Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2урв.docx
Скачиваний:
105
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
68.34 Кб
Скачать

Жай сөйлем

Жай сөйлем-бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады

56.Жай сөйлем түрлері

  • Жақты сөйлем-бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем түрі.Мысалы:Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен т.б.

  • Жақсыз сөйлем-баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем деп атайды.Мысалы:Менің айтқаным келді.Бір жерде көргенім бар т.б.

  • Жалаң сөйлем -тұрлайсыз мүше қатыспаған сөйлемді атайды.Мысалы:Ойын қызық.Үй жылы.Қарағың келеді т.б.

  • Жайылма сөйлем-тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді атайды.Мысалы:Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді т.б.

  • Толымды сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемді атайды.Мысалы:Шашубай мерген еді.Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді т.б.

  • Толымсыз сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшесінің біреуі түсіп қалған сөйлем түрі.Мысалы:Қарлығаштар тағы келді.Қайта-қайта келе берді т.б.

  • Атаулы сөйлем-кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек заттың,құбылыстың,мезгілдің,мекеннің атауын ғана білдіреді ондай сөйлемдер атаулы сөйлем деп аталады.Мысалы:Дала.Егін даласы рақат құшағында т.б.

57. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады. Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.

Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.

Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалуы:

  1. сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;

  2. сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;

  3. сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;

  4. сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді

Лепті сөйлем

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.

Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.

Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.

58. Сөздердің орын тәртібі — сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті. Қазақ тіліндегі Сөздердің орын тәртібі типологиялық тұрғыда оның жалғамалы құрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Сөздердің орын тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар. Оның тұрақты және жылжымалы типтері бар. Мысалы: орын тәртібі тұрақты болатындарға жалғаусыз қабыса байланысатың сөйлем мүшелерін, орын тәртібі жылжымалы болатындарға жалғаулар арқылы қиыса, менгеріле байланысатын сөйлем мүшелерінжатқызуға болады. Сөздердің орын тәртібі синтаксистік байланыстардың басты түрінің бірі ретінде сөйлемдегі сөздердің қызметін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы заңды құбылыс болып табылады.

59. Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз

Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

Баяндауыш - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?

Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.

Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше. Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді. Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім, етістіктің көсемше түрі барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын бірге, қабат,қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын септеулік шылаулардың тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін атқарады. Құрамына қарай дара (үшін), күрделі (ермек үшін) болып екіге бөлінеді. а) Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы? ә) Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? б) Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін? в) Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін?

60. Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады

Баяндауыш - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

61. Тұрлаусыз мүшелер - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалықжағынан кеңейтіп, толықтыратын мүшелер.

Тұрлаусыз мүшелерді тіл білімінде үш топқа бөліп қарау қалыптасқан:анықтауыш;толықтауыш;пысықтауыш.

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратынтұрлаусыз мүшені атаймыз.

Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді. Ол ирекпен белгіленеді.

Пысықтауыш  деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

62. Оқшау сөздер. Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, тек айтылатын ойға қатысы бар сөздер кездеседі. Олар сөйлем мүшесі бола алмайды, себебі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Олар — қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз.

63. Қаратпа сөз сөйлемде тыңдаушысының ойға назарын аудару үшін қолданылады, сондықтан ол адамға байланысты немесе кейде көркемдік үшін адам мәніндегі жанды-жансыз ұғым атаулары да болып келеді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды. Сөйлемде дала сөзі — қаратпа сөз, мағыналы сөз болса да, сөйлем мүшесі бола алмайды, өйткені бірде-бір сөзбен грамматикалық байланысқа түспеген. Дала Жамбылды деген сөздердің арасында грамматикалық байланыс жоқ екені белгілі. Тыңда, дала, дегенде де грамматикалық байланыс жоқ: дала 3-жақтағы зат есім, тыңда — бұйрық райдың 2-жағында айтылған етістік, тыңда дегеннің грамматикалық байланысы сен тыңда және Жамбылды тыңда. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе, алдына үтір қойылады. Қаратпа сөз ерекше қарқынмен, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады.

64.Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратынтұрлаусыз мүшені атаймыз.

Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді. Ол ирекпен белгіленеді.

65. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?)өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

66. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы:таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді,күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

67.  Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді.Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?)отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол(қалай?) хабарласты, т. б.

68. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

69. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең(биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

70. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жортабілмегенсіді, әдейілеп шақырды.

71. Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің Синтаксисі, сөйлемнің Синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем Синтаксисі, құрмалас сөйлем Синтаксисі болып жіктеледі.

72. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемненқұралып, күрделі ойдыбілдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.  Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:

  1. кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлеміндепредикаттық қатынасболады. Кей жағдайдабастауышайтылмағанымен,баяндауышарқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;

  2. жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылауларарқылы байланысқа түседі;

  3. негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.

  4. Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияныңда айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған,ұласпалы интонацияғаие болады да, соңғысы аяқталғантиянақты интонациядакеледі.

73. Жалпылау есімдігі- Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретіи есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы — өлең айтып, ән салалық. (А.). Тугел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би (мақал).

74. Шақыру одағайлары мал, ит-құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс т. б.

75. Төл сөз – біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілген сөз.

76. Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатындығын, қандай жағдайда айтылғандығын айқындап тұрады. Төл сөзі мен автор сөзі әдетте автор сөзінің құрамында қолданылатын көмекші етістік арқылы байланысады: де- деді- деп- дейді- деген- дегендей.

77. Стиль түрлері 1. Ғылыми  стиль Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады. Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. Дәлелді, зерттелген тура мағынада алу. Ғылыми термин-дерді қолдану, хабарлы сөйлемде қолданылады. 2. Ресми іс-  қағаздар  стилі. 3. Публицистика-  лық стиль Іс-қағаздар-да, нұсқау хаттар мен кеңсе құжат -тарында қолданылады.Газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады.

Хабарлау, анық мәлімет беру. Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. Ресми, анық, дәл. Шақыру, үндеу, нақтылық. Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер. 4. Көркем  әдебиет  стилі

Көркем шығармаларда қолданылады. Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу, эмоционалды, экспресивті. Ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын пайдалану /теңеу,мета-фора,эпитет, метонимия синекдоха т.б. 5. Ауызекі  сөйлеу стилі Адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады. Қатынас жасау. Сөздер мен сөз тіркес-терін еркін қолдану. Қарапайым сөздерді еркін қолдану, сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу.

78. Монолог – кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.

Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады.Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог болса,Алтай (“Сұлушаш”), Қоңқай (“Ақан сері – Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.

Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.