Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2урв.docx
Скачиваний:
105
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
68.34 Кб
Скачать

96.Болымды және болымсыз етістік

 Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді. Істің болғанын, болып жатқанын, не болатынын білдіретін етістіктің түрін болымды етістік дейміз. Мысалы: Мен сабақ оқыдым. Мен сабақ оқып отырмын. Мен сабақ оқымақпын.

  Істің болмағанын я болмайтынын білдіретін етістіктің түрін болымсыз етістік дейміз. Етістіктің болымсыз түрі болымды етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе  жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мұны жазған адамның өзін білме, сөзін біл дегендегі білме болымсыз етістігі-ме жұрнағы арқылы біл деген болымды етістіктен жасалған. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісіні ал дегенде алма болымсыз етістігі оның ал деген болымды түрінен ма жұрнағы арқылы жасалып тұр.

97. Бейнелеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде жасалатын сөздер. Мысалы: жалт қарады, маң - маң басады, желп - желп етеді, жарқ - жарқ етті. Мысалы: Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады. 

98. Есептік сан есім Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т. б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

Болжалдық сан есім Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалды: 1) Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай т. б. 2) Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) елулерде, (сағат) ондарда, бестерде т. б. 3) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей, елу-елу бестерде, жүз-жүздеген т. б. 4) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңга тарта, отызға жақын т. б.

99. Жіктеу есімдігі Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. 

100.Сілтеу есімдігі Сілтеу есімдіктері меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады.

33