен сөйлесе қалсаңыз, лайықты жауап беруге немесе әңгімені тоқтатуға тырысуыңыз қажет. Иә, жоқ.

10. Адам өз жүріс-тұрысын айналадағы адамдардың көңіл-күйіне сәйкес етуі керек. Иә, жоқ.

11. Сіз достарыңызға көмектесуге тиістісіз, өйткені бір кезде олардың да жәрдемі қажет болуы мүмкін. Иә, жоқ.

12. Көмектің қадірін бәрі біле бермейді, сондықтан оны көп жасаудың қажеті жоқ. Иә, жоқ.

13. Сіз біреулерге бағынышты болғаннан гөрі, басқалар сізге бағынсын.

Иә, жоқ.

14. Шын дос қашанда көмектесуге тырысады. Иә, жоқ.

15. Адам өзінің жақсы қасиеттерін бағалап мақүлдасын десе, оларды көрсете білуі керек. Иә, жоқ.

16. Егер отырыста бүрын сіз естіген анекдотты айтып жатса, сіз сыпайылық білдіріп, қосыла күлуіңіз керек. Иә, жоқ.

17. Егер сізді біреу досының үйіне шақырса, ал сіздің киноға барғыңыз келсе, сіз басым ауырды деп немесе т.б. сылтау тауып досыңызды ренжітпес үшін қайткенде шындықты жасырып қалуыңыз қажет. Иә, жоқ.

18. Шын дос жақын адамдары қаламаса да олардың өзіне тиімді мінез көрсетуін талап етеді. Иә, жоқ.

19. Адамдар өздерінің үстанымына қарсы пікір айтылған сайын оны табанды қорғай түсуі қажет. Иә, жоқ.

Қорытынды жасаңыз

Әрбір дұрыс жауап үшін өзіңізге 5 үпай қосыңыз. Дүрыс жауаптар: «иә»- 6,13,14, 20 пункттері; қалғандарының бәрі- «жоқ». Ұпай санын қосыңыздар: 80-100 - өте жақсы; 75-80 - жақсы; 65-70 -қанағаттанарлық; 0-60 - нашар. Неғүрлым үпай саны жоғары болса, соғүрлым сізді айналаңыздағы адамдар жақсы көреді деп есептеуге болады.

3-тапсырма

Сіз мына айтылған ойлармен келісесіз бе?

Махаббат өшеді, өмірдегі үлы трагедия - адам өлімінде емес, оның сүйе алмағанында (Сомерсет Моэм).

Адамшылықтың алды - махаббат, әділет сезім бүлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтін де жері жоқ. Ол жаратқан тәңірдің ісі. жан-жануарларда да махаббат сезімі бар. Бүл әділет, махаббат сезім кімде көбірек болса сол - ғүлама, сол - ғалым. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді көзбен көріп, ақылмен біліп сезбекпіз (Абай).

Махаббат қүпиясы айрылысарда ашылады (М.Қашғари).

Сүйетін адамыңа өзіңнің дүрыстшыңды көрсете беруге үмтылма (Жан Итье).

Өзіндік жұмыс

«Біз бір-бірімізге сәйкеспіз бе?» тестін шешіңіздер

Сүйіктіңіз болса тестің сұрақтарына бірігіп жауап берулеріңізге болады. Ықтимал жауаптар: «иә»-1, «әрқалай»-!, «жоқ»-0.

1. Мен үшін жолды іздегеннен гөрі өтіп бара жатырған адамнан сүраған жеңілірек.

2. Гүл таңдағанды және сатып алғанды үнатамын.

3. Пайдасы бар адамдармен танысуға үмтыламын.

4. Ойланғаннан гөрі әрекет жасаған дүрысырақ.

5. Қалай болса солай істелген жүмыс менің ызамды тудырады.

6. Мен үшін бірсарындыдан гөрі қуанышы мен реніші аралас өмір артығырақ.

7. Меніңше, жақын адамыңа айтылмайтын сыр болуы мүмкін емес.

8. Егер адамның бойында ізгілік пен әдептілік болса, ең бастысы сол деп есептеймін,

9. Ақылы асып түрмаған адамдарды келеке етуді үнатамын.

10. Қысы-жазы серуенге шығып түруды үнатамын.

11. Ортада өзін қажетті деңгейде үстай алмау - адамның ақылсыздығының белгісі.

12. Мен үшін материалдық пайдадан гөрі ар-үят маңыздырақ.

13. Егер адамдарға жүмсақ қарасаң жауапкершілікті сезінбейді.

14. Маған тамақты талғап , баптап ішкен үнайды.

15. Мен туралы өзге адамдардан гөрі жақындарымның пікірі маңыздырақ.

16. Маған оқыған кітаптарым мен қараған фильмдерімді талқылаған өте үнайды.

Әрқайсыңызға тапсырма:

а) 1-16 аралығындағы айтылғандарды бір баған етіп жеке параққа жазып шығыңыз. Әрбір номердің қарсысына өзіңіз таңдаған ұпайды көрсетіңіз.

б) Жүп номерлердің астын сызып, оның жиынтық санын шығарыңыз;

в) Тақ номерлерді қосып, оның жиынтығын бір бөлек есептеп шығыңыздар.

Енді бірігіп не істеу керек:

а) жұп сандардан шыққан корытынды соманы серігіңіздің сондай жиынтық санымен салыстырып, олардың арасындағы айырманы төмендегі формулаға салып есептеңіз: М-М=... мәні түрінде көрсетіңіз

б) тақ жиынтықты да осы үлгіде салыстырып, айырманы К-К=... үлгісінде көрсетіңіз.

в) Жауаптар кестесіне қарап, алынған нәтижелерді талқылаңыз: Жауаптар кестесі:

1. 0-ден 5-ке дейін

а) 0-ден 5-ке дейін - сіздер үйлесімді жүпсыз, мінез-қүлықтарыңыз үқсас.

б) 6-дан 10-ға дейін- сіздер бір-біріңізді жақсы толықтырасыздар

в) 11 -ден жоғары -сіз үйлесімді жүпсыз, бірақ араларыңызда түсініспеушіліктер болып түрады.

2. 6-дан 10-ға дейін

а) 0-ден 5-ке дейін-сіздің қарым-қатынастарыңызда кейбір қиыншылықтар кездеседі, бірақ оларды оңай шешуге болады.

б) 6-дан 10-ға дейін- қиындықтарды уақыт өте келе және екі жақтың тізе қосуымен жеңе аласыз.

в) 11-ден жоғары-қиындықтар үзаққа созылып, шешілместей жағдайға

жетуі мүмкін.

3.11-және одан жоғары

а) 0-ден 5-ке дейін - сіздер мінез-құлық жағынан әртүрлісіздер, бірақ тез келісімге келе аласыздар.

б) 6-дан 11-ге дейін - сіздер «қиын» жүпсыздар, алайда сіздердің көзқарастарыңыздағы үқсастық пен сәйкестік үміттендіреді.

в) 11-ден жоғары - сіздер «өте қиын» жұпсыздар.

2. «Гендер» үғымының мағынасын сөздіктен қараңыз.

3. Тізбе ішінен «'жігіт сүлтанын» ерекшелейтін белгілерді талдаңыздар, бүларға тағы қандай қасиеттерді қосар едіңіз?

• Жақсы киінеді

• Қашанда уәдесінде түрады

• Қиындықты қажымай көтереді

• Көптің бірі сияқты болуға тырысады

• Өз мүддесін сақтайды

• Ешқашан өтірік айтпайды

• Кез келген сүрақты үжыммен шешеді

• Өзінің және басқаның намысын қорғайды.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. «Нағыз ханымды» ерекшелейтін белгілерді жазыңыз:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үйге тапсырма

Хрестоматиядан Біржан салдың «Ер жігіт дүниені көргені артық», М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты», М.Мақатаевтың «Ғашықпын», Қ.Мырзалиевтың «Ғашықтық жәйін қозғама», Р.Ғамзатов пен Т.Мәтмүратовтың махаббат жайлы өлеңдерін оқып шығып, алған әсерлеріңізбен бөлісіңіздер.

9-сабақ

Тақырып: «Нәзіктік пен қажырлылық»

1-тапсырма

Гендер дегеніміз не?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма

Сүрақтарға жауап беріп, өзіңіздің гендерлік өмірбаяныңызды қүрастырыңыз.

Нұсқау. Балалық шағыңызды, мектептегі кездеріңізді еске түсіріңіз.

Ата-анаңыздың, туыстарыңыздың, мүғалімдеріңіздің сізге деген көзқарасын (белгілі жыныс өкілі ретінде) еске түсіріңіз. Еске ала отырып гендерлік өмірбаяныңызды төмендегі үлгімен құрастырып шығыңыз.

1. Өзіңізді қай жасыңыздан бастап есіңізге түсіре аласыз?

Сіз қай кезден бастап үл мен қыздың, әйел мен ер адамның арасындағы айырмашылықты сезіне бастадыңыз?

2. 5-8 жастағы кезіңізде кімдермен ойнауды қаладыңыз? Сүйікті ойыншықтарыңыз есіңізде ме? Ертегі мен мультфильм кейіпкерлерінің қайсысын үнатушы едіңіз? Сүйікті ойындарыңыз қандай (қимылды не тыныш, топпен не жеке) болды? Сәби кезіңізде, төменгі сы-ныпта, жас шағыңыздағы сырт пішініңіз бен киіміңіз қандай еді?

3. Бала кезіңізде сізге қыздар мен үлдар қандай болу керектігі туралы не айтып еді? Айналадағылар сізден қыз немесе үл ретінде қандай болуды күтетінін қалай түсіндірді?

4. Мектептегі гендерлік үрдістер. Мүғалімдер қолдайтын мінез-қүлық үлгілері қандай еді? Олардың қыздар мен үлдар үшін қандай айырмашылығы болды? Қыздар мен үлдардың оқу үлгерімі мен тәртібіне деген мүғалімдердің көзқарасында айырмашылықтар болды ма?

5. Ата-анамен қарым-қатынас. Сізге мектепке дейін, төменгі сыныпта, жасөспірім кезіңіз бен бозбала кезіңізде ата-анаңыздың қайсысы жақын болды? Сіздің отбасыңызда әртүрлі жьшыс өкілдері арасын-дағы қарым-қатынастың қандай ережелері болды? Қарым-қатынастың қандай үлгілерін үнатасыз?

6. Ерлердің, әйелдердің қандай қасиеттерін бағалайсыз? Неге? Қоғамда гендерлік өлшемдердің салдарынан әйелдер мен еркектер азап шегеді деп ойлайсыз ба?

7. Қалыптасқан гендерлік көзқарасыңыз бен түсінігіңізге кім көбірек ықпал етті?

8. Сіздің гендерлік түсінігіңіздің қалыптасуына көбірек ықпалы болған әдіс-тәсілдер қандай, бөліп керсетіңіз.

ОТБАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ГЕНДЕРЛІК РӨЛДЕР.

Топ екіге бөлінеді. Біреуі дәстүрлі отбасы, екіншісі қазщіргі заманғы отбасына арналған жынысты-рөлдік ұқсастықты модельдейді.

Өндірісітік қызмет:

Кім еңбекпен айналысады және неге? Жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар үшін мансап нені білдіреді? Күйеуі мен әйелінің кәсіби мәртебесі қалай жасалады? Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының өндірістік қызметтеріне байланысты отбасы міндеттері қалай бөлінеді? Қандай өндірістік қызмет жағдайында әйелдің мәртебесі күйеуінің мәртебесінен жоғары болады?

Экономикалық қызмет:

Отбасындағы негізгі табыскер кім? Қаражат кімнің қолында? Отбасын, оның мүшелерін материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қандай аталаптар қойылады? Отбасындағы экономикалық мүмкіндіктердің шегі бар ма? Кіріс деңгейіне қарай отбасылар қалай бөлінеді?

Тұрмыстық-шаруашылық қызметі.

Үй шаруасымен кім айналысады? Отбасындағы еңбек қалай ұйымдастырылыған? Кірістері түрлі деңгейдегі отбасылар ішінде бұл қызметтің іске асуында айырмашылық бар ма? Түрлі типті отбасыларда осы қызметті ұйымдастырудағы негізгі айырмашылық қандай?

Алғашқы ә»леуметтік бқылау.

Отбасы мүшелерінің жүріс-тұрысын бақылау қалай жүргізіледі? Ерлерге, әйелдерге, балаларға т.с.с. не істеуге рұқсат беріледі? Олардың жағымды және жағымсыз қылықтары қалай бағаланады?

Билік пен лидерлік.

Кім лидер болады? Лидердің түрлері? Қай кезде авторитарлық, ал қай кезед ұжымды билік жүзеге асады? Демократизм сипаттары және билік пен бағынушылықты бөлуде отбасындағы балалардың рөлі?

Әлеуметтік мәртебе.

Некеде әлеуметтік мәртебе жету үшін не істеу керек? Некеге тұрарда некелесіңіздің қандай қасиеттері шешуші болып табылады? Некенің де жаңа мәртебе екенін қалай бағалайсыз?

Рухани қарым-қатынастар

Отбасы қарым-қатынасы қалай қалыптасқан ? Отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктерімен жыныстық айырмашылықтараның мәні қандай?

Достар мен туыстармен қарым-қатынас.

Жеке таңдау негізінде қалыптасқан қарым-қатынастар мен байланыстар. Отбасы мүшелерінің араласатын адамдармен мінез, көзқарас сәйкестілігі. Бос уақытын қалай өткізу туралы ерлі-зайыптылар мен балалардың есеп беруі.

Бос уақыт.

Бос уақыт үйде ме, әлде үйден тыс жерде өте ме? Отбасы мүшелерінің бос уақытын жеке өткізуі. Бос уақытты өткізуді бақылау.

Репродуктивті.

Бала туралы мақста етіп қою. Өмірдегі маңызды рөл ана және әке болу Қоғамдағы мәртебесі мен отбасы жағдайына қарай бала туу.

Сексуалдық.

Сексуалдық және репродуктивті қызметтерінің өзара байланысы. Сексуалдық саланың автономися. Некеге дейінгі және некеден тыс жыныстық қатынас. Сексуалдық тақырыптың тыйым немесе норма екендігін отбасында талқылау.

Тәрбие.

Тәрбиешілер арасындағы тәрбиелеу және рөлдерді бөлу үрдістері. Балалар - үлкендер ықпал ететін объектілер ме әлде субъектілер ме? Билеуші қарым-қатынасқа қарай отбасының тәрбиелік сипаты мен мақсаты.

3-тапсырма

Гендерлік теңдестік тұрғысынан талдау

Мәдениеттің өресі әйелге деген көзқараспен анықталады М.Горький.

Сүйікті әйел қартаймайды Д.Мадзони.

Әйелдермен қарым-қатынас арқылы ең нәзік, ақылды адам одан гөрі де ақылды бола түседі. А.Турнье.

Сүлулық - әйелдің бақыты, қадіріне жетпесе - соры Л.Н.Толстой.

Әйелге деген махаббат біз үшін өтеуіне ештеңе жүрмейтін үлы маңызға ие; ол жүректі нәрлендіріп, бүзылудан сақтайды В. Гюго.

Адамзаттың кінаратсыз дамуы ер мен әйелдің дүрыс жыныс қатынастары жағдайында ғана мүмкін болады. Жыныстық құштарлықтың табиғи қанағаттандырылуы еркектің де, әйелдің де дене және рухани дамуы үшін қажет. Бірақ адам хайуан емес: оның ең күшті қүмарын қанағаттандыру үшін оған денелік иелік аз, оған тағы да рухани қүштарлық пен өзінің некелескелі отырған адамымен көзқарастар үқсастығы да қажет.

Үрпаққа қатысты міндет-парыздар мен үрпақтан көретін қуаныш екі кісінің сүйіспеншілік одағын, егер оның өзі жалпы бар болса, нығайтады А.Бебель.

Егер ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің қүлқын, әдеттері мен мінездерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес О.Бальзак.

Өзіндік жұмыс

1. Қоғамда әр адам өзін көрсету үшін қолайлы жағдайлар туғызы-лады, гендерлік теңдік мәселесі әйелдер секілді, ерлер үшін де өте маңызды.

Қазіргі заманғы әйелдер мен ер адамдарға қандай қасиеттер тән?

Олардың мінез-қүлықтары жәйлі жазыңыз.

«Нағыз өйел» болу дегеніміз не?

«Нағыз еркек» болу дегеніміз не?

2. Әйел бақыты деген тіркесті кездестірген шығарсыз? Қалай ой-лайсыз, ол нені білдіреді?

3. «Еркек бақыты» деген бола ма? Егер «иө» десеңіз, онда оны қа-лай түсіндіруге болады?

4 -Тапсырма

Өзіңізді және қалаулыңызды тестен өткізіңіз. «Махаббатқа деген көзқарастарыңыз сәйкес келе ме?».

Келесі сүрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап беріңіз немесе сұрақ белгісін қойыңыздар.

1. Сіздің ойыңызша ер адам әйелге қарағанда белсендірек болу керек пе, жоқ па?

2. Сіз сүйіктіңізге үсақ-түйек болса да жақсылық жасағыңыз келіп тұра ма?

3. Басқалардың көзінше сүйіктіңізді аймалауға қысылмайсыз ба?

4. Сіз сүйіктіңізге қажет екендігіңізді сезінесіз бе?

5. Уақыт өте келе бірге өмір сүрудің мәні тек қана бірге өмір сүруге әдеттенумен шектеле ме?

6. Сіз өміріңізді өзгертер ме едіңіз?

7. Сіз сезіміңізді жеңіл, бірден білдіресіз бе?

8. Сүйіктіңіз сізге ең жақын, қымбатты адам болып қала алады деп ойлайсыз ба?

9. Сізге махаббат деген не екенін түсіндіру қиын ба?

10. Сіздің өміріңіз ең қымбат адамыңызбен қарым-қатынасыңызға тәуелді болады деп ойлайсыз ба?

11. Сүйіктіңізді сағынғаннан гөрі, көбірек қызғанасыз ба?

12. Тағдыр қосса, ол адамды аса жақсы көріп кететіндігіңізге сенімдісіз бе?

13. Қалаулыңыз сізді зеріктіріп жібермей ме?

14. Оны жиі қуантасыз ба?

15. Сіз өз өміріңізді басқаша елестететін жағдайлар болды ма?

Әрбір жүпты «иө»жауаптарына және жүпсыз «жоқ» жауаптарыңызға

10 үпайдан, ал әрбір сүрақ белгісіне 5 үпайдан жазыңыз оларды санаңыз.

100 ұпайдан жоғары. Сіз әсерленгішсіз, терең және адал сезімді басыңыздан кеше аласыз, өз сезіміңізден қысылмайсыз және оны білдіре аласыз. Бірақ кейбір жағдайларда махаббат сізге қайғы әкелуі мүмкін, ал жақын адамыңызбен арадағы өз ара қарым-қатынастың күрделілігі шын мәнінде қасіретке соқтыруы мүмкін.

50-99 ұпай. Сіз нөзік жансыз. Махаббат мәселесі бірінші орында болмаса да сіз үшін ол өте маңызды. Шыншылдық, шыдамдылық, көбіне өркөкіректік - сіздің жүріс-түрысыңыздың бағдаршысы болады. Кейде сезімге толық берілесіз, бірақ сіз ес жоғалтатындарға жатпайсыз.

0-49 үпай. Сіз парасатты адамсыз, сезіміңізді білдірерде сан рет өлшеп-пішіп ойланасыз. Махаббат сізге баланың ісі сияқты болып көрінеді.

Үйге тапсырма

Хрестоматияның «Пікірлесе білу-баға жетпес байлық» тарауын-дағы неке, отбасы жайлы даналық сөздерді; Ж.Баласағүнның «Үйлену туралы» ақыл-кеңестерін; Шал ақын, Базар жырау, Махамбет Өтемісүлы, М.Мақатаевтың әйелдерге және ер адамдарға тән мінез-қүлық ережелері жайлы айтқандарын оқып шығып, топ ішінде пікір алмасыңыздар.